Инфоурок Всеобщая история КонспектыСабақтың тақырыбы:"Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы"

Сабақтың тақырыбы:"Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы"

Скачать материал

Сынып:8 «В»

Пән : Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы

Сыныбы: 8 «В»

Пән мұғалімі: Әбілда Г. Е.

Мақсаты: Көтерілістің  нәтижесі, жеңілу себебі мен оның тарихи маңызы жөнінде білім    беру. Тапсырмалар орындау барысында Кенесарының елінің азаттығы жолындағы еңбегі мен ерлігін ашу.

Міндеттілігі:

- Көтерілістің болу себебі, барысы, жеңілу себебі, тарихи маңызы, зерттелуі  туралы мағлұмат бере отырып ,еліміздің азаттық жолындағы Кенесарының ерен еңбегі мен қажымас ерлігі, хандық билігі мен саясаткерлігін ашып көрсету:

- Өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау дағдыларымен дамыту.Өз ойын саралай, тұжырымдай білуге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
- XVIII — XIX ғғ. ұлт — азаттық қозғалыстарды оқыта отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
    Күтілетін нәтиже: 
Бұл көтерілістің аса маңыздылығы қазақтың үш жүзін және бүкіл қазақ даласын қамтыған ірі көтерілістердің бірі болғандығын және қазақ халқының тәуелсіздікке бағытталған көтерілістерінің бірі екендігін ұғындыра отырып, осындай қиындықтармен келген «Тәуелсіздікті» баянды ету керек екенін ұғынады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Қолданылатын әдістер-тәсілдер: миға шабуыл, постер құру, топтық тапсырмалар: семантакалық карта, сәйкестендіру, картамен жұмыс, стоп-кадр «Тұлғаны таны»,  Кубизм әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Кенесары суреті, «1836 - 1837 жж. К. Қасымұлы бастаған көтеріліс» картасы, видеокөрсетілім.

Керекті құрал-жабдықтар: «Алтын ереже», оқулық, топтық тапсырмалар, интербелсенді тақта. 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу

 

 

- Сыныпты геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөліп отырғызу

- «Алтын ережені» еске салу

- Бағалау критерийлерімен таныстыру   

   

Оқушының аты-жөні

Постер құру

 

2ұпай

Постер қорғау

 

1-2 ұпай

Топтық тапсырма

1-3ұпай

Стоп-кадр

«Тұлғаны таны»

1 ұпай

«Кубизм» әдісі

1 ұпай

қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Қызығушылықты ояту. Үй тапсырмасын сұрау

§20-21. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басталу себебі мен мақсаты

1.       Миға шабуыл

-          Көтерілістің басталуына не себеп болды? (1. Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің, батырлардың наразылығын тудырды; 2. Патша үкіметі қазақтардың жерлерін әскери бекіністер салу үшін тартып ала бастады; 3. Алым-салық түрлері көбейіп кетті; 4. Патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жсап, күн көрсетпеді.)

-          Көтерілістің мақсаты болды? (басты мақсаты: патша үкіметі тартып алған аумағын өздеріне қайтару, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықты жою.)

-          Көтерілістің қозғаушы күштері кімдер еді? (қарапайым көшпелілер, старшындар, билер және сұлтандар да болды.)

-          Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы қай кезден басталды? (1938 жылдың тамыз айында Ақмола бекінісін қоршауда)

-          Кенесары Қасымұлы қай жылы хан сайланды? (1841 жылы қыркүйек айында үш жүздің бас қосқан жиынында)

-          Кенесарының әскери жасақ саны нешеге жеткен? Оларды нелерге бөлді? (20 мыңға; жүздіктер мен мыңдықтарға бөлді)

-          Кенесарының бойындағы ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты туралы «Кенесарыға көзсіз ерлік тән» деп жазған кім еді? (Л. Майер)

-          1845 жылы Кенесарыға келген Долгов пен Герн елшілігінің қойған шарты қандай болды? (көтерілісшілерге үкімет белгілеген аймақ шегінде ғана көшуге рұқсат етілді)

-          1945 жылы Кенесары басып алған бекіністер (Жаңақорған, Жүлек, Созақ)

-          Кенесарыға қолдау көрсеткен Ұлы жүздің батырларын атаңдар (Тайшыбек, Сұраншы, Байсейіт)

2.                            – Ал енді, балалар , Кенесарының патша үкіметіне қарсы іс-әрекетімен таныс болдық. Енді не туралы білгілерің келеді? Көтерілістің шығу себептері мен мақсаты, оның жүргізілу барысынан кейін нені білуіміз қажет? (көтерілістің немен аяқталғандығы; тарихи маңызы туралы)

 

-         Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы:    Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы деп аталады.

-         Кітаптан § 20-21, 136 бетті ашамыз. Бұл тақырып сендерге үйден оқып келуге алдын ала берілген болатын.  Олай болса, тақырыпты ашсақ.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру

1.     Постер құру

1-топ: Көтерілісшілердің Қырғызстан аумағындағы қимылдары

2-топ: Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары

3-топ: Көтерілістің тарихи маңызы

2.     Постер қорғау

Әр топ өздеріне берілген тақырыпты постер бетіне түсіріп, тақтада қорғайды.

3.     Топтық тапсырмалар орындау

1-топ: Семантикалық карта толтыру

3-топ: Сәйкестендіру орындау

4-топ: Картамен жұмыс

Кенесарының соңғы шайқас болған жерін картадан тауап көрсетутүсіндіру.

4.     Стоп-кадр «Тұлғаны таны»

Құпия текстті оқып,  қай жылғы  көтеріліс, басқарушысы кім екенін екенін тапқызу.

1-топ: И. Тайманұлы

2-топ: С. Датұлы

3-топ: К. Қасымұлы

ІҮ. Бекіту 

Кубизм әдісі

Топтарға кубик тастау арқылы сұрақтар беру

1.     Кенесары Қасымұлының жеке басына сипаттама беріңдер. (ашаң жүзді, орта бойлы, жауырыны қақпақтай, рәңді адам болған)

2.     Көтерілісшілер Қазақстанда хан билігін қалпына келтіре алды ма?(келтіре алды. Үш жүздің басын қосқан жиында үш жүздің ханы сайланды)

 

3.     Көтерілістің қозғаушы күштері кімдер болды? (қарапайым көшпелілер, старшындар, билер, сұлтандар мен батырлар)

 

4.     Кенесары Қасымұлының  іс-әрекетіне баға беріңдер. (қол бастады,

 отаршылдыққа қарсы күресті)

5.Көтерілістің мақсаты не болды? (жерлерді қайтару, округтерді тарату, алым-салықты жою)

6.Көтерілістің өзіндік сипаты неде болды? (көтеріліске үш жүздің қазақтары, басқа ұлт өкілдерінің қатысуы және бүкіл Қазақстан жерін қамтыды)

Ү. Бағалау   

1. оқушылардың еңбектерін мадақтау, кері байланыс алу

-  бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

- не туралы білдік? Не түсіндік?

2. бағалау критериийлері арқылы топтардың бағалауы
3. Стикерлер толтыру

ҮІ. Үйге тапсырма

Кенесарының қайтыс болған жері туралы видеосюжет көрсетіп, ойларын тиянақтап, үйге тапсырма беру.

  «Бабалардың биік арманы» тақырыбында ойтолғау жазу.

§20-21 қайталау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        №13 орта мектеп

 

 

 

Тақырыбы:

 

 «Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен

тарихи маңызы»

(ашық сабақ)

 

 

 

Дайындаған тарих пәні мұғалімі: Әбілда Г. Е.

Сынып: 8 «В»

 

 

 

 

 

Масаншы – 2015 жыл


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы:"Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 920 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 1617
    • DOCX 58.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әбілда Гаухар Еркінқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әбілда Гаухар Еркінқызы
    Әбілда Гаухар Еркінқызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3472
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 25 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1359 человек из 80 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 16 регионов

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов