Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Презентации / Сабақтың тақырыбы: "Жолда жүру ережелері"

Сабақтың тақырыбы: "Жолда жүру ережелері"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m70aaee13.gifhello_html_m2bb938c7.gif



Жолда жүру ережелері.



Мақсаты: Көліктер туралы түсініктерін бекіту, ұсынылған тапсырмаларды дұрыс орындауға, сөйлем құрастырып, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге, жұмбақ шешуге үйрету. Жолда жүру ережесін түсіндіру, бағдаршам көзінің түсін ажыратуға дағдыландыру, жол белгілерімен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: Көркем сөз, сурет, ойыншықтар арқылы ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойын ойнату арқылы балалардың білімдерін тиянақтау, өз ойын еркін айта білуге үйрету; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Бір-бірімен достық қарым-қатынаста ойнауға, үлкен-кішіге көмек беруге, үлкендердің кеңесін тыңдауға, оларды сыйлауға, жол жүру тәртібін сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: ата-анамен байланыс.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ-жауап.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: шаңырақ, суреттер, көлік түрлері, жол белгілері, техникалық құрал-жабдықтар.

Қостілділік компонент: Ракета – зымыран; светофор – бағдаршам; пешеходный переход – жаяу жүргінші өтпесі.

Сабақтың барысы:

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиеші әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық-қозғаушылық.

Шаттық шеңбері: «Шаңырақ».

Қазір біз бір-бірімізге жылы лебізімізді, достық сезімдерінді білдіру үшін шаңырақтың уықтарын жоғары көтеріп достық тілектеріңді айтасыңдар.

Енді осы тілектеріңді өлең жолымен жолдайық.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Айналаға, бар адамға,

Тек мейірім сыйлаймыз.

Міне бір шаңырақ астында бір-бірімізге жақсылық, қуаныш тілеп, жүрегіміздің жылулығын бөліе білдік. Жарайсыңдар балалар!

Ұйымдастыру-іздестіру

Өтілген тақырыпты қайталау.





  • Өтілген сабақта қандай тақырып өтіп едік?

  • Көліктің түрлерін.



Жұмбақтың жауабын айтып, көлік түрлерін естеріне түсіреді.

Жұмбақ шешу.

Кейпін алып кеменің,

Инелікке теңедім.

Қанаттарын қаққан жоқ,

Жүрген жері аспан, көк.

(Ұшақ)

Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз.

(Зымыран)

Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды.

(Автобус)

- Балалар, сіздер жұмбақтың жауабын зымыран, автобус, ұшақ деп айтып отырсыздар,бұлардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?

Әңгімелесу.

  • Көліктер неше топқа бөлінеді?

  • Үш топқа бөлінеді: әуе жолы көлігі, су жолы көлігі, жер үсті көлігі

  • Ұшақты кім жүргізеді№

  • Ұшқыш.

  • Көліктер туралы кім тақпақ біледі? Қане еске түсірейік.

Жол – көліктің жүрегі,

Машина көп жүреді.

«Қауіп жоқ» деп ойлама,

Жолда футбол ойнама.



Үлкенмін ғой, міне мен,

Ойыншықтарды жинаймын.

Машинаға мінер ем,

Кабинаға сыймаймын.

Дидактикалық ойын: «Бұл қандай көліктер?»

Мақсаты: баланың биімі мен қызығушылығын дамыту, ойын арқылы білімдерін тиянақтау.

Балалар үлкен қызығушылықпен ынталанып ойнайды.

  • Көліктердің қандай пайдалы жағы бар?

Балалар өз пікірлерін айтады.

  • Ал зиянды жағын кім айтып береді?

  • Қоршаған ортаны қорғау үшін көшелерге не отырғызады?

Көліктерде мәдени мінез-құлық ережелерін сақтау. Балалар билет алып, номірін атап орындарына жайғасады.

- Ендеше, балалар, темір жол көлігіне мініп өзге қалаға барамыз. Ол үшін мына жерден билет алып, нөмір бойынша әркім өз орындықтарына жайғасып отырсын.

Ата-ана: Сіздің билет нөміріңіз неша?

Көрініс: «Қарт пен бала»

Мақсаты: Әдепті болуға, үлкендерді сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу.









Шарты: Бір қарт шаршап-шалдығып пойызға мінеді. Алдағы отырған балаға: «Балам маған орын берші» - дейді.Бала жалған ұйықтап қалады. Келесі баланың қасына барып балаға қарап үндемейді, бала далаға қарап отыра береді. Сол сәтте артта отырған бір қыз бала атайды көріп қалып, «Атай, мына жерге отырыңыз» деп шақырады.

  • Рахмет, балам, өркенің өссін!

Ата-ана: Қандай мәдени мінез-құлық ережелерін білесіздер?

Айқайлауға болмайды.

Үлкенге орын беру керек, сыйлау керек.

Тазалық сақтау қажет.

-Жарайсыңдар, балалар!

Жаңа сабақ.

Балалар, қала көшесімен келе жатып байқаған боларсыңдар, айнала толы машиналар және жол белгілері өте көп. Олардың пішіндері де, бояулары да әртүрлі. Ал біздерге, машиналар жүріп жатқан жолды кесіп өтуге болмайды. Сондықтан да бүгін сол жол белгілерінің біріне тоқталайық. Мына суреттерге назар аударайық:

Қала көшелерінде үнемі тынымсыз көлік қозғалысы.

Мынау нелер?

  • Машиналар.

  • Дұрыс. Машиналар арасынан өтіп кетуге бола ма?

- Мына жол белгісіне назар аударайық! Өзіңе жақсы таныс. Бұл төрт бұрыш, көк түсті, мынау ақ түсті үшбұрыш ішіндегі жаяу жүргінші қара түспен берілген. Яғни, «Жаяу жүргіншілер өтпесі». Бұл белгі бар жерден, сол жағыңа және оң жағыңа қарап абайлап өте беруге болады. Міне осы белгіні ұмытпай есте сақтап алыңдар.

Бәріміз қайталайық: «Мынау жаяу жүргіншілер өтпесі» дегенді білдіреді.

Сергіту сәті.

Шеңбер жасап тұрамыз.

Тәрбиешімен бірге қайталау.

Бип, бип,бип дейді,

Жолдан былай кеттейді.

Алға қарай ұмтылмай,

Машинадан қаш дейді.

Шеңбер жасап тәрбиешінің іс-қимылын қайталайды.

Дымбілмес кіреді.

- Мынау ненің дауысы. Алақай балалар ойнап жатыр! Сәлем, балалар, ойын ойнап жатырсыңдар ма? Мен де ойнайыншы.

Тәрбиеші:Жоқ, біз бой сергітіп жаттығу орындап жатырмыз.

Сен жаттығу жасай аласың ба?

-Әрине!

Тәрбиеші: Жарайсың!

-Ал қолыңдағы не? Бізге сыйлық әкелдің бе?

- Жоқ, бұл ма, бұл (мұңаяды) мен тек ойынды ұнатамын, мектепке барғым келмейді. Сендерден көмек сұрағалы келдім. Маған досымнан хат келді, мен жауабын шеше алмадым, сендер маған көмектесесіңдер ме?

Хат. «Құрметті достым, Дымбілмес! Сен оқи да алмайсың, не сурет сала алмайсың, иә болмаса мына бір суреттерді құрастырып, ал мына суретті аяқтап жапсыр».

Қане, балалар, Дымбілмеске көмектесейік.

А) Құрастыру. Балаларға конверт ішіндегі суреттерді үлестіріп беру. Көліктерді құрастырып, сөйлем құру. (Балалар бөлініп отырады. Конверттегі суреттерді құрастырып, жапсырып сөйлем құрап, сұраққа жауап береді.)

Ә) Жапсыру. Суретті жалғастырып жапсырады.







Б) Дидактикалық ойын: «Ненің дыбысы?»

Ойын ойнап, қандай көліктің дыбысы екенін айырып айтады.

Мақсаты: Үнтаспадағы көліктердің дыбысын айырып айту, балалардың есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиеші: Дымбілмес, сен жол ережелерін білесің бе?

- Білемін, әрине.

Дидактикалық ойын: «Бағдаршам»

(Бағдаршам көзінің түр-түсін атайды).

Мақсаты: Бағдаршаммен жүру. Бағдаршам көзінің пішінін, түсін айырып айту; жаңа сабақты тиянақтау.

Ендеше екі топқа бөлініп ойын ойнап көрейік. Қазір қазақ драма театрға баруымыз керек. Сен мына жаяу жүргіншілер жолымен барасың, ал мына топ машинамен барады.

Машиналар өтіп жатыр.

Дымбілмес: Балалар кеттік машиналар арасынан өтіп кетейік.

Балалар, дымбілмеске көмек көрсетіп, жолдан өтуге болмайтынын айтады.

Тәрбиеші: Балалар дұрыс айтады. Ойын.

Біз театрға келдік. Балалар өз орындарына орналасады. Үлкен экраннан көлік түрлерін, жол жүру ережелерін тамашалайды.

Рефлексивті-түзетушілік.

Қорытынды:

  • Қандай көлік түрлерін көрдіңіздер?

  • Бағдаршам неге керек?

  • Бағдаршам жоқ болса, жолдан қалай өтуге болады?

Яғни: «Тоқта», «Сақтан», «Жол ашық!»

  • Жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады. Сұраққа жауап беріп өз ойларын қорытындылайды.

  • Мына белгіні қалай түсінесің?

Міне, балалар, жол жүру ережесін сақтау – сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияның тиеді. Сондықтан жол ережесін сақтап, жолдан сақ болайық!

Күтілетін нәтиже:

Нені үйренеді:машина түрлерінің айырмашылықтарын айтады. Өз ойларын тиянақтап пікірін еркін айтып үйренеді.

Қандай түсініктерді игерді: Бір-біріне көмек беруді, бірігіп жұмыс жасауды, жол жүру ережесін үйреніп, түсіне біледі.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жұмбақ шешіп, тақпақ айтады, сұраққа жауап беріп, көліктерді топтастырып, құрастырады және жапсырады.



















«Бояулар патшалығына саяхат»

Білім беру салалары: «Шығармашылық», «Әлеуметтік», «Айналамен танысу».

Бөлімдері: «Бейнелеу өнері»

Мақсаты: Балаларды бейнелеу материалдары:жай және түрлі-түсті қарындаштар балауыз борлар, живопись, фломастермен жұмыс жүргізу техникасын бекіту.

Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, бейнелеу материалымен ойын ойнауға ынталандыру; балаларға қуаныш сыйлау, шығармашылық шабыт ахуалын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Қылқалам, бояу, қарындаш, губка, трафарет, май шам, түрлі-түсті қағаз, сүлгі, тұғырын, өшіргіш және бейнелеу өнеріне қатысы жоқ заттар, «Қажетті затты көшір» ойыны, жылы және суық түсті карточкалар, «Геометриялық фигуралардан бейне құрастыр», «Затқа өрнек сал», «Элемент қандай жанрдан?», Портрет құрастыр» дидактикалық ойындары.

Сөздік жұмыс: Пейзаж, портрет, натюрморт.

Іс-әрекеттер бөлімі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ән-күй ойнап тұрады, балалар қарындаш киімдерін, маскаларын киіп бояулар патшалығына қонаққа барады.

Қарындаштар:

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн келді!

Қайырлы таң!

Сәлеметсізбе бояу ханшайымы!



Бояу ханшайымы: Сәлеметсіңдерме қарындаштар! Келгендеріңе қуанамын. Қараңдаршы менің патшалығым өте үлкен оның тұрғындары сурет салады, мүсін жасайды, қағазбен жұмыс істейді. Сендерде осындай жұмысты ұнатасыңдарма?

  • Иә, ұнатамыз!

  • Қарындаштар, менің киімімде бояудың әр-түрлі түстері бар. Ал сендер түстер туралы бәрін білесіңдер ме?

  • Иә, білеміз.

  • Негізгі бояулар қандай?

  • Қызыл, сары, көк.

  • Кемпірқосақта қанша бояу түрі бар? - Қандай?

  • Кемпірқосақта жеті бояу түрі бар. (қызыл, қызғылт сары, сары, жаыл,көгілдір, көк, көк сия)

  • Сендер бояуларды араластыра аласыңдар ма?

  • Иә.

Қызыл + сары - қызғылт сары.

Сары + көк – жасыл

Көк + қызыл – сия көк









Ақ + көк – көгілдір

Бояу ханшайымы: Жарайсыңдар.

(Ән-күй ойнайды, фломастер кіреді)





Фломастер: О, ханшайым мына пішіндерді салып, қиып енді не істеуді білмей тұрмын?

Бояу ханшайымы: Ренжіме фломастер. Қарындаштар көмектесеміз бе?

-Иә.

Мына геометриялық пішіндерден бейне құрастырайық.

Дидактикалық ойын: «геометриялық фигуралардан бейне құрастыр».

(Балалар түрлі-түсті пішіндерден үй, көлік, адам, гүл жасайды)

Фломастер: Рахмет қарындаштар, сау болыңдар.

Бояу ханшайымы: Қарындаштар сендер қандай ертегі кейіпкерлерін бейнелеуді жақсы көресіңдер?

Балалардың жауабы.

Біздің патшалығымыздың тұрғындары ертегідегі кейіпкерлерді бейнеледі, қараңдаршы. Ой, кім мына суреттерді қиып тастады?

Дидактикалық ойын: «Портрет құрастыр»

(Ән-күй ойнайды, қылқалам кіреді)

Бояу ханшайымы: Қылқалам не ойланып жүрсің? Жарайсың, қарашы бізге қарындаштар қонаққа келді, оларға патшалығымызда ең әдемі бөлмені, өз суреттеріңді көрсет.

Қылқалам ойланып:

Шіркін сурет сабағы,

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып бояймын,

Туып өскен даланы.

Қызыл бояу қызғалдақ,

Сары бояу-сарғалдақ,

Жасыл бояу-жайлауым,

Іздеп келер армандап.

Сәлеметсізбе ханшайым!

Мен қандай сурет салуды ойланып тұрмын.

Қылқалам: Иә, дұрыс. Жүріңдер мынау менің галереям

-Қараңдаршы мынау сурет қай жанрда салынған?

Портрет жанрында салынған (натюрморт, пейзаж) А.Қастеев, Г.Исмайлова, М.Кенбаев.

-Қандай атақты суретшілерді білесіңдер?

Бояу ханшайымы: Жарайсыңдар, сендердің білмдерің өте ұнады. Кәне енді сурет салып беріңдерші.

Қарындаштар:

Қызыл, жасыл, қарамыз,

Қолға кезек аламыз.

Қарындашпен әр түрлі,

Алуан сурет саламыз.

Қарындаштың көмегі,

Міне қандай көп еді,

Ұштай біл де, ұстай біл.

Түрлі өрнек салу біл.

(Балалар әр-түрлі әдістер арқылы сурет салады, ән-күй ойнайды)

Бояу ханшайымы: Қандай тамаша, әдемі суеттер! Кәне көрейікші не салдыңдар?

- Нені бейнеледің?

-Қандай тәсілмен салдыңдар?

-Суретте қандай түсті бояулар?

-Сендерге ұнады ма?

Аңды

Бастыру тәсілімен.

Ашық түсті бояулар.

Балалардың жауабы.





Математикалық ұғымдарын қалыптастыру. (Ертегі сабақ)

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін кеңейту, 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандарды тура және кері санауға, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау оң,сол, алда, арт жақта ұғымдарын дамыту. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Апта күндерін атауды, үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Аспан, жұлдыздар суреті, шардан жасалған планеталар.

Әрекеттің кезеңдері:

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеттері.

Ынталандыру, сезімді ояту.

Тәрбиеші: Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Балалар: Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

- Еліміз аман болсын!

- Аспан ашық болсын!

- Береке бірлік болсын!

- Ақылды, тәртіпті болайық!

- Үлкенді сыйлайық!

- Деніміз сау болсын!

- Бәріміз дос болайық!

Тәрбиеші: Балалар, бүгін мен балабақшаға келгенде үстел үстінен бір хат тауып алдым. Оны бізге Рапунцельдің ата-анасы жазыпты. Рапунцельді космос қарақшылары ұрлап, өзге планетаға алып кетіпті, оны құтқару қажет. Сендер құтқаруға дайынсыңдар ма?

  • Иә, дайынбыз.

  • Қорықпайсыңдар ма?

  • Жоқ.

- Онда жолға шығайық. Міне біз ұшып келдік. Космос қарақшылары планеталарды сиқырлап қойған. Рапунцельді құтқару үшін біз әр планеталардағы тапсырмаларды орындауымыз керек.

(Планеталар-шарлар ілініп тұрады, әрқайсысында тапсырма. Шарларда «мені жар» деген жазу жазылған.)

1-тапсырма:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілі.

  • Көктемде болатын табиғат өзгерістері туралы айтып беріңдерші.







  • Күн жылы болады, құстар ұшып келеді, күн ұзарады, жерге шөп шығады.

  • Көктемде неше ай бар?

  • Көктемде үш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр.



2-тапсырма: Апта күндерін атау.

Апта деген ағайдың,

Жеті бірдей ұлы бар,

Біріншісі – Дүйсенбі,

Екіншісі – Сейсенбі,

Үшіншісі – Сәрсенбі,

Төртіншісі – Бейсенбі,

Бесіншісі – Жұма,

Алтыншысы – Сенбі,

Жетіншісі – Жексенбі.

3-тапсырма: Балалар, космос қарақшылары сиқырлаған кезде, үй жануарлары мен жабайы аңдар араласып кетіпті, соларды орындарына қою керек.

4-тапсырма: 1-ден 5-ке дейін сандарды тура және кері санау. Сандарға арналған санамақ айту.

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым – әкем,

Балаң үйрек – апам,

Шылдыр шүмек – мен,

Титтей бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

5-тапсырма: Сурет бойынша уақытты бағдарлау. (Таңертең, түс, кеш, түн.)

Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті-қолды жуамыз.

Әкемізге ереміз,

Бақшамызға келеміз,

Бұл қай кезде балалар?

(Таңертең).







Біз тәртіпті баламыз,

Сабақты да оқимыз.

Серуенге шығамыз, қыдырамыз,

Бұл қай кез?

(Түс).

Күн батады қызарып,

Анамызды күтеміз.

Бұл қай кез?

(Кеш).

Үйлерде шам жанады.

Дем алады бар әлем.

Деп әлдилер ақ әжем-

Бұл қай кез?

(Түн).

6-тапсырма: Ойын: «Қай сан жоқ»

Мақсаты: Ойлау қабілеттері арқылы сандарды санау арқылы, жоқ санды табу.

Екінші ойын. «Дұрыс тыңда».

Мақсаты: Сылдырмақ соғылуын санай отырып, 1-ден 5-ке дейін белгіленген сандық үлестірмемен сандарды дұрыс көрсету.

7-тапсырма: Геометриялық пішіндерді араластырып тастап, балаларға тапсырма беру. Үшбұрыштарды бір қатарға, төртбұрыштарды екінші қатарға, элипстерді үшінші қатарға, шеңберлерді төртінші қатарға, ал тік төртбұрыштарды бесінші қатарға орналастырып, әр қайсысын санмен белгілеу керек.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, өте тапқыр екенсіңдер. Рапунцельдің ата-анасы сендерге алғыс айтып жатыр.





















Баланың тілдік қызметін ұйымдастыруда ойынның маңызы.

Ойын – мектепке дейінгі балалар үшін айналаны танып, білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұнының әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.

Ойында үлкендердің қызметіне еліктеп, өзінің шамасы келмесе де, осындай қоршаған ортамен етене араласады.

Мектепке дейінгі балалық шақта адамның жеке тұлғалық қасиеттерінің негізі қаланады.

Ойын – баланың жетекші іс-әрекеті. Ойынды тәрбиелеу және дамыту құралы ретінде қолданады.

Ойын арқылы балалардың білімі мен ұғымы айқындалып,тереңдей түседі. Ойын әдісі мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысында ерекше орын алады. Көрсету, түсіндіру, нұсқау беру, сұрақтар қою сияқты тәсілдермен ойын әрекетінің құрамдас бөліктерін үйлестіре отырып, пайдалануды көздейді.

Ойынның түрлері: ұлттық ойындар, сюжетті-рөлдік ойындар, дидактикалық ойындар, сахналанған ойындар, қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, құрылыс ойындары.

Әсіресе дидактикалық ойындар мен түрлі материалдар арқылы жүргізілетін ойындар кеңінен пайдаланылады. Әрбір дені сау бала туылғаннан әр нәрсені зерттеп білуге, ізденушілік белсенділігі басым болады. Баланың ішкі сезімі әлемді түсінуді, қоршаған ортаны танып білуді қалайды. Ал оған ойынның атқаратын рөлі өте зор. «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп ойланады, ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы таным түйсігі қалыптасады.

Ұлттық ойындарды алатын болсак, баланың тек дене бітіміне әсер етіп қана қоймай, ондағы санамақ, төрт шумақты өлеңдер, ой-өрісіне, тілінің дамуына мақсатты әсер етеді.

Балалардың сөздік қорын дамытуда дидактикалық ойынның орны ерекше. Ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады.Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Әр бала өз жетістігіне қуанады, сондықтан да ойын тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас ерекшелігі мен жеке ерекшелігін ескерген жөн.

Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі.

Мысалы: «Ғажайып қалта», «Дәл осындай тауып ал», «Салыстыр да атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Қайсысы көп?», т.б.

Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Бір сөзбен ата», «Төртінші не артық?»

Ал сөздік ойында сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге орынды сөйлеуге үйренеді.

Мысалы: «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы – жаман», «Мақалды жалғастыр», т.б.

Балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлесу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Бала ойын үстінде өмірде көрген білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды. Бала ойын арқылы дүниені танып, түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей







жүріп үйренеді. Қай ғылымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде «Ойын баланың жетекші әрекеті» екендігі, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, ойын өрбітіп, бойын өсіреді.

Ежелгі гректерде «ойын» түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында «ойын» сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды.

Оқу іс-әрекетінде ойын элементтерін тәрбиешіден аса біліктілік пен шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Ойынға балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін танымның, білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен мақсатына жете алады.

























































Сурет салудың дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерінің ерекшелігі.

Бейнелеу өнері – мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс-әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бала үшін әр қайсысы өзінше қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл күйін білдіре алады.

Бейнелеу өнері балалардан ең алдымен эстетикалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, ойлау қабілеттерін дамытады.

Я.А. Коменский, Ф. Фребель: «Сурет салу, мүсіндеу және түрлі құралдырмен айналысатын сабақтар балалардың сезімдерін, ойлау қабілеттерін дамытады» деп айтқан.

Бейнелеу өнері – эсттикалық тәрбиенің негізгі құралы.Бұл көқарасты философтар, педагогтар, психологтар қолдайды. Ежелгі гректер сурет салуға үйрету – қол еңбегін дамыту мен тәрбиелеудің негізгі құралы деп санаған. Ежелгі көзқарастың дұрыстығына көзіміз жеткендей, себебі грек мәдениеті суретпен дамыды және осы заманға дейін сақталған.

Тарихты зерттей отырып, ең алдымен ежелгі адамдар сурет арқылы қарым-қатынас жасағанын білеміз.

Сурет салу іс-әрекетінде балаларда эмоциялдық көңіл-күй пайда болады. Сурет салу – көркемдік шығармашылық іс-әрекет. Өмірдегі алған әсерлерін бейнелеумен қатар, бейнеленген суретке деген қарым-қатынасын білдіреді.Суретті салған уақытта балалар салынған суреттің неге ұқсайтынын, оның нәтижесін айтып, өз көзқарастарын білдіре алады. Салынған суретке деген көзқарастары эстетикалық баға берумен қатар танымдық қабілеттерін дамытады. Сурет салу оқу іс-әрекеттерінде балаларда бастаған істі аяқтау, ой тұрақтылығы, мақсатқа жету және қиындықты жеңе білу қабілеттері ашылады.

Н.К.Крупскаяның ойы бойынша, бейнелеу өнерінде балаларда еңбекке, еңбектенуге деген көзқарас қалыптасады. Сурет салу өнері еңбек сияқты құралмен жұмыс жасауды талап етеді. В.А. Сухомлинский сурет салуды оқу еңбегінің үлкен зор құралы деп санаған.

Бейнелеу іс-әрекеті кезінде ой және дене белсенділігі ұштасады. Сурет салу, мүсіндеу, жапсыруды орындау үшін еңбек жасалынады, сондықтан белгілі бір біліктер, дағдылар қажет. Бейнелеу іс-әрекетінде бақылай білу мен сурет сала білу маңызды рөл атқарады. Кейбір педагогтар өз міндеттерін тәрбиеленушілеріне тек қажетті техникалық дағдыны меңгерту, сурет салу тәсілдерін үйрету, қылқаламды ұстай білу, бояу, бор, қарындаш, фломастермен жұмыс істей білуді меңгерту деп ұғады. Сурет салу да балалар айналадағы қызықты құбылыстарды көре білу қажет. Бала үшін сурет салу – сезім, көңіл күйді берудің бірінші құралы. Педагог бала жұмысының нәтижесіне қарай отырып баланың ішкі сезімін, жан дүниесін көре алады. Сурет салу іс-әрекеттерінде балалардың қызығушылық сезімдерін дамыту мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Педагогтың мақсат-міндетке сай балалар өнер жанрларын, стильдерін (пейзаж, портрет, натюрморт, графика, скульптура) түсініп, қабылдай білу шарт. Сурет салу іс-әрекеттерінде суретшілер еңбектерімен таныстыру, ертегілер бойынша салынған суретшілер иллюстрацияларын көрсету, түрлі саяхат сабақтар өткізу (мұражайлар, жергілікті суретшілер үйіне) т.б. өткізген шарт. Осындай оқу әрекетінде балаларда өнерге деген қызығушылықтары дамиды. Сурет салу әдістерін меңгерту мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын дамытады. Дәстүрлі емес әдіс-тәсіл түрлері: мөр басу, кляксография, манотопия, ылғал бетте сурет салу, шыныда сурет салу, май шаммен, түрту, нүктемен, саусақпен т.б.

Дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану ойлау қабілеттерін, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Әрбір оқу іс-әрекеттерінде түрлі әдісті қолдану балалардың сурет салуға қызығушылықтарын дамытып, өз беттерімен жұмыс жасауларына мүмкіндік береді. Бейнелеу іс-әрекеті балаларды мектептегі бейнелеу өнері сабақтарына дайындау үшін арнайы дайындықтан өткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін төмендегідей практикалық материалдар болу керек.









  • Суреттер, мүсіндер, халықтың қолданбалы өнерінің бұйымдар жинағы.

  • Классикалық саздар жинағы.

  • Бейнелеу құралдарының жинағы.

  • Байланыстыра сөйлеуге басты назар аудару қажет (живопись, скульптура шығармалары бойынша шығармашылық әңгімелер).

  • Балалардың Қазақстан өнері, оның қайнар көздерімен негізін салушылар туралы білімдерін кеңейтіп, байыту керек.

  • Әр түрлі халықтардың мәдениетін түсіне, ажырата білуге үйрету.

Осы мақсатта халықтық ойыншықтар арқылы образдар құра білуге үйрету керек.





















































Тақырыбы: Отбасы.

Мақсаты: Отбасы мүшелері туралы жаңа сөздерді енгізіп, отбасы мүшелерін атау, сұрақ-жауап арқылы сухбатқа (диалогқа) үйрету. Отбасы мүшелері туралы тақпақтар оқу, үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Отбасы мүшелерінің суреттері.

Сөздік жұмыс: Ата-әже, әке-шеше, апа, аға, бауыр, туыс, отбасы, құрметтеу, сыйлау.

Методикалық әдіс тәсілдер: Әңгімелесу, суреттер көрсету арқылы түсіндіру, әңгімелету, мақал-мәтел,

тиым сөздер, сұрақ-жауап, мадақтау, ойын, қорытындылау.

Пән аралық байланыс: Айналамен таныстыру, көркем әдебиет, тіл дамыту, математика.

Әрекеттің кезеңдері.

Тәрбиешінің әрекеті.

Балалардың іс-әрекеттері.

Ұйымдастырушылық –оятушылық.

Балалармен сәлемдесу, сабаққа назарларын аудару.

-Сәлеметсіңдер ме балалар.

Балалар сәлемдеседі.

Бүгінгі жаңа сабағымыз Отбасы фото суреттері деп аталады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік.

Балалар біздің барлығымыздың да отбасымыз бар. Қане, үйдегі отбасы мүшелерін атайықшы.

Балалар отбасы туралы білетіндерін көрсетіп, отбасы мүшелерін атап береді.

(Күтілетін нәтиже жауаптар: ата, әже, ана, әке, аға, апке, іні, қарындас (сіңілі) және мен).

Сұрақ-жауап. Өз отбастарының фотосуреттерін көрсетіп таныстырады.

  • Кім өз отбасы туралы әңгімелейді.

Балалар өз отбасылары туралы әңгімелеп береді.

  • Сенің үйіңде отбасыңда неше адам бар?

  • Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың?

  • Отбасындағы өзіңе ең жақын адам кім?

  • Сенің ағаң бар ма?

  • Сенің әпкең бар ма?

Отбасы мүшелері және отбасылық сыйластық қарым-қатынастары туралы өз ойларымен бөліседі.

Халқымызда мынадай мақалдар бар: «Сыйлап үлкен кісні, аялағын кішіні», «Ана алдында – құрмет, Ата алдында – қызмет», «Анаңа ауыр сөз айтпа», «Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар».мақалдардың түпкі ойын балаларға айтып түсіндіру.

Ал енді балалар біз қазір ойын ойнаймыз.

Дидақтикалық ойын, «Кім жоқ?».

Тәрбиеші отбасы мүшелерінің суреттерін тақтаға іліп қойып, балаларға көрсетеді. Балалар ойынға қызыға, белсене қатысады. Ортаға бір ойыншы шығады. Ойыншылардың қөздерін жұмып, бір суретті алып қояды да көздерін қайта ашқанда «Кім жоқ?» деп сұрақ қояды. Бала дәл тауып айтуы тиіс.









Қане, балалар, мен енді тақпақ оқимын. Сендер мұқият тыңдап, тақпақ кім туралы екендігін айтыңдар.

1. Қайырымды қасиетті

Ең ардақты ақ әжем

Әрбір сөзі өсиетті

Бағы жетпес, бал әжем

Аман-есен жүріңізші

Бір тілегім сол әжем.

Тақпақ кім туралы айтылған?

2. Бақшасында балалар

Іні, әпке, аға бар.

Ойыншықтар көп онда,

Машина, ат ,түйе бар.

Өлеңде отбасы мүшелерінен кімдер аталған?

Ал енді сіздерден кім отбасы мүшелері туралы тақпақ біледі? – Қане кім айтады?

Балалар отбасы мүшелері туралы өздері жаттаған тақпақтарын айтып береді.

Назерке: Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар.

Отбасы мыналар,

Ең жақын адамдар -

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар...

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін, еремін!

Жұлдыз:Анамызды сыйлайтын,

Үйдің іші жинайтын.

Әпкем менің осындай,

Мен әпкемдей боламын!

Альбина: Әжемдей данадан,

Ертекке қанамын.

Шақырса даладан

Жүгіріп барамын.



Ақжол: Аға деген,

Іні деген –

Барлығы бір туысқан

Аға деген,

Іні деген

Жаралғандай құрыштан

Ақниет: Ата менен ананың,

Айтқан тілін аламын.

Үлкен кісі жұмсаса,

Қайда болсын барамын.

Сергіту сәті:

Кел, санайық бәріміз.

Бас бармағым – әкем ,

Балан үйрек - шешем,

Ортан терек – ағам,

Шылдыр шүмек – әпкем,

Кішкене бөбек – мен.

Бір үйде біз нешеуміз

Бір үйде бесеуміз.

Ал енді балалар мына суретке қарап әңгіме құрастырайық. Тақырыбын суретке қарап тұрып «Бақытты отбасы» дейік.

Суретте кімдерді көріп отырсыздар?

  • Ата-әже, ана-әке, бала.

  • Бұл отбасы мүшелері жиналып не істеп отыр?

  • Шәй ішіп отыр.

  • Төрде кім отыр?

  • Ата отыр.

  • Ата не істеп отыр?

  • Шәй ішіп, домбыра тартып отыр.

  • Дұрыс айтасыздар. Атаның оң жағында әже шәй ішіп отыр.

  • Шәйді кім құйып беріп отыр?

  • Анасы құйып беріп отыр.

  • Дұрыс айтасыздар. Шәйді немен ішіп отыр?

  • Кесемен ішіп отыр.

  • Балалар бауырсақты кім пісіреді?

  • Әжелеріміз, аналарымыз, әпкелеріміз.

  • Дұрыс айтасыздар сіздерге осы сурет ұнады ма?

  • Иә.

Ендеше балалар осы «Бақытты отбасы» суретіндегідей.











«Менің отбасым» деп оздеріңіздің отбасы фото суреттеріңізді жақсы тілектер айтып «Жүрек жылуы»шеңберін құрып жабыстырайық.

Отбасы жүрегімізге жақын болғандықтан «Жүрек жылуы» шеңберін өз отбастарымыздың фотосуреттерін тілектер айту арқылы жабыстырдық.

Осында айтылған тілектеріңіздің барлығы қабыл болып, әрдайым отбастарыңызға амандық, тыныштық, құт-береке, бақытты бала болып өсулеріңізге тілектеспін.

Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке – біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата – бәйтерек, бала – жапырақ», «Әкеден – ақыл, анадан – мейір», «Ағасы бардың – жағасы бар, інісі бардың – тынысы бар», - дейді халық. Сондай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүру – әр адамның зор бақыты.

Осымен отбасы сабағымызды аяқтаймыз.























































«Алақай» балабақшасы.















Баяндама





Өткізген: Абдырзакова.Ж.



























Үлгілі отбасы.

Мақсаты: Бала мен балабақша және ата-анамен балабақша арасындағы байланысты нығайта отырып,

ынтымағы жарасқан отбасыларды насихаттау.

Сәлемдесу. (Балалармен бірге).

Бала тәрбиесінде ата-ананың атқарар рөлі, жауапкершілігі өте зор. «Отан отбасынан басталады» - дейді

дана халық. Себебі отбасы шағын мемлекет. Бала үшін әке мен ананың атқарар қызметі жоғары. Әке қай

уақыттада бала үшін алдындағы айна іспетті. Әкенің зор дауысы, қатал қабағы баланы теріс әрекеттерден

бойын аулақ салуына зор ықпал етеді. Әкенің жақсы үлгі өнегесі, сөйлеген сөзі, істеген іс-әрекеті, өсиет

сөздері баланың болашақ өмір жолын дұрыс бағыттауына көп үлесін қосады.

Ендігі кезекте бүлдіршіндеріміз әкелеріне арнап әке туралы жырларын орындайды.

Ерасыл:

Аспан-аспан арайлым,

Саған жиі қараймын.

Менің әкем ғарышкер

Таудай болып өскен соң,

Менде ғарышкер боламын.

Ақбота:

Әкем менің айбатты,

Бағындырар аспанды.

Мен әкеммен мақтанам,

Бәрінеде қайратты.

Фатима:

Ұлағатты ұстазым,

Ең бірінші әкешім.

Сусындаймын нәр алам,

Әкем менің дара адам.

Мейірбек:

Әке деген-тірегі ғой ғаламның,

Әке деген-жүрегі ғой даламның.

Әке деген-асқар тауы адамның,

Әкелерсіз бола бермес қалауың.

Ана өз баласы үшін ешнәрсе аямайды. «Балапанымның табанына кірген тікен, менің маңдайыма кірсін» - деп

тілейтін ана баланың жақсы ісіне сүйсінеді, жаман ісіне күйінеді. Баласы шыр етіп дүниеге келген күннен



бастап бар мейірімін баласына төгіп, тәттісін баласының аузына тосады. Ендігі кезекті кезекті бүлдіршін-

деріміздің «Ана туралы» жырына кезек береміз.

1 сайыс: Ата-аналар өздерін таныстырады.

  1. Өтеғұловтар отбасы:

Жанбыз ғой ұғынатын өнер лебін,

Өнерді биік тұтып иелендім.

Кеп қалдым ата-аналар сайысына

Армысың сәлем бердім көрерменім.

Отбасым үшін әркез дара бақпын,

Кенде боп-ақ өнерден қала алмаспын.

Ибалылық белгісі ғой сәлем беру,

Иіліп баршаңызбен амандастым.

Алдымен таныстырам ізетпенен,

Қосайқызы озім – Құндыз

Сарыкөл мақтанышым, дарашылым.

Отбасым ал бүгінде бар асылым,

Бұл күнде екі перзенттің анасымын.

Аялап перзенттерді баққылықты,

Өнермен сыйлайыншы тәтті үмітті.

Өзімменен үзеңгілес үміткерлер,

Тілеймін баршаңызға сәттілікті.

  1. Жұмашевтар отбасы:

Рақым бүлдіршіннің анасымын.

Атым Зауреш, тегім Жұмашева

Басымдағы өнерім құрақ құрап,

Іс қылам, киім тігем халқыма.

  1. Бекмағанбетовтар отбасы:

Құт берекем, мекенім-шаңырағым.

Қос құлыным, отбасым-шамшырағым.

Әке тірек өмірде бәрімізге,

Киелі шаңыраққа табынамын.

Сарыкөл елінің мен-келінімін.

Әділеттей азаматтың серігімін.



Құндыз қызыммен

Отбасы сайысына келген едім.

Отбасы бәріміздің ошағымыз,

Бәріне ашық біздің құшағымыз.

Бала біздің жарқын – болашағымыз.

2. Ендігі кезекті «Ата-ана да ұстаз» бөліміне береміз.

(Әр ата-ана бала тәрбиесіне байланысты өз пікірлерін білдірді).

3.Қорытынды бөлім.

Жақсы тілекпен аяқтаймыз.

Ата-ана тілегі

Дегенмен елім менің шат ертеңім,

Бақытқа ұласқандай мәңгі ертегі үн.

Осынау балабақша «Алақайда»

Тәрбие алып жатыр бүлдіршіндер

Заманым тыныш аман қалың елім,

Тәуелсіз шуақтыда таңым менің.

Венера, Жангүлдей

Апайлардың бойға жиды тәлімдерін.

Бақытпен әркез атып таңымды шын

Бар өмір айналсада сағымға шын.

Ең бастысы балабақша құтқа айналып,

Тәп-тәтті бүлдіршіндер ауырмасын.

Бүлдіршін тілегі

Ала жібін біреудің,

Аттамайтын адал бол,

Арам іске біреуді,

Аттатпайтын адам бол.















«Алақай» балабақшасы.











Фото122.jpg







Өткізген: Абдырзакова Ж.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Презентации
Просмотров355
Номер материала ДВ-329088
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх