Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі

Предпросмотр материала:

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жіктік жалғаулы сөз бастауышпен байланысып, үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалатыны жайлы білімдерін толықтырып бекіту.

Дамытушылық: зат есімнің жіктелуін мәнді белігілерін ажырата білу дағдыларын, зат есімнің жіктелу үлгісі көрсетілген кесте арқылы зат есімдерді жекеше, көпше түрде жіктеп жазу қабілеттерін дамытып үйрету.

Тәрбиелік: ұқыпты, таза жаза алуға баулу.

Көрнекілік: тест кестесі.


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Үй жұмысын тексеру. Өткенді қайталау.

-Жіктік жалғауы дегеніміз не?

-Жіктік жалғауының неше жағы және қандай түрі бар?

-Мысал келтір.

Көркем жазу.

ІІ. Пысықтауға арналған жаттығулар.

Бүгін біз сендермен зат есімнің жіктелуіне байланысты жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз.

Оқулықпен жұмыс.

1жаттығу. Берілген сөздерді көшіріп, қай жақта тұрғанын айт. (Тақтаға бір оқушы шығып орындайды).

2 жаттығу. Метаграммаларды көшіріп жазып, шешуін табу. Жіктік жалғаулы зат есімнен болған баяндауышты тауып, астын сызу. (Өз бетінше орындалады).

Бойында өсем тоғанның,

Кіргізем дәмін тағамның.

(Жуа).

Соңыма қоссаң бір әріп,

Үндемей жүрер адаммын.

(Жуас).

Сән берер әркімге, көңілге,

Ұқсаймын көктемгі өңірге.

(Мата).

Әріпті бастапқы сызса егер,

Жөн сілтер ұстазбын өмірге.

(Ата).

3 жаттығу. Мына сөздерді жіктеп жаз. (Тақтада орындалады).

Жекеше.

І . Футболшымын, суретшімін, құрылысшымын.

ІІ.Футболшысың, суретшісің, құрылысшысың.

ІІІ. Футболшы, суретші, құрылысшы.

Көпше.

І .Футболшымыз, суретшіміз, құрылысшымыз.

ІІ.Футболшыларсыңдар, суретшілерсіңдер, құрылысшыларсыңдар.

ІІІ. Футболшылар, суретшілер, құрылысшылар.

4 жаттығуда оқушылар жұмбақты оқып, шешуін табады да, шешуі болған сөзді жіктейді.

Жекеше.

І. Альпинистпін, тоқымашымын.

ІІ. Альпинистсің, тоқымашысың.

ІІ. Альпинист,тоқымашы.

Көпше.

І. Альпинистпіз, тоқымашымыз.

ІІ. Альпинистсіңдер, тоқымашыларсыңдар.

ІІІ. Алпинисттер, тоқымашылар.

IV. Қорытынды. Сонымен балалар, жіктік жалғауын қалай түсінгенімізді білу үшін, қысқаша тесттік жұмыс орындайық.

V.Үй тапсырмасы. 5 жаттығу бет 109. Кестені жаттау.

VI.Бағалау. Мұғалім тест тапсырмаларын тексеріп бағалайды.



Краткое описание материала

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Кожакенова Акжаркын Калымовна

учитель

  • На сайте: 11 лет
  • Всего просмотров: 8666
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 3
  • 8666
    просмотров
  • 3
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Кожакенова Акжаркын Калымовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~160

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: