Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақтың тақырыбы: «Жабайы жануарлар»

библиотека
материалов

C:\Users\Админ\Pictures\Рисунок3331.jpg

Баскараева Бибатпа Найзабековна №18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы

Сабақтың тақырыбы: «Жабайы жануарлар» Сабақтың мақсаты:           Білімділігі: Жабайы аңдардың атын дұрыс айтуға үйрету. Балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету. Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, тіл мәдениетін жетілдіру. Жабайы аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру, қоректенуі туралы түсінік беру. Тәрбиелік: Аңдардың түр-түстеріне көңіл аударып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Слайд жабайы аңдардың суреттері, құрастырма суреттер, орман көрінісі, жұмсақ ойыншықтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • баланың көңіл – күйін сұрау

  • ауа райы, жыл мезгілі туралы сұрау

  • баланы ыңғайлы отырғызу

Шаттық шеңбері:  - Балалар, бір- бірлеріңе бұрылып, достарыңа күлімдеңдер. Сендердің жүректеріңде әрқашан жеңілдік ,қуаныш болсын және де сабақ бойы достарыңның жан жылулығы қолдау болсын. - Сабаққа қандай көңіл күймен келдіңдер? Жақсы,ендеше сабағымызды да жақсы көңіл- күймен бастайық. Денемізді тік ұстап, қолымыз партаның үстінде, аяқтарымыз түзу болсын, ұмытпаңдар.

ІІ. Білім білік дағдысын анықтау

Қане, бүгін біз екеуіміз үй жануарлары жайлы әңгімелесейік, қандай үй жануарларын білесің? Неліктен оларды үй жануарлары деп атаймыз?





ІІІ. Жаңа сабақ:

-Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше. Ал, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жабайы жануарлар» деп аталады. Сендер қандай жабайы жануарларды білесіңдер? Жақсы, ендеше жабайы жануарлар дегеніміз орманда тіршілік ететін аңдар. Олар өз қоректерін өздері тауып жейді. Жабайы жануарларға – аю, арыстан, қасқыр, түлкі, қоян т.б жатады.аю – ормандағы жануарлардың ішінде ең ірісі. Аю өзінің денесінің дәулігіне қарамастан балды өте қатты жақсы көреді және кішкентай аралардан қорқады. Аю – маймақ болып келеді. Ал, арыстанды – аңдардың патшасы дейді. Оның басындағы қалың түкті патшаның, ханның тәжіне ұқсатады. Арыстан – айбатты, күшті, қаһарлы болады. Арыстаннан ормандағы жануарлардың барлығы сескенеді, қорқады. Ол орманның ханы, иесі. Қасқыр – түрі суық, қатыгез болып келеді. Ол өте жүйрік және оның тістері өткір болады. Ол ормандағы өзінен әлсіз жануарларды аулайды. Ормандағы жануарлардың ішінде ең қу, ең айлакері – түлкі. Түлкі – жүгіргенде жүйрік және оның сырт келбеті өте әдемі, құйрығы ұзын болады болады. Ол өз басының пайдасы үшін орман жануарларын алдайды. Сондықтан да, оны қу түлкі дейді. Қоянға келетін болсақ, ол ормандағы ең қорқақ, сужүрек жануар. Ол тек шөппен ғана қоректенеді. Оның қорқақтығы сонша, жел қозғаған жапырақтың сыбдырынан да қорқады. Оның екі құлағы ұзын, ал құйрығы кішкентай болады. Оның терісі өте жұмсақ, көздері өте үлкен келеді. Ол ормандағы ең мейірімді және зиянсыз жануар.

Сергіту сәті: 

Ормандағы аюдың.

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

   IV. Білім білік дағдысын қалыптастыру .

1. Ойын: «Төртінші артық».

     Балаларға жабайы және үй жануарлар салынған сурет ұсынылады. Бала жабайы жануарлардың арасынан артық тұрған үй жануарының суретін тауып көрсетуі керек.

             2. «Бауырсақ» ертегісі.  -Сендер бауырсақ ертегісін білесіңдер ме? Бауырсақ ертегісінде жабайы жануардан түлкі, қоян, қасқыр, аю кездеседі. Ал енді, сол ертегіні мына суреттің желісі бойынша айтып беріңізші. ( балаларға сюжетті суретті беру)







     V.  Қортындылау

  • Бүгін біз не өттік?

  • біздің бүгінгі сабағымыз не жайлы болды? Ал енді осы «Жабайы жануарлар» тақырыбын қорыту мақсатына мен саған жұмбақ жасырайын, ал сен соны шешіп көр.

Жұмбақ:

  1. Аузы бейне, шалғы, орақ,

Шөп емес, бірақ малды орады.

(Қасқыр)

2.  Өзіне болған қорған – орман,

Ішіңде бар, бір аң қорбаң – қорбаң.

(Аю)

3.  Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал, оның баласын көжек, - дейді.

(Қоян)

VI. Үйге тапсырма.  Басқа жануарлар жайлы біліп келу.

http://cs627424.vk.me/v627424411/2fecd/PAJPV-frDew.jpg

http://cs627424.vk.me/v627424411/2fec4/J5ZscmVILJ0.jpg

Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров183
Номер материала ДВ-361516
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх