Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақтың тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы

библиотека
материалов

hello_html_m1fd43c5.gifhello_html_m70283ae1.gifhello_html_28286775.gifhello_html_21e4cd9d.gifhello_html_m2baaa12a.gifhello_html_m4a7fb6a9.gifhello_html_1ebc630e.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі

Бастауыш класс мұғалімдері Аспантаева Лида Батырбековна және Калуова Куланда Батырбековна

Сабақтың тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі:

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана-ұлы адам,Ана-құдіретті жан,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,

Аяулы аналар!!!

Арулар!

Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі-8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік,ақылды,сымбатты,мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !

Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды.Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі.Әлемдегі ең асыл жан ол-Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады.Ана бұл аяулы да мейірімді жан.Баланың тілі шыққаннан-ақ бірінші сөзін ана деп айтады.Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.

Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,

Ару-өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді.Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама.Қандай нақты айтылған ой десеңізші!Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә,Құдайдан кейін құдірет иесі–ана.Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек,бүгінде ұрпақ өсірумен қатар,ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда

болмасын құрметке лайық.Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады.Бірі ғалым , бірі саясаткер,енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді.Солардың бірі аяулы ұстаздар.Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.

І жүргізуші:

Той пердесін ашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

ІІ жүргізуші:

Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын ұстаздарым

Қуанышты берекең

І жүргізуші:

1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.

Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді.

Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік.Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып,8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.

1-оқушы:

Өзіңе еліктеп өсермін

Борышты өтермін қалайда

Тым нәзік, жұтаңдау жырымды

Жүректе жылытшы, жарай ма?

Мұғалім: Хор «Ананың тілі.»

ІІ жүргізуші:

- Оқушыларды өздерінің шығарған өлеңдерін оқиды. Қабыл алыңыздар.

Мұғалім: -«Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

І жүргізуші:

-Дидар, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.

ІІ жүргізуші:

-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?

І жүргізуші:

-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.

ІІ жүргізуші:

- Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.

Мұғалім: -Аялы алақан ойыны

Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу

2-оқушы

Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.

Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

І жүргізуші:

Ән де шырқап, ойын да ойнап жатырмыз.

Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз.

3-оқушы:

Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсақ анаменен данамыз

Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын

Анаға арнап тағы бір ән саламыз

Мұғалім:

-Кластың орындауында ән «Анаға сәлем.»

І жүргізуші:

-Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен.

ІІ жүргізуші:

-Олар осындай байлаулы көзбен басқа нәрсені де бізді көргендей жақсы көрер ме екен ?

І жүргізуші: -Сынап көрелік.

Мұғалім: Гүл құрастыру.

Мына гүлдерді көзін байлап орнына құрастыру

І жүргізуші:

- Мерген аналарымыздың құрметіне тағы да ән шашу

Мұғалім: - «Анашым» әні

ІІ жүргізуші:

-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.

Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.

- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді

Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.

Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ.

Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.

Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.

І жүргізуші:

-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.

Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты.

Сен осылай жасай алар ма едің?

ІІ жүргізуші:

- Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім?

І жүргізуші:

-Ол бақытты жан кім екен ?

І жүргізуші:

- Білмеймін.Тек күшімнің келері сол болар дегенім ғой.

Мұғалім:Ән Шоқ қыздар.

ІІ жүргізуші:

- Аналарымыз қандай өнерлі десеңші!

І жүргізуші:

- Өздері мерген. Өздері бір үлкен адамды да көтеріп кететіндей күштерін қалай сынасақ екен?

ІІ жүргізуші:

-Олардың шешендігін сынап көрелік.

Мұғалім:Сөз тапқанға қолқа жоқ ойыны

Аналарды ортаға шақырып, бір санды таңдатамыз.

Таңдаған сандарының сұрақтарына жауап береді. Бір сан 5 сұрақтан тұрады.

І ж -Менің анам алтын

ІІ ж -Менің де анам алтын

І ж -Аналарды құрметтеп

ІІ ж -Қол соғыңдар жалпың

Аналарды ортаға шақырамыз

І жүргізуші:

- Біздің сөз тапқыш аналарымыздың құрметіне «Әже» әнін ұсынамыз.

4-оқушы:

Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан шаршап үйге келгенімде,

Бал сөзі жаным деген сая маған.

ІІ жүргізуші:

-Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.

І жүргізуші:

-Бәріміз де ана алдында борыштармыз.Сол борышты өтеу бізге міндет.Сынып оқушыларының орындауында «Әлемнің жарығы.» әнін

қабыл алыңыздар!

Мұғалім:

-Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді:Екі дүниенің сардары,кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) –ға сахабалары келіп

-Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда:-Ол анаңа,-деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде:-тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді:

кеңе,-деді .

Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет.Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс.Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра класс сағатымызды аяқтаймыз.

Сабақтың тақырыбы: Гүлдене бер, Қазақстан!

Сабақтың мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар аралығында жеткен жетістіктерімен таныстырып, әлем таныған ел екенін дәлелдеу.

Міндеттері:Сабақтың білімділігі:Оқушылардың білімділік дағдыларын кеңейту.

Сабақтың дамытушылығы: Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Сабақтың тәрбиелілігі: Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Қазақ елі суреттері,Қазақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Гимн.Н.Ә.Назарбаевтың суреті.Нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.

1-жүргізуші: 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

2-жүргізуші: Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

1-жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел, «Туған ел» суреті

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

2-жүргізуші: Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

1-жүргізуші:Бостандық құтты болсын ерікті ел,

Айдын көл, көк майсалы көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

Ән «Отаным - Қазақстан»

2-жүргізуші: Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы, білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.

1-жүргізуші:Халқымның мақтанышы - алып тұлға. «Бәйтерек» суреті

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

2-жүргізуші: Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

«Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев» суреті.

1-жүргізуші: Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

2-жүргізуші: Жаралдық молшылықтан толы ағыстан

Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

Көркейген елім менің – Қазақстан!

Хор «Елім менің». Сөзі: Н. Назарбаев Әні: Б.Тілеуханов

«Астанаға саяхат» суреттер көрсетіледі.

1-жүргізуші: Көз қуанып күн сайын көркеміне,

Көңіліміз сенеді ертеңіне «Астана» суреті

Қазақстан – алып ел, төрі Астана,

Таңым ғана лайық ел төріне.

2-жүргізуші: Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз

Ел намысын ешбір жанға бермейміз,

Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.

Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?

Ойын «Мақал-мәтел» жалғасын тап.

1-жүргізуші: Отаным – Қазақстан туған жерім,

Мұнай мен газ болады асыл кенім

Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,

Артамыз елбасына үлкен сенім.

2-жүргізуші: Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай.

1-жүргізуші: Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.

Мемлекеттік рәміздер-Ту,Елтаңба,Гимн.Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

2-жүргізуші: Бұлт баспасын күнімді «Ту» суреті

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды-

Қасиетті борышым.

1-жүргізуші:Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ.Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі.Матаның сол жағында ою-өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі.Алтын күн,Қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.

2-жүргізуші: Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкке қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

1-жүргізуші: Мен қазақпын, ұланымын қазақтың

Тәуелсізбін, егеменмін азатпын

Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

Алатаудай көкке өрлеген азатпен

2-жүргізуші: Бабам тұлпар жаратты «Елтаңба» суреті

Құлынын да танып ақ

Тұлпар барда қанатты

Шайқалмасын шаңырақ.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік көркі ол да,

Өрке ниет өрінде

Нұр төгеді Елтаңба

Ақ Орданың төрінде.

2-жүргізуші:Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап,уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған.Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып,жеті хат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты,молшылық- ты білдіреді.Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді.

1-жүргізуші: Енді бүгін өлген Туым тірілді

Әнұраным жалғап алды ғұмырды

Босағада қалып келген Елтаңбам

Баяғыша төріме кеп ілінді.

2-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні байрағынан таныған

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған,- деп - Әнұран?!

1-жүргізуші:Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы-Әнұран.Әнұран мемлекеттік салтанатты ән.Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

Гимн.

2-жүргізуші: Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

1-жүргізуші: Көк аспанда нұрлы күн

Күлімдейді далама

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға.

«Сөзжұмбақ» шешу.

2-жүргізуші: Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім

Самғап жүрсек бостандықта, биікте

Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.

Хор «Қазақстан»





Тақырыбы: Денім сау болсын десең...
Сабақтың мақсаты: Бірінші байлық-денсаулық сақтаумен шынықтырып, нығайту. Табиғаттың тіршілік көзі екенін, табиғи заңдылықтарды қатаң сақтау керектегін түсіндіру,салауытты өмір салтын қалыптастыру.
Мұғалім: 2030 жылғы салауатты өмір салты –тұлғаның гармониядағы даму мен тәрбиесінде маңызды роль атқара келіп, қалыпты өмір салтының басты құрамдас бөлігі болып табылады.
(Балалардың барлығы кіріп бір қатарға тұрады).Гимн орынлдалады.
Мұғалім: Бірінші байлық-денсаулық Құдіретті табиғатта 9 емші бар екен. Осы тоғыз емшімен танысыңыздар.
Бастаушы:Шат көңіл адамдар, 
Ақ көңіл адамдар!
Денсаулық- зор байлық,
Жансаулық-мол байлық.
Амандық үшін де,
Адамдық ісінде
Қолданып ел сынар,
Табиғат-емші бар.
1.КҮН. Нұр сәуле –шуақты,
Беретін қуатты.
Ұлы емші анамыз,
Күннен күш аламыз.
Жылытып, қыздырып
Нұрына жүздіріп,
Күн ана шуағы
Сырқатты қуады.
2. АУА.Жер шары-«дәу » әлем,
Қоршаған ауамен.
Ауадан тыныс ап,
Өсті өмір, ырыс, бақ.
Денсаулық-дауа да,
Дәмге күш-ауада
3. СУ. Сусын да әрі дем,
Су-емші бәрінен.
Сусынан берді жер,
Жуынсаң сергітер.
Денсаулық тірегі.
4. Бойды тік ұстау.
Тік ұстап денеңді,
Сапқа тұр сен енді.
Жанға сеп шынығу,
Жаттығып тынығу.
Сымбатты болуда,
Өзіңнің қолыңда.
5. Дене жаттығулары.
Спорттық ойында,
Күш берер бойына.
Спортта ем болар,
Жаттықсаң ем қонар.
6. АШЫҒУ.

Ас же, іш сіміріп,
Асқазан сіңіріп.
Жақсартып қаныңды,
Жасартар жаныңды.
Асқазан жұмысын 
Аяла, бұл үшін
Ас ішсең аптықпа,
Кейде көн аштыққа.
Талға да бір сәтті,
Тазала құрсақты.
Ас ішсең толасың,
Аман сау боларсың.
7. ТАБИҒИ ТАЛҒАМ

Жеміс пен көкөніс,
Нан, сүт берер күш.
Витамин –тағам-нәр,
Ас адамның арқауы.
Тағам іш жағымды.
Дертіңді қуатты,
Денеңнен қуады.
8. ДЕМАЛЫС.
Еңбекпен шынықтық,
Енді сәл тынықтық.
Серги біл құр жатпа,
Сейілде гүл бақта.
Ұйқыны қоя тұр,
Көр кино, театр.
Жиналдық аманда,
Күш бере адамға.
9. АҚЫЛ-ОЙ.

Ой салып ақылға,
Он істі мақұлда.
Табиғат әрқашан,
Емдерін пайдалан.
Талпынсаң құрыспай,
Денсаулық құрыштай.
Боласың көңілді,
Қуантып еліңді.
Ие боп жақсы атаққа,
Жетесің мақсатқа.
Мұғалім: Адам ұзақ өмір сүремін десе, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек. Деніңіз сау болсын десеңіз ».
1-ерте тұру,
2- орта тазалығын ұстау;
3-дене шынықтыру,
4-үнемі денені таза ұстау,
5-үнемі сергек жүру,
6-артық тамақ ішпеу,
7-ұйықтап, жалқау болмау.
Жүгірудің пайдасы: бұлшық ет ширығады, таза ауа өкпедегі тыныс жолдарын ашады. Адам сергиді, ұйқыдан тез оянады.
Көптеген ауруларға ем болады.
Мұғалім: Әбу-Насар Әл Фараби былай деген екен.
«Егер тән ауырса , көңілдің күрт түсуі-табиғи құбылыс. Сондықтан алдымен сазды әуеннің әсерімен көңілді сергітеді. Осының арқасында дене біртіндеп сауыға бастайды».

Мұғалім: Енді оқушылар «көкөністер» көрінісін тамашалайық.

1 – оқушы: – Мәссаған! Мына қызықты қараңыз, көкөністер бір – бірімен айтысып жатыр екен. «Мен пайдалымын» деп шу шығарып жатыр.
Асқабақ: - Мен бақшадағы ең ірі көкөніспін. Үлкен болғандықтан бақшада көп орын аламын, салмағым 16 кг жетіп, аязыңа пысқырмай жата беремін. Орталық Азияда менен әртүрлі бұйымдар, ыдыстар жасаған. Адамға қажетті көкөніспін.
2- оқушы: Іші сары, сырты қатты,
Дәні – дәрі, дәмі тәтті.
Пісіріп жесең ас - тамақ,
Оның аты – асқабақ.
Домалаған дәу өзі,
Құшағыңа сыймайды.
Күзге дейін бақшада,
Суық түсе жинайды.
Орамжапырақ келеді
Дәмді болсын десең
Орамжапырақты егер,
Жаздай суар оны,
Жатпасын шөлдеп бекер.
Орамжапырақ та сенің
Еңбегіңді өтер.
Орамжапырақ: – Сен керемет емессің, бірақ мақтана бер, асқабақ. Мен де кішкентай емеспін, бәріне де белгілімін.
Асқабақ: – Онда неге сені бұлай атаған?
Орамжапырақ: – Ежелгі египеттіктер мені қатты жақсы көрген. Адамдардың ас қорыту мүшелеріне өте пайдалымын. Қыс бойы мені тұздап сақтап қойып, тағамға қажетті дәрумендерім үшін қолданады. Сондықтан мен керемет көкөніспін. Басқасына қарағанда қияр сияқты кішкентай емеспін.
Қияр келеді.
Қияр: – сопақшы көк өңім бар,
Пайдалы, мөлдір сөлім бар.
Піскен кезде жиярсың,
Менің атым – қиярмын.
Қазір ұзын сабағым
Жан – жағыма тарайды.
Қол ұстасқан баладай,
Бақшаны алып барады.
- Әрине, басқа көкөністерге қарағанда мен дәрумендерге бай емеспін, сонда да мен сүйікті көкөніспін. Қыста да, жазда да бармын. Ежелгі Египетте бай адамдар шырын жасап, әртүрлі ауруларға пайдаланған. Терінің қартаймауына көмектесемін. Және қазіргі кезде косметикаға да қолданады.
Қызанақ келеді.
Қызанақ: – Немене бәрің оны ренжіте бересіңдер? Мен де кішкентай болсам да адамдарға пайдалымын.
Асқабақ: – сен де мақтанғың келіп тұр ма?
Қызанақ: – Жо – жоқ, мен өзімнің отаным Перуді мақтан тұтамын. Көптеген дәрумендерге баймын, мәселен, А дәрумені жетіспесе адам ағзасы өсуі баяулайды.
Әсем, нәзік көріктімін,
Көктей жеуге болмайды.
Салатқа мені қосқанда
Қияр қасымнан қалмайды.
Қып – қызыл боп пісемін,
Жәшікке лақтырып салмайды.
Жарылып қалам өйткені,
Көтермеймін ондайды.
Картоп келеді.
Картоп: – Әй, қойыңдар! Адамның екінші наны атансақта көкірегімізді кермей-ақ тып-тыныш жатырмыз ғой!
Ылғалды топырақ мекенім,
Сол жерде жақсы өсемін.
Жегенде жақсы тоясың,
Ұраға салып қоясың:
Мен екінші нанмын!
- Мені ең алғаш 1537 жылы білді. Голландияның І Петр 1700 жылы шамасында
Ресейге әкелінді. Құрамымда 14 – 24 % крахмал бар. 200-ге жуық әртүрлі тағам әзірленді. Мені де әртүрлі атайды. Отаным – Оңтүстік Америка.
Қызыл бұрыш: – ой, картоп, мен білмегем ғой, екеуміз жерлес екенбіз ғой. Мен де Оңтүстік Америкаданмын. Мені Христофор Колумб әкелді. Дәрумендерге өте баймын. Егер көкөністер арасынан жарыс өтсе, мен чемпион атағын алушы едім. Біреуін каротин үшін, енді біреуін А дәрумені үшін алар едім, өйткені ол тері аураларына пайдалы, менде де С дәрумені бар. Егер де кімде-кім мені тағамға пайдаланса, ол адам көп өмір сүреді.
Сарымсақ: – егер бұрыш өзін өте пайдалымын, бәріне қажеттімін десе, онда мен туралы айтып керегі де жоқ.
Менсіз астың дәмі жоқ,
Күлдіре алмаймын жылайсың.
Ащы болсам да мені
Базардан жиі сұрайсың.
Түшкірсең, пысқырсаң
Мен шипа боламын.
- Өзіме тән иісім бар, құрамымда 20 – 27 % полисахарид, нәруыз 7 – 28 %, С дәрумені бар. Бактерияларды жойып жіберетін эфир майын медицинада қолданады. Қышпа зат, фитоцидтер де бар. Сондықтан жұқпалы аураларға қарсы пайдаланады.
Бұрыш: – Сенің Отаның қай жер?
Сарымсақ: – Азияда тудым. Бірақ Еуропа мен Африкада тұрамын. Орта ғасырларда батырлар мені кеуделеріне тұмар ғып тағып жүрген. Өйткені мен әртүрлі оқтан, садақтың оғынан қорғап жүргенмін.
Пияз келеді де сарымсақтың қасына тұрады.
Асқабақ: – Сен неге сарымсақтың қасына тұрасың? Сендер доссыңдар ма?
Пияз: – Біз дос қана емеспіз, ағайындымыз. Мені Біздің дәуірімізге шейін білген. Ежелгі Римде солдаттарға батырлық пен күш береді деп есептеген. Әртүрлі аураларға, тұмауға, тіс ауырғанда, чума ауруына қарсы пайдаланып, емделген. Мысырлықтар тәңір жаратқан өсімдік деп ерекше қастерлеген.
Қияр: – Сен неменеге қып – қызыл болып ісініп тұрсың? Өзің туралы ештеңе айта алмай ұялып тұрсың ба?
Қызылша: – Жерорта теңізінде дүниеге келдім. Қызылшаның да әртүрі болады. Көбінесе Иранда, Жерорта теңізі, Каспий теңізінің жағалауында, Индия мен Қытайда кездеседі.
Жемтамырымда өте көп қант бар, оны ешкім білген жоқ. 1747 жылы неміс химигі Маркграф қызылша құрамында қант барын тапқан. 1799 жылы Фрац Ахард бірінші рет бірнеше кг қант алған. Одан әрі Ресейге өткізді. Мен қазіргі уақытта 3 орындамын. Тыныштандыратын дәрі ретінде балалардың жүйке жүйесіне пайдаланады.
Сәбіз: – Сары, дәмді, ұзынмын,
Жер астында тығылған.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан.
Күзде қазып аласыз,
Тамаққа да саламыз.
Егер мені көп жесең,
Биік, ұзын боласыз.
Сәбіздің мәдени дақылдарға жатқызылуы – біздің заманымызға дейінгі 2000-1000 жылы. Отаным – Жерорта теңізі, одан ол барлық жерлерге таратыла бастады. Құрамы дәрумендер – витаминдерге өте бай. А, В, С, К, Д, Е, сонымен қоса микроэлементтер де бар, кобальт, темір, йод, мысқа да бай. Садат жасауға, тағамдарға пайдаланады.
Баклажан: – Менің отаным – Индия. Арабша бадиншаш, баданжан деп атайды. Ерте кезде өте ащы болған. Мені ешкім жей алмады. Пісірілген баклажанды арабтар тіс ауырғанда басып емдеген. Еуропаға VI ғасырдың аяғында келдім. Мені бағалау үшін 300 жыл керек болды. Қазір мені әртүрлі тағамдарға қолданады. Құрамымда нәруыз, май, кальций, фосфор, темір және тұздар бар.Медицинада бауыр ауырғанда қан құрамындағы зиянды холестеринді азайту үшін қолданады. Оңтүстік Қазақстан облысында мол өсіріледі.
Петрушка: – Мен Испанияда тудым. Ежелгі Египетте мені танып біле бастады. Ол жақта жамандықтың рәмізі деп атаған.т себет толған петрушка болса және оны қарсы кездестіргенде адамдар жамандық шақырады деген екен.
Аскөк: – Жап – жасыл шөпке ұқсаған,
Аскөктің сабағын жейсің.
Ол қосылған салат, тамақтың,
«Дәмдісін – ай» дейсің.
- Біз екеуміз туыспыз, бірақ бақшаға әртүрлі жолмен келеміз. Көкөніс қатарына оңай қосылған жоқпын. Орта ғасырда мен сондай қажетті дәрілік өсімдік бола бастадым, сосын бүйрек ауырғанда, сарыауруға пайдаланды. Қазіргі кезде бәріне белгілімін.
4 – оқушы: – Көкөністер айтысы ұзаққа созылды. Біреуі «тәттімін», біреуі «өте қажеттімін» десе, енді біреуі «емдік қасиетім бар, сондай пайдалымын» деп жатыр.
Бақша иесі келіп көкөністерді жинауға кірісті.
5 – оқушы: – Барлығың да дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметтер,
Дастарханның сәнісіңдер!
Мұғалім: – «Бірінші байлық – денсаулық» деген халық мақалы бекер айтылмаса керек. Адам баласы ерте заманнан – ақ денсаулық үшін күрес жүргізіп келеді. Осымен «Дәрумендер – денсаулық кепілі» деп аталатын қойылымымыз аяқталды. Сіздерге көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет айта отырып, зор денсаулық және дастархандарыңызға көкөністерге толы болсын демекпін! Кешімізді әртүрлі сайыстармен жалғастырамыз.
1 «Жұмбақтар» сайысы
2 «Сурет» сайысы
3 «Кім көп ойлап табады?» сайысы (Көкөністерді ұстап атын айтқызу, көзі байлану керек.)
Әрбір дұрыс жауапқа көкөністер суреті бар жетондар таратылады. Жеңімпаздарды соңында сыйлықтар беріп құттықтайды.



Сабақтың тақырыбы: «Менің елімнің рәміздері»

Мақсаты:

  •  Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты  таныстыру;

  •  Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне,халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;

  • Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен  мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту;

  • Отанды сүюге,рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер, слайд

Барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Менің елімнің рәміздері» атты тәрбие сағаты өткізгелі отырмыз. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

(Әнұраны орындалады)

(Сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстырылады)

Жоспар:

          І бөлім: “Еліміздің рәміздері”

          ІІ бөлім: “Тұғыры биік Қазақстан”  

               а) “Қазақ елі- менің Отаным”

               ә) “Жылдар жемісі”

              б) “Бәрін білгім келеді”

              в)  Картамен жұмыс

        ІІІ бөлім: Қорытынды

Мұғалім:  Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең,өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран  бекітілді.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен   4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.

      ҚР Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды.  9-бөлім, 98-баптан тұрады. 9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері- Туы,  Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген.34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.

Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын,бүкіл болмыс ерекшелілігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.

Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.

Мақтансаң мақтан елім деп,

Тани біл елдік таңбаңды.

Елтаңба,Туын,Әнұран-

Тәуелсіздікке тән белгі-

Қасиетті осы рәміздер.

Еліме рух, мән берді,

Иесі оның мына біздер,-деп тәрбие сағатымыздың біріншіі бөлімі «Еліміздің рәміздері»- көшейік. 

Көк жүзінде көгілдір

Гүл жайнаған мөлдір нұр.

Қазақстан жалауы-

Азаттықтың алауы.

Желбірейді аспанда,

Отан орны асқарда.

2-оқушы:  Ту

Мөлдір,бұлтсыз ашық аспан күмбезің,

Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.

Адалдық пен пәктік көңіл нышаны

Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.

Көгілдір түс мөлдір,таза пәктігім,

Ырымдады болса екен деп сәтті күн.

Бейбітшілік,тыныштықтың нышаның,

Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.

Өрнексіз тұр қолтаңбасы дәуірдің,

Қадам бастық,артта қалды ауыр күн.

Қазағымның ұлттық «Қошқар мүйізі»

Әлі күнге көкейінде бауырдың.

                   Қазағымызға таныс өрнек ежелден

Қуат берген, зұлымдықтан жебеген.

Қастерлеген «Қошқар мүйіз» өрнегін,

Қасиеттің бір күніне теңеген.

Қыран құстай маңғазы да қырағы

Болса екен деп Бейбітшілік тұрағы,

Сондықтанда да көк туымда қалықтап,

Қыран бүркіт қанат жайып тұрады. 

Өр қанатты сұңқардың

Қанатымен шырқар кім?

Қазақстан Отаным,

Әлем білген атағын.

Жарқыраған әр танды

Мемлекеттік Елтаңба.

Халқымыздың бейнесін

Кең таныта өрлесін.

4 - оқушы: Елтаңба

Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап,

Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап.

Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр шаншылып.

Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап.

Түп төрінде жұлдызым тұр жаңа жанған бағымдай.

Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан алынбай.

Ортасында «Қазақстан» деген жазу жазылған,

Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің қанындай.

Шаңырақ тұр арқау болып,бар жүгінді арқалап,

Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап.

Елім үшін шексізөмір,тіршіліктің нышаны,

Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ.

Көк клемдей желде ескен қанатты бар пырағы,

Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады.

Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді пырағым,

Сол пырақпен бейнеленген ата баба тұрағы.

Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде,

Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде.

Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің,

Әлі талай сақталады бүкіл әлем есінде.

5 – оқушы: Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес.

Жеңістерге қолбасындай,

Ерліктердің жолдасындай

Еліміздің әнұраны

Жүректерде жаңғырады.

Жаршысындай даңқымыздың

Жан серігі халқымыздың.

6 – оқушы:   Әнұраным

Әйгілісің әуеніңмен әлемге,

Әнұраным, пәктігінді дәлелде.

Қазағыма қайсар шабыт бергендей,

Ұран болып айтыла бер әр елде.

Жүрегінен орын алып елімнің,

Шартараптан шарықтаумен көріндің.

Әсем әнді әуеніңмен тербеткен,

Белгісісің кең жазира жерімнің.

Әрлі әуенің шартарапты шайқады,

Күштілігін бүкіл халық байқады.

Шабыт берген Әнұранды әрқашан

Маңғыз елім мақтанумен айтады.

Мұғалім:  Мемлекеттік туымыздың авторы кім?

7-оқушы: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғаоғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.

Мұғалім:  Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім?

8-оқушы: Жандарбек Мәлібекұлы.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген саулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының саулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас саулетшісі, қазір Астанада тұрады.

9-оқушы: Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға нңбегі сіңген саулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызыметкері.

Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім?

10 – оқушы: Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған.

Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұраны айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде

мәңгі сақталады.

11 – оқушы: Жұмекен Нәжімеденов.- сөзін жазған.

1960 жылдардын бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау обылысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың  «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге днйн ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.

12 – оқушы: Нұрсұлтан Назарбаев.- сөзін жазған.

Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті.Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері  ҚР Президенті болып келеді.

Мұғалім:

Отаным Қазақстан туған елім,

Кең екен ғой қаншама дархан жерің.

Қасиетті қара жерді қалың жаудан

Қоршап қалды ұрпағы үшін батыр, ерің.

Қазағым, тілің қандай, дінің қандай,

Табиғат та тербеледі тірі жандай.

Көкірегіңде тізілген тауларыңның

Арасынан батқан күн, атар таңдай.

Қазақстан елтаңбаң бар, әнұраның,

Көк байрақта қалықтап тұр бақ қыраның

Жан жағы оюланып әшекей боп

Тауыпты көк аспан, күн тұрағын.

Туған жұртым, туған халқым, туған ұлым,

Сақтайық, жоғалтпайық қазақ салтын.

Тік ұстап туымызды, еңселі боп

Орындайық бабалардың аманатын, дей келе тәрбие сағатымыздың келесі бөлімі  «Тұғыры биік Қазақстан» деп аталады. Бұл бөлім жарыс түрінде өтпекші. Жалпылама Қазақстан туралы білімдеріңді жинақтайсыңдар балалар.

ІІ бөлім: «Тұғыры биік Қазақстан» (Жарыс бөлімі)

Қыран және Барс топтары жарысады

А)Қазақ елі  менің Отаным

1. Тәуелсіздікті қай жылы алды?

2. Қазақстанның егенмендігі туралы декларацияны қай   

    жылы қабылдады?

3. Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп  неліктен аталады?

4. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында?

5. Еліміздің жер көлемі

6. ҚР шекарасының жалпы ұзындығы 

7. Солт.-тен оңтүстікке дейінгі шекарасы қанша   шақырым?

8. Қазақстанда қанша облыс бар?

9. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

10. ҚР-сы неше мемлекетпен шектеседі?

11. ҚР-ның тұңғыш президенті кім?

12. ҚР-ның жаңа Астанасын атаңыз

13. Ұлттық валюта теңге қашан айналымға енгізілді?

14. ҚР-ның қазіргі конституциясы қашан қабылданды?

15. ҚР-ның рәміздерін атаңыз

Ә) Жылдар жемісі

(Слайдта сандар беріледі, оқушылар мағынасын ашады)

Б) Қазақстанға саяхат

Топтарға Қазақстанның өзендері, көлдері, облыстары, таулары, жазықтарының аттары аталады.Картадан көрсету керек.

Мұнайлы өлке(Батыс Қазақстан), Қазақтың ұшақ шоқысы (Сарыарқа), Күріш өсіретін аймақ (Қызылорда облысы), Ең ірі өзен (Ертіс), Еліміздің бас қаласы орналасқан өзен (Есіл), ең ірі тау (Тянь Шань)

В) «Бәрін білгім келеді» (слайдта сұрақтар беріледі)

«Бәрін білгім келеді»

10.   16 желтоқсан Қазақстан  Республикасының тәуелсіздік  туралы  заңы

қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД  құрылды. (1991)

10. Қазан  айында тұңғыш  ғарышкер  Тоқтар Әубәкіров  ғарышқа самғады(1992)

10. Тұңғыш  Конституция  қабылданды. 12 қарашада  төл теңге  дүниеге  келді.

(1993)

10. Мемлекеттің  тұңғыш  ордендері мен медальдары  дүниеге  келді. 30 маусымда

ұшқыш Т.Мұсабаев  аспан  көгіне  көтерілді. (1994)

10. 30 тамыз  жаңа  Ата заң қабылданды. (1995)

20. Алматыда  тәуелсіздік  ескерткіші  ашылды. (1996)

20. Елорда  Астанаға  көшірілді. Қазақстан-2030 жолдауының  шығуы. Жалпы

ұлттық  татулық  пен  қуғын-сүргіндерді  еске алу  жылы. (1997)

20. Халықтар  тұтастығы мен тарих  жылы. (1998)

20. Ұрпақтар  бірлігі  мен сабақтастығы  жылы (1999)

20. Мәдениетті қолдау  жылы. (2000)

30. Қазақстандағы  Ресей  жылы. (2006)

30. Денсаулық  жылы. (2002)

30. Ауыл  жылдары.(2003-2005)

30. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл.  7 қаңтарда жаңа  әнұран

қабылданды. (2006)

30. Қазақ  тілін  қолдау  жылы. (2007)

40. Астанаға  10 жыл (2008)

40. Қазақстанның Украинадағы  жылы (2009)

40. ЕҚЫҰ самммиті (2010)

40.  1- желтоқсанда  Республика жұртшылығы  тұңғыш рет  Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевты  республикамыздың президенті етіп сайлады. (1991)

40. Маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды.  Маусым айында Тәуелсіз

Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады. (1992)

50. Қысқы VII Азияда олимпиадасы (2011)

50.  3 сәуірде  кезектен тыс  Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев болды. (2011)

50. Қазақтың бір туар ұлы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО

бойынша атап өтілді.( 1995)

50. Халық санағы болды.Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады. (2008 )

50. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.(1997)

(Әділқазы алқалары жеңген команданы анықтайды)

ІІІ бөлім:  Қорытынды.

Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет …

Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді.

(Оқушылар ант қабылдайды)

 Мұғалім: Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ  елін бүгінде әлем таниды.

Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе  бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.



Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сөз таптары туралы ұғым беру, білімдерін тиянақтай түсу,сөйлем ішінен сөз таптарын ажырата білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: ойлау, есте сқтау, көркем әрі сауатты жазу қабәлеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау

Сабақтың типі: аралас

Әдіс–тәсілдер. Баяндау,сұрақ-жуап,көрнекілік,практикалық,ізденіс,эврестикалық.

Көрнекіліктер: перфокартлар, тірек-сызба, деңгейлік тапсырма.

Пәнаралық байланыс. Дүниетану.

Өтілу барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

-Балалар,біз бүгін жаңа ұғыммен танысамыз.Бізге қонаққа «алтын балық» қонаққа келіпті.Ол өзімен бірге жаңалық алып келіпті.

ІІ Жаңа материалды хабарлау

-Балалар,дәптерімізді ашып, күннің жадын жазамыз.

Тірек–сызба бойынша түсіндіру

Сөз таптары

Заттың аты

лақ

Не?

Зат есім

Заттың қимылы

секірді

Не істеді?

етістік

Заттың сыны

Ақ

Қандай?

Сын есім

Заттың саны

Бір

Неше?

Сан есім ороллоолоолорор



Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді.Зат есім,етістік,сан есім-сөз таптары.

-сонымен «Алтын балық» алып келег жаңалығы «сөз таптары» екен.

ІІІ Жаңа материалды меңгерту

-енді «алтын балықтың» тапсырмаларын орындайық.Бірінші тапсырмасы 269-жаттығуды орындау.

Сөздерді оқы. Сұрақ қой.

Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?

Күн,ата, жазды, ақ,көк, отыз екі,

Адам,жазушы,үй. Шықты,келді. үлкен. қырық.

-Екінші тапсырма 297- жаттығу

Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қой.

Кітап,талға еден,құс,су-не?

Оқыды,өсті,жуды,ұшты.Биледі, -не істеді?

Қызық,биік,әдемі,таза,суық,-қандай?

Жеті,тоғыз,жиырма,қырық,жүз-неше?

Үшінші тапсырма 299-жаттығу.

Жұмбақты көшіріп жаз, шешуін тап.

Торы тай,

Табанында төрт ай (таға)

ІV. Өз бетімен жұмыс жүргізу.

Перфокарталармен жұмыс.

-«алтын балықтың» төртінші тапсырмасы өз беттерімен жұмыс жасау. Перфокарталармен жұмыс жүргіземіз

Деңгейлік тапсырмалар

1. Түйе–не? Сатпады-не істеді?

Тоғыз–қанша ? әдемі-қандай?

Сары-қандай? Тоқыды-не істеді?



2. Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?

Бала ойнады әдемі бір

Нан пісті ыстық төрт

Үй салды үлкен он

Шөп өсті жасыл бес

3. нан пісті ысытық екі

Гүл өсті қызыл бес

Жапырақ түсті сары бір

Аю секірді үлкен бір

Ат кісінеді торы екі

Доп ойнады қызыл бес

Шар үрді көк алты

Көйлек киді әдемі бір



V Бекіту

-Бізге алтынша тапсырма ретінде «Алтын балық» сөзжұмбақ жіберіпті. Қане, шешіп көрейік.

1. Жерге қазық қақтым С ә б і з

Басына айыр тақтым

2. Өшірді, сүртті Ө ш і р г і ш

Өзгені құртты

Өзін де құртты.

3. Қойдың төлі қ о з ы

4. Ірі мал

5. Өзі арық, сөзі әріп т ү й е

6. Қабат–қабат қптама қ а л а м

Ақылың болса аттама. К і т а п

7 ырыс алды- ... ы н т ы м а қ

8.Әкенің әкесі а т а

9.Ағаш кесетін құрал қ а й ы қ

10.су көлігі

-Сонымен балалар,«Алтын балық» бізге қандай жаңалық әкелді?

-Сөздер мағынасына қарай неше сөз табына бөлінеді.?

-Зат есім қандай сұраққа жауап береді.?

-Етістіктің сұрағы қалай?

-Заттың сынын білдіретін сөз табын қалай атайды?

-Сан есім қандай сұрққа жауап береді?



VI Бағалау

Оқушыларды геометриялық фигуралармен бағалаймын.



VII Үйге тапсырма беру.

-298-жаттығуды орындау және ережені жаттап келу

-Сабақ аяқталды сау болыңдар.





Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар

Сабақтың тақырыбы: Қыстап қалатын құстар

Сабақтың мақсаты:1.Тәрбиелік:Табиғатты қорғай білуге,құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

2.Білімділік:Оқушыларға құстардың қысқы тіршілігі жайында білім беру,оқу дағдысын жетілдіру,оларды саналы,түсініп,дұрыс оқуға машықтандыру,мәтінмен жұмыс істей білуге үйрету.

3.Дамытушылық:Дамыта оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру,ойын,сөздік қорын, тілін дамыту,өз ойларын тұжырымдауға,дәлелдеуге, түйіндей білуге жетелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сабақтың көрнектілігі: заттық суреттер,интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

Психологиялық көңіл-күй.

І. Білім дағдысын қалыптастыру.Оқу жылдамдығы

1 мин.

ІІ. Жаңа сабаққа икемдеу.

1.Қызығушылығын ояту

(Бүгін біздің сабаққа қонаққа құстар сауысқан мен қарға келді.)

Жылы жаққа ұшпайтын,

Бізбен бірге қыстайтын.

Құс жанына жуықта,

Жем шашуды ұмытпа!

(Екеуі кезектесіп оқиды)

2. Мағынасын ашу

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалімнің сөзі:

Балалар бұл өлең арқылы құстар бізге не айтқысы келіп тұр?

-оларға ұя жасауды

-жем шашуды

-қамқоршы болуды

-қайырымдылық жасауды

Ұмытпаңдар! дейді.

Сонымен біздің тақырыбымыз не туралы?

-Құстар

Қандай құстар туралы деп ойлайсыңдар?

-Қыстап қалатын құстар

Мына суреттегі құстардың қайсысы сендерге таныс. (аттарын атау)

Сонымен біз қандай құстарды білеміз?

Енді осы құстарды топтастырайық

жыл құстары

қыстап қалатын құстар


көкек

қарлығаш

аққу

кептер,үкі,сауысқан,

тоқылдақ,қыран, көкшымшық, қарға қайшытұмсық

Қыстап қалатын құстар қандай құстар?

-Шыдамды құстар.

-Қысқа төзімді құстар.

-Тоңбайтын құстар.

-Елін,жерін сүйетін құстар.

ІҮ.Қолдану.

Оқулықпен жұмыс. 77 бет

1.Мұғалімнің мәтінді мәнерлеп оқуы.

2.Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар.

Қандай бізге түсініксіз сөз бар?

Дернәсіл-жәндіктер мен жануарлардың белгілі кезеңде жұмыртқадан жарып шыққан, әлі есейіп өспеген баласы

Мәтін не туралы?

-Құстар туралы.

Қандай құстар туралы? – Қыстап қалатын құстар туралы

Қыс кезінде балапан шығаратын құс? – Қайшыауыз

Оның тұмсығы қайшы сияқты,онымен шыбын ұстай алмайсың,не жерден дән шоқып жей алмайсың.Бірақ оған бұның керегі жоқ.Ол өзінің қысқыш тұмсығымен шырша бүрін шемішкеше шағады.

Сергіту сәті.

Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ-тоқ соғады

3.Оқушылардың мәтінді тізбектеп оқуы.

Ү. Талдау.

1. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінде қандай құстар туралы айтылған?

Қарға, тоқылдақ, суықторғай, қайшытұмсық. (дәптерге жазу)

2. Суретпен жұмыс

Қай құс саған ұнайды? Неге ұнайды?

3.Ой толғаныс

ҮІ. Жинақтау.

Құстарға қамқорлық жасау.(Оқушылардың пікірі)

ҮІІ. Пайымдау.

Бүгінгі сабақта не білдік ?

- Құстайтын құстар туралы көп мағлұмат алдық.

Сабақта не ұнады?

- Тақтамен жұмыс істеген ұнады

Бағалау.



Тақырыбы:Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ

Мақсаты: 1.Оқушыларға тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы,ол атадан балаға мирас болып қалып отырған баға жетпес мұра екендігін түсіндіру.

2.Оқушыларды халықтың мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіре,соларды ауызба-ауыз айта білуге үйрету.

3.Ойлау, есте сақтау ,шығармашылық қабілеттерін дамыту,сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Сабақ түрі: ойын сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс, топтау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: шармен безендіру, интерактивті тақта

Сабақ барысы: Мұғалім:Құрметті ұстаздар,оқушылар!

«Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» атты ойынымызға қош келдіңіздер!

Көңілді жарысқа 3- класс оқушылары қатысады.

«Сөздің көркі-мақал» деген аталы сөз бар.Мақалдың көмегімен айтатын ойыңды ұнамды да ұтымды, тартымды жеткізуге болады.Мақалды көп біліп,көп қолданатын адамдаржың білімі де, ақылы да арта түседі.Мақал-мәтелдер,жұмбақтар-ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі.

Бұрынғы ата-бабаларымыз өмірдегі өз бақылауларын қорытындылап,тұжырым жасап,ұйқасты сөздермен өнеге,үлгі боларлық мақалдарды,жұмбақтарды мұра етіп қаллдырып отырған.

Мақал-мәтелдерді сүйіп оқып, көңілдеріне тоқып жүрсеңдер,сендердің де тілдерің байып, сөйлеген сөздерің сұлу,әсерлі шығады.

Сонымен оқушылардың мақал-мәтелдер,жұмбақтар жайында оқығандары мен жатттағандарын, ойға түйгендері мен бойға жиғандарын таразылауға рұқсат етіңіздер!

Ойынды бастамас бұрын сіздерге әділ - қазылар алқасын таныстырайық!

Сонымен ортаға көңілді жарысқа қатысқалы отырған оқушыларымызды шақырамыз.Қошеметпен қарсы алайық!

Бүгінгі біздің ойынымыздың шартын таныстырып өтейін.Ойынымыз 2 бөлімнен тұрады.

1-бөлім.Мақалшылар.

2-Жұмбақшылар.



  1. Бәйге

  2. Көкпар

  3. Дода

  4. Көрермендер көрімдігі

  5. Таныстыру:

Алғашқы айналым. Мақалшылар өздерін әділ-қазылар алқасына таныстырады.

Ойынымыздың шарты бойынша

  • Бәйге.

«Кім көп біледі?» .

Әрбір ойыншы өздері қалаған,жақсы білетін мақалдарды,бір-бірін қайталамай білгенше айту.Әрбір мақалға ұпайдан беріледі.Бүгінгі мақал-мәтелдерімізді Отан,туған жер,еңбек,достық ынтымақ, бірлік,татулық жайында айтамыз.

Ендеше,ойынымызды бастайық.

  • Көкпар.

Ал енді ойынымыздың келесі шартын түсіндірейік.Мен қазір мақалдың бірінші жолын оқимын. Сіздер жалғасын табасыздар.10 ұпайдан беріледі.



  • Өнер- ағып жатқан бұлақ,

  • Оқу- білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

  • Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

  • Батыр туса, ел ырысы,

Жаңбыр жауса-жер ырысы.

  • Елдің көркі- елімен,

Отан көркі- жерімен.

  • Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

  • Жақсы ата- орман,

Жақсы бала- қорған.

  • Өнер алды-қызыл тіл.

  • Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі.

  • Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

Ұпайы аз оқушыны қошеметпен қол соғып, шығарып салайық.

Ойынымыздың 3- ші турын бастайық.

  • Дода.

Бұл ойынымызда қарсыластар бір-біріне мақал айтып жарысады.Мысалы,бірінші ойынымыз кез-келген бір мақалды айтады,сол мақалға қарсылас ойыншы айтылған мақалдың ішіндегі бір сөзін алып, сол туралы мақал айтады.Сөйтіп,оқушылар алма-кезек мақал айтып жарысады.

20 ұпайдан беріледі.Осы ойында ұпайы көп оқушы мақал жеңімпазы болады.

  • Көрермендер көрімдігі.

Мен сіздерге сөздер айтамын, сіздер сол сөзді қосып мақал айтасыздар.

Ана.

  • Анаға құрмет,

Кішіге міндет.

  • Арпа.

Арпа бидай ас екен,

Алтын күміс тас екен.

  • Отан.

Отан от басынан басталады.

  • Ел.

Ел іші- алтын бесік.

  • Оқу.

Оқу- инемен құдық қазғандай.

  • Адам.

Адам болатын бала алысқа қарайды.

  • Өнер.

Өнер- ағып жатқан бұлақ,

Білім- жанып тұрған шырақ.



Міне,ойынымздың бірінші бөлімі де аяқталды.

Ал енді екінші бөлімімізді бастайық.

  • Ойлан тап.

Мен қазір сіздерге бірнеше жұмбақ жасырамын,жұмбақшылар шешеді.

10 ұпайдан беріледі.

  • Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған. (бор)

  • Тілдерімен жүреді,

Уақытты біледі. (сағат)

  • Тоңғақты таниды,

Беті қолын қариды. (аяз)

  • Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (қар)

  • Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті. (қарбыз)

  • Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады. (сабын)

  • Ашылып, жабылады,

Әр үйден табылады. (есік)

  • Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым. (шаңғы)

  • Қалың киімді ұнатады,

  • Шешіндірсең жылайды. (пияз)



  • Тапқырлық.

Жұмбақшылар бір-біріне жұмбақ айтады.

20 ұпайдан беріледі.Ұпайы аз жұмбақшыны қошеметпен қол соғып,шығарып салайық.



3- тур. Жекпе-жек.

20 ұпайдан беріледі.

1 ұпайдан беріледі.

1. Аласа ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

  1. Өзі айлакер,өзі бір қу,

Жүрген жері айқай да шу. (түлкі)

  1. Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе)

  1. Төрт аяғы, арқасы бар,

Еті жоқ, қаңқасы бар. (орындық).



  • Соңғы айналым.

Мақалшылар мен жұмбақшылардан шыққан екі оқушы ортаға шығады.Алдымен жұмбақ жасырылады.Жұмбақшы жауабын айтады,ал оның жауабындағы сөзге мақалшы мақал айтады.

1. Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады.(кітап).

Кітап – білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

  • Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян).

  • Бір үйге көзсіз болып кіресің,

Бұл үйден көрген болып шығасың. (мектеп).

  • Жылт-жылт ескен,

Жылғадан өткен. (су).

Су ішкен құдығыңа түкірме.

  • Ой толғау.

  • Тіл не жарады? Бас

  • Күлме кімге? Күлме досыңа,

Келер басыңа.

  • Аз сөз не?Аз сөз – алтын.

  • Талаптыға не жауар? Нұр.



Қорытынды:

Мақал-мәтел ата-бабамыздан қалған өшпес мұра,тәрбиелік мәні зор,рухани байлық.Мақал- мәтелдер-парасатты тәрбиеші,әділ сыншы,адал ақылшы,епті елші.Сондықтан мақал-мәтелдерді жаттап үйренейік.



Тақырыбы: «Орында жол тәртібін

Мақсаты:Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу,көше қатынас ережелерін меңгеру.Сұрақтар қою,жұмбақ,өлең айту,ойын арқылы ойларын дамыту.Жолда жүру ережесін білуге,есте сақтауға тәрбиелеу

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап.

Көрнекілік:Тоқта!Сақтан!Жол ашық!Газет,бағдаршам макеті,транспорт модельдері,жол белгілері.

Жүру барысы: І.Қызығушылығын ояту.

Көзін ашып жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады.

(бағдаршам)

1-оқушы:Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа,оқушылар

сабаққа,дәрігерге,басқа да баратын жерлерге дер кезінде жетпеуі мүмкін.

2-оқушы:Көшенің екінші бетіне өту үшін,арнайы өткелден өту керек.Ал,қалалық жерлерде аспалы көпірлерден,жер асты жолымен өтеді.

3-оқушы:Көшеде келе жатып,қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең,сақтанып,күте тұр.Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт,машина есігін ашып қалуы мүмкін.

4-оқушы:Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл.Өткел тар болса,кездескен үлкен кісіге жол бер.

ІІ Мағынасын ашу.

Мұғалім:Жиекжол деген не?

Оқушылар:(бірге)Ол адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

Мұғалім:Жаяуға қай жолмен жүруге болмайды?

Оқушылар:(бірге)Машиналар жүретін үлкен көшемен жүруге болмайды.

5-оқушы:Жиекжол бар ғой,

Жандар үшін жаяу.

Өт бірақ,тар ғой,

Шықпа жолға таяу.

Мұғалім:Көшеде жүру тәртібін не басқарады?

Оқушылар:(бірге)Бағдаршам.

6-оқушы: Бағдаршам аты

Көп көзді батыр.

Тоқ болғанмен заты,

Өзінде көп ақыл.

7-оқушы: Бағдаршам-өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз,оның сырын біліп,тілін алу баршамызға керек.

8-оқушы:Көреген дәу құйрығы,

Көшемізде тұрады.

Бағынамыз әрдайым

Ашса кезек үш көзін –

Тоқта!Сақтан!Жол ашық!

Мұғалім:(Бағдаршамның қызыл көзін көрсетеді)

9-оқушы:Қызыл көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта.

Қатып қалған жанша,

Қыбыр етпе тоқта!

Мұғалім:(Бағдаршамның сары көзін көрсетеді)

10-оқушы:Сары көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта .

Қатып қалған жанша,

Қыбыр етпе тоқта!

Мұғалім:(Бағдаршамның жасыл көзін көрсетеді)

11-оқушы: Жанса көзі жасыл,

Жолың айдай ашық.

Жүре бергін батыл,

Керегі жоқ сасып.

12-оқушы:Сөйлегенді білмей.

Бірақ,“тоқта”,”жүр”дейді.

13-оқушы: Менің үш көзім бар:

Бір көзім “кідір”-дейді,

Бір көзім “абайла”-дейді.

Қарап ал маңайға”-дейді

14-оқушы: Әйгілеп үш көзді,

Бір дәу тұр үшкөзді.

Оған жас-кәріміз.

Бағындық бәріміз.

15-оқушы: Айтқан сөзді құптап,

Тек абайлап атта.

Ережені мықтап,

Есіңе ылғи сақта.

16-оқушы: Бағдаршам жоқта,

Асықпағын текк.

Ондай жерде тоқта,

Жолды қиып өтпе.

17-оқушы:Жаяу үшін белгі

Қойылады арнай.

Тауып сондай жерді,

Өткін еппен аңдай.

18-оқушы: Көлік жүрер жолда,

Ойнау тіптен шатақ.

Әйтеуір бір онда,

Кезігеді апат.

Мұғалім:Балалар,биылғы жылы бірнеше баланың кездейсоқ қазаға ұшырағанын білесіңдер.Неліктен олай болған себебі–оқушы көшеде жүру ережесін білмеген.

19-оқушы: Асығыпты көшеде,

Жел болып ол ұшыпты.

Машинаның астына,

Абайсызда түсіпті.

Өше қалғанотындай,

Жатыр бала сәл жанып.

Шофер да тұр дәл-сал боп,

Жүзін қара тер жауып.

20-оқушы: Әкесі кеп еңкілдеп,

Бала үстіне құлады.

Екі иығы селкілдеп,

Өксіп-өксіп жылады.

Жыламасын аналар,

Жас ұландар өсе бер.

Сақ болыңдар,балалар,

Сақ жүріңдер көшеде!

Мұғалім:Велосипедпен көшеде жүруге бола ма?

Оқушылар:(бірге)Тек 14 жастан кейін ғана көшеде жүруіне рұқсат етіледі.

Оқушы: Бес жас емес,

Болсаң-дағы кетпе.

Жолға шығып дәндеп,

Велосипед теппе.

Оқушы:

Қозғамасаң – құлайды,

Сүйемесең – сұлайды.

Құймышақта ері бар,

Бұл не деген жануар?

Оқушылар:(бірге)Ве-ло-си-пед.

21-оқушы:Автобусқа мінерде аялдама күт.Тәртіп сақтай біл.Басқаға кедергі жасама.

22-оқушы:Есігінен артқы,

Көлікке сен мінгін.

Дәл осы бір салтты,

Құлағыңа ілгін.

23-оқушы:Кезекте сен әлгі,

Артқы есіктен кіргін.

Енді есіктен ылғи,

Түсеріңді білгін:

ІІІ Ой толғаныс.

Мұғалім:Трамвай,автобус,машина артына жабысуға бола ма?

Оқушылар:Транспорттың артына жабысуға болмайды.Құлап апатқа ұшырауы мүмкін.

24-оқушы:Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша не өтіп кеткенше тоса тұр.

25-оқушы:Аялдамада тұрған автомобиль,автобус,троллейбустың,машинаның арт жағынан айналып өт.Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

26-оқушы:Көшеде өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде,оң жағыңа көз сал.Егер машина келе жатса,өтіп кеткенше сол орнында күте тұр.

«Бағдаршам» ойыны

1. Бағдаршамның қызыл түсін көрсету Оқушылар орындарынан тұрады

Тоқта!

Бағдаршамның сары түсі түсін көрсету Оқушылар екі жаққа кезек –кезек

қарап дайындалады

Дайындал! Жасыл түс Аяқтарын топ-топ басады.

2. Бағдаршамның қызыл түсін көрсету Оқушылар бір орында қозғалмай

тұрып қалады.

Бағдаршамның сары түсі түсін көрсету Ду қол шапалақтау.



Жасыл түс Алға жылжу



Сабақтың тақырыбы: Спорт- денсаулық кепілі

Мақсаты:а)адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір үшін қажеттілігін,бағалы байлық екендігін түсіндіру.Денсаулықты күту,тазалықты сақтау керектігін ұғындыру.

ә)Денені шыңдауда шымыр да шапшаң,ұқыпты, жинақы,таза да,әдемі болуға тәрбиелеу.

б).Тазалық және жеке бас гигиенасын,мәдени дағдыларын жетілдіру.Ой-өрісін,тілін дамыту.

Көрнекілігі:нақыл сөздер,дәрігер Айболит,мақал-мәтелдер,көріністер, тақпақтар, суреттер, шарлар.

Сабақтың жүру барысы: 1: алғашқы ұйымдастыру.бөлімі.

Кіріспе сөз.

-Балалар,«Дені саудың–жаны сау»,«Тазалық-денсаулық кепілі» деп бекер айтпаған.

-Дені сау,жігерлі,білімді азаматтар ғана елінің болашағына өз үлестерін қоса алады. Сондықтан әрбір адам өзінің денсаулығына мұқият қарап, күтініп, шынығып, тазалықты сақтау керек.Бұл ретте балалар сендерге арналған денсаулықты,спортты насихаттайтын спорттық мерекелер,сайыстар, жарыстар,тәрбие сағаттары жүргізіліп отырылады.

-Олай болса, балалар,«Тазалық-денсаулық кепілі» атты 1-ші кластар арасында сайыс өткіземіз.

- Сендер «Денсаулықты сақтау» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Күн тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану,спортпен айналысу.

Дәрігер Айболит:

-Бәрекелді,бәрекелді,өте орынды айттыңдар,балалар!

-Амансыңдар ма,балалар,көңіл-күйлерің қалай?Сендердегі өткелі жатқан сайысты естіп,қуанып,денсаулықтарыңды білгелі келдім.Қане,балалар,сайыс алдында көтеріңкі көңіл күймен отыру үшін жаттығулар жасап жіберсек қайтеді?

Орнымызда отырып,қолымызды жоғары көтерейік.1,2,3.

Кір қожалақ маймыл:

-Ту—у-у,не істеп жатырсыңдар,ерінбейді екенсіңдер?

Жүргізуші:

-Маймыл,сен,біріншіден балалармен амандасуың керек.

Айболит:

-Кір қожалақ маймыл,сен өзіңді мына балалармен салыстыршы.Біздің балалар тап-таза, ал сенің үстің лас,жуынбағансың.Әрі біздің жаттығуға кедергі жасадың.

Жүргізуші:

-Балалар,мен маймылға мынадай жұмбақтар жасырып көрейін.Шешуін тауып, тазалық есіне түсер.Шеше алмасаң,өзіміз көмек береміз.

1.Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады. (сабын)

2. Қырық елуден тісі бар,

Шашпен ғана ісі бар.(тарақ)

-Маймыл,енді сен білдің бе?Осы заттар біздің таза жүру,ұқыпты болуымызға көп пайдасын тигізеді.

Айболит:

-Маймыл,сен осы заттарды пайдаланып,бұдан былай таза жүруге тырыс.Таза жүрсең,дұрыс тамақтансаң, спортпен шұғылдансаң,ешқеашан ауырмайсың.

Маймыл:

-Мен балаларға қарап,бізден бірге біраз нәрсе үйренген сияқты.Олай болса,сайысымызды бастайық.Сайысты бастамас бұрын,әділқазылар алқасын сайлап алайық.

1.Тапсырма бойынша 2 топтың оқушылары тазалыққа,денсаулыққа байланысты көрініс көрсетеді.

2.Топ көрінісі. Пай, пай!Бай,бай!

3.Көрініс.Арман сабақтан жиі қалады.Бір күні тісі ауырса,екінші күні іші ауырады. Ал тағы бір күні ұйқы болады. Ал көрші тұратын Біржан сабақтан қалмайды.

Біржан:Арманның сабаққа келмеу себебн сұрай келгенде:

Арман:- тісім, тісім, а-а-а,ішім ауырып барады,бір түрлі денем ауырлап,ұйқым келе береді, - деді мұңайып.

Біржан:Сен тісіңді тазартасың ба?

Арман: - тісті қалай тазартады?

Біржан:-Тіс щеткасымен,тіс пастасымен жиі тісіңді жуып тұрсаң,тісің ауырмайтын болады.

Арман: -Ал ішім неге жиі ауырады?

Біржан: -Сен, көкөністерді жуып жесең,тамақ жер алдында қолыңды жусаң, ауырмайсың.

Арман:-Мені ұйқы басуының себебі неде?

Біржан:-Сен суға шомылып,бойыңды үнемі сергек ұстасаң,тіпті де ауырмайсың.

Екеуі бірге:Денсаулығың сай болса,

Көңілің де жай болар.

Ән.«Жалқаубек»

1-тапсырма.Мақал-мәтел сайысы.

  1. Дені сауға-бәрі сау.

  2. Тазалық-саулық негізі.

  3. Саулық-байлық негізі.

  4. Ыдыс таза болса, асы дәмді.

  5. Ауру мен тазалық араз.

  6. Тазалық-тамаша әсемдіктің басы.

Күй «Балбырауын».

1-тапсырма.Тақпақтар сайысы.

Қорытынды.

Осы сайысқа қатысқан топтарға әділ қазылар бағасын беріп,балалар мадақталды.



«Тапқыр болсаң – талас жоқ»  сайысы (3-4 сыныптар)

Мақсаты:Дарынды оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру,тапқырлыққа, есеп құмарлыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру.
Ойын–сайысқа 9 оқушы қатысады.
1 тур: «Өткел» Жалпы сұрақтарға жауап беру.
2 тур: «Өткел» М+Г+Б.Әрбір оқушы таңдаған пән бойынша берілген тапсырманы орындайды. Ең аз балл жинаған оқушы бірінші бастайды.

10

20


30

40


2 турдан кейін ең аз балл жинаған оқушы сайыстан шығады.
3тур: «Өткел».Математика.Әр оқушы тапсырманы өзі таңдайды.Ең көп балл жинаған оқушы бастайды.

1–жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Тапқыр болсаң –талас жоқ» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді –дей отырып ортаға өз білімімен, ақыл – ойымен, эрудициясымен ерекшеленген 3,4 сыныптардың дарынды оқушыларын шақырамыз!
1–жүргізуші:Тапқырлық тану мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
2–жүргізуші: Дайындықпен келіп тұрған жарысқа,
Есеп білсе жетеді ғой табысқа.
1 –жүргізуші: Жарыстың алдында білім сайсының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. (эксперт төрағасы, мүшелерімен таныстыру)
2 –жүргізуші: Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін біздің топтың әділ сына!
1–жүргізуші:«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы -білім» деген екен шығыс ғұламасы Әбу –р – Райхан әл Бируни. Ендеше, білімділер сайысын бастайық.
1 – жүргізуші: Шеберлікті,білімді,
Сараптаңыз, көріңіз.
Бірінші турдың қазылар,
Бағасын әділ беріңіз!
2 – жүргізуші: Ең қиыны жарыстың «Белес» келді,
Мықтыларды келіпті жеңсін енді.
Тез жауап бер,ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көрейік ерен ерді.

«Белес» -ті жүргізетін:
1–жүргізуші:Қымбатты қазы алқасы,
Сіздерден әділ шешімді.
Екінші тур бойынша,
Күтеді мұнда баршасы.

2 – жүргізуші: Ал – қанеки қаралық,
Мына жақта жаңалық,
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып.
3. «Бекет» кезеңін бастаймыз!
Жүргізуші:
Сайыс шарттарымен таныстыру.

4. Ой,арманын кешеміз,
Ақылды боп өсеміз.
Есепке тұнған әлемнің,
Жұмбақ сырын шешеміз –дей отырып келесі турда «қызықты тапсырмалар» атты математикадан есептер шешеміз.

3-өткел.

Қызықты тапсырмалар.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 цифрының орналасу ретін өзгертпей олардың арасына қорытындысы 100-ге тең болатындай етіп, плюс және минус, барлығы 3 таңба қойып шығыңыз

  • Үстел үстінде 2 және 3 тиындық теңгелерден 24 тиын жатыр. Теңгелер саны-10. 2 тиындық теңгелерден қанша болуы мүмкін?

Ойлаған саннан төрттен бір бөлігіне 26- ны қосқанда 70 шықты. Қандай сан ойланған?






Сағат циферблатын әрбір бөлігіндегі сандардан қосындысы 13-ке тең болатындай етіп қалай бөлуге болады?

  • Шешімі 26 болатын теңдеу құрастыр.

Бес екіліктің және амалдардың көмегімен 28 санын жазыңыз




  • Ағаш кесушілер бөренені метрлік бөліктерге бөлу керек. Бөренені 1 рет кесуге 2 минут уақыт кетеді. 5 метрлік бөренені олар қанша минутта кесіп болады?

 5 алманы 6 балаға тең бөліп бер, бірақ бірде-бір алма алты бөлікке бөлінбесін.


  1. Шығармашылық тур.
    Жарыс толқын жатқандай асып – тасып,
    Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
    Осы турда байқалар терең ойлар.
    Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып!

2-Шығармашылық турға көшеміз.
1 – жүргізуші: «Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте»-дей отырып, көрермендерге арналған тіл–өнер сайысын бастаймыз:
«Тіл өнер»(жауапты екі тілде айту керек).

4-өткел.

Тіл-өнер. (жауапты екі тілде айту керек.)

  1. Тік бұрыштан кіші бұрыш (острый.)

  2. Геометриялық негізгі ұғым. (нүкте, точка.)

  3. Кез – келеген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады?(түзу,прямая.)

  4. Екі қолға .... күрек. (бір, одинь.)

  5. Жігітке жеті өнерде аз, неше өнер көп емес? (жетпіс,семьдесят.)

  6. Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі? (сәуле,луч.)

  7. Отыз тістен шыққан сөз неше рулы елге жайылады. (отыз,тридцать.).

5- өткел
Мықты болсаң, тауып көр.

  1. Шолпан планетасындағы атмосфераның 97% қандай газдан тұрады? (көмірқышқыл газы)

  2. Жердің Күн төңірегіндегі жолындағы ең алыс нүктесі қай айдың, қай күніне сәйкес келеді? (5 шілде)

  3. Қазақстанда ең алғаш құрылған қорық? (Ақсу - жабағылы)

  4. Дүние жүзілік жасылдар қозғалысы (табиғат қорғау ұйымы)басқаша қалай аталады? (Гринпис)

  5. Дүние жүзіндегі ең алғаш құрылған ұлттық парк? (Йеллоустон)

  6. Бірінші рет атмосфералық қысымды өлшеген ғалым? (Торричелли)

  7. «Смог» дегеніміз не? (улы түтін)

  8. Жер атмосферасының неше пайызын оттегі құрайды? (21%)

  9. «Арасан» дегеніміз не? (емдік сулардың шығып жатқан жері)

  10. Жердің полюстік радиусы экваторлық радиустан неше км қысқа? (21 км)

  11. Ең бірінші глобусты жасаған ғалым? (М.Бехайм)

  12. Қай ғасырлар «Ұлы географиялық ашулар заманы» деп аталады? (XV – XVIIIғ.ғ)

  13. Қашқарияға саяхат жасаған ғалым? (Ш.Уалиханов)

  14. Жер білігі орбита кеңістігінде қандай бұрыш жасап қилысады? (66,5 )

  15. Экватор мен мередианның 1доғасының ұзындығы шамамен неше км-ге тең? ( 111 км)

6-өткел.

Білгенге маржан...

  1. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? (Барометр)

  2. «Ғылымдарды жіктеу» еңбегінің авторы? (Әбу – Насыр әл- Фараби)

  3. Галактикалық жыл нешеге тең? (250 миллион жыл)

  4. Титан қай ғаламшардың серігі? (Сатурн)

  5. Солтүстік полюске бірінші жеткен саяхатшы? (Р.Пири)

  6. Айдың тұтылуы қанша сағатқа созылады? (2 сағатқа)

  7. Реликті шағала қай қорықтың эмблемасы? (Алакөл)

  8. Біздің галактикамыз не деп аталады? (құс жолы)

  9. Жерден айға дейінгі қашықтық? (384 000 км)

  10. Жердің даму тарихындағы ең алғашқы материк. (Пангея)

  11. Жердің жасанды серігі алғаш рет қай жылы ұшырылды? (1957ж 4 қазан)

  12. Қазақ космонавты Талғат Мұсабаев ғарышқа неше рет ұшырылды? (3 рет)

  13. Қандай шоқжұлдызды гректер «Арктос» деп атаған? (Жетіқарақшы)

  14. Желдің күшін анықтайтын құрал? (Аномометр)

  15. Қазақсатанның Қызыл кітабы қай жылы жарық көрді? (1978)

  16. Қызыл қоқиқаз қай қорықта қорғалады? (Қорғалжың)



7 -«өткел»
Қазақстан

Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан?

Қонырат кенішін ашқан геолог – ғалым?







1998 жылы Қазақстанда ашылған қорық?

Қазақстан қандай сағаттық белдеуде орналасқан



8-«өткел»

Кім шапшаң?

Дүние жүзілік мұхиттың ең терең жері

Мұхит суының басты қасиеттері?







Мына өзендер қай материкте орналасқан? 1. Амудария (оңт. Америка)
2. Амур          (Еуразия)
3. Муррей (Аустралия)
4. Юкон (с. Америка)
5. Конго (Африка)

Қазақстанның қай көлінде итбалықтар мекендейді?

9-өткел.

Санмен өрнектелген мақал-мәтелдер.

  • Піл к3ті, піл к3ті емес, тіл к3ті.

  • 6н балдақ қол саны,

Әшекей кесте т10 сәні.

  • Әкесіз 7м –жарты 7м.

Шешесіз 7м – анық 7м.

  • Біреу 1-еу білмегенді, 1-еу біледі т.с.с.



10-өткел.

Математикалық ұғымдарға қатысты мақал-мәтелдер

  • Көп түкірсе, көл болады.

  • Көп алғыс – көгертер.

  • Көп сөз – күміс,аз сөз – алтын.

  • Көсеу ұзын болса, қол күймес.

  • Қорқақтың қолы қысқа.

  • Кең болсаң, кем болмайсың.

  • Кіші баланың ұятын,үлкен бала көтереді.

11-өткел

(10 б) Х.Колумб қай жылы Американы ашты (1492)
(20 б) Қандай саяхатшы Тынық мұхитына «Тынық» деп ат берген (30 б) Жаңа Гвинояға бірнеше саяхат жасаған орыс саяхатшысы? (Н.Н.Миклухо-Маклай)
(40 б) Қай орыс саяхатшысын «Екінші Колумб» деп атаған?

Қорытынды:Осындай бағытта жұмыс жүргізсек,біз өзіміздің алдымызда отырған балалардың қабілетін байқап, олардың дарынын дамыта аламыз.

Баланы заманына қарай икемдеп,өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.



Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасату арқылы «Хабарлы сөйлем» туралы теориялық ұғым қалыптастыру.

Оқушылардың әр түрлі жұмыс түрімен шұғылдану арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Оқушылардың ойын жүйелі жеткізуге,орнықты сөйлеуге,сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс–тәсілдері:көрнекілік,талдау,ой-қозғау,сұрақ–жауап, дәлелдеу,жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, тірек – сызба, карточкалар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Психологиялық даярлық

Қазақ тілім өз – тілім, ана тілім

Абай, мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені

Балалығым,бақытым,қазақ тілім–дей келе ақын жазушыларымыздың тілі -қазақ тілін бастаймыз. Сабаққа дайын болсаңдар, ойымызды жинақтайық.

3 қатарға тапсырма:

3 – қатар

Сөздерден не құралады?

2 – қатар

Дыбыс түрлерін ата?

1 – қатар

Қазақ тілінде неше әріп бар?













1.Бағдарлау – мотивациялық кезең.

«Ой қозғау» әдісі

«Сөйлем» сөзіне дыбыстық талдау.

С – дауыссыз,қатаң

Ө - дауысты,жіңішке

Й – дауыссыз,үнді

Л – дауыссыз,үнді

Е – дауысты,жіңішке

М – дауыссыз,үнді.

2.Операциялық – орындаушылық кезең.

1- қатар

Бір сөз айту

3 – қатар

Сөйлемде неше сөз бар?

2 – қатар

Сол сөзден сөйлем құра











Сөйлем дегеніміз не?

Сөзбен сөзден тұрамын

Белгілі ойды құрамын.

(сөйлем)

Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығару.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 




 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 




  1. Теледидардан берілетін бағдарлама (хабар)

  2. Ұлттық ойын (асық)

  3. Жақсы баға (бес)

  4. Қыс айы (ақпан)

  5. Анаң сенің базардан алма сатып әкелді, не деп барып жеу керек?(рахмет)

  6. Құстың төресі (лашын)

  7. Көңілді білдіру (ықылас)

Балалар,міне сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын таптық.

3.Тірек–сызба бойынша жұмыс



Сөйлем түрлері





лепті сөйлем

хабарлы сөйлем

сұраулы сөйлем



  1. Сонымен,балалар сөйлем түрлері неше түрге бөлінеді?

  2. 3 түрге бөлінеді.

  3. Бірінші түрі – хабарлы сөйлем.

Олай болса,хабарлы сөйлемге мысал келтірейік.

Сергіту минуты

«Мен қандаймын?» ойыны

Әсет - әдемі, әсем.

Камшат - көңілді,көрікті.

Азамат – ақылды, ажарлы.

Біздің класс ақылына көркі сай екен.

4. Ой тұжырымдамасы.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы балалар қандай екен?

а) оқулықтағы мәтінді оқу

ә) мәтін дегеніміз не?

б) мәтін неше сөйлемнен құралады?

в) өзің үйде не істейсің?

Дәптермен жұмыс.

Тапсырма – 1.

182-жаттығу. Мәтінге тиісті тыныс белгісін қойып, көшіру.Мәтінге ат қою.

Тапсырма – 2.

184-жаттығу.Заттың атын білдіретін сөздерге қимылды білдіретін сөздерді қосып, хабарлы сөйлем құрастырып жаз.

Құс, бота, жаңбыр, сабақ.

5.Рефлексиялық – бағалау кезең.

Зерделі сұрақ,дәлелді жауап.



Мысал

Ереже

Құс

Бота

Жаңбыр

Сөйлем

Б-қатаң

1-буын



Анықтамаға сай ма?

6. Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы.



Р/с

Тапсырмалар. Жұмыстың түрі.

Мұғалімнің беретін ұпайы

Оқушылардың жинаған ұпайы

Бағалау жүйесі

1

Сұраққа жауап

10



2

Дыбыстық талдау

5



3

Қосымша тапсырмалар

10



4

Сөзжұмбақ шешу

10



5

Ойынға қатысу

5





5-10 ұпай – «3»

15-20 ұпай – «4»

20-25 ұпай – «5»

7.Үйге тапсырма:

1.Берілген сөздерден хабарлы сөйлем құрау.183-жаттығу.

2.Ереже арқылы мысал келтіріп жаттығу.


























































































































Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы

 Сабақтың мақсаты:

 Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу

 Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер

 Сабақтың барысы:

 Мұғалім сөзі:

 Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

 Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

 Сейілмесін жанарынан ананың

 Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

 Аялайық аналарды әрдайым

 Қуанышқа бөлейікші өздерін

 Әжелердің,аналардың,қыздардың

 Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

 Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана-ұлы адам,Ана-құдіретті жан,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,

 Аяулы аналар!!!

 Арулар!

 Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі-8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік,ақылды,сымбатты,мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !

 Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды.Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі.Әлемдегі ең асыл жан ол-Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады.Ана бұл аяулы да мейірімді жан.Баланың тілі шыққаннан-ақ бірінші сөзін ана деп айтады.Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.

Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,

Ару-өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді.Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама.Қандай нақты айтылған ой десеңізші!Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә,Құдайдан кейін құдірет иесі–ана.Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек,бүгінде ұрпақ өсірумен қатар,ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда

 болмасын құрметке лайық.Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады.Бірі ғалым , бірі саясаткер,енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді.Солардың бірі аяулы ұстаздар.Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.

 І жүргізуші:

 Той пердесін ашайық

 Аналарды құрметтеп

 Ән маржанын шашайық

 ІІ жүргізуші:

 Құтты болсын ардақты анам

 Асыл анам мерекең

 Құтты болсын ұстаздарым

 Қуанышты берекең

 І жүргізуші:

 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.

 Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді.

 Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік.Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып,8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.

 1-оқушы:

 Өзіңе еліктеп өсермін

 Борышты өтермін қалайда

 Тым нәзік, жұтаңдау жырымды

 Жүректе жылытшы, жарай ма?

 Мұғалім: Хор «Ананың тілі.»

 ІІ жүргізуші:

 - Оқушыларды өздерінің шығарған өлеңдерін оқиды. Қабыл алыңыздар.

 Мұғалім: -«Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

 І жүргізуші:

 -Дидар, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.

 ІІ жүргізуші:

 -Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?

 І жүргізуші:

 -Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.

 ІІ жүргізуші:

 - Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.

 Мұғалім: -Аялы алақан ойыны

 Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу

 2-оқушы

 Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,

 Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.

 Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,

 Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

 І жүргізуші:

 Ән де шырқап, ойын да ойнап жатырмыз.

 Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз.

 3-оқушы:

 Дүниенің жарық күні анамыз

 Дана болсақ анаменен данамыз

 Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын

 Анаға арнап тағы бір ән саламыз

 Мұғалім:

 -Кластың орындауында ән «Анаға сәлем.»

 І жүргізуші:

 -Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен.

 ІІ жүргізуші:

 -Олар осындай байлаулы көзбен басқа нәрсені де бізді көргендей жақсы көрер ме екен ?

 І жүргізуші: -Сынап көрелік.

 Мұғалім: Гүл құрастыру.

 Мына гүлдерді көзін байлап орнына құрастыру

 І жүргізуші:

 - Мерген аналарымыздың құрметіне тағы да ән шашу

 Мұғалім: - «Анашым» әні

 ІІ жүргізуші:

 -Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.

 Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.

 - Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді

 Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.

 Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ.

 Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.

 Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.

 І жүргізуші:

 -Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.

 Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты.

 Сен осылай жасай алар ма едің?

 ІІ жүргізуші:

 - Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім?

 І жүргізуші:

 -Ол бақытты жан кім екен ?

 І жүргізуші:

 - Білмеймін.Тек күшімнің келері сол болар дегенім ғой.

 Мұғалім:Ән Шоқ қыздар.

 ІІ жүргізуші:

 - Аналарымыз қандай өнерлі десеңші!

 І жүргізуші:

 - Өздері мерген. Өздері бір үлкен адамды да көтеріп кететіндей күштерін қалай сынасақ екен?

 ІІ жүргізуші:

 -Олардың шешендігін сынап көрелік.

 Мұғалім:Сөз тапқанға қолқа жоқ ойыны

 Аналарды ортаға шақырып, бір санды таңдатамыз.

 Таңдаған сандарының сұрақтарына жауап береді. Бір сан 5 сұрақтан тұрады.

 І ж -Менің анам алтын

 ІІ ж -Менің де анам алтын

 І ж -Аналарды құрметтеп

 ІІ ж -Қол соғыңдар жалпың

 Аналарды ортаға шақырамыз

 І жүргізуші:

 - Біздің сөз тапқыш аналарымыздың құрметіне «Әже» әнін ұсынамыз.

 4-оқушы:

 Алтын анам жасымнан аялаған,

 Мен үшін игілікті аямаған.

 Сабақтан шаршап үйге келгенімде,

 Бал сөзі жаным деген сая маған.

 ІІ жүргізуші:

 -Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.

 І жүргізуші:

 -Бәріміз де ана алдында борыштармыз.Сол борышты өтеу бізге міндет.Сынып оқушыларының орындауында «Әлемнің жарығы.» әнін

 қабыл алыңыздар!

 Мұғалім:

 -Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді:Екі дүниенің сардары,кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) –ға сахабалары келіп

 -Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда:-Ол анаңа,-деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде:-тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді:

 -Әкеңе,-деді .

 

 Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет.Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс.Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра класс сағатымызды аяқтаймыз.

Автор
Дата добавления 06.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров621
Номер материала 476064
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх