- Учебник: «Основы безопасности жизнедеятельности», Фролов М.П. и др.
- Тема: 14. Опасные ситуации на дорогах
- 03.10.2020
- 622
- 3

Абай атындағы “Мектеп- бала бақша” кешені КММ
Тапалова Меруерт Каметовна
география және
өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімі
Ешқандай жақсылық зая кетпейді.
Үнді нақалы
Мақсаты:Оқушылардың «жақсылық»құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту.
Міндеттері:
-жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;
-имандылыққа,ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа,оқулық,дәптер.
Шаттық, шеңбері.
Балалар шеңбер құрып тұрады.Үнтаспаға қосылып бәрі бірге көңілді ән шырқайды:
Достық Сөзін жазған Е.Елубаев
Әнін жазған И.Нүсіпбаев
Мұғалі сабақ тақырыбымен таныстырады:
-Бүгін «Адам болам десеңіз...» тарауының қорытынды сабағы.Біз бұл тарау арқылы еңбекқорлықты еріншектіктен ажырата білуді, ашуды ақылға жеңдіруді ,сабырлы болуды,қуаныш сыйлауды, талаптана білуді үйрендік,төзімділік,табандылық батылдық, өжеттік ұғымдарын түсіндік. Ал осы үйренгендеріміз бізді жақсылық жасауға жетелейді «Жақсылық» ұғымы
1-кезең. Ұғымға анықтама беру
/Мұғалім оқушылардан «жақсылық» дегенді қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылар өз ойларын білдіреді./
Оқушылар:
Жақсылық– адамдықтың белгісі.
Жақсылық – адамның сипаты.
/Мұғалім оқушылардың айтқанын тыңдап, жақсылық ұғымының анықтамасын өзі айтады./
· Жақсылық– адамдықтың белгісі. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.
· Өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларда басқаларға зиян келтірмей, ой мен істің бірлігін сақтай отырып, байыпты шешім қабылдай алу – жақсылықтың нышаны.
· Жақсылық жасағысы келген адам ешкімнің сұрағанын күтпей,көмек етудің мүмкіндіктерін өзі іздейді.
· Жақсылықты ақы мен мадақ үшін істемеу керек,басқаның мұхтаждығын өзінің қажетіндей сезініп істеу керек.
2-кезең. Ұқсас ұғымдарды табу
/Мұғалім оқушылардың жақсылыққа ұқсас ұғымдарды атап берулерін сұрайды./
Оқушылар:
Жақсылық –жанашырлық,қайырымдылық,мейірімділік,ізгілік,т.т.
Мұғалім:
– Бойында осындай құндылықтар бар адамды қалай атауға болады?
Оқушылар:
Жақсы,жылы жүректі,ақниетті,... .
3-кезең. Қарама-қарсы ұғымдағы сөздерді атау
/Мұғалім оқушыларға әсемдікке қарама-қарсы ұғымдағы сөздерді атауды тапсырады.
Оқушылар:
Жақсылық–жамандық.
Жақсылық–қатігездік.
Жақсылық–жауыздық ... .
Мұғалім:
–Жамандық,қатігездік деген нені білдіреді?
Оқушылар:
–... дегенді білдіреді.
4-кезең. Ұғымның басымдылық жағына анықтама беру
/Мұғалім оқушылардан «жамандық» ұғымын жағымды жағынан қарастырып, оның басымдылық, артықшылық жағын айтуларын өтінеді./
Оқушылар:
- Жақсылық бақытты сезіндіреді.
- Жақсылық шаттыққа кенелтеді.
- Жақсылық мақтанышқа бөлейді.
Мұғалім:
– Бұл қасиет несімен бағалы?
Оқушылар:
–жақсы істерімен,ақниеттілігімен,жылылығымен;
–адамның адамдық сипатын беретіндігімен.
Мұғалім:
– Осы қасиет адамға қажет пе?
Оқушылар:
– өте қажет, т.т;
Мұғалім:
– Егер осы қасиет өз бойыңнан табылса, сен қандай күйде болар едің?
Оқушылар:
– бақытты болар едім, т.т;
Мұғалім:
– Осы қасиетті иеленген адамның қандай артықшылығы болады?
Оқушылар:
– Ол адам ақ жүректі,адал, сенімді, бақытты, қуанышты, т.т;
Мұғалім:
– Бойында осы қасиет жоқ адам қандай болады?
Оқушылар:
– көңілсіз, ренішті,қатігез,менмен,өзімшіл т.т;
Тапсырма
Оқушылардың білім-біліктерін бекіту үшін тапсырма беріледі.
Тапсырмада өздерінің жасаған жақсылықтарын айтып береді.
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін байқау мақсатында тапсырма беріледі.
Тапсырма
Оқушылар тарау бойынша үйренген, ұғынған асыл қасиеттерді жақсылық жасауға қандай көмегі болатынын ойланып, дәптерлеріне жазады. Тапсырман орындап болған соң әр бала өз жазбасын жария етеді
Қортындылау
Мұғалім сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қортындылайды.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады. Мұғалімнің оң жанындағы тұрған бала қолдан жасалған «жүрекшені» жүрек тұсына ұстап тұрып «Мен мейірімді жүрегіммен айналама жақсылық жасағым келеді»деген сияқты лебіздерін білдіріп , келесі балаға береді. Осылайша барлық бала өз тілегін айтып шығады .Бәрі бірге қол ұстасып мына өлең жолдарын екі рет қайталайды:
Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға
Жасап жүргін жақсылық,
Қайырады саған да.
Балалар барлығы қосылып,ән шырқайды, үнтаспадан тыңдауларына да болады.
Настоящий материал опубликован пользователем Акпаева Айгерим Советовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалбейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Жұмыс парағы 8-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс студенттері үшін «Графтар» тақырыбын бекіту үшін жарамды.
Жұмыс парағы баған элементтерін білуге және бағандардың көмегімен есептерді шеше білуге арналған 7 тапсырмадан тұрады.
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
36/72 ч.
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Үлгілі малшы ауылы
Абай атындағы “Мектеп- бала бақша” кешені КММ
Тапалова Меруерт Каметовна
география және өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімі
Жақсылықтан жақсылыққа
Ешқандай жақсылық зая кетпейді.
Үнді нақалы
Мақсаты:Оқушылардың «жақсылық»құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту.
Міндеттері:
-жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;
-имандылыққа,ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа,оқулық,дәптер.
Шаттық, шеңбері.
Балалар шеңбер құрып тұрады.Үнтаспаға қосылып бәрі бірге көңілді ән шырқайды:
Достық Сөзін жазған Е.Елубаев
Әнін жазған И.Нүсіпбаев
Мұғалі сабақ тақырыбымен таныстырады:
-Бүгін «Адам болам десеңіз...» тарауының қорытынды сабағы.Біз бұл тарау арқылы еңбекқорлықты еріншектіктен ажырата білуді, ашуды ақылға жеңдіруді ,сабырлы болуды,қуаныш сыйлауды, талаптана білуді үйрендік,төзімділік,табандылық батылдық, өжеттік ұғымдарын түсіндік. Ал осы үйренгендеріміз бізді жақсылық жасауға жетелейді «Жақсылық» ұғымы
1-кезең. Ұғымға анықтама беру
/Мұғалім оқушылардан «жақсылық» дегенді қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылар өз ойларын білдіреді./
Оқушылар:
Жақсылық– адамдықтың белгісі.
Жақсылық – адамның сипаты.
/Мұғалім оқушылардың айтқанын тыңдап, жақсылық ұғымының анықтамасын өзі айтады./
• Жақсылық– адамдықтың белгісі. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.
• Өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларда басқаларға зиян келтірмей, ой мен істің бірлігін сақтай отырып, байыпты шешім қабылдай алу – жақсылықтың нышаны.
• Жақсылық жасағысы келген адам ешкімнің сұрағанын күтпей,көмек етудің мүмкіндіктерін өзі іздейді.
• Жақсылықты ақы мен мадақ үшін істемеу керек,басқаның мұхтаждығын өзінің қажетіндей сезініп істеу керек.
2-кезең. Ұқсас ұғымдарды табу
/Мұғалім оқушылардың жақсылыққа ұқсас ұғымдарды атап берулерін сұрайды./
Оқушылар:
Жақсылық –жанашырлық,қайырымдылық,мейірімділік,ізгілік,т.т.
Мұғалім:
– Бойында осындай құндылықтар бар адамды қалай атауға болады?
Оқушылар:
Жақсы,жылы жүректі,ақниетті,... .
3-кезең. Қарама-қарсы ұғымдағы сөздерді атау
/Мұғалім оқушыларға әсемдікке қарама-қарсы ұғымдағы сөздерді атауды тапсырады.
Оқушылар:
Жақсылық–жамандық.
Жақсылық–қатігездік.
Жақсылық–жауыздық ... .
Мұғалім:
–Жамандық,қатігездік деген нені білдіреді?
Оқушылар:
–... дегенді білдіреді.
4-кезең. Ұғымның басымдылық жағына анықтама беру
/Мұғалім оқушылардан «жамандық» ұғымын жағымды жағынан қарастырып, оның басымдылық, артықшылық жағын айтуларын өтінеді./
Оқушылар:
- Жақсылық бақытты сезіндіреді.
- Жақсылық шаттыққа кенелтеді.
- Жақсылық мақтанышқа бөлейді.
Мұғалім:
– Бұл қасиет несімен бағалы?
Оқушылар:
–жақсы істерімен,ақниеттілігімен,жылылығымен;
–адамның адамдық сипатын беретіндігімен.
Мұғалім:
– Осы қасиет адамға қажет пе?
Оқушылар:
– өте қажет, т.т;
Мұғалім:
– Егер осы қасиет өз бойыңнан табылса, сен қандай күйде болар едің?
Оқушылар:
– бақытты болар едім, т.т;
Мұғалім:
– Осы қасиетті иеленген адамның қандай артықшылығы болады?
Оқушылар:
– Ол адам ақ жүректі,адал, сенімді, бақытты, қуанышты, т.т;
Мұғалім:
– Бойында осы қасиет жоқ адам қандай болады?
Оқушылар:
– көңілсіз, ренішті,қатігез,менмен,өзімшіл т.т;
Тапсырма
Оқушылардың білім-біліктерін бекіту үшін тапсырма беріледі.
Тапсырмада өздерінің жасаған жақсылықтарын айтып береді.
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін байқау мақсатында тапсырма беріледі.
Тапсырма
Оқушылар тарау бойынша үйренген, ұғынған асыл қасиеттерді жақсылық жасауға қандай көмегі болатынын ойланып, дәптерлеріне жазады. Тапсырман орындап болған соң әр бала өз жазбасын жария етеді
Қортындылау
Мұғалім сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қортындылайды.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады. Мұғалімнің оң жанындағы тұрған бала қолдан жасалған «жүрекшені» жүрек тұсына ұстап тұрып «Мен мейірімді жүрегіммен айналама жақсылық жасағым келеді»деген сияқты лебіздерін білдіріп , келесі балаға береді. Осылайша барлық бала өз тілегін айтып шығады .Бәрі бірге қол ұстасып мына өлең жолдарын екі рет қайталайды:
Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға
Жасап жүргін жақсылық,
Қайырады саған да.
Балалар барлығы қосылып,ән шырқайды, үнтаспадан тыңдауларына да болады.
7 231 932 материала в базе
Вам будут доступны для скачивания все 211 584 материалы из нашего маркетплейса.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.