Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның білім ошақтары

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның білім ошақтары


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Ақмола облысы

Есіл ауданы

«Есіл № 2 орта мектебі» ММ







Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Қазақстанның білім ошақтары»













Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Сыздығалина А.Б.

Есіл қаласы

2014 ж



Қазақ тілі. 11 сынып.


Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның білім ошақтары


Сабақтың мақсаттары:

1. білімділік: оқушыларға Қазақстанның жоғары оқу орындары туралы толық мәлімет беру, білңм жүйесімен таныстыру, құрмалас сөйлем туралы білімдерін пысықтау

2. дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, өз ойын айта білуге үйрету. сөздік қорын шығармашылық бағытта дамыту;

3.тәрбиелік: білімнің қажеттілігін түсіндіру, білім алуға деген ықыластарын ояту.

Көрнекілігі: оқулық, карточкалар.

Әдісі: қайталау, сұрақ-жауап, ролдік ойын, әнгімелесу, іздендіру.


Сабақтың барысы:

Ійымдастыру кезеңі. Амандасу, кезекшімен тілдесу, оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Сұрақ -жауап:- Синтаксис нені зерттейді?

- Сөйлем деген не? Неше түрі бар?

-Құрмалас сөйлем деген не? -Құрмалас сөйлемнің түрлерін атаңдар.

- Салалас және сабақтас сөйлемдердің түрлері.

ә) Вендиаграманы толтыру; айырмашылыгы мен ұқсастығын көрсету.

б) Схемалық диктант

ІІІ. Жаңа тақырып. "Қазақстанның білім ошақтары" тақырыбы туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.

- Балалар, бүгін сабақта біз болашаққа аттанамыз. Артымызда үрейлі күндер қалды: Бірыңғай Ұлттық тестілеу аман-сау тапсырдыңдар. Сендер екінші мектептің түлектерісіңдер.

...Ақылшым асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстадың.

 

Ғылым иесі ғалым болу, ел қорғаған батыр болу,тілінен бал тамызған ақын болу, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы болу, егін салып, мал бағып, терін төккеншаруа болу, көкті шарлаған ғарышкер болу- біздің таңдауымыз.

1. Көрініс (ролдік ойын): Қабылдау бөлмесінде.

- Сәлеметсіздер ме? Мен оқуға түсу үшін құжаттарымды алып келіп едім. Қайда өткізуге болады?

- Сәлеметсіз. Құжаттарыңызды маған беріңіз. Таңдаған мамандығыңызды көрсетіп, өтініш жазыңыз.

-Өтініш үлгісі бар ма?

-Өтініш үлгісі бар, қабырғада ілулі тұр.

-Ракмет.

-Мен тестіден өтетін күнге дейін дайындық жұмыстарының уақытын білгім келеді.

-Оның барлығын мына пакеттен табасыз. Ал мынау құжатты өткізгендігіңіз туралы мәлімет. Жоғалтып алмаңыз.

- Рахмет. Сау болыңыздар.

- Сау болыңыз. Сәттілік тілеймін!


2. "Қазақстанның білім ошақтары" мәтінмен жұмыс

а) Әбунасыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті туралы мәлімет.

ә) Қаныш Сәтпаев атыңдағы Қазақ техникалық уныверситеті туралы мәлімет.

б) Шетелде білім алу туралы


3. Интервью алу. Сұрақ-жауап. Тілші:

-Жоғарғы табыстарға жету неге байланысты?

-Мақсатқа жету үшін қандай қасиеттер керек?

-Білімді болу үшін қандай қасиеттер керек?

-Қандай мамандықты, оқу орынды таңдадың?

Керекті сөздер. от квалификации(мамандықтан), мастерства( шеберліктен), трудолюбия(еңбекқорлықтан), силный характер (қайратты міңез)терпение (шыдамдылық).


4. Грамматикалық жаттығулар: Сөйлемдерді жазып, құрмалас сөйлем түрлерін анықтаңдар.

Мысалы: Білімді болу үшін, көп оқу керек. (мақсат бағыңынқылы сабақтас құрмалас сөйлем)

ІҮ. Сабақты қорытындылау. Тест сқрақтарына жауап беру.

Ү. Бағалау. Үйге тапсырма: эссе жазу















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

11 "б" сыныбында қазақ тілінен сабақ бойынша өзіндік талдау

 Сабақтың тақырыбы: "Қазақстанның білім ошақтары"

 Сабақтың мақсаттары:оқушыларға Қазақстанның жоғары оқу орындары туралы толық мәлімет беру, білңм жүйесімен таныстыру, құрмалас сөйлем туралы білімдерін пысықтау,ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, өз ойын айта білуге үйрету. сөздік қорын шығармашылық бағытта дамыту; білімнің қажеттілігін түсіндіру, білім алуға деген ықыластарын ояту.

         Сабаққа 16 оқушы қатысты.

    Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ролдік ойын, әнгімелесу, іздендіру

   Ашық сабақты өткізуге дайындалу барысында бағдарламалық талаптар мен оқушылардың сынып ерекшеліктері де есепке алынды. Сабақтың осы тақырыпты таңдап алу себебім, оқушылардың 11 сыныпты бітірген соң, қандай оқу орындарына бара алатын және қандай мамандықты таңдай алады екені туралы мәлімет беруді жөн қөрдім.   Оқушылардың құрмалас сөйлемнің түрлері туралы білімдерін тереңдету, толықтыру, өз бетінше деңгейлік тапсырмаларды орындай білуге үйрету - сабақтың тағы да бір мақсатын көздедім. Сабақта жаңа технологиялық әдістер бойынша оқушылардың мәнерлеп оқып, мазмұнын толық, ашып айта білу, сұрақтарға толық, дұрыс жауап бере білуге үйрету, өз ойларын анық, түсінікті айта білуге және сөздік қорларын молайту. Ролдік ойын технология бойынша оқушылар құжаттарды қабылдау бөлмесіне қалай тапсырудың үлгісін көрсетті. Балалар топпен жұмыс істеп, берілген тапсырмаларды орындап, сабаққа белсенді қатысты. Топпен жұмыс істеу барысында уақытты үнемдеуге болады, соның нәтижесінде көп жұмыстар жүргізіледі,балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артты. Оқушылар өз бетімен вендиаграманы жасай  білді, сызба бойынша жұмыс істеп, жақсы сөйлемдер құрастырды, оларды талдай білді.   Сабақ қызықты өтті, өз көздеген мақсатына жетті.

 

 

 

Автор
Дата добавления 01.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров884
Номер материала 469973
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх