Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / "Сабақтың тақырыбы:Жасанды және синтетикалық талшықтардан жасалған маталар. Химиялық талшықтардан жасалған киімдерді күту." Сабақ жоспары (7 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

"Сабақтың тақырыбы:Жасанды және синтетикалық талшықтардан жасалған маталар. Химиялық талшықтардан жасалған киімдерді күту." Сабақ жоспары (7 сынып)

библиотека
материалов

7-сынып

Сабақтың тақырыбы:Жасанды және синтетикалық талшықтардан жасалған маталар. Химиялық талшықтардан жасалған киімдерді күту.

Иірімжіпті дайындау үшін табиғи текстиль талшықтарын (мақта, жүн, зығыр талшықтары, табиғи жібек қалдықтары т.б.) штапельді химиялық талшықтар және элементарлы химиялық жіптердің жгуттарын қолданады.

Мақала бастамасы Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет

Жүннен жасалған иірімжіп келесілерге бөлінеді [1,2]: Қолданылатын шикізат түріне байланысты:

таза жүнді және химиялық талшықтар қосылған жартылай жүнді (аралас);

жүн талшығының түріне байланысты – қой, ешкі, түйе жүнді;

белгіленуіне байланысты – тоқыма, трикотаж және кілем өндірістеріне арналған;

иіру әдісіне тәуелді – жіңішкетарақты, ірітарақты, жартылайтарақты және аппаратты;

құрылымына тәуелді – біржіпті, ширатылған (екі және одан көп жіптерден ширатылған), фасонды;

өңдеу әдісіне тәуелді – боялмаған, ағартылған, боялған, бастырылған, меланжды, мулине.

Түрлі жіптерден тазажүнді және жартылай жүнді маталар ассортименті өндіріледі. Иіру процессі иіру машиналарында іске асады; оның мәні тегіс таспаны қажетті сызықтық тығыздыққа дейін созу, оны ширатып иірімжіп қалыптастыру, собыққа орау. Сақиналы иіру машиналарында иірімжіп ұршыққа қондырылған собық түрінде паторонға оралады. Соңғы кезде сызықтық тығыздығы бойынша тегістігі жоғары, берік иірімжіп алуға мүмкіндік беретін иірудің ұршықсыз әдісі кеңінен қолдана бастады. Таза жүнді және химиялық талшықтар қосылған жартылай жүнді (аралас) маталар келесі түрлерге бөлінеді

белгіленуі бойынша – көйлектік, костюмдік, пальтолық және т.б;

шикізаттың түріне және сапасына байланысты – 60к және одан жоғары сапалы жүннен өндірілген, 50к-58к жіңішке жүннен өндірілген, 50к-58к жартылай жіңішке жүннен өндірілген, 44к-48к жартылай дөрекі жүннен өндірілген, 36к-40к дөрекі біртекті жүннен өндірілген, жіңішке жүнмен химиялық талшықтардан өндірілген, дөрекі жүнмен химиялық талшықтардан өндірілген,

өндіру әдісіне байланысты – тарақты камволды иірімжіп, аппаратты әдіспен өндірілген шұғалы, аппаратты және тарақты иірімжіптер комбинирленген;

өңдеу әдісіне байланысты – боялмаған, тегіс боялған, фасонды, меланжды, түкті;

қосымша өңделген – қыртыстанбайтын, шуымайтын, су сіңірмейтін және т.б.

айқаспа түріне байланысты – майда өрнекті, ірі өрнекті (жаккардты), күрделі, қарапайым.

Текстильді жаймалар әр түрлі әдіспен және түрлі шикізаттан өндіріледі. Қолдану саласына байланысты оларды киімге арналған тұрмыстық және өндірістің түрлі салаларында қолданылатын техникалық, арнайы белгіленуі бар жаймаларға бөледі. Текстиль жаймалар өндірісінің жалпы көлемі тұрмыстық белгіленудегі жаймалардн тұрады. Текстиль өндірісінде шығарылатын маталар, трикотаж жаймалар, бейматалар ассортименті өте кең,-3500 ден астам, Жаймалардың сапасымен құрылымын, қасиеттерін олардың құрамына химиялық жіптермен жіптердің жаңа түрлерін-фасонды ширатылған, түрлі-түсті жіптерді, комплексті жіптерді енгізу, иірудің жаңа әдістерін қолдану, қосымша өңдеу әдістерін қолдану арқылы өзгертеді. Маталардың ең құндысы болып таза жүннен жасалған маталар табылады. Таза жүнді маталарға құрамында басқа талшықтардың үлесі 50% жоғары емес маталар жатады. Тазажүнді маталар ішінде ең құндысы 60к және одан жоғары жүннен өндірілген маталар жатады. Аталған маталардан басқа жүн өнеркәсібінде белгіленуі әртүрлі техникалық маталар, кілем бұйымдары өндіріледі. Иіру өндірісі дегеніміз – табиғи және химиялық талшықтардан иірімжіптің қалыптасуын қамтамасыз ететін механикалық технологиялық процесстердің жиынтығы. Иірімжіптің геометриялық қасиеттері (сызықтық тығыздығы, орташа тығыздығы, тегістігі, үлпектігі ), оның құрылымы (талшықтардың орналасуы, ширату) және физикалық қасиеттері (үзілу салмағы, созылғыштығы, серпімділігі, жылу өткізгіштігі,гигроскопиялығы) талшықтарды қасиеттеріне ғана емес, сонымен қатар иіру жүйесіне де тәуелді болып келеді. Иіру жүйесі иірімжіп өндірісінде қолданылатын технологиялық процесстердің және машиналардың жиынтығы арқылы анықталады

ҮІ. Үйге тапсырма. “ Маталар. Жіптер ” тақырыбына ақпарат жинақтап келу, жиынтық альбомы Дәптердің беті, ине-жіп, қайшы

hello_html_79f347ea.png

Оқушыларды білім алуға жұмылдыра отырып өз бойындағы сапалық қасиеттерді: жігер, күш, дене қуатын дамыту.

ә) Өзіне-өзі сенімділкті қалыптастыру және денсаулықтарын жүйелі түрде нығайту, ағзаларын дамыту және шынықтыру, гигиена дағдыларын үйрету.

б) Елжандылыққа,өз өлкеңді құрметтеуге, ерлікке тәрбиелеу.



А) Киімді сатып аларда қандай талапты бірінші орынға қоясыз:

а) сыртқы түріне қарап (50%)

ә) сапасына (40%)

б) гигиеналық талапқа (6%)

в) экономиялық жағына

Ә) Шикізат құрамына назар аударасыз ба?

а) 40%

ә) 60% аудармайды

Б) Синтетика сізге әсер ете ме?

а) 40% жоқ ә) 32% иә б) 28% білмейді

Ата-ана: Синтетикалық киім бала денсаулығына нұқсан келтіреді ме?

80%; иә 14% жоқ

В)Балаңыздың гардеробында синтетикалық киім бар ма?

(75% иә; 25% жоқ)

Г) Бірінші орынға қай талапты қоясыз?

а) эстетикалық (15%)

ә) экономикалық (65%)

б) гигиеналық (20%)

ІІІ. 4. « Жаратылыстанудағы зерттеулерге жол ашық».

Алдын-ала тапсырма бойынша өз ойларын баяндайды.

Өздеріне химия пәнінен таныс:Химиялық талшықтардың төмендегідей түрлері бар:

І. жасанды ІІ. табиғи ІІІ. Синтетикалық

вискоза, жүн полиакрил

ацетат мақта лавсан

зығыр

Ендеше, Ж.М.Кудериннің Ғылыми жаңалығы:

« Қойдың жүні», «Зығыр» атты еңбектерінде қой жүнінің 9 қасиеті: мықтылығы, жұмсақтығы, ажары, сызылғыштығы, көпіргіштігі, ширатылғыштығы нәтижесінде жүннен тоқылған киімнің гигиеналық пайдасы: ыстықты өткізбеуі, теріде түрлі аллергиялық ауруларды тудырмауы ( жүннің негізгі құрам бөлігі С тұратындықтан ), терінің дем алуы сияқты қасиеттер беретіндігін ғалымның еңбегінен толық мәлімет алуға болады. Адам денсаулығына ден қойып, оған ықпал ететін факторларға зер салып қарасаң, адамды температуралық, атмосфералық әсерлерден қорғаушы – киім.

Киімнің басты міндеті – адамды қоршаған ортадағы түрлі қолайсыз жағдайлардан қорғау мен қажетті дене температурасының сақтауын қамтамасыз ету. Киім дайындауға керекті материалдардың гигиеналық қасиеттері оның құрылымымен ( қалыңдығы, тығыздығы, жіптің тоқылу сипаты) бастапқы талшықтық өзгешеліктерімен сипатталады.

Сән әлеміне бой ұра отырып, киім өндірушілер әдемілік, ыңғайлылықпен қатар адам денсаулығына теріс ықпалын тигізбеу сияқты қажеттілікке мән беруді екінші кезекке қояды.

Синтетикалық киімнің гигиеналық кемшіліктері: терінің тітіркенуін тудыруы, көптеген дерматит, микологиялық аурулар тудыруға себепкер болуы да жағымсыз жағдай туғызады.

« Дем алатын » бұйымдар – мата бұйымдарының жаңа буыны – текстиль. Ол су буын еркін өткізіп, кеңістіктегі « дене – киім – қоршаған орта » қажетті микроклимат туғызады. Матаның теріге жақын ішкі қабаты құрғақтық пен жылуды қамтамасыз етсе, сыртқы қабаты ылғалды сіңіріп, сыртқа шығарады.

Дүкенннен затты сатып аларда әр адам өндірушінің тіккен киім кепілдемесіне назар аударуы қажет:

- шикізат құрамы

- бұйымды күту ережесі

- өндіруші фирма атауы

- бұйымның өлшемі

Көптеген түрлі киімдерді қарағанда 65% өндіргіш фирма атауы жоқ, яғни, шикізат құрамы күдік туғызады, себебі аты көрсетілмегендіктен мәлімет нақтылығына жауап бермейді.

- 45% шикізат құрамын көрсетпей, бұйым өлшемі мен күту жолдарын көрсетеді.

- 25% құрамы мен күтуде қарама – қайшылықтар бар.

Үлкендер киіміне қарағанда бала киіміне талап басқа. Нәрестелерге тек табиғи талшықтан ғана тігілілген киімді кидіру керек, 28 – ші өлшемнен бастап қана вискоза сияқты талшық түрлері қосылады.Егер бала киімінде синтепон болса, ол тек сіңіру үшін қажет синтепон бөлетін шайырлардың улы буларымен бала дем алады. Ол балаларды дисбактериоз сияқты ауруларға әкеп соғады.

Ендеше, жасанды талшықтардан жасалған киімнің сапасын, денсаулыққа әсерін білу нәтижесінде болашақта жергілікті шикізаттан өндірілетін киім-кешекке мән бере, экологиялық талғампаздыққа көңіл аудару қажеттігін айтпақпын.

ІІІ. 5. Айтылар естеліктер сен туралы.

Оқушылар, биолог ғалым Ж.М.Кудерин еңбектерін тарих пәнінен « 1930 жылдардағы қоғамдағы саяси өмір » атты тақырыпта 9 сыныпта, бастауыш сыныпта « Әліппе оқулығының » алғашқы авторы ( қолжазба күйінде ұзақ пайдаланған ) ретінде, географиядан « Қант қызылшасының мол өнім алу жағдайлары », технологиядан « Ауыл – техникалары және оны пайдалану жолдары », биологиядан « Өсімдіктер мен жануарлар ерекшеліктері », математика пәнінің ұстазы ретінде Орталық Азия университетінің түлегі, жерлесіміз Ж.М.Кудерин осындай айтулы тұлға екендігіне көз жеткіздік. Бүгін біз дене шынықтыру сабағында оқу жылының басы қырқүйек айының 19-да өтіп отырған ғалымның 120 жылдық мерейтойына арналған айлық іс-шараларда киімдердің, спорт киімінің сапасы, денсаулыққа да әсер ететіні келтірілген сауалнамалардан, мәліметтерден көрінді. Ендеше, « Жан қиналмай – жұмыс бітпес, талап қылмай – мұратқа жетпес » деп болашақ ауылымызды көркейтетін қауым өкілдері болып, ғалым аталарың айтқандай, сапалы шикізат негізінде дені сау, таза табиғи өнімдерін шығаратын әрі пайдаланатын маман, кәсіпкерлер ретінде таныла беріңдер демекпін.

ІІІ. 6. Спорттық ойындар.

Түрлі гимнастикалық жаттығулар жасау(жаттығулардан соң пульс өлшеу арқылы адам ағзасының сергу,динамика нәтижесін салыстыру арқылы ата-аналарға спорттың пайдасын, спорттық кимінің әсерін көрсету)










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.03.2016
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров842
Номер материала ДВ-554057
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх