Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: "Заңды білу заман талабы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Сабақтың тақырыбы: "Заңды білу заман талабы"

библиотека
материалов


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі














«Заңды білу заман талабы»



Орындаған: Молдабекова К.А.












Талғар қаласы

2014 жыл




Мақсаты:

  1. Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету.


  1. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу.  

  2. Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, саяси сауаттылыққа баулу.


Ашық сабақтың әдісі:

Талдау, пікірсайыс, сұрақ – жауап.


Ашық сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы.


Ашық сабақтың түрі: топпен жұмыс.


Ашық сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сайыстың барысы.


І-бөлім. «Бәйге»Шарты: Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.

ІІ-бөлім. «Тапқырлық»Шарты: Топпен жұмыс істеу, сұраққа жауап беру

ІІІ-бөлім. «Көкпар»Шарты:Термин сөздердің анықтамасын айту.

ІV-бөлім.«Жорға»Шарты:


Оқушыларға жағдаяттық сұрақтар қою.

І-бөлім. «Бәйге» І-топтың сұрақтары.

1.ҚР Конституциясына анықтама бер?

2.Заң дегеніміз не?

3.Қазақстан тарихы нешеге бөлінеді?

4.Жеке адамның құқықтық мәртебесі деген не?

5.Үкімет қандай билікті жүзеге асырады?



ІІ-топтың сұрақтары:

1.Референдум деген не?

2.Азаматтар сайлауға қандай мақсатпен қатысады?

3.Қазақстанда туылған шетел азаматтарының балаларына азаматтық беріле ме?

4.Конституциялық кеңесте қандай мәселелер қаралады?

5.Сайлау еркіндігі ұғымын қалай түсінесіңдер?


ІІІ-топтың сұрақтары:

1.ҚР Президентінің биылғы жолдауы қалай аталады?

2.Азаматық құқық қандай қатнастарды реттейді?

3.Заңды тұлға деген кім?

4.Азаматтық құқық қабілеттігі қай кезде пайда болады?

5.Шарт дегеніміз не?


ІІ-бөлім. «Тапқырлық»

І-топ Қанша жастан бастап азамат азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқара алады?


ІІ-топ Зейнетақы реформасы, әлеуметтік жәрдемақылар туралы әңгімелеңдер.


ІІІ-топ«Екі жақты да тыңдамай, үкім шығарма» дегенді қалай түсінесіңдер?


ІІІ-бөлім. «Көкпар»

І-топ Референдум, кодекс,конфессия

ІІ-топ Индивит,федерация,оппазиция

ІІІ-топ Демократия, диктатура,вето

ІV-бөлім. «Жорға» әр топтың оқушыларына жағдаяттық сұрақтар беріледі (кеспе қағаздары арқылы).


3-топқа ортақ сұрақтар қойылады.


1.Заңдарды шығарғандағы мақсат не?

2. «Қасым ханның қасқа жолы» неше бөлімнен тұрады?

3.Ата заңымыз не үшін қызмет етеді?


Сайыскерлер дайындалғанша сөз жұмбақ ойыны жүргізіледі.Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде, қалың сызықтың ішінде отбасы құқығына қатысты ұғым шығады.


1.ҚР-ның елордасы.

2.Азаматтық шарттардың бір түрі.

3.Мемлекеттің аумақтық құрылымы.

4.Адам үшін ең басты құндылық.

5,Қазақстан аумағында қолданылатын ақша бірлігі.

6.Жауапкершіліктің негізі.

7.Ең ауыр жаза.


Сабақ эпиграфын талдау.Оқушылардың сабақ туралы пікірлері.Үйірме сабағы Сыныбы 9а,ә

«Жас құқықтанушылар» сайысы. Пән мұғалімі: Р.Қуаңбаева.«Жас құқықтанушылар» сайысына 9а,ә сынып оқушылары қатысады.Олар екі топқа бөлінеді.


Сайыс бес кезеңнен тұрады.

1.Топпен таныстыру

2. Білім сайысы

3. Жылдар сөйлейді

4. Викторина сұрақтары

5. Терминмен жұмыс

6. Қорытынды1.Топпен таныстыру.

Оқушылар сайысты өздерін таныстырудан бастайды. Бұл кезеңде оқушылар топтың аты мен топ мүшелерімен таныстырады.


2. Білім сайысы. «Әділет »тобына қойылатын сұрақтар.

1.Философия нені зерттейтін ғылым?

2.Мемлекет деп нені айтамыз?

3.Қоғамдық өмір аяларын атаңдар.

4.Азаматтық құқық қандай қатынастарды реттейді?

5.Меншіктің қандай түрлері бар?

6.Сенат төрағасын кім тағайындайды?

7.Судья сот төрелігін іске асыру кезінде кімге бағынады?

8. «Жеті жарғы» заңдарын айтып беріңдер.

9.Азаматтық құқық дегеніміз не?

10.Қылмыс деген не?


«Ақиқат » тобына қойылатын сұрақтар

1.Қоғам дегеніміз не?

2.Автохтонды ұлт дегенді қалай түсінесің?

3.Отбасының атқаратын функциясы қандай?

4.Саясат дегеніміз не?

5. «Қасым ханның қасқа жолы» неше бөлімнен тұрады?

6.Саяси партиялардың атқаратын міндеті қандай?

7.Құқықтық мемлекет дегеніміз не?

8.Құқық дегеніміз не?

9.Заңды тұлға деген кім?

10.Шетелдік азаматтар жеке тұлға бола ала ма?



ІІ. «Жылдар сөйлейді»

Бұл бөлімде топ басшыларына сұрақ қойылады.

«Әділет» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.

1.ҚР Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?

2.ҚР Азаматтық кодексі қашан қабылданды?

3.Бала құқықтары туралы заң қашан қабылданды?

4.ҚР Туы мен Елтаңбасы қашан қабылданды?

5.Білім туралы заң қашан қабылданды?


«Ақиқат» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.

1.Неке және Отбасы туралы заң қашан қабылданды?

2.ҚР Қылмыстық кодексі қашан қабылданды?

3.Бала құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды?

4.Қазақстан үкіметі қай жылы ақша реформасын іске асырды?

5.Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды?





ІІІ.Викторина сұрақтарына жауап беру.

«Әділет» тобының сұрақтары

1. «Жеті жарғыны» жазған жеті бидің құрамында кімдер болған?

2.Азаматтық құқықтар жинағын жасаған кім?

3.Аристотельдің ұстазы кім?

4.Қазақ тілінде алғашқы құқықтық құжат жобасын жасап, халық арасына таратқан кім?


«Ақиқат» тобының сұрақтары

1.Құқық тақырыбына бағалы еңбектер жазған Семейде,Омбыда заң қызметкері, «Алаш» партиясының мүшесі болған кім?

2.Ежелгі Римнің саяси қайраткері, атақты сот шешені кім?

3.Y ғасырда өмір сүрген Афинаның саяси қайраткері кім?

4.1905 жылы жер туралы заңның жобасын жасаған.белгілі заңгер кім?

ІY.Терминдермен жұмыс. (ауызша жауап беру)


«Әділет» тобының сұрақтары

1.Демократия

2.Ратификация

3.Конвенция

4.Фракция

5.Экология


«Ақиқат» тобының сұрақтары

1.Конфессия

2.Кодекс

3.Реформа

4.Диктатура

5.Референдум

Ү.Қорытынды.


Қазылар алқасы сайыскерлер жинаған ұпай сандары бойынша жеңімпаз топты анықтайды.Жеңімпаз топқа сыйлықтар беріледі.


Сабақтың тақырыбы: Қылмыстық құқық

Сыныбы: 9Пән мұғалімі: Рысгул Қуаңбаева.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қылмыстық құқық, оның құрылымы,ұстанымдары,функциялары туралы кеңінен түсіндіру.Оқушылардың ойлау қабілетін қабілеттерін дамыту,Конституцияны,құқықтық нормативтік актілердіорындай, құрметтей білуге үйрету.Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіруСабақтың түрі: лекцияСабақтың көрнекілігі: ҚР Қылмыстық кодексіСабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын тексеру.ІІ.Үй жұмысын сұрау,бекітуҮй жұмысына байланысты қойылатын сұрақтар1.Еңбек құқығы дегенді қалай түсінесің?2.Жұмысшының міндеттері қандай?3.16 жастағы бала түнгі жұмысқа қабылдана ала ма?4.Еңбек кодексі қашан қабылданды?5.Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз не?ІІІ. Жаңа сабақҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1997 жылы 16 шілдеде қабылданып, 1998 жылы 1қаңтарында күшіне енді. Қылмыстық кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.Жалпы бөлімінде қылмыс пен жаза туралы ұғым,жазаның түсінігі,жазадан босату жағдайлары қарастырылады.Ерекше бөлімінде нақты қылмысы үшін жәнесол үшін белгіленетін жаза түрлері көрсетіледі.Қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет деп қылмыскердің адамға жасаған зиянды әрекеті.Әрекетсіздік деп белгілі бір тұлғаның қылмысқа дайындалып жатқанын біле тұра әрекет жасамауы.Ал қылмыстық құқық дегеніміз адамның құқықтары мен бостандықтарын,қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.Қылмыстық құқық құқық жүйесінің негізгі саласы.Себебі:қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатуды белгілейтін нормалардың жиынтығы.Қылмыстық құқықтың негізгі заңдылық базасы- ҚР Конституциясы.Қылмыс көбінесе жеке адамға жасалады.Қоғамның өзі жеке адамдардан құралғандықтан, нақты бір адамға жасалған қылмыс, қоғамға да қарсы жасалған қылмыс деп саналады.Егер 14- 16 жасқа толған азаматтар қылмыс жасаған жағдайда. қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Қылмыс әдейі, қасақана, байқаусызда жасалуы мүмкін. Мысалы: қылмыскер адамды атарда,оның өмірі мен қиылатынын біле тұрып, оны өлтіру үшін атады.Бұл тікелей жасалған қылмыс.Ал жанама түрде жасалған қылмыс, егер қылмыскер өзінің әрекетінің қоғамға қауіпті екенін сезе тұрып, оның артындағы зардабын біле тұрып, бұлай жасағысы келмей тұрсада қасақана қылмысқа барады.Мысалы:Болат ішіп алған жағдайында өзен жағасында демалып жатқандарға тиіседі де, бұзақылық жасап, Саматты суға итеріп жібереді. Бұл адам малту білмегендіктен, суға кетіп өледі.Бұл жерде қасақана өлтіру ниеті болмасада, адамды өлтіріп алады.Қылмыстық құқықтың: қорғаушылық, сақтандырушылық, тәрбиелік функциялары болады.Қылмыстық құқықтың негізгі функцияларына: қоғамдық тәртіпті қорғау, қоршаған ортаны бүлінуінен сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жатады.ІY. Сабақты бекіту сұрақтары1.Қылмыс дегеніміз не?2.Қылмыстың жасалу себебі неде?3.Қылмыстық құқықтың функцияларын атаңдар4.Құқық жүйесіне қандай салалар жатады?5.ҚР Қылмыстық кодексі қашан қабылданды?Y. Оқушыларды бағалауYІ.Үйге тапсырма:Қылмыстық құқық, қылмыс қайдан шығады тақырыбында реферат жазып келу.


Көрнекілік: «Атажұрт» жазуы бар плакат глобус Қазақстан Республикасының  картасы, безендіру құралдары.

Топтың аттары: «Әділет», «Ақиқат» тобы.

           Жоспары:

1 тур: «Қанат қақты »-капитандар сайысы

            1минут, 10 сұраққа жауап.

2 тур: « Самғау»-ұпайы көп команда бастайды.

            Қосымша көмек беріледі.

           5 минут сұрақ беріледі.

3 тур: Шарықтау- жанкүйерлер сайысы.

                                         5 сұрақ.

4.тур: Шырқау. Бейнесюжет арқылы сұрақ.

5. тур: «Жер ұйық »- сұрақ жауап.

                                         5 сұрақ.

Ойын қортындысын шығару.


 

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар!  Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар.

 

Отан , туған жер, атамекен, елім, ауылым.

деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық бұрышы.

       «Қазақстан- менің елім » тақырыбы аясында өтетін «Атажұрт» интеллектуалды  тарихи танымдық ойын бастауға рұқсат етіңіздер. 

                                                 

Ойынға қатысып отырған 10 а, 10ә сынып оқушылары

Команданы таныстыра кетсек: Яссы командасы Дүйсенбаева Динара өз тобынан таныстырады.

Испиджаб тобының басшысы, Дүйсенова Меруерт өз командасын таныстырады.

 

«Ал  іске сәт» дей отырып ойынымызды бастайық.

1 тур «Қанат қақты»

Команда капитандар сайысы  Яссы командасы 1мин 10 сұраққа жауап береді.

1.Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі)

2. Қазақстанның 1920 ж астанасы (Орынбор)

3. Кенесары көтерілісі (1837-1847) қай жылдарда болды.

4.Қазақстан Республикасының халық саны  (15 млн жуық)

5.Қазақ халқының  бес арысы қашан аяқталды? (1988)

6. Қазақ даласындағы қызыл керуен, экспедициясын кім басқарды? (Ә. Жангелдин) 

7. Қай жылы Қазақстан астанасы Алматыға көшірілді. (1920)

8. Өртенген самолетін жау танкілерінің ортасына бағыттаған батыр.   

9.1916 жылы Верни уезінің ханы болып кім сайланды.(Бекболат Әшекеев)

10.Қазақстанның батысындағы өзен.(Жайық)

 

Испиджаб командасының басшысы.

1.Қазақстанның оңтүстігіндегі шеткі үстірт  (Шардара)

2. Ақтабан щұбырынды жылдары ( 1723-1728)

3. Қазір дүние жүзінде қанша қазақ бар. (15 млн)

4. Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс (1836-1838)

 5.Конституция бойынша, халық атына билік жүргізу құқығы кімдерге берілген.

(Президент Парламент) 

6.1992 ж наурызда Қазақстан өмірінде қандай оқиға болды. (БҰҰ)

7.Қазақ АКСР-ін құру туралы декрет қашан шықты.(1920 26 тамыз)

8.Кеңес Одағының батыры атағына  үш рет ие болған.

9.А. Имановтың әскери кеңесшісі  көтерілісшілерді қарумен қамтамасыз еткен. (Ә. Жангелдин)

10. Қазақстанның шығысындағы үлкен өзен.(Ертіс)  

                







1-ші турдың    Ұпай санын белгілеу

Келесі турымыз Самғау деп аталады. Көп ұпай жинаған команда  бастайды.

             Әр командаға  5 сурақ  беріледі. Жауап таңдауға  1минут,  жауапты таба алмаған жағдайда қосымша көмек беріледі, жауап берілмеген жағдайда  қарсы топ жауап береді.  

         Яссы командасына

1)Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы автономиялық қазақ үкіметінің басшысы  Айқап, Қазақ, Қазақстан газеттеріне мақалалар жазып тұрған тарихи тұлғаны атаңыз.(қосымша көмек) 1864 жылдары Тобылда және Омбыда  түрлі қызметтер атқарған. 1897-1903ж .Дала генерал –губернаторлығында қызмет атқарып, Самарада  банк директоры болған.

(Ә.Бөкейханов)

2) Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. Шығыс Түркістанды Орта Азияны зерттеген ойшыл, қаламгер ғалым. 1853ж оқуды бітіріп, офицерлік  атағын алып, Батыс Сібір генерал губернаторы Төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарды. 1856ж Ыстықкөлдің  топографиялық суретін түсірген.

тарихи тұлға кім? 

Қосымша көмек: Ол 1858-59ж Қашқарияға барып, әлемге аты әйгілі елдің тарихын ашады.

(Шоқан Уалиханов)

3)Қазақ хандығының өркендеген және тыныштық орынаған кезі. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған  заман» деп еске алады. .Көрнекті орыс тарихшысы В.И. Левшин даналығы, ол билеудегі шеберлігі үшін грек жеріндегі Спарта мемлекетінің  ақылгөйі, заңгер Ликургке теңеген. (Осы тарихи тұлғаны атаңыз) (Тәуке хан)

Қосымша көмек.

Осы тұста қазақ еліне Орыс мемлекеті. Жоңғария, Орта Азия хандықтары көз тігіп қауып төндірді.

4. Мына әуенді тыңдап, атын авторын атаңыз.

Ұпай санын белгілеу.

 

Испиджаб командасына сұрақтар.

1) 1890ж Қызылорда қаласында дүнеге келген. Ташкент гимнакзиясын, Петербург университетінің  заң факултетін  бітірген. Ол ағылшын, орыс, француз, поляк  тілдерін меңгерген. 1917ж Құрылған Түркістан автаномиясының   М. Тынышбаевтан кейінгі призиденті болған тарихи тұлғаны атаңыз. (Мұстафа Шоқай)

Қосымша көмек. 

1935ж «Түркістан Кеңестер билігінде» атты кітабы жарық көрді.1940 ж неміс фашистерінің  қолына  түсіп, Берлинде қайтыс болды.

2.Педагог, тарихшы, қоғам қайраткері  1900ж  Верный гимназиясын бітірген. 1906ж Петербург  транспорт инженерлер институтын темір жол инженері  мамандығы бойынша тәмамдаған.  Түркістан автономиясының призиденті  қызметін атқарған  1937ж стлиндік репрессияның құрбаны. 

     Бұл тарихи тұлғаны атаңыз.    (М. Тынышбаев)  

1907 ж  Жетісу губерниясына ІІ мемлекеттік Думаға  депутат болып сайланған.   

3) Паташа үкіметі бұл көтерілісті ығыстыру үшін Ырғыз бен Торғай бойынша қамалдар тұрғызды. Ол көтеріліс басында хандық билікті қолына алып, хандық  сат жүиесін енгізді. Бұл тарихи тұлға кім? 

Қосымша көмек. Бұл көтеріліс Бішкекке жақын жердегі Майтөбе деген жерде жеңіліс тапты.

(Кенесары Қасымұлы) 

 

4. Қазақта өлең атасы –Абай, күй атасы-Құрманғазы десе ән атасы деп кімді айтамыз?

(Әміре)  

 

Келесі ІІІ турымызға көшейік «Шарықтау» - жанкүйерлермен сайыс.

1. «Ресейдің отарлау саясатына шек қою, патша үкіметінің құрамына кірмеген, өңірлердің дербестігін сақтау, қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің  салынуын тоқтату, Қазақтарды Қоқан бектері мен әскери  шептердің салынуын тоқтату, Қазақтарды Қоқан бектері мен хиуа  хандығының езгісінен азат ету. Бұл көтерілістің  қозғаушы күші қарапайым  шаруалар болды. Көтеріліске 80 старшын мен сұлтан қатысқан. (Бұл көтеріліс қай жылы болды және оны кім басқарған.) (Кенесары)  Көтерілістің мақсаты қазақтардың бұрынғы жерлерін қайтарып алу, Жайық қазақтарының Нұралы ханның озбырлығына шек қоюы.

Кіші жүзге қатысқан  Кіші жүз рулары: Жағалбайлы, беріш, алаш, байбақты  Көтерілісті байбақты  руынан шыққан адам  басқарады. Ол 1802ж Хиуада қайтыс болды.

Бұл кім және көтерілістің болған уақыты.(1783-1897) 

 

Келесі тур. Шырқау

Яссы тобына.

1. Алматы облысы- Б.з.б.  3.мың жылдықта Қола дәуірі кезінде  арғы ата-бабаларымыз  дүние мен жаратушының түсінуінде қол жеткен рухани  тәжірибелерін  түрлі  тастар  мен қолаға  бейнелеген. Бұлар тасқа салынған суреттер-петроглифтер. 

      Қосымша. Еліміздің «Мәдени мұра» бағдарламасында  тарихи-мәдени қорықтың бірі болып  отыр.

Мына бейнесюжетте  қандай тарихи ескерткіш  бейнеленген. (Тамғалы тас шатқалы)

Испиджаб тобына

1. Көне түріктердің негізгі жазуы руна деп аталды.

Руна жазуының айқын үлгілері  Орхан-Енесей  жазба ескерткіштерінде сақталған. Бұл жазулар  Солтүстік Монголядан Орхон өзені маңынан табылған. Осы құлыптасты тапқан адамды  атаңыз. 

     

Жауабы: (Ядринцев)

Ойын қортындысын шығару.













Автор
Дата добавления 25.03.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров169
Номер материала ДВ-554089
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх