Инфоурок ИЗО, МХК КонспектыСабақтың тақырыбы: "Жүннен сәнді әшекейлер жасау"

Сабақтың тақырыбы: "Жүннен сәнді әшекейлер жасау"

Скачать материал

Шебер-кластың өңдемесі

 

Мұғалімі: Құрманова Н.М.

Тақырыбы:       Жүннен сәнді әшекейлер жасау.

Мақсаты:             Жүнді сулы түрде басу әдісін үйрету. Түсті жүнді үйлесімді      араластыра білуге үйрету.

Міндеті:     Жүннен сәнді әшекей бұйым жасап үйрету. Бұйымның пішімін, үйлесімді түсін бере білу. Эстетикалық талғамын дамыту.

Қажет құралдар:

                   Мұғалім үшін - көрнекі құралдар (әртүрлі әшекей бұйымдар)

Тыңдаушыларға - жүн (түрлі-түсті), сеткі, сабын, жылы су, ыдыс, целлофан, бедерлі целлофан, резеңкі қолғап, моншақ, зергерлік түйреуіш, шаш кептіргіш, сүлгі.

Шебер-класс жоспары:

1.     Ұйымдастыру бөлімі (2-3 минут)

2.     Мақсаты мен міндетін айту (2-3 минут)

3.     Тақырыпты көрнекі құралдармен түсіндіру бөлімі (10-15 минут)

4.     Тәжірибелік жұмыс

Тақырып бойынша әшекей бұйымды жасау

5.     Сабақ барысында жеке тыңдаушыларға көмек көрсету, кеңес беру.

6.     Қорытындылау.

Шебер-кластың барысы:

Жүн-бұрынғы заманнан қолданыс материал. Одан киіз үй жабуынан бастап киім түрлерін, төсеніштер, киіз үйдің ішкі жабдықтарын, ойыншыққа дейін жасаған.

Қазіргі таңда көне дәстүр қайта жананып, ол қолданысқа енгізіліп жатыр. Көптеген дизайнер, модельерлер оны сәндік бөлшек ретінде өте ұтымды қолдануда.

Сәнді әрі қазіргі заманғы сәндік қолөнердің бірі бұл жұмыс адамның шығармашылық шабытын, эстетикалық талғамын дамытады.

Жүннен жасалған бұйымдар сәндік-қолданбалы өнердің көне түрі болса да, қазіргі таңда ол өте танымал, әрі қызықты материал болып отыр.

Киіз басу-қазақтың қол өнер саласындағы ұлттық өнерінің ерекше бір түрі. Сырмақ, киіз басуда болсын, халықтың қол өнерінің қайсыбір саласында болмасын, қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің шығармашылығымен көз тартады. Киіз басуда да,сырмақ жасауда да, басқа нәрсе жасауда да негізінен оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше.

Қолөнер саласында басқа да түрлері сияқты киіз басуды үйрететін арнаулы оқу орындары бұрынғы кезде болмаған. Сондықтан тек ұрпақтан-ұрпаққа салт-дәстүр бойынша жалғасын тауып отырған.

Жүннен жасалатын заттар: киіз, тұскиіз, қоржын, бас киім, байпақ, дорба, пима т.б.

Қазіргі заманда жүнді қолданудың дәстүрлі сабынды-сулы, ыссы-сулы басумен қатар, құрғақ жүнді фильцтеу әдісі (арнайы инемен) кең танымал болып жатыр. Себебі, бұл жаңа тәсіл кез-келген оқу бөлмесінде, үйде пайдалануға ыңғайлы.

Сулы түрде басу-бұл бұрыннан келе жатқан әдіс, алайда қазір киіз басудың жеңіл түрі- ол сабынды сұйықты пайдалану. Жүнді сабынды сумен ысқылау және қысудың арқасында жүн талшықтары бір-біріне жақсы байланысады.

Ықшам түрінде жасалатын сәнді бұйымдар:

 

    

 

       

 

Моншақ, білезік, омырауға тағатын гүл (брошка), тұмар, қалта телефонына арналған қап, т.б.

Бүгінгі шебер-класта жасайтын жұмысымыз -сәнді әшекей бұйымды сулы түрде басу.

Бұйым жасау үшін қойдың, түйенің боялған немесе боялмаған түрі қолданылады. Жүнді алдымен жақсылап жуады, кептіреді. Кепкен жүнді арнайы станокта немесе қолмен түтеді. Түтілген жүн қолданысқа жарайды. Жұмысты бастамас бұрын қажетті құралдарды, материалдарды дайындап алайық.

І кезең. Алдымен омырауға тағатын гүлдің жоба суретін аламыз. Гүлдің түсін анықтап аламыз. Гүлдің түсіне сәйкес келетін моншақ түсін де ұмытпауымыз керек және гүлдің көлемі де ескерілу керек.

ІІ кезең. Жұмыс орнын дайындаймыз.

Үстелдің үстіне целлофанды төсеп, бір ыдысқа жылы су құйып сабынды соған саламыз. Мөлшермен қажетті түтілген түсті жүнді аламыз. Бір нәрсе ескеруіміз қажет, жүнді сабынды сумен басқан кезде ол 3-4 есе кшішірейеді. Сондықтан болашақ жасалатын бұйымның пішімін ескере отырып жүнді 3-4 есе көбірек аламыз. Алған жүнді сәл түтіп бірін қиғаш, бірін көлденең етіп бірінің үстіне бірін салады. Содан соң сабынды суды үстіне бүркіп, көпіргенше ысқылаймыз. Бірінші бір жағын, сосын екінші жағынан сабынды сумен ысамыз. Енді жүнді алақанға салып саусақпен гүлдің күлтешелерінің пішімін шығарамыз. Айналдыра отырып тегістейміз. Осы әдісті бірнеше рет қайталау қажет, сонда жүн талшықтары бір-бірімен қабысып, жақсы бірігеді.

 

           


            

 

           

 

          

 

              

 

 

         

 

 

        Жұмыс барысында әр тыңдаушыға жеке көмек беріп, жұмыстарын тексеру,  кеңес беру.

Уақытымыз аз болғандықтан, бұйым тез кебу үшін, шаш кептіргішпен кептіреміз (былайша уақытта оны кептіруге 2-3 күнге қоюға болады)

ІІІ кезең. Кепкен гүлдің одан әрі әдемі, әрі тартымды болуы үшін моншақпен әшекейлейміз. Моншақтың түсі жасалған гүлдің түсімен үйлесімді, жарасымды болуы қажет. Дайын гүлді зергерлік түйреуішке ине жіппен қадаймыз.

 

ІV кезең. Сәнді әшекейіміз дайын.

Гүлді омырауымызға тағатын әшекей ретінде де, бас киімді әдемілеу үшін де тағуға болады. Осындай әдемі гүл әр адамның көңілінен шығып, киімді сәндеп тұратынына сенімді.

Алдағы уақытта сіздер бұдан да басқа нәрселер жасап үйренетіндеріңізге тілектеспін.

Бәріңізге де рақмет, сау болыңыздар!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: "Жүннен сәнді әшекейлер жасау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 365 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2016 3599
    • DOCX 6.3 мбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курманова Нургул Мухамбетжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10354
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Мировая художественная культура: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель мировой художественной культуры

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс профессиональной переподготовки

Искусство: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель искусства

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 312 человек

Курс профессиональной переподготовки

Мировая художественная культура: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель мировой художественной культуры

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 538 человек

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе