Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:



Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сан есімнің түрленуінен алған білімдерін кеңейтіп,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету,мәтін ішінен тауып,талдауға баулу.

Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге,шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық,өнегелік ортасын қалыптастыру.

Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге,жүйелі ойлау,ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;сатылай кешенді талдау арқылы сан есімнің түрленуінен алған теориялық білімдерін іс жүзіне асыру,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: қайталау,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: схема-таблицалар,қима қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Сын есімдер сөйлемде қандай сөйлем мүшесін атқарады?

2. Қандай жағдайда баяндауыштың қызметін атқарады?

III. Жаңа сабақты түсіндіру:

Сан есімдердің түрлену жүйесі біркелкі емес,әркелкі болып келеді. Мысалы,есептік, жинақтық сан есімдер сан атаулары ретінде заттық ұғымда қолданылатын сөздер болғандықтан ,олар септік, тәуелдік,жіктік жалғауларын қабылдай алады.

Кестемен жұмыс

А) «Кітап –досың,ақылшың»

Жаттығумен жұмыс: 88-жаттығу. Мәтіндердегі заттық ұғымда жұмсалып тұрған сан есімдерді табыңдар. Қалай түрленіп тұрғанын түсіндіріңдер.

Ә) «Мәнерлі сөздің мәнін ұқ»

Берілген мақал-мәтелдерді оқып,көп нүктенің орнына сан есімдерді қойып,мағынасын түсіндір.

1 ........... жасар бала алыстан келсе,

............. қария сәлем берер.

2............ ала болса ауыздағы кетеді,

............... түгел болса төбедегі келеді.

3 ............ атасын білген ер,.......... жұрттың қамын жер.

Шығармашылық жұмыс

Сан есімдерді қолданып, «Біздің сынып» тақырыбына ойтолғау жазу.

IV.Бекіту

«Біліміңді байқап көр»

А.Талдау жұмыстары

1.Жігітке жетпіс өнерде аз.

2.Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады

3.Мыңның түсін білгенше,бірдің атын біл.

4.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болады.

Ә. Пысықтау сұрақтары

1.Сан есім дегеніміз не?

2.Олар қандай қызмет атқарады?

3.Сан есімдер қалай түрленеді?

4.Сан есімнің мағыналық түрлері



Қорытынды

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 92 -жаттығу.













Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сан есімнің түрленуінен алған білімдерін кеңейтіп,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету,мәтін ішінен тауып,талдауға баулу.

Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге,шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық,өнегелік ортасын қалыптастыру.

Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге,жүйелі ойлау,ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;сатылай кешенді талдау арқылы сан есімнің түрленуінен алған теориялық білімдерін іс жүзіне асыру,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: қайталау,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: схема-таблицалар,қима қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

Автор
Дата добавления 10.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров326
Номер материала 480512
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх