Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Даудың шешімі ﴾«Талассаң, бағаң кетеді», «Кінәлі аяқтар»﴿
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақтың тақырыбы: Даудың шешімі ﴾«Талассаң, бағаң кетеді», «Кінәлі аяқтар»﴿

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Даудың шешімі «Талассаң, бағаң кетеді», «Кінәлі аяқтар»﴿

Сабақтың мақсаты:

  1. Шешендік сөздердің мазмұны, ерекшелігі жайлы түсініктерін молайту. Шешендік сөздердің, данышпан билердің халық арасында алатын орны туралы түсініктерін кеңейту.

  2. Ой – өрістерін, сөздік қорларын молайту.

  3. Тапқырлыққа, ұтымды сөз тауып сөйлеу білуге, сөзге тоқтай білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: даналық сөздер жазылған плакаттар, үнтаспа.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Қызығушылықты ояту.

Қыңыр сөз амалсыздан күйдіреді.

Әділ сөз пайдасы көп тебірентер,

Бәрі де қисық сөздің кері кетер, -

деген Ж.Баласағұн бабамыздың даналық сөзіне көңіл бөліп, бір сәт ойланып көрелікші.

«Топтастыру» стратегиясы. Сөз тақырыбына тіркестер жазу. Аталған тіркестер арқылы топтарға бөліну – « Кубизм » бойынша.

Зерттеу жұмысы:

1 – топ. Қазақ халқы шешенді неліктен дана деп санаған?

2 – топ. «Өнер алды – қызыл тіл» деген мақалды қалай түсінесің?

3 – топ. Сөз – есепсіз, тіліңді тый, тарта ұста,

Тыймаған тіл – басыңа сор әр тұста.

Есепті сөз – ер сөзінің асылы,

Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста.

А.Жүгінеки﴿



Осы сөзге қолдау білдіру немесе қарсылық білдіру.

4 – топ. Салыстыру. Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттердің жеткізер түбі не? Өз ойыңды Ж. Баласағұн ұстанымымен салыстыр:

Бірі – жаман тоңмойындық, құлықсыз,

Бірі – жаман сөзбен лағу құрықсыз.

Тағы бірі – ең жарамсыз, надандық,

Үшеуі де – надан ісі қараңдық.

Мінез – құлық болса ұшқалақ – жер етер,

Барлық ісі құт болса да кері кетер.

Ашық көңіл құтқа бейім жанасар,

Салмақтылық білімдарға жарасар.

Ізгі мінез көрсетеді келісті ер,

Оның ісі күнде жанып өрістер.

Ендеше бүгінгі сабағымызды осындай шешендік сөздердің бірін түсініп, талқылаудан бастаймыз.

  1. Мағынаны тану.

Мәтінді оқып шығу.

  • Басты кейіпкерлер кімдер?

  • Өлеңдегі негізгі ой айтылған шумақты оқып бер.

Мән мағынасын түсіндіру.

Сөздік жұмысын жүргізу.

  • Ел басшылары неліктен Күдеріге жүгінді ?

  • Күдерінің шешендігі неде болып тұр?

Осы аталған жауаптар бойынша сыныпты жаңа топтарға бөлу: Тапқырлық, Алғырлық.................

  • Шешеннің жүйрік ой – толғауы жүгінушіге маңызды ма? Неліктен?

Топтық жұмыс. Ойтолғау.

Топ жұмыстарын тыңдау.

  • Дәлел ретінде өздерің оқыған немесе 3 – сыныпта өткен шешендік сөздерді еске түсіре аласыңдар ма?

  • Осындай дау – дамайдың басын ашып берген Төле би бабамыздың басынан өткен оқиғалардың біріне құлақ салайық:

« Төле бидің жастау кезінде осындай бір қақтығысты жағдай екі ел арасында өтіпті деседі: «Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп жыл бұрын Үйсін мен Арғын елінің белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмай отырғанда, топқа еріп келген он бес жасар Төле билік айтушылардың бірде – біріне көңілі толмай:

Ақты ақ деп бағалар,

О, игі жақсы ағалар!

Өзегі талса ел біткен

Өзен бойын жағалар, -

деп сөз бастай бергенде: «Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без» деуші еді. Мына бала кім өзі?» – дейді төрдегі би. Төле қасқая қарап тұрып былай дейді:

О, би аға! Он үште отау иесі емес пе?

Кінәлімін бе келіп қалсам он беске?

Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,

Ала көз болу ағайын адамға лайықпа?

Содан кейін Төле қатты толғанып, іштей тебіреніп біраз тұрады. Міне, осы кезде баяғы төрдегі Төбе би балаға қарап: «Қысылма, шырақ »– деп сүйеу – демеу болыпты. Осы кезде өз ойын жұптап үлгерген Төле аңқылдап соққан ақ самалдай:

О, игі асқар тауымыз

Әділ ме осы дауымыз

Жар астында тұрғанда

Жасырынып жауымыз, - деп екпіндете тоқтағанда, әлгі би баланың сөзіне дән риза болып, бар ынта – пейілімен:

Қой асығы демеңдер,

Қолыңв жақса, сақа ғой.

Жасы кіші демеңдер,

Ақылы асса аға ғой, - деп , барлық сонда отырған игі жақсылардың назарын Төлеге аударыпты.

Содан кейін әлгі би сөзін қайта сабақтап:

  • Балам, ағалық билікті саған бердім, - деді. Бала Төле жұлып алғандай:

  • «Сары табақтан сарқыт қайтады » деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын Үйсін, сол жағын Арғын жайласын, - деп билік айтады.

  • Бұл шешімге екі жақ та риза болып, ел арасы жарасып, бітім – берекеге келіпті. Сонда бағанағы аға би:

  • Үй баласы ма деп едім,

  • Ел баласы екенсің,

  • Ай маңдайлы арысым,

  • Талабың алдан өтелсін,

  • Ауылыңның таңы бол,

  • Маңдайындағы бағы бол! –

деп Төлеге бата берген екен».

  • Бұл жағдайдағы Төле бидің шешендігі неде? Қандай даудың шешімін тауып берді?

  • Қазіргі таңда дау – дамайды кім шешеді деп ойлайсың?

III.Ойтолғау.

Мұғалім шешендік сөздің мән – мағынасына, адам өмірінде алатын орны туралы түсініктеме береді.

«Көп тыңдап, көп сөйлеме, көріп отыр,

Сөзіңді білімменен өріп отыр», - деген Ж. Баласағұн шешен сөзі бойынша өзіңдік пікірлерін қорыту.

Оқушылардың пікірлерін тыңдау.

Сабақты қорытындылау мақсатында «Бес жолды өлең» стратегиясы.

  1. Зат есім - 1

  2. Сын есім – 2

  3. Етістік – 3

  4. Мағыналас сөз – 1

  5. Мәндес сөз – 1

Оқушылардың білімдерін, жауаптарын бағалау.

Үйге тапсырма.



















































Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.





Ынтымақ түбі - бірлік.



Ынтымақ істі бітірер.





Бірлік болмай,

Тірлік болмас.





Ынтымақ болмай іс оңбас.







Ақыл – тозбайтын тон,

Білім – таусылмайтын кен.





Ақыл – арымас,

Алтын – шірімес.

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:Даудың шешімі «Талассаң, бағаң кетеді»,  «Кінәлі аяқтар»﴿

Сабақтың мақсаты:

1.     Шешендік сөздердің мазмұны, ерекшелігі жайлы түсініктерін молайту. Шешендік сөздердің, данышпан билердің халық арасында алатын орны туралы түсініктерін кеңейту.

2.     Ой – өрістерін, сөздік қорларын молайту.

3.     Тапқырлыққа, ұтымды сөз тауып сөйлеу білуге, сөзге тоқтай білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: даналық сөздер жазылған плакаттар, үнтаспа.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

I.                  Қызығушылықты ояту.

Қыңыр сөз амалсыздан күйдіреді.

Әділ сөз пайдасы көп тебірентер,

Бәрі де қисық сөздің кері кетер, -

деген  Ж.Баласағұн бабамыздың даналық сөзіне көңіл бөліп, бір сәт ойланып көрелікші.

«Топтастыру»  стратегиясы. Сөз тақырыбына тіркестер жазу. Аталған тіркестер арқылы топтарға бөліну – « Кубизм »  бойынша.

Зерттеу жұмысы:

1 – топ. Қазақ халқы шешенді неліктен дана деп санаған?

2 – топ.  «Өнер алды – қызыл тіл»  деген мақалды қалай түсінесің?

3 – топ. Сөз – есепсіз, тіліңді тый, тарта ұста,

 

Тыймаған тіл – басыңа сор әр тұста.

Автор
Дата добавления 10.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров318
Номер материала 377045
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх