Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы « Жырым саған арналады, Елбасы!»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Сабақтың тақырыбы « Жырым саған арналады, Елбасы!»

библиотека
материалов


Тәрбие сағатының тақырыбы:   « Жырым саған арналады, Елбасы!»

Мақсаты: Балаларға елбасы туралы толық мағлұмат беру. Балалардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Отанын сүюге тәрбиелеу, еліміздің тарихы туралы түсінік беру.
Көрнекілігі: Елбасы Н. Назарбаевтың суреті, рәміздер, слайд, суреттер, ту, гүлдер,шарлар.
Әдіс — тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ — жауап.

Барысы:   Ұйымдастыру.
1.Шаттық шеңбер:
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Ұл қолында ту жүрсін,
Қыз қолында гүл жүрсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.

Хор: Балдырған. Әні:Айжігіт Асанов, сөзі: Рауза Архабаева
2.Сұрақ-жауап:
— Біз қай елде тұрамыз?
— Қазақстан Республикасында тұрамыз.
— Қазақстанның Елордасы қай қала?
— Елордамыз – Астана.
— Елбасымыз кім?
— Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
— Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
— Әнұран, Ту, Елтаңба.

3.Слайдтан көрсету.

     

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
Қазақстан Республикасының Елбасына дейін көтерілген. Н. Ә. Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады. Алдына қойған мақсаты айқын адамдар не нәрсе болса да жеңіп, сол мақсатына жететінін біз осы атамыздың жасап жатқан айшықты да айқын жұмыстарынан аңғара аламыз.
Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдеріне шолу жасайық.
1991жылы Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы. Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
1992 жылы ту, елтаңба, әнұран бекіді.

1-оқушы:  Ахмад

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

2-оқушы:  Адиля

Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады – ау  кісілік!

3 – оқушы: Абзал

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен — кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

4 – оқушы: Данагүл
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

5-оқушы: Анвар

Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат  талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.

6 – оқушы: Мөлдір
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам.
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға — біздің ұлы адам.

7 – оқушы: Жарасқан
Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

8 – оқушы: Саламат
Мен — қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен — қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.                                                                                               Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қаранардай көтерер.

 

9-оқушы:Айшабибі

Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр ағаның.

10 – оқушы: Дильназ

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

11 – оқушы: Мейірхан
Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 

12 – оқушы: Алдияр

Отан — менің жүрегім,
Отан — менің тірегім.
Отан — сенің саянда,
Бақыт құшып жүремін

 

13 – оқушы: Сағыныш

Отан — осы достарым
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан»- деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл.

 

14-оқушы:Тоғжан

Тұратұғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп

15-оқушы: Мұхаммед

Әнге толсын барлық қала,ауыл бар
Қағылсын бар барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар.

 

16-оқушы: Зара

«Ел – Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан. Бұл — бүгінгінің шындығы».

 

17-оқушы:Әмир

«Нұрсұлтан Назарбаев десе — Қазақстан; ал Қазақстан десе — Назарбаев ойға оралады»

 

18-оқушы: Асия

«Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз»

 

19-оқушы: Әли

«Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға — елдің тұғыры, Тұлға — елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз  Н. Ә. Назарбаев – осындай тұлға.»

 

Хор: Отан-ортақ үйіміз.

 

Қорытынды:

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.

Мұғалім: Балалар Егеменді Қазақстан елінің келешегі де, болашағы да, мына өздерің боласыңдар, сол себептен Қазақстан байрағын биік ұстап, тілді құрметтеңдер.

Осымен « Жырым саған арналады Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

Ән: «Көк тудың желбірегені» орындайтын — Ғизат Саламат.



Автор
Дата добавления 27.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров84
Номер материала ДБ-100465
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх