Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Жібек жүн маталар. Маталардың физикалық
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Сабақтың тақырыбы: Жібек жүн маталар. Маталардың физикалық

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Жібек жүн маталар. Маталардың физикалық
механикалық қасиеттерімен таныстыру.Жібек жүн
маталардың экологиялық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тақырыпта кеңінен ашып түсіндіру жүн
талшықтарының қасиеттері, матаның физикалық,
механикалық қасиеттерімен толық таныстыру
Дамытушылық : Жүн және жібек талшықтарын айырып
тану. Матаның негізгі қасиеттерімен танысу. Матаның оң
және теріс жағын ажырата білуге үйрету
Тәрбиелік: оқушылардың сабаққа деген құлшынысын
арттыру, ынта қойып тыңдату. Теориялық және практикада
алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мата түрлері, лупа, тарелка, шырпы.
Сабақтың әдісі: аралас
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
1.Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
2.Сынып тазалығын тексеру.
3.Оқушылардың құрал- жабдықтарын тексеру
4. Өткен сабақты сұрау.
Жарма тағамдары: сүт және сүт өнімдері туралы. Төрт түлік малдан алынатын өнімдері туралы

ІІ. Жаңа сабақ
Жүн және жібек маталар жануардан алынатын табиғи талшықтардан, сонымен қатар химиялық жолмен алынатын талшықтарды қосу арқылы дайындайды.
Маталардың талшықтық құрылымы немесе тағайындалуы бойынша таңдау маталар ассортименті деп аталады.
Талшықтар. Мата дайындауға арналған иірілген жіп алудың шикізаты. Мата қиындыларын мұқият қараған кезде оның жіптерден тұратынын көруге болады. Жіптер өзара ұзындық бойы және көлденең өріліп жатады.
Жүн талшықтары – қой, ешкі, түйе және басқа да жануарлардың түк жамылғысы.
Тоқыма өнеркәсібі өңдейтін жүннің негізгі бөлігі қойдан алынады.(95%). Қойдың жүнін арнайы қайшы қырықпен немесе электр машинамен біртұтас қылып қырқып алады. Қырқылған жүн қатты ласталған және сапасы да біріңғай болмайтындықтан, оны фабрикаға жіберер алдында сұрыптайды, түтеді, жуады және кептіреді.
Жүн талшықтары жіңішке, қатты иірімделген, ал ұзындығы 20мм-ден 450мм-ге дейін жетеді. Жуандығы әр түрлі болады. Жүн талшығы неғұрлым жіңішке болған сайын күн сәулесі әсеріне төзімділігі өсімдік талшықтарына қарағанда жоғары. Жанған кезде күйдірілген мүйіз немесе қауырсынның иісіне ұқсас иіс шығарыды, талшықтардың ұш жағында саусақпен жеңіл үгіп жіберуге болатын қара күйген түйіршік қалады.
Жүн талшықтардан көйлектік, костюмдік және пальтолық маталар дайындайды.
Табиғи жібек – тұт жібегі құртының қуыршақтарынан алынатын ұзын жіңішке жіп. Көбелек қуыршақтан шыққаннан соң жұмыртқа салады. Жұмыртқадан құрт пайда болады, ол құрттың қуыршаққа

айналатын мезгілі келгенде өзінен жіп шығарып, бұтаққа бекітіп, өзіне ұя немесе қуыршақ дайындайды. Қуыршақ жібінің
ұзындығы 700- 800 метрге жетеді.

Жібек мата атаулары:
Шифон (жұқа ,нәзік, мөлдір);
Атлас (жұқа,құбылмалы түсті);
Бархыт немесе панбархыт (тұтас түкті немесе шифон фонында өсімдік немесе геометриялық сурет құрайды);
Табиғи жіпте жүн сияқты жоғары гигроскопиялық қасиетке
ие. Ол ылғалды тез сіңіріп алады және тез кебеді. Ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтпайды, ал жоғары температура мен күн сәулесі әсерінен басқа табиғи талшықтарға қарағанда, тезірек бүлінеді.
Тоқыма фабикаларында жүн мен жібек талшықтарынан жіп иіреді. Иірілген жіп тоқыма өндірісіне жеткізіліп, онда түрлі маталар тоқылады.
Маталардың қасиеті олардың талшықтық құрамына, талшықтарының өрілу әдістеріне және өңдеу ерекшеліктеріне байланысты болады.
Матаның негізгі қасиеттеріне жатады:
• Физикалық- механикалық
• Гигиеналық
• Технологиялық
Физикалық – механикалық қасиеттерге жатады:
Беріктік – бұл матаның жылтырауға қарсы тұру қасиеті.
Қыртысталуы – матаның қысқанда немесе қысым түсіру кезінде пайда болатын ұзақ қатпарлар құруы.
Шаршаулануы – бұл матаның ілініп тұрған кезде жұмсақ қатпарлар құру қасиеті.
Тозуға төзімді – бұл матаның үйкелу, созылу, қысылу.ылғал, жарық, температура, тер әсеріне қарсы тұру қасиеті.
Жүн маталар әдемі және мықты болады. Олардың жылуұстағыштық және тозуға төзімділік қасиеті жоғары болады, аз қыртысталады.
Жоғары шаңжұтқыштық қасиетке ие.
Табиғи жібек маталар – өте берік, әсем, жағымды жылтыр түсті, сипап көргенде тегіс әрі жұмсақ, аз қыртысталатын болып келеді.
Матаның оң және теріс жағын мына тәсілмен табуға болады.
1. Мата жиектерінің шерттерінде тесікшелері болады. Тесікшелердің маңындағы мата іш жағына қарай дөңестеу болады.
2.Тегіс маталардың теріс жағы түктілеу болып келеді.

Практикалық жұмыс:
Жүн және жібек талшықтарын айырып тану.
Металдар мен құралдар: «талшықтар» коллекциясы, үлкейткіш шыны (лупа), отқа төзімді тостаған, оқулық, жұмыс дәптері.

Қорытынды.
1. Табиғи жібек дегеніміз не?
2. Жібек мата қандай қасиеттерге ие?
3. Қуыршақ жібінің ұзындығы қанша болады?
4. Жүн маталарының негізгі қасиеттері?
5. Матаның негізгі қасиеттерін ата?


Бағалау: Үйге : осы тақырыпты оқып келу

Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров187
Номер материала ДВ-526837
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх