Сабақтың тақырыбы: Ағаш ек

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: Наурыз

Сабақтың мақсаты:Халқымыздың бойындағы ұлттық түр мен мазмұн байлығына үңілу арқылы жақсылық пен әдемілікті түсінуге ұмтылу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Ресурстар: интербелсенді тақта, ватман, кәмпит, асық.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-              Сәлеметсіздер ме,балалар! Бүгінгі сабаққа жақсы қатысып отырайық. Бір-бірімізді тыңдайық, өйткені сабақ соңында бір-бірімізді бағалаймыз. Ең алдымен ортаға шығайық.

Тренинг: екі қатарға тұру. Ең соңғы оқушыға сурет көрсету, сол суретті айтпай алдында тұрған баланың арқасына қолымен салу . Бірінші бала сол суретті қағазға салады.

Үй жұмысын тексеру. Дорбадан асық алып, сұрақтарға жауап беру.

1.            Дүниедегі теңдесі жоқ байлық не?

2.            Ағаш біріншіден табиғатта нені сақтайды?

3.            Ағаштың қандай пайдасын білесің ?

4.            Ағаштан қандай жиһаздар жасайды?

5.            Ағаш ненің көркі?

6.            Орманшының жұмысы қандай?

-              Балалар, алда бізде қандай мереке болғалы жатыр? Мектеп, ауыл осы мерекеге дайындалып жатырмыз.

-              Наурыз мерекесі.

-              Наурыз деген сөзді естігенде көз алдымызға нелер келеді? Тақтаға жазайықшы.

-              Наурыз – парсы тілінде « жаңа күн »  деген сөз. Яғни, бұл күн- біздің ата-бабаларымыз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеліп, бұдан былай күн түннен ұзара береді. Ұлыстың ұлы күні әрбір адам бұрынғы реніш, өкпе-наздары болса, бәрін кешіріп, бірін-бірі мейман етеді.

Наурыз айында көк шыға бастайды осы кезде наурызтал егіледі.

Наурыз мерекесінде әжелер не шашады ?

-              Шашу.

-              Ендеше ортаға шығыңдар мен де сендерге наурыз мерекесіне шашу шашамын. ( кәмпит шашу, әр оқушы кәмпит алып, топқа бөлініп отырады)

-              Енді осы наурыз мерекесіне байланысты оқулықта мәтін бар. Әркім жеке оқып шығамыз. Жұпта, топта талдаймыз.

-              Талдап болсақ, тақтаға тағы қай елдерде Наурыз мейрамы тойланады екен жаза қояйықшы.

Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар, Кавказ.

-              Жақсы балалар, енді әр топ оқыған мәтін бойынша бір-біріне екі сұрақтан дайындайық.

Сұрақтар оқылып, жауап береді.

-              Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы қандай ? Білеміз бе ?

Наурызкөже жеті түрлі дәмнен жасалады. Оның мәні-жаңа жылда тойымшылдық, молшылық, мәнді де татымды өмір болсын дегенді білдіреді екен.

Наурызкөжеге қандай жеті түрлі дәм салады екен, оны өзіміз сәйкестендіріп көрейік.

( Тақтада наурызкөже және күріш, құрт,айран,қант,тұз,арпа ,бидай, су,сүт,ет деген сөздер жазылып тұрады)

-              Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма ? Енді топта бір-бірімізді бармақ арқылы бағалайық. Ол оқушы жақсы қатысса бас бармақты жоғары көтереміз, орташа жанынан, төмен қатысса бармақты төмен түсіреміз.

Рефлексия қағазға қолымыздың суретін саламыз, ортасына атымызды жазамыз.

Бас бармақ- денсаулығың үшін не істедің ?

Балан үйрек- өзіңе қажет не алдың ?

Ортан терек- досың үшін не істедің ?

Шылдыр шүмек-тағы не білгің келеді?

Кішкене бөбек- бүгінгі сабақтың қызықты болған сәті.

Үй тапсырмасы: досыңа ашықхат жасап, наурыз мерекесіне тілек жазып келіңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Краткое описание материала

Сабақтың тақырыбы: Ағаш ек

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Текебасова Гаухар Кайратовна

Учитель начальных классов

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 4039
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 3
  • 4039
    просмотров
  • 3
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Текебасова Гаухар Кайратовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~230

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: