Инфоурок Другое КонспектыСабақтың тақырыбы:"Білгірлер мен тапқырлар" сайысы

Сабақтың тақырыбы:"Білгірлер мен тапқырлар" сайысы

Скачать материал

Ходжахметова Салтанат

№18 орта мектептің

математика пәні мұғалімі

Жаңаөзен қаласы,

Маңғыстау облысы.

 

Білгірлер  мен тапқырлар сайысы (7 сыныптар)

Мақсаты: Мектептегі ойы жүйрік , танымдық деңгейі жоғары оқушыларды анықтау;

Интеллектуалды оқушылардың дарынынын ашу;

Олардың білімдерін көтеру, белсенділігін арттыру;

Жаратылыстану - математика пәндеріне қызығушылығын арттыру;

Түрі: топтық сайыс

Типі: ойын түрінде

Жоспары:

1.      «Табалдырық» әр топ өзін –өзі таныстырады (10 ұпай)

2.       «Әудім - жер» (әр топқа 20 сұрақ қойылады, 40 секунд ішінде жауап беруі керек. Бұл бөлімде сайыскерлер шапшаң ойлауы мен ойын тез жинақтауы байқалады) Әр дұрыс жауап бір баллмен есептеледі. (әр сұрақ 1 ұпай)

3.      «Қозы көш» (әр түсте берілген сандарды таңдап өздеріне қойылған тәжірибелік тапсырмаларға /есептерге/ жауап береді. 2 есеп,  10 ұпай)

Бұл бөлімнен кейін ұпайы аз топ ойыннан шығарылады

4.      «Беласар» (логикалық есептер, сұрақтар беріледі)

Қолданылған  нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы (К. Гаусс)

2. Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика (М.В. Ломоносов)

Сайыстың ережесі:        I. Әділ – қазы алқасын сайлау.

                                            II. Тыныштық сақтау.

                                            III. Бірін – бірі тыңдау.             

                                            IV. Өз ойын ашық айту.

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

«Білгірлер мен тапқырлар» сайысына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс ретінде өтеді.

(Әділ қазы алқасымен таныстырып өту)

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді.

(Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады)

Көңілді тапқырлар білгіштер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім біледі көп оқыған болса егер,

Бүгінгі кеш жеңімпазы болады.

                                   «Армысың,  қазағымның  жайсаңдары,

                                     Сыймайсың  құшағымды  жайсам дағы.

                                     Толтырған  елімізді  берекеге,

                                     Қазақтың  қажыр, қайрат  қайсарлары.» дей отырып, сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз

7 “А”    Білім

 7 “Ә”  Қырандар

7  “Б”  Тапқырлар

7  “В”   Білімділер

7  “Г”  Жылдамдық

Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңдер.

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер!-дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.

 

                           «Ашық болсын десек елдің  аспаны,

                           Тәлімді боп өсу керек жастары.

                           Сол жастарға үлгі-өнеге көрсеткен,

                           Біздің мектеп тәрбиенің бастауы.»

І саты. «Табалдырық» әр топ өзін-өзі таныстырады (10 ұпай)

 

Әділ – қазы алқасының бағалары

 

Есептеп сайысады топтарымыз,

Алға озар ың мықтысы осы жолда.

Көпшілік білімдерін сараламақ,

Сұрамақ шығуларын жұрт алдында.

 

       Сайысымыздың екінші сатысы «Әудім - жер» (әр топқа 20 сұрақ қойылады, 40 секунд ішінде жауап беруі керек. Бұл бөлімде сайыскерлер шапшаң ойлауы мен ойын тез жинақтауы байқалады) (әр сұрақ 1 ұпай). Сұрақтар математика, физика, биология пәндерінен қойылады.

Топбасшылары слайдтан ұяшықтарды таңдайды.

 

№1

1.«Пропорция» грек тілінен аударғанда нені білдіреді? (теңдік)

2. Ең кіші жай сан  (2)

3. Ең үлкен хорда (диамерт)

4. Төртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

5. Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын не деп атаймыз? (масштаб)

6. Атомдарды  құрайтын  бөлшектер  қандай  бөлшектер  деп  аталады ?

 Жауабы: Элементар  бөлшектер, олар: электорн, ядро.

7. Әтір  иісі  бөлмеге  тарайды. Бұл  қандай  құбылысты дәлелдейді?

Жауабы: Диффузия.

8. Беті  ашық  ыдысқа  жартылай  газ  құюға  болама? Жауабы: Жоқ.

9. Қыстыггүні  өзен мен  көлдің  бетін  қалың  мұз  басқанда  судағы  балықтардың   қырылып  қалатының  қалай  түсіндіруге  болады?

Жауабы: Ауа  жетіспегендіктен

10. Картоп, жүгері, қызанақ, темекінің мекені қай жер? (Америка)

11. Дүние жүзіндегі ең ірі арал /Грендландия/

12.Жерде неше полюс бар (2 (оңтүстік, солтүстік))

13.Қара алтын (Мұнай)

14. Ең кіші құс (колибри)

15. Микроскопты ойлап тапқан ғалым? (Әкелі балалы Янсендер)

16.Жапырағы мен бүршігі бар  бұтақтанбаған жас сабақты не дейді? (өркен)

17.Тамырдың тамыр бөліміне кірмейтін жері (тамыр оймақшасы)

18. Былқылдақ денелілердің сыртқы қаңқасы: Бақалшақ

19. Табиғат біртұтас, ондағы даму қарапайымнан күрделіге қарай жүреді деген пікір айтқан  ғалым (А.Н. Радищев)

20.  Жарық қабылдайтын жасушалардың орналасуы : (Тор қабықша ішіндегі таяқшалар)

№2

1. Шаманың 1/100 бөлігі  қалай аталады? (процент)

2. Күн  тұман  болып,  жағалау  көрінбей  тұрғанда,  неліктен   қайықтың  қозғалыс  бағытын көрсетуге  болмайды.

Жауабы:  Қозғалыс  салыстырмалы. Қозғалыс  бағытын  салыстыру  үшін екінші  денеге  салыстыру  керек.

3. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір )

4. Тік төртбұрыштың ұзындығы мен енінің көбейтіндісі оның ... деп аталады. (Ауданы )

5. C=2R  ненің формуласы? (шеңбердің ұзындығы)

6. Бір аптада неше секунд бар? (604800)

7. Диффузияның  температураға  байланысы  барма? Жауабы: Иә.

8.Уран  мен Шолпан  планеталарының  ерекшелігі  неде?

Жауабы :Басқа  планеталардың  қозғалыс  бағытына  қарсы  бағытта қозғалады.

9. Дүниедегі ең үлкен арал (Гренландия)

10. Қазақстанныңқай қаласының жанында ядролық полигон орналасқан? (Семей)

11. Дүние жүзінде қанша қазақтар тұрады? (14 млн)

12. Жылдан құр қалған жануар (түйе)

13.Жер бетінің қағазға кішірейтілген  бейнесі (карта)

14. Жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты (топырақ)

15. Адам ағзасы мүшелері қызметіне қарай бөлінеді – 12 мүшеге

16.Тамаққа тәбеті шаппай, тершіл болу ауруының белгісі: туберкулез

17. Ботаника қандай ғылым ( өсімдіктер туралы ғылым)

18.Күн мен  түннің  көктемдегі  және  күзгі  теңесу нүктелері қай  шоқжұлдызға  сәйкес  келеді? Жауабы: көктемгі: балықтар, күзгі: таразы.

19.Жазғы  және  қысқы  күн  тоқырау  күндері  қашан  болады?

Жауабы: Жазғы:22 маусым,  қысқы: 22 желтоқсан.

20. Птолемейдің ( Б.з.д ӀӀ ғасыр) ойынша әлем  жүйесінің  құрылысы  қандай  еді?  Ол  қандай  жүйе  еді? Жауабы:Геоцентлік  жүйе. Әлем  центрі  жер  болады.

 

№3

1.Санды  теңсіздіктің  бір  жақ  бөлігіндегі  қосылғышты  екінші  жақ  бөлігіне  көшіргенде, оның таңбасы  қалай  өзгереді?  (қарама- қарсыға)

2.« Егер......., онда сан 2 – ге бөлінеді».  ( Жұп болса)

3.Шеңбердің  радиусы  дегеніміз не? ( Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын кесінді)

4.Ең кіші натурал сан? (1)

5.Сан аралықтарының түрлерін атаңдар. (интевал, кесінді, сәуле, ашық сәуле, жартылай интервал)

6.Теріс саның модулі қандай санға тең? (оң сан)

7.Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар./ натурал сан/

8.Қазақстанның эмблемасындағы қай жануар Қызыл кітапқа енгізілді? /барыс/

9.Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз  (арал)

10.Экватордың ұзындығы? (40000 км)

11.Бір жылда неше сағат бар? (8760 сағат)

12.Жер қыртысындағы күрделі құбылыс? (Зат алмасу)

13.Іле тауының етегінде орналасқан қала (Алматы)

14.Ең үлкен құс (түйе құс)

15.Қабықшасы қалың өлі жасушалардан  тұратын қабықтың қабаты. (өзек)

16.Фотосинтез процесі (өсімдіктердің күн энергиясын пайдаланып бей –ағзалық зат түзуі)

17.Сүтқоректілердің паразиті: Бүрге

18.Адамның омыртқа саны: 33-34

19.Жеке адамның іс-әрекетін жинақтап сақтау және оны қайта ми арқылы елестетіп айту: Ес

20. Шашақ тамырдың құрылысы қандай тамыр болмайды?. (Негізгі тамыр болмайды)
                                                              №4

1.      Координаталық түзу дегеніміз не? (бағыты көрсетілген кесінді)

2.      Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)

3.      Алымы бөлімінен кіші бөлшек қандай бөлшек? (дұрыс)

4.   1 тоннаның 10-і неше тонна? (100)

5.      Николай Коперник  (XVI  ғасыр)  теориясы бойынша  Әлем  құрылсы қандай?  Ол  жүйе  қалай  аталады?

Жауабы: Әлем центрінде  күн. Гелиоцентрлік  жүйе.

6.       Футбол  ойынын  бақылай  отырып, шабуылдаушының  ойын  кезінде  шамамен 12 км  жүгіретінін  анықтады. Осы қашықтық  орын  ауыстыру ма,  әлде  жолдың  ұзындығы ма?      Жауабы: Жол.

7.       Мына  жағдайлардың  қайсысында денені  материялық  нүкте  деп  айтуға  болады? Жауабы: конькиші  жарыс  мәресінен  өтті        .

8.      Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер «перпендикуляр»

9.      Жер шарындағы ең терең шұңғыма? (Мериан)

10.  Көкжиек тұстарны  анықтайтын құрал (Компас)

11.   Бір жылда неше жыл мезгідлі бар? (4)

12.  Солтүстік жарты шардағы ең ұзақ түн? (22 желтоқсан)

13.  Шоқан Уалихановтың шын есімі кім? (Қанапия)

14.  Қазақстанның «Швецариясы аталатын қала? (Көкшетау)

15.  Елбасы Н.Ә.Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккен шың (Талғар шыңы)

16.  Бүйректі тексеріп емдейтін дәрігер уролог

17.  Бөбек кезеңі 1 жасқа дейін

18.  Органикалық заттардың жасушада түзілуі үшін қажет болатындар. Энергия

19.  Тіршілік етуге барынша қолайлы фактор: Оптималды

20.  Жер ғаламшарының құрылысына жатпайды: индосфера т.б

                                           

 

                         Әділ – қазы алқасының бағалары

Сайысымыздың ІІІ сатысы «Қозы көш»деп аталады.

«Біле бер, қанша білсең тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле-біле»-деп Жүсіп Баласұғын айтқандай ойынның бұл кезеңінде интербелсенді тақтада әр түсте берілген сандарды таңдап өздеріңе қойылған тәжірибелік тапсырмаларға (есептерге) жауап бересіңдер.

Бұл бөлімнен кейін аз ұпай жинаған топ ойыннан шығарылады.

№1

1. Кітап сөресіндегі кітаптар саны 100-ден артық, 150-ден аз. Сөредегі барлық кітапатрды әрбір бумаға 7 кітаптан  буса, 2 кітап , ал әрбір бумаға  12 кітаптан буса, 3 кітап артық қалады. Егер әр бумаға 9 кітаптан буса, барлық кітап бумаларға буылады. Кітап сөресінде неше кітап бар? (135)

2. Теңдеуді шешіңдер:

             5+

№2

1.  Автомобиль бірінші сағатта 56 км жүрді, бұл екінші сағатта жүрген жолының   сіндей. Үшінші сағатта жүрген жолы екінші сағатта  жүрген жолының 0,75 –іне тең. Автомобиль үш сағатта неше км жол жүрді. (168 км)

2. Теңдеуді шешіңдер:

            

№3

1. Шаруашылық бірлестігіндегі  әрбір 34 бас малдың 14-сиыр. Жалпы мал басы 272. Әрбір 16 сиыр 25 га жайылымдық жердің шөбін жейді. Шаруашылық бірлестігі барлық сиыр неше гектар жердің шөбін жейді? (175 га)

2. Теңдеуді шешіңдер:

            

 

№4

1.Алтын мен күмістің қоспасынан қорытпа дайындалды . Ондағы алтынның массасының күмістің массасына қатынасы 3:5 қатынасындай. Қорытпадағы күміс алтыннан 12 г артық. Қорытпаның массасы неше грамм? Қорытпадағы алтын неше грамм? (48г, 18г)

2. Теңдеуді шешіңдер:

                             т.б

 

Әділ – қазы алқасының бағалары

4.«Беласар» (логикалық есептер, сұрақтар беріледі)

1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?(Айжан – Мұраттың, Маржан – Асқардың қызы).

 

2. Үш ағайынды. Арман, Аян, Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі  кім?(Ең үлкені Аян, ең кішісі Арман, ортаншысы Аслан).

 

3. Қай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Харкиннен, екіншісі – Тайпақтан, үшіншісі – Мергеннен келген. Ерлан мен Харкиннен келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Тайпақта болып көрмегендігі болса, қай бала қай ауылдан келген?
(Әділет – Тайпақ, Еркін – Харкин, Ерлан – Мергеннен келген).

 

4. Олар қандай баға алды? Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес”, – деді. Сонда әркім қандай баға алған? (Әсем – «5», Анар – «4», Ардақ – «3» алған). т.б

Әділ – қазы алқасының бағалары

Сайысты қорытындылау.

                        «Кездесерде қуанамыз бәріміз,

                         Қоштасарда қиналады  жанымыз.

                         Кездесу мен қоштасудың арасын,

                        Жалғастырып жатсын дәйім сағыныш.» дей отырып бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше күн нұрлы болғай,бай қуатты болыңыздар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып,жарқын болашақта, егеменді еліміздің  еңселі ұрпақтарына  сенім  артып  жүре берейік.  Ең бастысы әрдайым бірге, әрқашан алда болайық достар. Сау болыңыздар!!!      

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы:"Білгірлер мен тапқырлар" сайысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 155 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2016 1774
    • DOCX 29.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ходжахметова Салтанат Нуркеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7469
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов