Инфоурок Информатика КонспектыСабақтың тақырыбы: MS-DOS командалық файылдары

Сабақтың тақырыбы: MS-DOS командалық файылдары

Скачать материал

Ашық сабақ жоспары                                                                                       

                                                                                        Күні:    05.12.2014ж.

                                                                               Топ:      20 топ

Пән: Операциялық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыздандыру

Сабақтың тақырыбы:             MS-DOS  командалық  файлы.

                                        Резиденттік командалар. Транзиттік командалар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білім алушыларға MS DOS операциялық  жүйесі жөнінде білімдерін толықтыру, «Командалық жол» қатарында резидентті және транзитті командаларымен жұмыс жасауды үйрету.

 

Дамытушылық:  Білім алушылардың жалпы жүйелік және каталогтарды басқару командаларын меңгерту арқылы ой-өрісін кеңейтіп қызығушылық қабілеттерін арттыру

 

Тәрбиелік: Білім мен тәрбиені қатар алып жүріп, еліміздің саналы   мемлекет дамуына жауапкершілік салмағын сезінетін дарынды шәкірт тәрбиелеп шығару.

 

 

Құрал-жабдықтар: Дербес компьютер, интерактивті тақта, плакат, бейне-баян, слайд, оқу құралдары, сандықша, ребус т.б.

 

Сабақтың типі:  ойын сабақ

 

Сабақтың әдісі: ұжымдық оқыту технологиясы

 

Пән аралық байланыс: ана тілі, ағылшын, математика т.б.

 

 Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Амандасу, білім алушыларды түгендеу;

2) Білім алушылардың назарын сабаққа аудару;

3) Білім алушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Мұғалім:

Информатика әлемі,

Неткен ғажап әсерлі.

Шыққан сонау ертеден,

Орын алды көңілден

Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды

Информатика озады бар ғасырды

Ой түйіндеп, жетелейді адамдарды

Әлі ашылар құпиялар сан-қырлы, дей келе ал, енді «Сырлы сандықтың, шексіз сырын ашайық». Сандықты ашу үшін бізге сөз мәйегін келтіртіп, содан кейін ашамыз.

Сандықтан

  1. 2 түрлі гүлдерді қалауымызша аламыз. Гүлдің түсіне қарай 2 топқа  бөлінеміз.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 Ұстанатын қағида: «Тіл қаруы -сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз -адамның ең  жоғарғы қасиеті»,  деген ұлы ақынымыз Ғабиден Мұстафин.  

 

 Үй тапсырмасы бойынша алдыңғы өткен тақырыптағы  MS DOS операциялық жүйесі  бойынша он   сұраққа жауап беру арқылы сырлы сандықтың тапсырмасын орындайық. Әр сұрақтың жауабы ұпай санымен көрсетіледі.

Сандықты ашу үшін бізге сөз мәйегін келтіртіп, содан кейін ашамыз.

         (Теңге тиыннан құралады) ....    

 

«Сұрақ саған, жауап маған» ойыны:

 

Ойынның сұрақтары:

1.      Бағдарлама дегеніміз не?

2.      Операциялық жүйе және оның түрлері?

3.      Windows операциялық жүйесі дегеніміз не?

4.      MS DOS операциялық жүйесі дегеніміз не?

5.      MS DOS ОЖ тарихы және құрылымы?

6.      Операциялық  жүйенің  жүктеуіші   дегеніміз не?

7.      Файлдар дегеніміз не? Қалай жазылады?

8.      Каталогтар дегеніміз не? Қалай жазылады?

9.      Утилиттер дегеніміз не?

10.  BIOS модулі дегенміз?

(Ойын шарты бойынша интерактивті тақтада сұрақтар кезекпен кезек шығады. Оқушылар сұрақтарға жауап берулері тиіс.)

 

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

                «СТОП КАДР».  

        Жаттығудың сипаттамасы: 

    Оқушылардан  тақырыптың, хикаяның және  мақұлдаудың  стоп-кадрын жасауды  сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера»  өз жұмысын  тоқтатқан нүкте – стоп-кадрдың  топқа  көрінбейтін  басы  және  аяғы  бар (Сонымен  де  ол  фотографиялық  суреттен  айрықшаланады). Топтар  өз  стоп-кадрларын  топқа, суретте  не  болып  жатқанын  талқылау  үшін, көрсетеді».

 

VI. Жаңа тақырып тапсырмасы мақсатымен орындалу жолымен таныстырылады.

Оқушы нені білуі тиіс:

  • Операциялық жүйелер және олардың атқаратын қызметін;
  • Командалардың жіктелуін;
  • Резидентті (ішкі) командалар қызметін;
  • Транзитті (сыртқы) командалар қызметін;

 

 Оқушы нені орындай алуы тиіс:

  • Резидентті (ішкі) командаларды қолдану;
  • Транзитті (сыртқы) командалармен жұмыс;
  • Файлдармен және каталогтармен жұмыс атқаратын командалармен жұмыс;

 

                          «Білімді мыңды жығар»

V.  Жаңа сабақты түсіндіру:  (Интерактивті тақтада жаңа cабақ түсіндіріледі.)

(Сандықты ашу үшін бізге сөз мәйегін келтіртіп, содан кейін ашамыз).

 

Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды 

 

 

 

 

MS - DOS ОЖ командалық файлдары

 

(e-learning  бағдарламасындағы электрондық оқулықты  пайдалана отырып сабақты түсіндіру).

  MS - DOS –тың  барлық  командалары  резидентті  және  транзитті  болып  екі  үлкен  топқа  бөлінеді.

Резидентті  (ішкі,  бірге  құрылған)  командалар   қосымша   COMMAND.COM   файлының   құрама  бөлігі   болып  табылады.

 Олар -  қарапайым  және  жиі  колданылатын  командалар.  Бұл  топқа:   DIR,  MD,  CD,  RD,  TIME,  DATE,  REN,  DEL,  TYPE,  COPY   және  т.б.  командалар  жатады.

Транзитті  кірме  (сыртқы,  жүктелінетін)  командаларға   дискідегі  программалық  файлдар  жатады.  Оларды  іске  қосып  орындаудан  бұрын  дискіден  оқу  керек.  

 Бұл  топқа   мына  командала   жатады:  FARMAT, ATTRIB,  TREE,  MODE,  DISKCOPY   және  т.б.

Каталогтармен   жұмыс   істейтін  командалар.

  Бұл  топқа  :   DIR,  CD,  RD,  MD  командалары   жатады.

                                        

1. DIR  командасы – каталогтар  мен файлдардың  толық   аттарының,  көлемінің  және  құрылған  уақыты  мен  мерзімінің  тізімін  береді.  DIR  командасын  параметрсіз    жай        қолданғанда экранға ағымдағы  каталогтың   мазмұнын  шығарады.

Ішкі  каталогтың  мазмұнын  қарау  үшін  DIR  командасын  және  ішкі  каталогтың   атын  жазсақ  жеткілікті.

Параметр  деп түпкі   каталогты  немесе  кез  келген  деңгейдегі  ішкі  каталогты  көрсететін  маршрутты   айтады.

Каталог  мазмұнының   тізімі  үлкен  болған  жағдайда -  информацияны парақтап   экранға  шығару  үшін  қосымша   /Р  параметрі   қолданылады.   Бұл  жағдайда   экран  беті   информацияға   толған  соң   информацияны   экранға   беру  тоқтайды,  жалғастыру  үшін  кез  келген   пернені  басу  керек.

 Информацияны  экранға   жинақты  түрде  шығару  үшін  /W  параметрі  қолданылады.  Бұл  жағдайда    файлдардың  аттары  мен  типі  ғана  шығады.

2. MD (Make  Directory -  каталог  жасау) -  ағымдағы   кез  келген  каталог  ішінен  жаңа  каталог  ашу  командасы,  мысалы: 

C:\md  student – C  дискісінің  түпкі   каталогынан  STUDENT  атты  жаңа  каталог  ашу.

3.   RD  (Remowe Directoryкаталогты  жою)  -  ішінде  файлдары    жоқ  бос  каталогтар  мен  ішкі  каталогтарды  жою  командасы,  мысалы: 

  C:\STUDENT\ BASIC > rd  tecno2 – STUDENT  каталогтың  ішіндегі  екінші   дәрежелі  BASIC   каталогын  жою.

4.  CD  (Change Directory -  каталог  ауыстыру) – бір  каталогтан  екінші  каталогқа   өту  командасы.  Жоғары  дәрежедегі  каталогтарға  өту мына   параметрлер «..»,  «\»  арқылы  іске  асады.

 Файлдармен  жұмыс  істейтін  командалар: 

Бұл  топқа  COPY,  REM,  DELETE,  TYPE,  DATE,  TIME  және  т.с.с.  командалар  жатады.

1. COPY -  файлдарды  көшіру  командасы.  Файлдарды  көшіргенде  файлдың  бұрынғы  атын   сақтап  (егер  олар  басқа  каталогқа  көшірілетін  болса)  немесе   атын  өзгертіп  көшіруге    болады.  Параметр   ретінде  қандай  файл,  қайдан,  қайда   және  қандай  етпен   көшірілетіні   көрсетіледі. 

Файл   атауларында  оларды   топтап  белгілеуге   мүмкіндік  беретін  нұсқа (*және  ?)  таңбаларды   пайдалануға  рұқсат   етілген,  мысалы, 

C:\> copy_a:\*.*_c:-A:  дискісіндегі  барлық  файлдарда  С:  дискісіндегі  жұмыс істеп  тұрған   ағымдағы  каталогқа  көшіру.

2.  REN (RENAME) – файлдардың  аттарын  өзгерту  командасы,  параметрлері   файлдардың  ескі  және  жаңа  аттары,  мысалы, 

C:\>ren_port.txt- dora.txt – PORT.TXT   атты  файлда  DORA.TXT   деген  атқа  ауыстыру.

3. DEL (DELETE) -  ағымдағы  немесе  көрсетілген  каталогтағы  файлды  немесе  файлдар  тобын   жою  командасы.

4. TYPE   командасы  -   мәтінен  тұратын  файлдың  ішкі  мәтінін  экранға  шығару.

  C:\>type_program.txt-  PROGRAM.TXT файлының  мазмұынын  экранға  шығару.

5.  DATE  командасы   -  үстіміздегі  (ағымдағы)  ай,  күн  және  жыл   мерзімін  экранға  шығару  және   оны  өзгерту.

Қайтадан  жаңа   мерзімді  енгізу  үшін,  пернелермен  DATE_MM_DD_YY     командаларын  теру керек,  мұндағы  ММ-ай  нөмірі (1-12),  DD -  күн  саны  (1-31),  YY – жылы.

6.  TIME  командасы -  ағымдағы   уақытты   экранға  шығару  және  қайтадан  өзгерту,  бұл  команда  форматы  алдынғыға – date    командасына  ұқсас.

7.  РАТН  (жол)  командасы  керекті  файлдар  автоматты  түрде   ізделетін  каталогтар  тізімін  алдын  ала  көрсетуге   арналған.  MSDOS жүйесі  қажет   болған файлды  ағымдағы   каталогтан  таба    алмаса,   осы  команда  параметрлері  ретінде   келтірілген  каталогтарын  іздейді.  Бұл  команда  көбінесе  компьютер  іске   қосылғанда  бірден   автоматты   түрде   орындалуға  тиіс   autoexec.bat  файлында   болады.   Ол  жиі  қолданылатын  қызмет  жасау  файлдары  орналасқан   каталогтарды    көрсетеді,  мысалы:

path  c:\,  c:\ dos;   c;\nc,  c;\Windows;  d: \utilit;  d:\my;  d:\text.

8. CLS  (Clean  Screen  - экран  тазарту)  экранды  тазартып  операциялық  жүйенің  жұмысқа   шақыру  жолын  экранның  сол  жақ  жоғарғы  бұрышына  орналастырады.  Бұл  команда    cls   түрінде  параметрсіз  теріліп,   соңынан Enter  пернесін  басылады.

 

 

 

«Ой тастау»

 VІ. Жаңа сабаққа қорыту 

 «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді»- дей келе әр команданың қызметімен танысып, яғни әр топтан, 4-5  оқушы компьютерде командаларды қолданып «Командалық жолда» каталог құрып тәжірибе жұмысын көрсетеді.  3 оқушы Ребус шешіп, жауабына мағлұмат береді. Қалған оқушылар постерге тақырып бойынша сабақтас әрекеттер сызбасын көрсетеді. Қай топ жұмыстарын бірінші аяқтаса тақтаға шығып түсіндіреді.

    1. САБАҚТАС ӘРЕКЕТТЕРДІҢ СЫЗБАСЫ

Міндеті

·         Әрекеттердің сабақтастығын талдау немесе көрсету

·         Жобаларды жоспарлау.

 

Элементтері

·         Тікбұрыштар.

·         Сол тікбұрыштарда белгіленген әрекеттердің атауы

·         Әрекеттердің  жасалу бағытын белгілейтін нұсқамалар.

Сергіту сәті. Оқушыларға көз жаттығуы жасалады. («Компьютер» әуені қосылады)

Көзге арналған жаттығулар: (Әуен қосылады_)

Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;

Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;

Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;

Тез арада көзді ашып – жұму;

Көздерді солжақ астыңғы бұрыштан, оңжақ үстіңгі бұрышқа қарату. Дәл солай бірақ енді керісінше жасау.

Әрбір жаттығуды кемінен 6 рет қайталау қажет.

1 жаттығу

 Екі көзімізбен бірге екі қасымыздың ортасына қарап көрейік, осы күйімізде 5 секуд тұруымыз қажет. йога для глаз, упражнение 1         йога для глаз, упражнение 2

2 жаттығу

Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап, осылай 5 секунд тұрамыз.

йога для глаз, упражнение 2

3 жаттығу

Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз

йога для глаз, упражнение 3

4 жаттығу

Дәл 3 жаттығуға сәйкес, бірақ керісінше сол жақ иығымызға қарап, 5 секунд тұрамыз

йога для глаз, упражнение 4

5 жаттығу

Көзіміздің қарашығын сағат тілімен айналдыру және керісінше айналдыру. 3-4 қайталау.

йога для глаз, упражнение 5

6 жаттығу

Отырып жасаймыз. 2-3 секунд алға қара, содан назарыңды оң жақ қолыңның сұқ саусағына қара, ол мұрын алдында 25-30см жерде, 3-5 секундтан соң қолыңды жібер.

 

7 жаттығу

Отырып жасаймыз. 2-3 секунд сол қолыңның сұқ саусағын алдыға созып қара, содан қолыңды бүгіп мұрныңа жақындат.

 

8 жаттығу

Отырып жасалады. 3-5 секунд созылған оң қолыңның сұқ саусағына қара, содан сол қолыңның алақанымен сол жақ көзіңді 3-5 секундқа жаба тұр, осы арада оң жақ қолыңды бүгіп және жазып тұр. Ал енді керісінше оң қолыңмен оң жақ көзіңді жауып орында.

 

VІІ.  Сабақты бекіту.   Электрондық тест.  Студенттер тақтадан тест шешіп, жауабын параққа жазып екі топ бір – біріне тексертеді.  

 

Білім алушыларды бағалау 

 

Рефлекция

І.Психологиялық дайындық.  Бүгінгі  ұрпақ тарихы кезеңінде өмір сүріп, ұлттық елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған үрпақ. Яғни,

 «Қандай да елдің ертеңін білгің келсе, оның жастарына қара» деген ұлағатты сөз бар. 

 

1) «Жылылық» (бір-бірінің алақандарын алақандарына қойып, жақсы тілек тілейді).

Бір – біріңнің алақандарыңды алақандарыңа қойғанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, өмірімізді  мейірім, жылылық, сәттікпен өткізейік. (Жылы лебіз тіліктер айтылады).

 

  Тақтаға  3 смайл  ілінеді. Өз гүлдерімізді бүгінгі сабақтан алған  көңіл- күйіміз бейнеленген смайлдың жанына ілеміз.

 

VІІІ.  Үйге тапсырма: Н.Ермеков-2008 «Фолиант» баспасы.

«Операциялық жүйелер» Каталогтерді салыстыру -34 бет

Бақылау сұрақтары

1.      Каталог және ішкі каталог дегендеріміз не?

2.      Жаңа каталог, ішкі каталог қайтіп құрылады?

3.      Каталогтің мазмұнын көру командасы?

4.      Бір каталогтан екінші каталогқа көшу командасы?

5.      Каталогті жою командасы?

6.      Жаңа уақыт енгізу командасы?

7.      Күн, ай, жыл мерзімін көрсету, жөндеу командасы?

 

Рефлекция

І.Психологиялық дайындық.  Бүгінгі  ұрпақ тарихы кезеңінде өмір сүріп, ұлттық елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған үрпақ. Яғни,

 «Қандай да елдің ертеңін білгің келсе, оның жастарына қара» деген ұлағатты сөз бар. 

 

1) «Жылылық» (бір-бірінің алақандарын алақандарына қойып, жақсы тілек тілейді).

Бір – біріңнің алақандарыңды алақандарыңа қойғанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, өмірімізді  мейірім, жылылық, сәттікпен өткізейік. (Жылы лебіз тіліктер айтылады).

 

  Тақтаға  3 смайл  ілінеді. Өз гүлдерімізді бүгінгі сабақтан алған  көңіл- күйіміз бейнеленген смайлдың жанына ілеміз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: MS-DOS командалық файылдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 512 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.11.2015 4312
    • DOCX 511 кбайт
    • 32 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рғымбаева Рита Жетпісбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рғымбаева Рита Жетпісбайқызы
    Рғымбаева Рита Жетпісбайқызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14648
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 832 человека из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 374 человека