Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Сабақтын тақырыбы "Кремний және оның қосылыстары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

Сабақтын тақырыбы "Кремний және оның қосылыстары"

библиотека
материалов


Дүйсебекова Сандуғаш Құралбайқызы

ОҚО, Қазығұрт ауданы

«Болашақ» мектеп – гимназиясының

химия пәнінің мұғалімі


hello_html_40838eaa.gifhello_html_m4b5f91dd.gifhello_html_m4b5f91dd.gifhello_html_m3c754eb4.gifhello_html_m3c754eb4.gifhello_html_m3c754eb4.gifhello_html_m3c754eb4.gifhello_html_40b1d4fd.jpgКРЕМНИЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ

Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары .

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Оқушыларға кремнийдің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта таралуы , физикалық қасиеттері , ашылу тарихы, қолданылуы, химиялық қасиеттері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Кремнийдің химиялық қасиеттерін зерттеу арқылы шығармашылық жұмыстарға баулу , теориялық білімдерін тиянақтап, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқулықпен , ондағы берілген тапсырмалармен бірлесіп жұмыс жасауға , пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып , еңбекке, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі : түсіндірмелі , сұрақ-жауап , есептер шығару , СТО технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, периодтық жүйенің кестесі, тірек сызбалар, интерактивті тақта, тест тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

І ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындау «Күн сәулесіндегі менің қасиеттерім»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Менен- сұрақ, сізден -жауап» ойыны . «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап»

  1. Аллотропия деген не ?

(Бір химиялық элементтердің бірнеше жай зат түрінде болуын айтады)

  1. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінде (алмаз, графит, карбин) болатын қасиеттер.

(әртүрлі физикалық және ұқсас химиялық қасиеттері).

  1. Тіршіліктің пайда болуындағы көміртектің маңыздылығының себебі?

( атомдардың ұзын тізбегін құру қабілеті)

  1. Қатты заттардың бетіне газдардың немесе еритін заттардың жұтылуы не деп аталады?

(адсорбция)

  1. Бейорганикалық заттарда көміртегі қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? (-4, 0, +2, +4 )

6. Көмір қышқыл газын анықтауға арналған зат - (Са (ОН)2

7. Құрғақ мұз бола ма ? ( Ия. СО2 – 78,5 0 С да қатты күйге айналады )

8. Адам тәулігіне тері арқылы қанша көмірқышқыл газын бөліп, қанша оттегін сіңіреді.

( 7-9 г СО 2 бөледі, 3-4 г оттегін сіңіреді)

9. Бос күйінде көміртек улы ма ? ( улы емес )

10. Көміртектің табиғи қосылыстарын атаңдар? (Са СО3 – мәрмәр, МgСО3 – магнезит ,

СаСО3 х Мg СО3 – доломит)

ІІІ. Мағынаны тану:

  1. Кремнийдің периоттық жүйедегі орны және атом құрлысы .

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде кремний ІІІ периодта , ІV топтың негізгі топшасында орналасқан . Кремний атомдағы электрондардың орналасуы: +14 Sі ) 2е ) 8е ) 4е

Электрондық формуласы: 1 S2 ,2 S2, 2р6, 3 S2, 3р2,

Тұрақты 3 изотопы - 28 Si, 29 Sі және 30 Sі бар. Кремнийдің қосылыстағы тотығу дәрежелері -4, 0+4

  1. Табиғатта таралуы Кремний оттектен кейінгі жер бетінде ең көп таралған элемент. Ол жер қыртысының 29,5 %-ін құрайды. Табиғи кремнийдің едәуір бөлігі құм немесе кварц түрінде кездесетін кремнезем деп аталатын кремний (ІV) оксиді болып табылады. Өте таза кристалл күйдегі кремний оксиді тау хрусталі деп аталатын минерал түрінде кездеседі.

  2. Кремнийдің ашылу тарихы мен алынуы

Кремнийді алғаш рет 1811 жылы Гей-Люссак пен Л.Ж Тенар ашқан. 1824-1825 жылдары шығу швед химигі Я.Берцелиус фторлы кремнийді калий мен тотықсыздандырып, ал 1865 жылы орыс ғалымы Н.Н.Бекетов төрт хлорлы кремний мен мырышты әрекеттендіріп жеке бөліп алған. Өнеркәсіпте кремнийді электр пештерінде SiO2 кокспен тотықсыздандырып алады: SiO2 + С = Si + 2CО

Лабораторияда тотықсыздандырғыштар ретінде магний немесе алюминийді қолданды.

SiO2 +2Мg= Si +2 МgО

3 SiO2+4Al= 3Si +2Al2О3

Таза кремнийді кремний тетрахлоридін мырыш буымен тотықсыздандырып алады.

SiCl4+2Zn=Si+2ZnCl2

  1. Кремнийдің физикалық қасиеттері : Кремнийдің аллотропиялық түр өзгерісі; аморфты қоңыр ұнтақ, кристалды-металдық жылтыры бар, қою сұр түсті қатты зат. Кремнийді жартылай өткізгіш ретінде қолданады. Одан жарық энергиясын электр энергиясына айналдыратын күн батериясын дайындайды.

  2. Кремнийдің химиялық қасиеттері:

а) ұсақталған кремнийді оттекте қыздырғанда кремний оксидін (IV) түзіп жанады. Si+O2=SiO2 ;

ә) фтормен әрекеттесіп, кремний фторидін түзеді. Si+2F2=SiF4 ;

б) сілтілік метеллдардың гидроксидтерінде еріп, силикат және сутек түзеді.

Si+ 2NaOH+H2O=Na2SiO3+2H2

в) магниймен әрекеттесіп, магний силицидін түзеді. Si+2Мg= Мg2 Si

  1. Кремнийдің оттекті қосылыстары. Кремний оксиді құм SiO2, О= Si=O силикагель SiO2,- балқу температурасы жоғары , электр тогын өткізбейтін зат. Кремний оксиді кремнезем, кварц күйінде табиғатта кең таралған. Құм сауда ерімейді, бірақ қыздырғанда сілтімен және содамен қышқылдық оксид ретінде әрекеттеседі SiO2+ 2NaOH =Na2SiO3 + H2O

SiO2 + Na2 CO3 =Na2SiO3 + СO2

SiO2 + 4HF =Si F4 +2 H2O

  1. Кремний қышқылы, силикаттар: H2 SiO3-метакремний қышқылы, H4 SiO4 ортокремний қышқылы Na2SiO3 + H2 SO4 конц = H2 SіO3 + Na2SO4

Na2SiO3 + H2 О+ 2 CO2 = 2Na НCO3 2 SiO3

  1. Кремнийдің қолданылуы. Таза кремний көбінесе темір, алюминий, мыс қорғасын тәрізді әртүрлі құймалар түрінде қолданылады. Аса таза кремний күн фото элементтерін даярлауда қолданылады. Күн батериясы космос корабльдерін электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Кремний шала өткізгіштер – диодтар, триодтар және радиотехникада қабылдағыш үдеткіштер даярлауда әртүрлі приборлар жасауға қолданылады. Шыны, цемент тб құрылыс материалдары үшін де кремний қосылыстары қажет.

IV. Миға шабуыл. Тест

  1. Периодтық жүйеде кремнии қай топта А) IV В ) І С) ІІ

  2. Кремнийдің реттік нөмірі А) 12 В) 13 С) 14

  3. Кремнийдің салыстырмалы атомдық массасы А) 28 В) 24 С) 27

  4. Кремний оттегімен қосылысында неше валентті? А) 4 В) 2 С) 3

  5. Кремний деген атауды ұсынған ғалым ? А) И.П.Павлов

В) Г.И.Гесс

С) Д.И.Менделеев

  1. Құмның негізгі бөлігі? А) SiO В) Si С) SiO2

  2. Кремнийдің жер қыртысындағы массалық үлесі? А) 25 В) 27 С) 24

  3. Кремнийдің аллотропиялық түр өзгерісі ? А) иілімді және кристалды

В) аморфты және кристалды

С) алмас және графит

V. Ой толғаныс ( деңгейлік тапсырмалар орындау)

І-деңгей: Si SiO2 К2SiO3 H2 SіO3 SiO2

ІІ-деңгей: Кремнийдің массалық үлесі 70% көміртектің массалық үлесі 30% болатын қосылыстың қарапайым формуласын тап.

ІІІ-деңгей: 3г кремний оксидін калий гидроксидінде еріткенде массасы 7 г силикат түзіледі. Силикат шығымының массалық үлесі қаншаға тең.

VI. Үйге тапсырма § 87 № 3, № 4, № 7 есеп

VIІ. Бағалау

VIІІ. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»

Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров145
Номер материала ДВ-533899
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх