Сабақтың тақырыбы: "Үй жануарлары"

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: үй жануарлары туралы түсінік беру, төлдерін атай білуге үйрету, олардың пайдасы туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, төрт түлікке деген сүйіспеншілігін арттыру, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі:жаңа сабақ 
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ – жауап, іздену, ойлау, топпен жұмыс, жеке жұмыс. 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер,слайдтар,үй жануарлары бейнеленген карточкалар. 
Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру. 
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? 
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі? 
- Күз айларын кім айтады? 
- Қазір қай ай? 
- Бүгін қарашаның нешесі? 
- Аптаның қай күні? 
- Ауа райы қандай? 
- Сыныпта кім кезекші? 
- Сыныпта кім жоқ? 

2. Жаңа сабақ. 
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- үй жануарлары. Үй жануарларының аттарын, олардың төлдерін, бізге берер пйдасымен танысамыз. 
1. Сөздікпен жұмыс. 
Түйе – верблюд 
Жылқы – лошадь 
Сиыр – корова 
Қой – овца 
Ешкі – коза 
Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша) 
М: ақ ешкі, қара сиыр, үлкен түйе т.б. 
- Ал , енді олардың төлдерімен таныс болайық. 
Бота – верблюжонок 
Құлын – жеребенок 
Бұзау – теленок 
Қозы – ягненок 
Лақ - козленок 
Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша) 
М: қоңыр қозы, ала бұзау, сүйкімді лақ. 
2.Мәтінмен жұмыс. 
Үй жануарларына түйе, жылқы,сиыр, қой, ешкі жатады. Олардың төлдері бар. Түйенің ботасы, жылқының құлыны, сиырдың бұзауы, қойдың қозысы, ешкінің лағы бар. Олар бізге ет, сүт, жүн береді. 
1.Мәтінді саралап оқыту. 
2. Мәтінді аудару. 
Сергіту сәті. «Тербеледі ағаштар» 


3. Бекіту. 
1. Сөздерді сәйкестендір. 
Ақ түйе 
Бір құлын 
Қоңыр қой 
Үлкен сиыр 
Кішкентай бота 
2.Үй жануарларының төлдерін жазу. 
Сиырдың төлі – бұзау. 
Жылқының төлі – құлын. 
Түйенің төлі – бота. 
Қойдың төлі – қозы. 
Ешкінің төлі – лақ. 


4. Қорытындылау. 
- Үй жануарларына нелер жатады? 
- Олардың төлдерін атап беріңдерші. 
- Олардың бізге берер пайдасы не? 
( Тақтаға шығып жазады) 

5. Үйге тапсырма беру. 
Жаңа сөздерді жаттау

6.Ой бөлісу. 
- Балалар, бүгінгі сабақтан алған
сөздеріміз қандай? 
Көңіл – күй смайликтері балаларға таратылады. Сол смайликтерді екі қорапшаға салу арқылы бүгінгі көңіл – күйімізді білдіреміз. 

7. Бағалау. 

Краткое описание материала

Сабақтың тақырыбы: "Үй жануарлары"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Каримова Алия Сериковна

Учитель казахского языка и литературы

  • На сайте: 10 лет и 11 месяцев
  • Всего просмотров: 18816
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 12
  • 18816
    просмотров
  • 12
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Каримова Алия Сериковна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

ИИ для создания материалов

Если готовые материалы не подошли — поможет ИИ

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Выберите инструмент или нейросеть
~120

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: