Инфоурок ИЗО, МХК Другие методич. материалыСабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев. «Ленинградтық өренім»

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев. «Ленинградтық өренім»

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев.  «Ленинградтық өренім»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру. «Ленинградтық өренім» өлеңінің мазмұнын ашу, оқушыға өз ой - пікірін айтқызу.
Дамытушылық: Алған жаңа мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын дамыту; оқушылардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік:
Оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өлеңінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында халқымызға деген сүйіспеншілік, тарихымызға деген ықылас сезімін қалыптастыруға ықпал ету, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: Мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, сатылай кешенді талдау элементтері
.
Қолданылатын көрнекіліктер:
оқулық, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Тарих

Сабақ
тың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
                                                                                                                  ІІІ. Жаңа сабақ
1) Жамбыл Жабаев өмірінен мәлімет беру
«Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» әдісі бойынша оқушыларға Жамбыл туралы білетіндерін жаздыру, оқыту.
2) Өлеңдері, айтыстары, дастандары туралы айту.
1941 - 1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр кез болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін өте ауыр күндер туды. Осы тарихи оқиғаға Жамбыл өзінің «Ленинградтық өренім» атты өлеңін арнады. 
3) Оқулықпен жұмыс:
1) 3 топ өлең шумақтарын оқыту, мазмұнын сұрау.
2) Ленинград блокадасы туралы тарихи мәліметтермен жұмыс

Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді. Ұстазы Сүйінбайдан бата алған Жамбыл Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құланаян Құлмамбет, Шашубаймен айтысып, оларды жеңгеннен кейін Жетісудің ерен жүйрік ақыны аталады. Бұл айтыстарда ақын қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайды. 1916 жылғы көтеріліс кезінде Жамбыл патшаның соғысқа қазақтан қара жұмысқа адам алу жарлығына қарсы шығып, өлең - жырлар шығарады. Жамбылдың шығармашылық өрлеу дәуірі жасы 70-тен асқан соң, кеңес өкіметі қамқорлығы арқасында ашылады. Жамбыл есімі Одаққа кең жайылып, Кеңес Одағындағы әрбір маңызды оқиға мен қол жеткен жетістік оның жырларына арқау болады. 1936 жылы Жамбыл Москвада өткен қазақ өнерінің онкүндігіне, 1937 жылы грузин ақыны Шота Руставелидің туғанына 750 жыл толу тойына қатысады. КСРО Жоғары кеңесінің президиумы Жамбылдың халық поэзиясын өркендетудегі еңбегін айрықша бағалап, оны "Еңбек Қызыл ту", "Ленин" орденімен марапаттайды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл өлеңдері кеңес жауынгерлерін, халқын жауды жеңуге жігерлендірді. Ол ең жоғарғы сыйлық - Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Жамбылдың "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр" аталатын дастандарында халық үшін еміренген, еліне қамқор, пана болған халық батырларының ерлік, адамгершілік бейнесі өрнектелген
.

Үш жылдан астам уақытқа созылған Ленинград үшін шайқас елдің бүкіл солтүстік - батыс бөлігін қамтыды. Барлық ұлттардың жауынгерлерімен бірге қазақ жауынгерлері де Ленинградты табан тіреп қорғады. Жаудың қоршауында қалған қалаға Қазақстаннан азық - түлік, қару - жарақ пен әскери құрал - жабдықтар тиелген көптеген эшелондар жіберілді. Ладога көлі аймағындағы алғашқы шайқастардың өзінде - ақ қазақстандық 310 - шы, 314 - атқыштар дивизиялары ерекше көзге түсті. Қазақстандық жауынгерлер Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, қоршаудағы қаланың «Үлкен жермен» байланысын қамтамасыз етуге, «Өмір жолын» салуға қатысты. Ленинград үшін күрес шежіресінде Әлия Молдағұлованың даңқты есімі мәңгіге қалды. Ержүрек комсомол, мерген қызды ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапаттады, ал қаза тапқаннан кейін 1944 жылы шілдеде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ленинград үшін шайқас 1941 жылғы 8 қыркүйекте басталып, 1943 жылдың қаңтарына дейін созылды. Қалаға жеңіс толығымен 1944 жылдың 27 қаңтарында ғана келді. Яғни, қала осы уақытқа дейін жау қоршауында болды. Ленинград халқы тұп тура 900 күн қасірет шекті. Осынау теңдессіз 900 күннің жыры да, сыры да ешқашан таусылмақ емес. Өліспей беріспеуді серт еткен ленинградтықтар жауға тізе бүкпей шайқасып, өшпес ерлік өнегесін көрсетті. Ұлы жырау Жамбыл Жабаев атамыздың «Ленинградтық өренім» деп тебірене, толғана жылайтын тұсы да сол кез еді. 900 күн бойы жау қоршауында қалған. Ленинград шайқасы кезінде 640 мыңнан астам адам аштықтан қырылды, жүздеген мың адам жау снарядтары мен авиабомбалардан қаза тапты, эвакуация кезінде оққа ұшқандары қаншама?! Тарихи деректерде Ленинград қоршауы кезінде 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын көз жұмды делінеді. Ал бұған қоршау кезінде жаумен жағаласып жүріп шейіт болған жауынгерлерді қоссаңыз, жалпы құрбандардың саны миллионның үстіне жетіп - жығылатыны айтпаса да түсінікті.

Бекіту:  Өлеңнің тақырыбы не туралы?

  Өлеңнің идеясы не туралы?

Қорытынды: Не білемін?    Не білдім?    Не білгім келеді?   
Жамбыл-
әрі эпик, әрі айтыс ақыны, әрі жауынгер жыршы. Шығармашылығы екі ғасырды қамтып жатқан ұлы жырау туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның бас себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз»,- деп сабағымызды аяқтаймыз.

Үйге тапсырма:

Бағалау:

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев. «Ленинградтық өренім»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 768 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2016 3751
    • DOCX 20.4 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мукашева Алия Тоганбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мукашева Алия Тоганбековна
    Мукашева Алия Тоганбековна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13104
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов мировой художественной культуры в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 92 человека

Курс повышения квалификации

Основы художественного анализа

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 11 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Курс профессиональной переподготовки

Искусство: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель искусства

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 313 человек

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 21 человек