Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасы.

Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасы.


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры ОІЖО

Чуюмбекова Ж.М. Кукебаева С.Е.

_______________ ________________


Сыныбы: 8 «а»

Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасы.

Сілтеме: күнтізбелік жоспар, оқулық, формулалар,флипчарт.

Жалпы мақсаты:

Ынталандыру стратегияларын қолдану.Виет теоремасын пайдалана отырып, квадрат теңдеудің түбірлерін таба білу қалыптасады. Есеп шығару барысында оқушылар ойлана отырып жауап беруге тырысады. Ойлау қабілеттері артады, негізгі идеяларды айтуға тырысады.

Топпен жұмыс жүргізу стратегиялары. Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары, оларды есеп шығаруда қолдану дағдыларын жетілдіру, Виет теоремасын білу, оны есептер шығарғанда қолдану, оған кері теореманы жүйелеу дағдыларын жетілдіру. Өзінің және өзгенің пікірімен санаса білуге және кері байланыс жасай білуге үйрету. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушының белсенділігін арттыруға жағдай жасау. Сындарлы оқыту теориясы арқылы оқушылардың ойлауын дамыту.Балаларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандыру .Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер: Оқулықта берілген есептерді шешу арқылы және қосымша есептерді шығару арқылы оқушылардың ойлану қабілеттері артады, сонымен қатар сандық мақалдарды Виет теоремасына келтіре отырып, теңдеуді құру арқылы ойлау қабілеттері дамиды, осы арқылы математикаға деген қызығушылықтары артады. Сұрақтар қою арқылы өз ойларын тұжырымдай алатын болады. Топтық жұмыс арқылы оқушылар нақты, түйінді идеяларды ашып айта білуге үйренеді, бірлескен топтық жұмыстарды орындау барысында алған білімдері мен ақпараттарын құрдастарымен бөлісе отырып, әрбірінің пікірімен танысу арқылы балалардың ұжымшылдық, шығармашылық қабілеттері дамиды;

Негізгі идеялар:

Выгодскийдің «Жақын арадағы даму аймағын» басшылыққа алу. Топтық жұмыстың мәні- қарым қатынас жасайды, пікірлеседі, түйінді идеяларды айта білу арқылы дұрыс шешім қабылдай білетін болады.

Тапсырма көздері: Cpm порталын қарау.

Мұғалімнің орындайтын

іс- әрекеті.

Оқушының орындайтын іс- әрекеті

Оқыту әдістері

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын ұйымдастыру.Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

ІІ.Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушылар өз қалаулары бойынша «Үшбұрыш,Төртбұрыш» болып екі топқа бөлінеді.

Топқа бөлу әдісі қолданылады

ІІІ. Үй жұмысын тексеру.

Оқушылар топ бойынша квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары туралы бір- біріне сұрақ қояды.

1. Квадрат теңдеудің анықтамасын кім айтады?
2. Қандай теңдеулер толымсыз квадрат теңдеулер деп аталады? C:\Users\привет\Desktop\DCIM\DCIM\101NIKON\DSCN1261.JPG
3. Қандай теңдеулер келтірілген квадрат теңдеулер деп аталады?
4. Квадрат теңдеулерді шешудің формуласы қалай жазылады?
5. Дискриминантты табудың үш жағдайын айт
Ауызша есептер құрастырып, өзара талдайды.

hello_html_m18029b8c.gif

2)hello_html_40599a21.gif

3)hello_html_mdad9c46.gif

4)hello_html_8634407.gif

2)hello_html_m26bde86.gif

3)hello_html_74e34167.gifмынатеңдеулердегі коэффициенттерді ата және квадрат теңдеудің түрін ата

Оқушылар бір-бірін формативті бағалайды.


IV. Өтілген тақырып бойынша білімдерін жан-жақты тексеру.

1-тапсырма:Виет теоремасы бойынша оқушылардың ойларын флипчартқа түсірту және қорғату.

Тарихи дерек (математик Франсуа Виет) туралы айту.
Француа Виет (1540 - 1603) – француз математигі, мамандығы бойынша заң қызметкері. Астрономияға қызығып, оны терең үйрену үшін алгебрамен және тригонометриямен айналысқан. Ол бірінші болып әріптермен тек айнымалыларды ғана емес, берілген шамаларды да, яғни теңдеудегі айнымалылардың коэффициенттерін де белгілеген. Оның еңбектерінде алгебра символикалық таңбаларға негізделген жалпы ғылымға айналды. Осының арқасында теңдеу мен оның түбірлерінің жалпы қасиеттерін формуламен жазуға мүмкіндік туды. Математиканың қазіргі деңгейге жетуіне Виет енгізген жаңалықтардың шешуші әсері болды. Сондықтан оны еуропалықтар «алгебраның атасы» деп атаған.

Теорема : Келтірілген квадрат теңдеу түбірлерінің қосындысы қарсы таңбасымен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтіндісі бос мүшеге тең болады:

 Бұл теореманы бірінші дәлелдеген француз математигі Француа Виет
(1540-1603) болғандықтан, соның атымен аталады.  Кейбір есептерді шешкенде Виет теоремасына кері теореманы қолданады.

Теорема (кері теорема). Егер сандары үшін шарттары орындалса, онда сандары теңдеуінің түбірлері болады. 

Виет теоремасы және оған кері теорема теңдеуді шешпей-ақ , түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін табуға және түбірлері белгілі болғанда, теңдеуді құруға мүмкіндік береді

Тақырып бойынша есептер шығарту, оқулықпен жұмыс (Әрбір дұрыс шешілген теңдеуге бір балл) № 511,512,516,517,519

2-тапсырма: Мақал-мәтелдер айтылады оның ішіндегі екі сан есім квадрат теңдеудің түбірлері болады, яғни теңдеу Виет теоремасымен шешіледі. Виет теоремасына кері теорема бойынша теңдеу құру керек. Әр теңдеуге үш ұпай беріледі.

  1. Білімді мыңды жығады,

Білекті бірді жығады

X1=1000 x2=1,

hello_html_m1cfc66e8.gif

  1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

X1=7 x2=1

hello_html_mf008894.gif

  1. Бір тал кессең, он тал ек

X1=1 x2=10

hello_html_m6f949139.gif

  1. Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы

X1=1 x2=8

hello_html_m18949c2c.gif

  1. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл

X1=7 x2=7

hello_html_m112e5d97.gif

  1. Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса төбедегі жетеді

X1=6 x2=4

hello_html_7e29a3a.gif


3- тапсырма: 1. Теңдеулерді шешіп Виет теоремасы және кері теорема арқылы тексеріңдер:

а)х2 - 9х + 8 = 0,

б) х2 + 12х + 20 = 0,

в) х2 - 4х - 21 = 0.

 2. х2 - 12х + с = 0 теңдеуінің бір түбірі х1=5.

Х1 + х2=12 және х1 · х2=с. с-ны табыңдар.

 3. х2 +рх + 15 = 0 теңдеуінің бір түбірі х1=3.

 х1+ х2= -р және х1 · х2=15. р-ны
табыңдар.
C:\Users\привет\Desktop\DCIM\DCIM\101NIKON\DSCN1262.JPG

А деңгейі бойынша оқушылар білуі тиіс:

- квадрат теңдеудің анықтамасын;

- квадрат теңдеуге мысалдар келтіруді;

-квадрат теңдеудің түрлерін;

В деңгейі бойынша оқушылар білуі тиіс:

А деңгейінің білім және білік дағдыларын;

толымсыз квадрат теңдеуді шешуді білу;

С деңгейі бойынша оқушылар білуі тиіс:

- А және B деңгейлерінің білім және білік дағдыларын;

квадрат теңдеудің барлық түрлерінқатыстыра отырып, есептер құрастыра білу дағдыларын;


Топтық әдісті қолдану.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.


Оқытуды бағалау, білім беру үшін бағалау


Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру.
































Диалог негізінде оқыту

V. Сергіту сәті.

«Көңілді би»

C:\Users\привет\Desktop\DCIM\DCIM\101NIKON\DSCN1258.JPG

Психологиялық тренинг.

VII. Үйге тапсырма беру


Шығамын десең биік шыңның басына,

Адал досың – Біліміңді ал қасыңа.

Зула, топ жар! Бәйгеге түс, бекем бол,

Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма! §20

520,521

.

VI. Сабақты қорытындылау

Қорытындылау. Әр топ мына сөйлемді жалғастыру керек: Рефлексия

Мен таңғалдым ...............

2. Мен ойланып қалдым..............

3. Менде сұрақ бар.............

C:\Users\привет\Desktop\DCIM\DCIM\101NIKON\DSCN1264.JPG

Топ басшылары, топ мүшелерін әрбір топ келесі топты бағалайды. Стикерге оз ойларын жазу арқылы топ бірін-бірі бағалайды.

«Ыстық орындық» арқылы


Рефлексивтік есеп: Сабақ қойылған мақсатқа сай өткізілді.Сабақтың мақсаттары толығымен орындалды.Сабақта топтық, жұптық жұмыстар жүргізілді.Оқушылар өздігінен іздене білді, сыныпта ынтымақтастық орнады, өздерін бағалай білді.Сабақта «Топпен жұмыс жүргізу», «Сыни тұрғыдан ойлау »технологиясының элементтері қолданылды.


Автор
Дата добавления 09.03.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров82
Номер материала ДВ-512592
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх