Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Сабақтын тақырыбы: Қазақ хандығына 550ж

Сабақтын тақырыбы: Қазақ хандығына 550ж


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:






















































Тақырыбы : “Өшпес тарих тағылымы”

Мақсаты:


1.Конференциясының мақсаты – білім алушылардың Қазақстан тарихы бойынша теориялық білім деңгейін және әдеби шығармашылық, көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру.

2.Білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру, ел тарихы мен әдебиеті бойынша шығармашылық қабілеттерін анықтау, зерттеушілік және жобалау іс-әрекеттерін дамыту.

3.Тәуелсіз Қазақстан тарихын тереңдетіп оқыту.


Конференцияның көрнекілігі: Қазақ хандығы туралы бейне жазба, слайд, проэктор, компьютер, үнтаспа, кітаптар мен қолөнер көрмесі.

Конференция барысы

(Сахна сыртында қобыз даусы күңіреніп тартылады,

сахна сыртынан жазылған дауыспен)

Видео жіберіледі ( аттың дүбірі, киіз үй).


Біз қазақпыз!

Ежелден - ақ қазақ болып аталған,

Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң

Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,

Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.

Керегімді алу үшін жаһаннан,

Бейімделдім заманыма жаңарған.

Садақ тартып, оқ жонуды үйреніп,

Тәрбие алдым тәлімі мол бабамнан.


(Экраннан киіз үйдің көрінісі, «Сұлтандар кеңесі» деген жазу)


1-жүргізуші: (сахна сыртынан жазылған дауыспен)

Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.1456 - шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян.


Көрініс: «Сұлтандар кеңесі»


/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.

Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.

Керей: (сахна сыртынан жазылған дауыспен)

Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын.
Әумин.


1-жүргізуші: (сахна сыртынан жазылған дауыс)

«Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз бен ар - ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет болса керек- ті.

Конференцияның басталуы

Күй ойналады

2-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар , оқушылар! Ерлiктiң арқауы, елдiктiң бастауы болған қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Осы айтулы мерекеге арналған «Өшпес тарих тағылымы” атты конференцияға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:Бұрынғы ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, қылыштың күшімен көреген дипломатиялық қабілеттілігімен сақтап келген, кең байтақ жерінде мұра етіп қалдырған Қазақстан мемлекеті бүгінгі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттерімен терезесі тең түсер елге айналды.

2-жүргізуші:Егеменді Қазақстанның көк туы жаныма қуат берсе, елімнің әнұранының әуені жанымызды тебірентеді.

ҚР әнұранын орындау


1-жүргізуші:Құрметті қонақтар! Егемен ел атанғалы бері қазақ хандығының мерейтойы алғаш рет аталып өтпек. ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауында «Отанды сүю- бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау» деген еді.

2-жүргізуші: Тарих өткен оқиғалар мен шежірелер және жылнамалар ғана емес. Тарих ұлтты тәрбиелеуші, елді біріктіруші құрал. Ұлт тарихы отаншылдықтың тірегі. Сондықтан да тарих пен тарихи тұлғаларымыз туралы жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін көтеруге бағытталған бүгінгі конференциямызды ашуға рұқсат етініздер.

1 – жүргізуші: Бүгінгі конференцияға әділдік жүргізетін сарапшы әділ-қазыларды таныстырып өтейік.

2 - жүргізуші: Би мен бектің сәні жоқ: 
елін қорғай алмаса, 
тура жолға салмаса, 
ыстығына күймесе, 
суығына тоңбаса - деп Дулат Бабатайұлы айтқандай

2 – жүргізуші:

Бүгінгі тәжірибелік конференцияға оқушылар арасында тақырыпқа сәйкес мазмұны жағынан тарихи тұрғыда терең зерттелген үздік 5 жұмыс іріктеліп алынды.Баяндамашыларды ретімен тындауға шақырамыз.

Ән «Махамбетке арнау»


2 - жүргізуші: Жүк көтерген белі мықты қара нардай.

Қияннан қия баспай жол табатын,

Қазақтың билері мен хандары - ай...- дей келе

Қазақ биі: «Көроғлы күйіне»


1 - жүргізуші:

Шіркін-ай «Көроғлыға» жететін күй бар ма екен, қазақта...?

Квартет монологы «Қазақ»

1 - жүргізуші: Еділ бол да, Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа.

Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп тұрыспа – деп қазақ хандарының тұсында өмір сүрген, аузы дуалы, ханға ойын тура айтатын Асан Сабитұлы да заманында нағыз ел сүйгіштігімен танылыды.

2 - жүргізуші: Құрметті конференцияға қатысушы қонақтар, әділқазыларымыз баяндама қорытындысын шығарғанша жақсы бір терме тыңдайық.

Терме.



1 - жүргізуші: Бүгін біз сөз еткен Қазақ хандығы бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Әрине, ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз.

2 - жүргізуші: Дұрыс айтасың, бүгінгі конференцияға қатысқан баяндамашылар елінің нағыз патриоты, ата-баба ісін жалғастырушы, Тәуелсіз елдің тірегі екендігін көрсете білді.

Отансүйгіштік сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарлан тарихы талай дәлелдеді. Ендігі жерде сол алдыңғы толқыннан үйренетін, тәлімін алатын, қанатты ісін жалғастыратын дәстүр біздің еншімізге тиіп отыр. Сол жақсы үрдісті жалғастыру біздер үшін перзенттік қарыз да парыз болып саналады. Осы арқылы кейінгіге біз де із қалдыруға тиістіміз.

Ән «Аманат»

(Әннің соңында баяндамашылар сахнаға шығып, жалаушалар көтереді)

1 - жүргізуші: Құрметті конференцияға қатысушы қонақтар қазақтың көк туы аспанымызда мәңгі желбіресін, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын ағайын!

 

2 - жүргізуші: Аспанымыз ашық,ұлттарымыз тату, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман болсын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!




«Н.Бозжанов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ


Мектеп директоры ,тарих пәнінің мұғалімі : Аманжолова Гульшат Аманжолқызы


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров86
Номер материала ДВ-385395
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх