Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Сабақтың тақырыбы:Қазақтың ұлттық киімдері және олардың нақыштары.

Сабақтың тақырыбы:Қазақтың ұлттық киімдері және олардың нақыштары.

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

11 сынып

Сабақтың тақырыбы:Қазақтың ұлттық киімдері және олардың нақыштары.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік :ұлттық киімдермен таныстыру, көрсету, ұлттық сөзінің ерекшелігін көрсету, баяндау, есте сақтау қабілетін ұлғайту, білімдерін толықтыру.

Дамытушылық :ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша ой дамыту.

Тәрбиелік :адамгершілікке, ұлттық сыйластыққа, Отанымызға сүйіспеншілігін арттыруға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  интерактивті тақта,слайдтар,сурет.

Пәнаралық байланыс:  тарих,әдебиет.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, зерттеу .

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:  Сәлемдесу.

ә) Кезекшімен сұхбаттасып, оқушыларды түгендеу. - Кезекші кім? -Сыныпта кім жоқ?
-Үйге қандай тапсырма берілді?

Сабақты психологиялық дайындықтан бастау.

Балалар,сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай , осы жақсы көңіл-күйлерінде сабақты бастаймыз.

Мен сіздерге жақсы көңіл-күй тілеймін.  Ал, сендер ше,балалар өз сыныптастарыңа қандай тілектер айтар едіңіздер. Қанеки, тілектерімізді, жылы лебіздерімізді ортаға салайық.

Оқушылар:

Біз сендерге сабақта бестік баға алуларынды, сәттілік, жақсылық тілеймін.

Біз бәрімізге жақсы көңіл күй тілейміз, денсаулық тілейміз.

Біз сендерге сабаққа белсенді қатысуларыңды тілейміз.

Енді оқушылар өз қалаулары бойынша стикерлер таңдайды арқылы 3 топқа бөлінеді кім қызыл түсті алды мына үстелге отырасыңдар; жасыл түсті екінші үстелге, ал сары түсті үшінші үстелге отырасыңдар. Бағалау парағын тарату, көшбасшысы бағалайды.

Мұғалім: Рахмет,орындарыңызға жайғасыңыздар.

І топ– Сыртқы киімдер

ІІ топ – Бас киімдер

ІІІ топ – Ішкі киімдер


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ыстық орындық .Өнер адамдары.ҚР ғалымдары. Лексикалық сұрақтар Алдын ала тест толтыру . Грамматикалық сұрақтар

 

ІІІ. Жаңа сабақ

-Бүгінгі тақырыпты білу үшін, назарымызды слайдқа аударайық.

-Балалар, бүгінгі сабағымызда біз ұлттық киімдермен танысамыз.
Бүгінгі сабақтың мақсаты алған мағлұматтарымызды есімізге түсіре отырып, білімімізді бекіту, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрену.

Оқушылар дәптерлеріне бүгінгі күнді, тақырыпты жазады. 

 

Жаңа тақырыпты меңгеру. Назарымызды слайдқа аударайық. Еске түсіру:қазақтың ұлттық киімдерінің түрлерімен танысайық.

  Мұғалім сөзі:. Әр халықтың ұлттық киімдері болады. Олар ұлттық ерекшеліктерді халықтың  мәдениетін  көрсетеді.  Қазақ  халқының  ұлттық  киімдері оюланып  тігіледі. Әр оюдың  өз  мағынасы  болады.  Ер  адамдардың  ұлттық  киімдері: қалпақ,  тымақ,  жейде,  шалбар, бешпент, шапан, шекпен, ішек, тон.Әйел  адамдардың ұлттық киімдері: тақия, сәукеле, кимешек, көйлек, қамзол, шапан.

тірек-сызбаны пайдалана отырып, түсіндіру

      http://tak-to-ent.net/images/kz/001.png

1. СӘУКЕЛЕ 2. КИМЕШЕК 3. ҮКІЛІ ТАҚИЯ 4. БӨРІК, ТЫМАҚ 5. КӨЙЛЕК 6. КАМЗОЛ 7. ШАПАН 8. ТОН 9. ӘШЕКЕЙ, БҰЙЫМ 10. МӘСІ

Жаңа сөздер

Қолөнер-рукоделие

Қазына-сокровище

Өрнек-узор,тиснение

Зер-золототканый, золотая вышивка,украшенный вышивкой из серебрянных или золотых ниток

Әшекей-украшение


3. Жаңа тақырыпты меңгеру

3.Топпен жұмыс. Мәтінмен жұмыс. (Әр топқа мәтін таратамын) Мәтінге критерий бойынша жұмыс.

а)Мәтінді мәнерлеп оқу.

ә)Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлемдерде берілгенін табу.

Қазақтың ұлттық киімдері.
Қазақ халқының қолөнері –ертеден-ақ дамып келе жатқан бай қазына. Қолөнердің басты бір саласы-киім тігу. Ұлттық киімдер ерте заманнан күні бүгінге дейін әрі әсем,әрі ыңғайлылығымен де пайдаланылып келеді. Қазақ киімнің ою-өрнегінде,әрбір әшекейінде халық тарихыңың, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар.Ол –қазақ халқының ұлттық мәдениетінің бір үлкен саласы.

Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер. Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Біркиер киім қымбат матадан тігілген. Той-думандарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған.Ұлттық киімдерге біз тақия, қалпақ, сәукеле, мәсі, саптама етік, кимешек, жейде, көйлек, камзол, шапан, ішік тағы сол сияқты киімдерді жатқызамыз Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей; сыртқы киімдер: шапан, күпі, кеудеше, тон; сулық киімдерге: шекпен, шапан, т.б. жатады. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі: көйлек, кимешек, қамзол, тақия, сәукеле, кәзекей, кебіс, мәсі, т.б.

Қазіргі кезде киімдер заманға сай тігіледі. Алайда оларды әшекейлегенде қазақ ұлттық ою-өрнектерді пайдаланылады. Оларға зер салынады,асыл тастар қойылады. Сондай-ақ киімдерді жеңіл түрде әдемі ұлттық оюлар және өрнектермен әшекейлейді. Ұлттық нақышпен безендірілген киім адамды салтанатты етіп көрсетеді,сәнін арттырады.



 4. Деңгелік тапсырмалар.Топтық жұмыс.

1-топ"«Сыртқы киімдер» тақырыбына сэнквейн жазу.
Мысалы :1. Зат есім
2. 2 Сын есім
3.3 Етістік

4.Синоним
5.Сөйлем

2- топ«Пицца» әдісі бойынша жуан, жіңішке сұрақтар құрастыру.

3-топ Диалог құраңдар. Домино» әдісі бойынша жұмыс істеу
Дәптермен жұмыс.

4-тапсырма. 185 бет Берілген сөздерді бағанғабөліп жазыңдар.

5. Жаңа сабақты бекіту. Пысықтау сұрақтарына жауап алу:  

1 топ Сыртқы киімдерді атаңдар?

2 топ Бас киімдерді?

3 топ Ішкі киімдерді атаңдар?

Жастарға ұлттық киім кигізуге қалай қарайсың?Болашақта жастар қалай киіну керек?- Қазақтарда қандай киімдер бар?-Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдерін ата.  т.б..

Сабақты қорытындылау

-Бүгінгі сабақта нені меңгердік?

-Бүгінгі алған білімдеріңнің сендер үшін маңыздылығы бар ма?

VІІІ. Рефлексия кезеңі
Өз-өзіме хат: «Бүгінгі сабақтан өзіме не алдым?» (балалар стикерлеріне жазып оқиды, тақтадағы ағашқа іледі)

Мұғалім:Біз кешегі бабаларымызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек

Н.Назарбаев. сөзімен сабағымды аяқтағып келіп отыр.

Осы мен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар

Оқушыларды бағалау.

VІІ.Үйге тапсырма: Қазақтың ұлттық киімдері 1-тапсырма 187 бет












Общая информация

Номер материала: ДВ-568290

Похожие материалы