Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ОБЖ / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Химиялық қару.

Сабақтың тақырыбы: Химиялық қару.


  • ОБЖ

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Химиялық қару.



. Сабақтың мақсаты:



а) білімділік мақсаты: оқушыларға химия қарудың ұрыстық қасиеттерін түсіндіру;

ә) дамытушылық мақсаты: оқушылардың химиялық қару жайлы алған білімдерін дамыту, жетілдіру;

б) тәрбиелік мақсатта оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікін арттыру, елін, жерін сүюге қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Уақыты 45 минут.

Көрнекілігі: АӘД оқулығы, әдістемелік журналдар, интерактивті тақта, газ тұмылдырығы, АИ-2 дәрі қобдишасы.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

Ұйымдастыру кезеңі-3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушы рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі-12 минут.

I бөлімше:

- ҚР Конституциясы қай жылы Президент жарлығымен бекітілді?

- Кіші офитцерлер құрамын ата?

- ЖҰМ-дағы мотоатқыш бөлімше құрамының саны қанша?

- Атқыштарды алғашқы атуға және жаттықтыруға арналған қаруларды ата?

- АКМ-нің салмағы қанша кг?

- РГД-5 қол гранатасын алысқа лақтыру қашықтығы неше метр?

- ҚР мемлекеттік туының авторы кім?

- Маңдайшеп дегеніміз не?

- ҚР-ның Қорғаныс министірі кім?

II бөлімше:

- ҚР ҚК-нің құрылған күнін ата?

- Аға офицерлер құрамын ата?

- БТР-дегі мотоатқыш бөлімше құрамының саны қанша?

- Қарсыластың тірі күшін жоюға арналған және жеке қару болып табылатын қарудың атын ата?

- АК-74 қаруының салмағы қанша?

- Ф-1 қол гранатасын алысқа лақтыру қашықтығы неше метр?

- ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторларын ата?

- Саптың ң, сол) жақ шеті не?

- Көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметшіні кім деп атайды?

- Жоғары әскери қолбасшы кім?

Жаңа сабаққа кіріспе.

I бөлімше:

- Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?

- Мектепте азаматтық қорғаныс бастығы кім болып саналады?

- Жаппай жою қаруларын ата?

- Ядролық жарылыстың факторларын ата?

- Химиялық қару дегеніміз не?

II бөлімше:

Төтенше жағдайлар дегеніміз не?

- Мектепте азаматтық қорғаныстың штаб басшысы кім болып саналады?

- Ядролық қару дегеніміз не?

- Ядролық жарылыстың түрлерін ата?

- Зақымдаушы әрекеті басталуының жылдамдығына қарай улағыш заттар нешеге бөлінеді?

III Негізгі бөлім-25 минут

Саяси хабарламалар.

Жаңа сабақ-Химиялық қару.

Химиялық қару-ұрыстық улы химиялық заттарды(ҰУХЗ) қолдануға негізделген жаппай зақымдау құралының бірі.

ҰУХЗ-ға улағыш заттар мен уыттылар жатады,ол адам мен жануарлар ағзасын зақымдауға арналады, сондай-ақ ҰУХЗ өсімдіктердің әр түрін зақымдау үшін қолданылатын фитотоксиконттар да жатады.

Ұрыстық улағыш химиялық заттар (ҰУХЗ) әрекеттері жөнінен:

- жүйкені жансыздандыратын әрекетті УЗ-VХ (ви-икс), зарин, зоман.

- тері-іріндік әрекеті УЗ-иприт, люизит.

- тұншықтырғыш әрекеті УЗ-фосген, дифосген.

- жалпы улы әрекеті УЗ синил қышқылы, хлорциан.

- тітіркендіргіш әрекетті УЗ-СS(cи-эс), СR(си-ар).

- психохимиялық әрекетті УЗ-ВZ(би-зет) деп бөлінеді.

Химиялық қарудың зақымдаушы факторларына ҰУХЗ-дың әртүрлі ұрыстық күйі жатады. ҰУХЗ-дың ұрыстық күйінің түрлері; бу, аэрозоль және тамшылар.,

Бу-газ тәрізді түрде болатын зат.

Аэрозольдар-ауада тұратын және сұйық бөлшектерден құралған дисперсті гетерогенді(біртектес емес) жүйелер.

Тамшылар-өте ұсақ бөлшектер.

Бу және жұмсақ дисперлі аэрозоль қалпындағы химиялық зат ауаны уландырып, дем алу арқылы тірі жанды зақымдайды(ингаляциялық зақымдану).

Қатты дисперлі аэрозоль және тамшы түріндегі ҰУХЗ жергілікті жерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әскери киімді, қорғану құралдарын,суларды зақымдап, қорғалмаған тірі жанды оның тері бетінде бөлшектердің түскен кезінде де, олардың зақымданған жер бетіне булану нәтижесінде түсу немесе тірі анның зақымданған жермен түйісу жасағанда да зақымдауға қабілетті.

Тірі жанның зақымданған тамақ өнімдері мен суды қолдану кезінде де болуы мүмкін.

Химиялық зақымдану құралдарын әскери мақсатта ішінара пайдалану барлық соғыстар тарихында өз орнын тапқан.

1914-1918 жылдары 180 мың тоннадай әртүрлі УЗ шығарылды,оның 125 мың тоннадай ұрыс алаңдарында қолданылды. Тек Германияның өзінде 34 млн- дай химиялық снарядтар дайындалды. Дүниежүзілік соғыста УЗ-дан зақымданғандардың жалпы саны 1 млн.300 мың адамдай болды.

1925 жылдың 17 маусымында 37 мемлекеттің өкілдері Женевада" Соғыста тұншықтыратын улы немесе басқа да бактериялогиялық заттарды қолдануға тыйым салу туралы хаттамаға"қол қойды.Кеңестер Одағы бұл хаттамаға 1927 жылы қол қойып,оны 1928 жылы мақұлдады.Қысқа мерзім ішінде Женева хаттамасын әлемнәң көптеген елдері мақұлдады.Кейбір ірі мемлекеттер, мысалы АҚШ пен Жапония оны мақұлдаудан бас тартты. Тек 50 жыл өткеннен кейін ғана АҚШ бірнеше ұсыныстар енгізе отырып,бұл хаттаманы мақұлдауға мәжбүр болды.

Бірақ тарихта Женева келіссөзіне қарамастан, басқыншылық соғыста химиялық қаруды қолданғаны туралы деректер бар. Мысалы, 1935-1936 жылдары Эфиопиямен соғыста итальяндықтар жаппай химиялық шабуылды 19 рет жүргізді. 760 мыңдай әскер мен Эфиопия тұрғындарының 30%-дайы химиялық қарудан қаза тапты. Қытаймен болған соғыста қолданды.

АҚШ халықаралық келіссөздерді бұзып, 1951-1952 жылдары Кореядағы ұрыс қимылдары кезінде химиялық қаруды қолданды. Көптеген жылдар бойы американдық агрессорлар Вьетнамға және Үндіқытайдағы басқа мемлекеттерге қарсы соғыста химиялық қаруларды кеңінен қолданды.

Химиялық қаруларды обьектілерге жеткізу үшін авиация, ракеталар, артиллерия мен инженерлік және химиялық әскери заттр қолданылады.

Соғыста химиялық қаруды қолданудың бүкіл адамзат үшін қауіптілігін ескере отырып, әлем қауымдастығы бүкіл армия арсенальнан химиялық қаруды шығарып тастау, оған толық тыйым салу үшін күрес жүргізеді.

IV Қортынды бөлім- 5 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

- Химиялық қару дегеніміз не ?

- Ұрыстық улағыш химиялық заттар (ҰУХЗ) әрекеттері жөнінен қалай бөлінеді?

- Ұрыстық улағыш химиялық заттардың (ҰУХЗ) ұрыстық түрлері туралы айтыңдар.

- Химиялық қаруды қолдану тарихы туралы айтыңдар.

Үйге тапсырма беру : тақырып 1.Сабақ 4


Краткое описание документа:

Сабақтың  тақырыбы:    Химиялық  қару.

 Сабақтың мақсаты: 

а) білімділік мақсаты: оқушыларға химия қарудың ұрыстық қасиеттерін түсіндіру;

ә) дамытушылық мақсаты: оқушылардың химиялық қару жайлы алған білімдерін дамыту, жетілдіру;

б) тәрбиелік мақсатта оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікін арттыру, елін, жерін сүюге қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Уақыты 45 минут.

Көрнекілігі: АӘД оқулығы, әдістемелік журналдар, интерактивті тақта, газ тұмылдырығы, АИ-2 дәрі  қобдишасы. 

САБАҚТЫҢ  БАРЫСЫ:

Ұйымдастыру кезеңі-3 минут.

 

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушы   рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Автор
Дата добавления 27.02.2015
Раздел ОБЖ
Подраздел Конспекты
Просмотров594
Номер материала 413265
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх