Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Сабақтың тақырыбы: Пысықтау. Білім деңгейлерін тексеру
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау. Білім деңгейлерін тексеру

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifСабақтың тақырыбы: Пысықтау. Білім деңгейлерін тексеру

Сабақтың мақсаты:

1. Өткенді қайталау . Оқушыларды есептерді шығаруға машықтандыру.

2. Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды шығару, ой-пікірін білдіруін дамыту.

Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

3.Ұжымдылыққа, зейіншілікке тәрбиелеу.Қайырымды болуға баулу.

Сабақтың көрнекіліктері: үлестірмелі қима –қағаздар,

дидактикалық материалдар,заттар, ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

Компьютер, графопроектор, үнтаспа.

Сабақтың әдісі: аралас сабақ// интеграциялық сабақ.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. /шеңбер жасау/

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Мұғалім: -Сәлеметсіндер ме, балалар!

-Балалар, сендер білесіңдер ме, жүрек қайда орналасқан?

Жүректің түрін көргіміз келе ме?

Оқушылар: -Иә.

-Ендеше бір сиқырлы іс-шара жүргізейік.

ІІ.Психологиялық дайындық:

«Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар!

Армысыз , қайырымды Аспан- ата!

Армысыз, мейірімді Жер –ана!

Армысыз , шұғылалы нұрлы күн!

Тамаша болсын бүгінгі күн!»

/күн жарқырап кетеді// қол шапалақтау/

Мұғалім: -Көңіл-күйіміз қандай болып кетті?

Оқушылар: -Көңілді .Ал, жүрегіміз қандай болып кетті!

-Жарқырап кетті.

/бұл кезде жүректерді тарату/

Мұғалім: - Тамаша!

*Осы жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық. /оқушылар барып отырады./

ІІІ.Тақырыппен, мақсатпен таныстыру.

-Бүгін сабақта өткенді қайталап , білімімізді анықтап алайық.

Сабақтың мақсаты: 3 топқа бөлініп жұмыс істейміз.Ал топтың аттарын тапсырмаларды орындай отырып табамыз. Өткен сабақты жаңа сабақпен ұштастыру. Ұштастыра отырып 6 санының құрамымен танысу.Мысалдар шешеміз, есептерді шығарамыз, теңдік пен теңсіздіктерді салыстырамыз. Кезең -кезең тапсырмаларды орындай отырып сабақтың мақсатына жетеміз.

-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан халықта айтады «Келгенше қонақ ұялады,келген соң үй иесі ұялады»-демекші біз ұятқа қалмауға тырысайық, ал ол үшін сабақта тәртіп сақтап, белсенді қатысып отырайық.

Дайындық кезеңі.

-Балалар мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Қызыл кітап туралы сендер не білесіндер?

Оқушылар: ............өз ойларын айтады.

- Иә, дұрыс ол кітапқа сирек кездесетін жануарлар, құстар, өсімдіктер т.б. тірі табиғаттың бөлігі жатады.

/графопроектор 1-слайд/

Біздің елімізде табиғат қорғаудың ең басты саласы -мемлекеттік қорықтар. Қорық деп барлық табиғи байлықтары кешенді түрде қатаң қорғалатын арнайы белгіленген аумақты атайды.Біздің елімізде 10 қорық бар:

/графопроектор 2-слайд/


1.Ақсу –Жабағылы

2.Алматы

3.Наурызым

4.Қорғалжын

5.Марқакөл

6.Үстірт

7.Батыс Алтай

8.Алакөл

9.Барсакелмес

10.Қаратау

-Сонымен бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Біздің ең сүйікті достарымыз «Қоян» мен «Тиін» қазақстандағы қорықтарды аралауға шақырады.

Саяхатқа шықпай тұрып өз топтың аттарын біліп алайық.

ІV.Қоянның тапсырмасы:

І топ ағылшын тілінде 10-ға дейін санау. Топтың аты шықты «Тапқырлар»

ІІ топ орыс тілінде 10-ға дейін санау . Топтың аты «Алғырлар»

І- ІІ топ бірігіп қазақ тілінде 10 -ға дейін санау.

Күн жарқырап кетеді.

*Ал саяхатқа қандай балалар барады?

- жүйрік, батыл оқушылар барады.


*V . Сабақтың ұраны / графопроектор 3-слайд /

« Дос болайық бәріміз,

Жарассын достық әніміз.

Иықтасып жүрейік,

Қиындықта бәріміз»


*VІ. «Тиіннің тапсырмасы» / графопроектор 4-слайд /

А) *1. 0 –ден бастап бір сан аттап санау.

/0, 2, 4, 6, 8, 10 / / сандармен тақтада орындау

*2. 1-ден бастап бір сан аттап санау.

/1, 3, 5, 7, 9 / /сандармен тақтада орындау/

*3.1 дм –де неше см бар?

*4.Геометриялық фигуралар /сұрақ-жауап/

1-ші ол қандай фигура?

З-ші қандай фигура?

Үшбұрыштың неше қабырғасы бар? Неше төбесі бар?

Ә) Тиін қысқа жинаған саңырауқұлақтарын тексеріп шығу керек.

Мысалдар: / саңырауқұлақтар/

5+2+2= 8-3= 6-3= 7-2=

6+1+2= 9-2= 8+2= 9-4=

6+3-1 = 7-4= 4+4 = 10-3=


Жақсы, тамаша // күн жарқырап кетеді

*1-ші себетте неше саңырауқұлақ тексердік?

*2-ші себетте неше саңырауқұлақ тексердік?

І. Дәптермен жұмыс.

«Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық

Әдемі етіп жазайық»

«Киікке» қорек табуға көмектесейік.Балалар біз бір жануарға көмектесеміз, ал олар өз қорығына жылу мен қоректі жеткізеді.

Дәптерде 6 санды әдемі жазып көрейік,ол үшін тік отырамыз, дәптерлерді көлбеу қоямыз,шынтақ партаның үстінде болады.

-Санның жазылуы басталады тор көздің бұрышынан төмен жағы тор көздің ортасына келеді. Ауада жазып көрейік.

*Дидактикалық материалмен жұмыс істеу.

Бізге берілді 10 алма және екі ыдыс.Қазір әр түрлі тәсілмен 10 санының кестесін құрамыз. Бір ыдысқа жасыл алмалар, екінші ыдысқа қызыл алмаларды бөліп салып отырамыз./әр оқушыға алмаларды таратамын, алмалардың бір жағы қызыл, бір жағы жасыл және ыдыс ретінде екі парақ қағаз/

Оқушылар жұмыс істейді және тақтаға жазып отырамыз. Ал мен магнитті сандарды қойып отырамын.

10

4



1

3


2



5


VІІІ. «Арқар»

Мұғалім: //Балалар, бізге берілді нүктелер.

2. 4. 6.


1. 3. 5. .7

Осы нүктелерді қоссақ қандай геометриялық фигура шығады? /сынық сызық/ бұл сынық сызық, ал бейнелеу сабағында не нәрсеге ұқсайды? / тауларға/ Бұл таудың араларында бір жануар жүр. Ол қандай жануар білгіміз келе ме? Иә.

Ендеше мына тапсырманы жазбаша орындап шығайық.

Тақтаға жазу.

5+1=6 Бұл қандай өрнек? Бұл қосынды.осы өрнекке неше кері өрнек жасауға болады? /2 кері өрнек жасауға болады.

І топ 5+1=6 ІІ топ 4+2=6

6-1 =5 6-2=4

6- 5=1 6-4= 2

Қандай жануар боп шықты? «Арқар»

Жақсы, тамаша //күн жарқырап кетеді.

ІХ.Демалу.

Орманға барсаң қасқыр бар,

Тауға барсаң түлкі бар,

Сайға барсаң қоян бар,

Байқандар қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.

Х.Мұғалім: -Балалар,бұл жерден аман есен өту үшін: «Кім тез есептегіш?» деген ойынды ойнап көрейік.

1) №4-84 бет, №5

ХІ. «Қызықты математика»

1.Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі.

Өз қолында қалады?

/сурет 10 асық / «7» дәлелдеу керек/

Шешуі: 10 - 3=7

2.Жетіден бірді алайық,

Қанша балапан қарайық.

Қарайық та санайық ,

Санайық та, табайық.

/балапан суреті, «6» десе жауабты дәлелдеу керек//

Шешуі: 7 - 1 =6

3. Аулада 4 қаз және одан екеуі артық үйрек жүр.

Үйрек нешеу? / «6» дәлелде/

Шешуі: 4 + 2 = 6

4. Аулада 5 үйрек,

Қорада 3 үйрек.

1 үйрек тығылды,

1 үйрек жығылды.

Қалғаны нешеу үйрек?

Шешуі: 5+3= 8

8 -1 -1=6

5.Тал басында 1 ара

Қонушы еді күнара.

Бүгін 5 туысын

Ертіп келді бұл ара . /барлығы қанша ара ?

/6/ дәлелде 1+5=6

6.Алма ағашта 5 алма

Қандай тәтті, жесе алма 5-інде жеп қойсам

Қалады онда неше алма? /0 /

Х.Келесі кездесетін жануар «Құлан»

Математикалық диктант. / бұл тапсырманы дәптерде орындаймыз/


1. 7-ге 2-ні қосамыз. Тексеру: І -топ :7+2= 9

2. 5-ті 3-ке арттыру . 5+3 =8

3. 8-ден 3-ті азайту. 8-3= 5

4. 4 қосу 4. ІІ-топ: 4+4= 8

5.9- ды 2-ге кеміт 9-2=7

6. 6-дан 3 азайту. 6-3= 3

/күн жарқырап кетеді/

ХІ.Оқулықпен жұмыс.

Мұғалім : -Балалар, естіп жатырсындар ма , бір қатты жылап жатқан дауыс?!

- Кәне тез жету керек бізге.

Ашылады тапсырма / қақпанға түсіп қалған түлкі ғой. Кәне тез босатайық түлкіні.Ол үшін оқулықпен жұмыс істейміз.

ХІІ.« Құстарға» қамқор жасайық «Қоқиқаз» суреті №4 -25 бет

ХІІІ.«Барыстың тапсырмасы» ( тақтаға шығып орындау)

Теңдік / теңсіздік орындауға

-Ал балалар, бізге үйге қайту керек ,үйге тез жету үшін барыс бізге желді шар берді.

ХІV. Қорытынды. Ассоциация құру.

Саяхатымыз аяқталып, сыныпқа оралып қелдік. Ал, сыныпта бізді кім күтіп отыр?

-Дымбілмес.

Балалар, ол бізбен бірге барған жоқ, бірақ біз не істедік, не көрдік білгісі келеді, Дымбілмеске айтып береміз бе?

-Иә. Слайдтарды көрсету .

-Сабақта біз қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта «6 »санынын құрамымен таныстық.

-Сабақта не істедік?

- Сабақта есеп шығардық, мысалдар шештік.

-Теңдік, теңсіздік тапсырмалар орындадық.

-Тест тапсырмалар орындадық.

-Жұп, тақ сандарды жинадық.

-Саяхатымыз қызық болды ма? /Иә.

-Не көрдік? /аңдарды

-Оларға қандай қамқорлық жасадық?

-Оларды суықтан, аштықтан құтқардық.



Есеп

Мысалдар

Тест

6 санының құрамымен

таныстық


Теңдік,

теңсіздік

Ассоциация

Жұп, тақ

С андар

Математикалық диктант

геометриялық фигуралар


Әр топтан бір оқушы шығып, экранға қарап /компьютерден «Қазақстан Қызыл кітабы» және сирек кездесетін жануарлардың суреттерін көрсетіп аттарын атап береді. /

ХV. Бағалау. Музыка ойнағанда бағалауға





Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

1. Өткенді қайталау . Оқушыларды есептерді шығаруға машықтандыру.

2. Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды шығару, ой-пікірін білдіруін дамыту.

Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

3.Ұжымдылыққа, зейіншілікке тәрбиелеу.Қайырымды болуға баулу.

Сабақтың көрнекіліктері: үлестірмелі қима –қағаздар,

дидактикалық материалдар,заттар, ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

Автор
Дата добавления 16.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров239
Номер материала 390964
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх