Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киім

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы:  Ұлттық киім

Сабақтың мақсаты :

* Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту.

* Өз халқынның салт – дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, кітап, слайдтар, суреттер, кестелер, кеспелер.

Сабақ түрі: алған білімдерін  қорытындылау сабағы, аралас.

Пайдаланған жаңа технологиялар: АКТ, сын тұрғысынан ойлау,  формативті бағалау, кері байланыс.

Қолданылған жұмыс формалары: жекелеме жұмыс, жеке жұмыс, тұрақты, алмасатын топтармен жұмы

 Барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

ә) оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

Көңіл-күйіміз жақсы болсын! Барлығыңызға сәттілік тілейміз!                         
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

б) топқа бөлу: ұлттық киімдердің суреттері арқылы

ІІ. Ой қозғау

-         Киім деген не?  (Киім адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым.)

-         Ұлттық киім қалай тігіледі? ( Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сыртқы, біркиер, салтанат киімдері болады. Біркиер киім қымбат матадан тігіледі. Той думандарға барғанда, жат елге іс сапарға шыққанда киетін сәнді киім жасалады.

-         Қандай ұлттық киімдер түрлерін білесіңдер?

ІІІ. Тапсырма: «Киім түрлері» постер жасау  (топпен жұмыс)
- Презентацияны қорғау.
Топ басшылары «Ұлттық бас киім», «Ұлттық киім», «Ұлттық аяқ киім» тақырыптарындағы дайындаған мәліметтерін постер арқылы айтып шығады.
І топ. Бас киім: Бөрік. Тымақ. Сәукеле .Тақия. Кимешек.
ІІ топ. Сырт киім: Шапан. Тон. Ішік. Көйлек. Қамзол. Жейде. Шалбар
ІІІ топ. Аяқ киім: Мәсі. Кебіс. Әйелдер  етігі. Ерлер етігі.

ІҮ. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым.

Мәтінді түсіну және мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қою.

Ү. «Ойлаң, тап»

1.     Бұл  киім жұмыстың сипатына сай келіп, қолайлы, ыңғайлы, қарапайым болу керек.

2.     Бұл  киім қолайлы, жеңіл және әдемі болумен бірге, оның үстіне дененің температурасын реттеп те отыра алатын болуға тиіс.

3.     Соңғы жылдары бұл киімге екреше назар аударылып жүр. Оны  жігіттер мен қыздардың өмір салтына үйлесімді болу керек. Қазіргі кезде бұл  киім ашық түсті, сәнді.

4.      Бұл киім – тәртіптіліктің және ұжымға деген құрметтің айғағы, сондықтан оны мектептегі салтанаттарға да киіп, ұқыпты ұстау керек.

5.     Жеңіл, дөңгелектеп тігілетін бас киім. Ұлттық өрнегіне, тігілуіне қарай әртүрлі болады,  тіккенде бір түсті матадан (сәтен, шұға, барқыт т.б.) таңдаса, төбесі төрт сай немесе дөңгелек, үшкіл төбелі етіп тігіледі.

6.     Бұл аяқ киімнің бір түрі. Оның ерекшелігі – өкшесі болмайды, сыртынан аяқ киім  киеді. Оны  ерлер де, әйелдер де киеді; жұмсақ былғарыдан немесе құрымнан тігеді.

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақттар дайындаңдар ( интерактивті тақтада мәтін көрсетіледі)

Қазақ халқының ұлттық киімдері. Қазақ халқы ұлттық киімдерін сәндеп тіккен. Киімдері ашық түсті болған. Көйлектері ұзын жеңді, етектері кең, желбіректер тігілген. Камзол, шапандарын ою-өрнекпен безендірген. Бас киімдері: үкілі тақия, сәукеле, бөрік, тымақ. Әжелер бастарына кимешек киген. Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шолпы таққан. Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті.

Сұрақтары:

1.     Қазақ халқы киімдерін қалай тіккен?

2.     Көйлектері қандай болған?

3.     Камзол, шапандарын немен безендірген?

4.     Қандай бас киімдері бар?

5.     Зергерлік бұйымдардан нелен таққан?

6.     Әжелер бастарына не киген?

Жаңа сабақты қортындылау:

·         Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік?

·         Ұлттық киімдердің түрлерін ата?

·         Тақия – Шығыс халықтарына тән бас киімнің түрі. Жеңіл, дөңгелектеп тігілетін бас киім. Ұлттық өрнегіне, тігілуіне қарай әртүрлі болады. Тақияны тіккенде бір түсті матадан (сәтен, шұға, барқыт т.б.) таңдаса, төбесі төрт сай немесе дөңгелек, үшкіл төбелі етіп тігіледі. Ерлерге арналған тақиның кестелісі де, кесетесізі де кездеседі. Жиегі қолмен немесе машинамен сырылады. Қыздарға арналған тақиялар әртүрлі жіптермен кестеленіп, моншақ, асыл тастармен безендіріледі.

·         Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін бас киім. Сәукелені қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді.Сәукеле арнайы басылған ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырған матадан жасалып, сырты қымбат матамен (барқыт, атлас, шұға) қапталып, шетін құндыз, кәмшәт терісімен айналдыра тігіледі.

·         Сәукеленің төбесіне, өн бойына алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылып, алтын жібек жіппен кестеленеді. Сәукеленің төбесіне жібектен желек тағылып, оған үкі қадайды.

·         Тымақ – аңның немесе малдың терісінен тігілетін қыстық бас киім. Тымақты ішік сияқты тігілген терісіне байланысты: түлкі тымақ, елтірі тымақ деп аталады. Тымақ төрт сайлы, биік төбелі, суықтан қорғайтындай етіп тігіледі. Тымақтың екі құлағы және мойынды жауып тұратын артқы етегі болады.

·         Кимешек – әйелдердің бас киімі. Кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен тігіледі. Ол басты, кеудені, иық пен арқаны жауып тұрады. Кимешектің кеуде жағын, бет жаулықтарын көмкеріп кестелейді.

·         Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі. Бөрік қыстық бөрік (жүн немесе мақта салып тігіледі), жаздық бөрік болып екіге бөлінеді. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді. Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды. Қыздар киетін бөріктің төбесі төрт сайлы болып келеді және үкі тағылады, асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады. Қазақта әшекейлі, үкілі бөрікті сал-серілер де киген.

·         Етік – ертеде илеген теріден, бертінде былғарыдан киген. Былғарыдан тігілген етіктің қонышы ұзын болып келеді.

·         Былғары етік қара, сары, қызыл түсті бояулармен боялады. Қыз-келіншектер қызыл түсті былғарыдан ою-өрнектеп тіктірген етік киген. Оны «сапиян етік» деп атайды. Ал мырза сал-сері жігіттер қара түсті былғарыдан, оюлатып етік киюді әдет еткен, оны «саптама етік» деп атаған.

·         Мәсі – аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы – өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді. Мәсіні ерлер де, әйелдер де киеді. Мәсіні жұмсақ былғарыдан немесе құрымнан тігеді.

·         Кебіс – мәсінің сыртынан киюге арналып, былғарыдан тігілген аяқ киім. Оның басын жұмсақ былғарыдан, табанын қатты ұлтаннан биік етіп тігеді. Кебісті оюлап әшекейлеп тігеді.

Қортындылау: Сөзжұмбақ

2. Әйелдер де, ер кісілер де киетін бас киімі.

3. Қыста киетін ер адамның бас киімі.

4. Жеңсіз жеңіл киім.

5. Аяқ-киім түрі.

6. Қалыңдықтың бас киімі.

Үйге тапсырма:Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы реферат жазу.

Бағалау: формативті бағалау, бір-бірін бағалайды.

Кері  байланыс:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Краткое описание материала

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киім

5

(1 оценка)

  • DOCX

Файл будет скачан в формате:

  • DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Сыздыгалина Акерке Болыспековна

учитель казахского языка

  • На сайте: 11 лет и 3 месяца
  • Всего просмотров: 16898
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 16898
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Сыздыгалина Акерке Болыспековна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~70

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: