Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақтың тақырыбы:"Халқын сүйген,салтын сүйеді"

Сабақтың тақырыбы:"Халқын сүйген,салтын сүйеді"

Скачать материал

              Халқын сүйген- салтын сүйеді.

Қазақтың ырымдары мен тыйым сөздері және мақал-мәтелдері

Мақсаты:Ырым-тыйым сөздерінің мән-мағынасын түсіндіру.Ойшылдыққа,әдептілікке,адалдыққа батылдыққа,әдептілікке,сезімталдыққа тәрбиелеу.Рухани жан дүниесін дамыту.                                                                                                                             Музыка : «Тарту »Наурыз          

Жүргізіші: Армысыздар қонақтар

                      Ақ пейілді балалар

                     Құтты болсын мереке!

                     Жаңа жылым бүгінгі

                    Ертеңгілікті бастайық

                   Наурыз тойын тойлайық

Қымбатты қонақтар,балабақша ұжымы,және кішкентай бүлдіршіндер сіздерді бүгінгі мұсылман  халқының төл мерекесі.Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Наурыз-жыл басы.Көктем мейрамы.Оны  тойлап жатқан да айнала  тегіс көгеріп,талдар бүршік  жарып,құстар сайрап адам  жүрегінде ғажайып сезім болады.Наурыз мейрамында  Наурыз көже  дайындалады,дастархан  жайылып ән салып,би  биленеді,әр түрлі ойындар ойналады.

Наурыз мерекесінде,Ұлыс,оң болсын! Ақ мол  болсын!-деген тілектер  айтылады.Ендеше Наурыз құтты болсын-

             Қош келдің наурызым ардақты

            Халқым саған  бар үмітін арнапты

           Жылда  осылай келе берсін жаңарып

           Гүлге бөлеп,нұрға  бөлеп аймақты – дей келе.

Наурыз тойына арналған « Халқын суйген, салтын суйеді»атты,ырым-тыиымдар және мақал-мәтелдерге байланысты  ертеңгілігімізді бастауға  рұқсат етіңіздер.Жас кезінен ұрпағын « тек» деп өсірген халқымыз теріс  қылық мінезге де тыйым салған.Бұл балалық шақтан бастап,отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама,бұлай жасама,жаман сөз айтпа,дұрыс емес » т.б. сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған.Өмірде әр  тақырыпқа байланысты ырым –тыйым сөздер кездеседі.Балаға,жан-жануарларға, әйел адамға т.б.

Халқымыздың  дәстүрлі ырымдардың арасында жас балаларға арналған  немесе балаларды тәрбиелеуге байланысты кездесетін ырым-тыйымдар қатары мол.

Соның бірі  қазақ қонақ келгенде де ырым-нанымдарын бала тәрбиесінде қолданып отырған.Осы жөнінде көрініске назар аударайық.

Музыка:    Күй      «Әлқисса»

Көрініс:

Үй ішін ана аластап жүреді.Қасында баласы жүреді.

Ортаға  екі аяғын ашып,жол қарап тұрған бала  тұрады.Оны байқап қалған анасы:-Ооо үйге қонақ келе жатыр ғой.Мына балам менің жол қарады ғой,-дейді анасы.Осы сөзді айтып бола бергенде екінші ұлы үйге жүгіріп келе жатып:

-Апа,үйге қонақтар  келе жатыр ( дей  бергенде табалдырыққа келе құлайды).Оны баласын анасы көтеріп жатып:

Үйге береке,ырыс келеді деген ырым бар... Айналайын.Еш жерің ауырып кеткен жоқ  па?

Кел мен сені  мына төр көрпеге аунатып алайын.Біссімілә-біссімілә.Олжа келді,олжа келді.Олжасын көтере алмай келе жатыр,төрге төрге жұқсын.

Даладан бала жүгіріп кіреді,апа қой егіз туды деп айқайлайды

Осы сәтте үйге топырлай біраз қонақтар келеді

Сонда апа « қонақ келсе,қой егіз табады »- деген рас екенғой

Армысыздар.Наурыз құтты болсын!Ақ мол болсын,ырыс –несібелі жыл болсын!- деп  бір-бірімен көріседі.

Жоғарылаңыздар,төрге шығыңыздар!

Мен  қазан көтерейін,мен қазір  дейді анасы.(сыртқа шығып қайта кіреді)

Келін шырағым дастархан жай,қонақтарға  шәй құй,-дейді анасы.(Келіні дастарханның тұйық жағын төмен қаратып жаяды.Оған енесі:

-Дастарханның тұйық жағын жоғары қаратып жай,-дейді.Келіні дастарханға нан,наурыз көже  әкеледі.)

Жүргізуші::Ал қонақтар қонақ кәде деген болушы еді ғой,өнерлерің болса ортаға шығып көрсетіп отырыңыздар.

 Концерттік бағдарлама

Ø Балалар сендер қандай ырым тыйым сөздермен мақалдар білесіңдер?

                                      Тыйымдар

Ø Үйге қарай  жүгірме: мұндай әрекет жамандық шақырады.Жаман  хабар жеткізгенде жүгіреді.Ақесіл

Ø Екі бүйірді таянуға болмайды-қазақта жақынынан айрылған адам ғана қолын беліне  таянып,жоқтау айтқан.Аяла

Ø Итті теппе –өйткені ит жетіқазынаның  бірі адамның досы  деген Ақжол

Ø Кешкісін үй сыпырма –үйдің  берекесі кетеді. Мерей

Ø Қолды жуып ,қолды сілкеме  қолдың құты кетеді деген  Т.Аян

Ø Мал қораға дірет сындырма -малдың киесі ұрады.

Ø Малды теппе  -малдың киесі ұрады.Тынышбек А

                                  Мақалдар

v Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарнын тіленбей Тынышбек А

v Денсаулық – зор байлық Т.Айару

v Жалқаудың ертеңі бітпес       Ақжол

v Тәрбие тал бесіктен  басталады Мереи

v Отан оттанда ыстық        Асанәлі

v Атамның сөзі-ақылдың көзі

v Жалқаудың жаны тәтті      Т  Аян                                                        Еңбектің наны тәтті

v Ұстазға қарап шәкірт өсер

v Ас адамның арқауы          Диас

v Аққуды атпа             Аяла

Досыңды сатпа

-Дұрыс айтасыңдар балалар,Ырымдар  мен тыйым  сөздердің ,мақал-мәтелдердің адам өміріне  беретін тәлім –тәрбиесі өте көп.

Тәрбиеші:  Уа, халайық, халайық,

                             Ақ сандықты ашайық.

                             Бұл мереке, бұл тойдың

                             Шашуларын шашайық!

Тоқтасын А:Наурыз менің,елімнің берекесі

                      Жаңа жылы қазақтың мерекесі

                      Шаңырағы биіктеп күнге жақын

                      Ұлаңғайыр керілсін керегесі  

Ақесіл:Шат күлкіге шомылып замандары

              Бақыт кешін ғайыптан адамдары

             Әрбір жанның арманы орындалып

             Сәтті болсын биылғы қадамдары

   Айбол:     Жас қосатын жасыңа

                     Жыл басы бұл Наурыз

                     Әр кіргізген асыңа                               

                    Бал татыған сары уыз

Жүргізуші:Қазақтың өнерлі ұрпағымыз

                     Мың бұралып билейді қыздарымыз,

                     Қыздар тобын ортаға шақырамыз,

                     Қошеметтеп қол соғып қарсы аламыз     «Домбыра»  биі

Мерей: Күн ғой бүгін жарылған

               Ақ түйенің қарыны

               Ақ дастархан жайылған

               Лаулап ошақ жалыны

Т.Аян:Наурыз  келді еліме

           Наурыз келді жеріме

           Байлық,бақыт тілеймін

          Бүкіл қазақ  еліне!

Димаш: Ұлы күні ұлыстың

                Күн мен түнді теңеген

                Тәтті дәммен ырыстың

                Таттық наурыз көжеден

                Мерекемсің мәңгі мақтар

Жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар

                      Әсем ән мен  тәтті  күй

                      Көңілге  түрлі ой салар

                      Әнді сүйсең менше  сүй демекші- Балалардың орындауында  «Наурыз шашу» хорын қабыл алыңыздар.

Ән: (хор) «Құтты болсын ...»

Диас:             Көктем келді

                Көктем келді шуақты,

                Балаларды қуантты.

                Алақай-ау,алақай!

                Көктем келді,

                Көктем қандай көңілді!

Фариза:                Наурыз

Жақсыма,ата халіңіз,            Қар астында қыс қалды,

Менің атым  Наурыз            Қар еріді,су ақты.

Балдай тәтті сары уыз,         Алып келдім құстарды,

Алып келдім,алыңыз!         Алып келдім шуақты.

Аркен:  Көктем ,көктем,көктемде,

               Құстар келіп жеткенде.

              Қуанып бір қаламыз,

              Әнмен қарсы аламыз

Жүргізуші:Бүгінгідей Наурыз тойда

                     Тамашалайық өнерді

                     Қыздарымыз ортада

                     Ән салады,билейді

Аяла:Наурызбен құттықтап

           Алыс жақын қауышты

          Көктемдегі жарқын сәт

          Көңілдерге ауысты

Нұрмұқасан:Наурыз күні құр тұрмайық

                        Ән салайық би билейік

                        Шаттанайық қуанайық

                        Ұлттық ойын ойнайық

Таслима: Ата-бабам тойлаған

                   Наурызым армысың

                  Қызығыңа тоймаған

                  Дала дархан қарлы шың

Асанәлі: Көктем келді,құс келді

                 Күн ұзын түн қысқа енді

                 Көктем келді су ақты

                 Күннің көзі шуақты

Ата сөзі:Бәрекелді балалар өркендерің өсіп,өнерлерін өрге жүзсің

Апа:Ал балаларым дастарханға жайғасыңдар ет дайын болды.

Әлгі осы үйдің жүгермектері қайда жүр ?Балаларым-ау ет  болды деп жатыр.Қонақтардың қолдарына су құйыңдар

Қолға су құйып жатқанда қолын сілкіп қалады. Бұны байқап қалған анасы : Қолыңды жуғанннан  арам болды,қолыңды сілкіме,қайта жуу деп бұйырады.

Қонақтар қолға су құйған балаға өркенің өссін жасын жүзге жетсін деп өздерінің батасын береді.

Ет әкелінеді

Ата асқа бата береді.

Ет турап жатып қонақ қойдың тілін бір немересіне беріп,балам-ау шешен бол дейді.Қонақбала етті бірінші бастап жатады.Оған  анасы  етті үлкен кісінің бірінші бастайтынын ескертеді.

Кішкентай бала ет үстінде  ас қайырмай кетіп бара жатады.Оған  төрдегі  ата ескерту жасайды.Бала кешірім сұрап орнына отырады.

Келіні Сорпа таратады

Ас қайырады.

Қолға су құйылады.

Қонақтар:Кел демек бар, кет демек жоқ  дегендей-жол алыс ,жолға шығайық.

Құры үйден құры шықпа  :Орамал тон болмайды,Жол болады демекші аздаған сыйлығымызды қабыл алыңыздар!Қонақтарды шағарып саламыз

Жүргізуші:Ырым –тыйым сөздеріміздің мақал-мәтелдеріміздің балаға берер тәрбиесі өте зор.Болашақта жас ұрпақтар ырым-тыйым сөздермен ,мақал-мәтелдерді бойына сіңіріп өссе екен деймін.

         Наурыз тойын аңсап келем

        Ата –бабам жырлап  келген

        Той думаның жалғассын деп

        Тойбастарды жолдаймыз біз деп –балалардың орындауында  «Салт-дәстүрлер -ай» әнін қабыл алыңыздар !

Ән (муз)  «Шілдехана бесік той...»

Жүргізуші:Баршаңызға тілегім

                     Еліміздің несібесі көп болсын

                     Жауын жауып, жер бетіне көк толсын

                     Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын

                     Келесі ертеңгілікте аман-есен кездескенше күніміз тек жақсы болсын!Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  «Бәйтерек»  балалар бақшасының мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны

 

                                                                                                                                Бекітемін

                                                                                             «Бәйтерек» балалар бақшасының

                                                                                           меңгерушісі  ------------- Қ.А.Жунусова

 

                                       Мерекелік  ертеңгілік

«Халқын сүйген-салтын сүйеді»

«Ырым –тыйымдар мен  мақал-мәтелдер »

                                                            М.а.д  «Балауса» тобы

                                               Тәрбиешісі: Жунусова А.Н Саукатова Л.М

 

                                         2015-2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы:"Халқын сүйген,салтын сүйеді""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 307 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.05.2016 1303
    • DOCX 246.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жунусова Арайлым Нурлыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жунусова Арайлым Нурлыбаевна
    Жунусова Арайлым Нурлыбаевна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3776
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой