Инфоурок Иностранные языки КонспектыСабақтың тақырыбы: Адамшылықтың шуағы сөнбесін.

Сабақтың тақырыбы: Адамшылықтың шуағы сөнбесін.

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Адамшылықтың шуағы сөнбесін!.doc

 

 

 

 

 

 

Арипова Р.Д.Ағылшын тілі пәнінің мұғаліміАдамшылықтың шуағы сөнбесін!

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Адамшылықтың шуағы сөнбесін.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды және тағы басқа адамдық асыл қасиеттерді игертуге ықпал ету.

 

Сабақ  көрнекілігі: Плакат

                                    Күлімдеген күн суреті

                                    Түнерген бұлттардың бірнеше суреті

                                    Кемпірқосақ суреті

                                    Цитаталар

                     

Сабақ әдісі: пікірлесу, сауалнама, сұрақ-жауап

 

Сабақ барысы: Ұйымдастыру

                            Кіріспе

                            Күн көзінен бұлттарды ашу (6 түрлі)

                            Тест тапсырмасы

                            Сабақты қорытындылау

 

      Мұғалімнің кіріспе сөзі.

      Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің маңызы зор. Ақынжанды, ақжарқын, шешен, өнерпаз және өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы жинаған, қалыптастырған тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ережелері, рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлері сендердің жан-дүниелеріңе әсер етіп, саналарыңа сіңсе, ұлттық мәдениетті игерген, иман жүзді, инабатты ұрпақ болып өсесіңдер.

       Халқымыздың әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық, еңбекшілдік, сүйіспеншілік, аяушылық және адалдық қасиеттерін бойына сіңірген адам - адамшылығы мол тұлға болып есептеледі.

       Бүгінгі тәрбие сағатымызда осы сапалардың біразы туралы пікірлессек қалай болады? Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген Күннің суретіне назар аударайық. Жарық күн көлегейленіп тұр, біз күнді мейірбан, жан шуағын төгетін анаға теңесек, біз оның жүрегіндегі сезіміне түскен көлеңкені сейілтейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ол үшін күннің бетін бұлттардан ашайық:

       1-ші бұлт – Сенің шешуің не? Сен неге түнере қалдың?

                            “Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді”. Адам-

                             шылық амандасудан басталады.

                            Оқушылардың пікірін осы тұғырда тыңдау. (Пікірлері тыңдалған соң бірінші бұлт күн көзінен алынып тасталынады).

 

       2-ші бұлт –  енді осы бұлттан күн көзін сейілтейік, ол үшін тапсырмаға назар аударамыз.

Баяу ән әуенімен жағымды ойларға берілеміз (осыған сәл уақыт беріледі). Содан соң ойлары тыңдалады. Мысалға:

 А) Жер бетінде тыныштық болса екен....

Ә) Мектепті үздік бітірсем екен....

Б) Мақтаулы сынып болсақ екен....

В) Олимпиадада жеңіске жетсек екен.....

Г) Алдағы қой жылы тыныштық, молшылық болса екен....

Д) Анам үнемі қасымда болса екен.....

 

     3-ші бұлт –  адамгершілікке жататын қасиеттердің бірі – сүйіспеншілік. Осы сүйіспеншіліктің түрлері  туралы не айтасындар:

 А) Ата-анамды сүйемін. Осыған орай мақал-мәтелдер айтылады және “Анашым” әні орындалады.

Ә) Отанымды сүйемін. Осыған орай мақал-мәтелдер айтылады және “Құстың отаны” аңызы тыңдалады.

Б) Достарымды сүйемін. Осыған орай мақал-мәтелдер айтылады және бірнеше бала досының бойындағы үлгі тұтарлық қасиеттерін атайды.

 

       4-ші бұлт –  тест тапсырмасы:

1. Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келмейді. Тіпті  оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Осы жағдайда сен не істер едің?

 - ештеңе білмегендей боласың;

 - достарыңмен бірге мазақ қыласың;

 - достарыңның табалауынан қорықпастан, осы баланы ортаға тартуға, достасуға шақырасың.

2. Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу керек?

 - үлкен ағаш болып өскесін;

 - көшет кезінде;

 - ешқашан;

3. Сенің үлкен әпкең анасына құрбысының үйіне сабаққа даярланамын деп кетіп, ал шындығында басқа жерге кетеді. Егер сенің анаң сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің?

 - бұл жайында ештеңе білмеймін деймін;

 - бір дәлел ойлап тауып әпкеңді құтқаруға тырысасың;

 - шындықты айтасың.

Тест тапсырмасы орындалған соң, оқушылардың берген жауаптарымен пікірлесу, әр оқушының адам бойындағы қасиеттерді қалай бағалайтынын білу.

 

       5-ші бұлт –  Сыр-сұхбат. Әр оқушы қойылған сауалдарға жауап береді.

Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесің?

Аманат деген не?

Сыйластық деген не?

Адам бойындағы қандай адамгершілік қасиеттерді бағалар едің?

Осыған орай оқушылардың пікірлерін тыңдап, бесінші бұлтпен күн көзін ашамыз.

 

       6-шы бұлт – адамгершілікке жататын тағы бір тамаша қасиеттердің бірі - әдептілік. Осы тақырыпта балалардың пікірі тыңдалады.

       Сонымен соңғы бұлттан да күн көзін аштық. Күніміз күлімдеп ашылып, жарқырай түсті.

 

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

 

       Осы жарқыраған күндей мейірімді, жандарың шуақты, көңілдерің ақ, адамға тән жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол, адамшылығы шуақты Азамат болыңдар!

 

       Ашылған күнді көмкерген кемпірқосақ түстеріне тоқталып, қандай түс адамзаттың қандай жақсы қасиетіне тең келетіні туралы айта кетейік.

Кемпірқосақта 7 түс бар екенін бәріміз білеміз.

- Оларды атап көрейік

 1-қызыл - адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар.

 2-қызылсары -  бұл түс арманшыл, ерекше жандар екендігін білдіреді. Олар көпшіліктің ортасында болғанды ұнатады. Көптеген қабілетке ие болып келеді.

 3-сары  - жеңілдік пен қуанышты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге  құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады.

 4-жасыл - еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар.

 5-ашық көк  - түсінуге деген құлшыныс, айналасын махаббатқа бөлеу.   

 6-қою көк - жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.

 7-күлгін - адамның тілегені мен қиялындағысы ақиқатқа айналады деген үміттің нышаны. Асыл арман мен көркем қиялдың түсі. Бұл түсті таңдағандар тек өзгелерді таң қалдырғысы немесе сүйсіндіргісі келмейді, өзін де таң қалдырғандығын қалайды. Оларға әлем сиқырлы, бар нәрсеге қол жеткізуге болатындай болып көрінеді.

        Осылай балалар осындай алуан түстер секілді алуан қырлы жақсы қасиеттерге ие болып, оларды бойымызға дарытып, дамыта білейік. Әрқашан адамшылық шуақтарың сөнбей, жарқырай беріңдер!

    

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Адамшылықтың шуағы сөнбесін."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

      Мұғалімнің кіріспе сөзі.

      Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің маңызы зор. Ақынжанды, ақжарқын, шешен, өнерпаз және өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы жинаған, қалыптастырған тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ережелері, рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлері сендердің жан-дүниелеріңе әсер етіп, саналарыңа сіңсе, ұлттық мәдениетті игерген, иман жүзді, инабатты ұрпақ болып өсесіңдер.

       Халқымыздың әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық, еңбекшілдік, сүйіспеншілік, аяушылық және адалдық қасиеттерін бойына сіңірген адам - адамшылығы мол тұлға болып есептеледі.

       Бүгінгі тәрбие сағатымызда осы сапалардың біразы туралы пікірлессек қалай болады? Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген Күннің суретіне назар аударайық. Жарық күн көлегейленіп тұр, біз күнді мейірбан, жан шуағын төгетін анаға теңесек, біз оның жүрегіндегі сезіміне түскен көлеңкені сейілтейік.

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 623 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2015 4855
    • RAR 598.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумагалиева Анар Айткалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумагалиева Анар Айткалиевна
    Жумагалиева Анар Айткалиевна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 110195
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Письмо: методика подготовки учащихся к ОГЭ по английскому языку

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 31 региона

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания немецкого языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 39 регионов

Курс повышения квалификации

Эффективные методики изучения иностранных языков

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 168 человек из 52 регионов

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе