Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Обществознание / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: § 59 Теңіз балдырлары.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Обществознание

Сабақтың тақырыбы: § 59 Теңіз балдырлары.

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: § 59 Теңіз балдырлары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік­- Теңіз балдырлары туралы жалпы түсінік беру.

Тәрбиелік- оқушыларды табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Дамытушылық- балдырлар туралы білімдерін толықтырып, дамыту.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – көрнекілік.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Көрнекі құралдар: кесте, слайд, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

2. Үй тапсырмасын тексеру. (15 мин)

3. Жаңа сабақ. (20 мин)

4. Жаңа сабақты бекіту (4 мин)

5. Үй тапсырмасы. (2 мин)

6. Білімді бағалау. (1 мин)


Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындықты тексеріп, сабақты бастау.

Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ – жауап.

Жаңа сабақ: Қоңыр балдырлар. Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше келеді. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып өседі. Оған-қоңыр және қызыл балдырлар жатады. Бұл балдырлардың кейбір түрлері Қазақстанда Каспий теңізінде де кездеседі.

Қоңыр балдырлардың барлығы да көпжасушалы, 1500-дей түрі бар. Биіктігі бір миллиметрден бірнеше ондаған метрге дейін жетеді. Ең ірілерінің талломы тарамдалып тұрады.

Қоңыр балдырлардың жасуша қабықшасының сырты созылыңқы сілемейлі қабықшамен қапталған. Жасушасы-бір ядролы, вакуольдері біреу немесе көп болады. Сілемейлі қабықша теңіз толқынының күшіне төтеп беріп, су қайтқанда балдырларды құрғап кетуден сақтайды. Майда вакуольдердің құрамында илік заттар бар. Олардың дән тәрізді хроматофорлары жасуша қабықшасына жақын орналасады. Жасушаның қор заты- полисахаридтер.

Қоңыр балдырларға ламинария, саргассум және т.б. жатады. Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10шақырымдай аймақты қамтып, 20-30метр тереңдікте өседі. Оның сыртқы құрлысы гүлді өсімдіктерге ұқсас өсінділермен бекініп өседі. Ұзындығы 50 сантиметрге дейін жоғары қарай созылған бөлімі болады. Одан ұзындығы 3-4метрдей жалпақ таспа тәрізді өсінділері жетіледі. Солтүстік ендіктердегі түрлерінің жалпақ таспа тәрізді өсінділері қаңтар, ақпан айларында түсіп қалады.

Саргассум балдырына зер сала қарасаңдар, жидекке ұқсас домалақ өсінділерді көресіңдер. Алайда ол жидек емес, іші ауаға толы көпіршіктер. Балдырлар солардың жәрдемімен суда жүзуін тездетеді, сөйтіп басқа жерлерге тез тарала алады. Саргассум тұқымдас турбинария балдырларында бұл ауалы көпіршік жүзім салқымына ұқсас болады. Сондықтан оны жергілікті тұрғындар «теңіз жүзімі» деп атайды.



Қызыл балдырлар. Теңіздің терең түбінде көпжасушалы қызыл балдырлар өседі. Талломы-таспа, тақташа, жіп тәрізді кейбір жіптері тарамдалған. Қоңыр балдырлар сияқты аса ірі болмайды. Олардың жасушаларындағы дән тәрізді хроматофораларында хлорофилден басқа қызыл-көк пигменттері болады. Сондықтан бұл балдырлар түсінің қызыл, қызғылт және сары, көк-жасыл болуы да мүмкін. Теңіздің түбінде бұл балдырлар айрықша әдемі, көз тартады. Жасушаның қор заты- май және қантты заттар.

Өсімді, жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбейгенде бөлініп қалған бөліктерінен жаңа дарақ түзілмей, жетіліп, бөлініп, өседі. Жыныссыз көбейгенде түзілетін спораларының талшығы болмайды. Судың ағынымен қозғалады. Спора түзетін қалта- бір жасушадан түзілген спорангийдің ішінде бір немесе төрт спора жетіледі. Кейде олар тарамдалған тармақтарының ұштарында пайда болады. Споралардан төсемікте жыныстық жасушалар түзілетін жынысты ұрпағы жетіледі.

Біржасушалы аталық жыныстық мүшесі тармақтарының ұшында немесе денесінің үстінде жетіледі. Онда көп аталық жыныс жасушалары түзіледі. Аналық жыныс мүшесі- тармақ ұшындағы жасушадан пайда болады. Жұмыртқажасушасы ұрықтанғаннан кейін күрделі өзгерістерге ұшырап, жыныссыз ұрпағына айналады.


Балдырлардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы. Балдырларды қорғау. Балдырлардың тағбиғатта маңызы зор. Топырақта өсетіндері оттек бөлумен қатар өздері шіріп, топырақты құнарландырады. Бір грамм қара топырақта 50 000 балдыр болады. Суда өсетін жасыл балдырлар көмірқышқыл газын сіңіріп отырып, суды тазартады. Ал азық болатын ұсақ жәндіктер балдырларды қорек етеді. Балдырлармен балықтар, теңіз жәндіктері де қоректенеді.

Балдырларды шаруашылыққа кеңінен пайдаланады. Қоңыр балдырлар мен қызыл балдырларды ертеден-ақ тамаққа, мал азығына пайдаланып келеді. Себебі бұлардың құрамында йод, фосфор, мыс болады. Қытай мен Жапонияда порфира балдырын арнайы табиғи жағдайға жақын ортада өсіріп, көкөніс есебінден тамаққа пайдаланады. Ламинария балдырын теңіз орамжапырағы деген атпен адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту, жемсау ауруынан сақтандыру үшін тамаққа қосады.

Бекіту:

  1. Қоңыр балдырлар қайда өседі?

  2. Қоңыр балдырлардың сыртқы құрлысы қандай?

  3. Қандай теңіз балдырларын білесіңдер?

  4. Балдырлардың түстері неге қызыл, қоғыр болады?

Үйге тапсырма: § 59 Теңіз балдырлары.

Бағалау: білім деігейлеріне сай оқушыларды бағалау.

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:  § 59 Теңіз балдырлары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік­- Теңіз балдырлары туралы жалпы түсінік беру.

Тәрбиелік- оқушыларды табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Дамытушылық- балдырлар туралы білімдерін толықтырып, дамыту.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – көрнекілік.

Сабақтың типі: аралас сабақ.                       

Көрнекі құралдар: кесте, слайд, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.                                (2 мин)

2. Үй тапсырмасын тексеру.                         (15 мин)

3. Жаңа сабақ.                                                (20 мин)

4. Жаңа сабақты бекіту                                  (4 мин)

5. Үй тапсырмасы.                                          (2 мин)

6. Білімді бағалау.                                          (1 мин)

 

Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындықты тексеріп, сабақты бастау.

Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ – жауап.

Жаңа сабақ: Қоңыр балдырлар. Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше келеді. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып өседі. Оған-қоңыр  және қызыл балдырлар жатады. Бұл балдырлардың кейбір түрлері Қазақстанда Каспий теңізінде де кездеседі.

Қоңыр балдырлардың барлығы да көпжасушалы, 1500-дей түрі бар. Биіктігі бір миллиметрден бірнеше ондаған метрге дейін жетеді. Ең ірілерінің талломы тарамдалып тұрады.

Автор
Дата добавления 24.02.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Конспекты
Просмотров1514
Номер материала 407362
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх