I. Мағынаны тану (25 мин)
Қазіргі
дербес компьютерлердің графикалық ақпараттарды енгізу, шығару,және өңдеуге
арналған техникалық құрылғылары бар. Графикалық ақпаратты енгізу үшін – сканер,
ал шығару үшін дисплей экраны және плоттер пайдаланылады.
Графикалық
программалау процесі тиімділігін арттыру мақсатында Borland
International фирмасы СRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап
шығарған, онда қазіргі кездегі мониторлардың барлық типтерімен жұмыс істейтін,
экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны бар.
Дисплей
экраны нүктелер жиыны болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режимдерде
жұмыс атқара алады. Екі режимде де пиксель деп аталатын дисплей экранының
режимде экранның әрбір нүктесін түрлі түске бояп, сол түстер арқылы сызық,
мәтін және әр түрлі бейнелер кескіндеуге болады.
Графикалық
режимде графикалық нүктелердің өзінің «координаталар жүйесі» енгізіледі.
Графикалық
режимді алғаш рет іске қосу (инициализациялану) үшін INITCRAPH («драйвер»,
«режим», «жолы» ) процедурасы қолданылады. Мұндағы, «драйвер» - графикалық
драйверге арналған integer типті айнымалы, «режим» - адаптердің жұмыс
режиміне арналған integer типті айнымалы (тағайындалатын графикалық
режимінің нөмірі), жолы – графикалық драйвердің файлына баратын жолды
көрсететін string типті өрнек.
Графиктік
режимнен шығу үшін Closegraph процедурасы пайдаланылады.
MoveTo
(X,Y:integer) – процедурасы курсорды көрсетілген
координатаға орналастырады;
SetBkColor процедурасы
SetBkColor процедурасы фон түсін орнатады.
Процедура жазылуы:
Procedure SetBkColor (Color:Word);
Мұндағы Color - фонның жаңа түсі.
Фон түсі терезе үшін емес, экран түсін өзгертуге беріледі. Фонды өзгерту
кодтары 0-15 аралығында болуы тиіс.
Мысалы:
SetBkColor(2);
немесе SetBkColor(Green);
Берілген мысал көмегімен экран фоны жасыл түске өзгертіледі.
SetСоlоr процедурасы
Бейнеленетін символдар мен түзулердін түсін
орнату процедурасы. SetСоlоr процедурасының жалпы жазылуы:
SetСоlоr (Со1оr:Wогd);
Мұндағы Соlоr - ағымдағы түс.
Мысалы:
SetСоlоr (1); - экранға бейнелер көк түске
боялып шығарылады.
SetFillStyle процедурасы
SetFillStyle боялу түсін және ңұсқасын
анықтайды.
Процедураның жазылуы:
Procedure SetFillStyle(Pattern:Word;Color:Word);
Мұндағы: Pattern
- толтыру ңұсқасы
(төмендегі кестеде көрсетілген);
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.