Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / Сабақтың тақырыбы "Еуразияның табиғат зоналары" (7 сынып)

Сабақтың тақырыбы "Еуразияның табиғат зоналары" (7 сынып)

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Еуразияның табиғат зоналары

21.09.2012 Просмотров: 3258 Комментариев: 2

Сабақтың мақсаты:
Білімдік: оқушыларға жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің өзара байланыстылығының табиғат және климат жағдайына тәуелді екендігін анықтауға көмектесу.
Дамытушылық: заңдылықты аша білу, табиғат зонасын сипаттай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: табиғатты сүюге тәрбиелеу, дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: білімді жүйелеу және жинақтау.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену, интерактивті тақта.
Көрнекілігі: «Еуразияның табиғат зонасы» картасы, жануарлардың суреттері, сөзжұмбақ, кесте.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.
Балалар, бүгін біз интерактивті тақтамен табиғат зоналарына қызықты саяхатқа шығамыз.
Саяхатқа шығар алдында оқушыларға саяхаттан оралған кезде жауап беретін сұрақ қою.
Проблемалық сұрақ: Табиғат және климат жағдайына байланысты жануарлар мен өсімдіктер дүниесі арасында өзара байланыс бар ма?
ІІІ. Білімді тексеру, өткен материалды бекіту.
Мұғалім: Біздің саяхатымыз солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталады. Біз Солтүстік Мұзды мұхит, яғни арктикалық шөл зонасындамыз, бұл зона жайлы не білеміз?
Оқушы: Солтүстік мұзды мұхитты жыл бойы қалың мұз қабаты жауып жатады. Қиыр солтүстікте мұз мүлде ерімейді.
Мұғалім: Неліктен?
Оқушы: Себебі күн полярлық жазда көкжиектен көтерілмейді, күн сәулелері мұз бен қардан шағылысады.

Тапсырма №1
1. Интерактивті тақтадан көрсетілген арктикалық шөл зонасынның жануарларының атын атау.
2. Қиыр солтүстікте қандай құстар тіршілік етеді?
3. Қиыр солтүстіктегі суыққа жануарлар қалай бейімделген?
Оқушы:
- Қалың май қабаты жануар денесінің суынуынан қорғайды.
- Көптеген жануарлардың қалың жылы жүні ашық түсті болады.
- Теңіз азықтарымен, балықпен қоректенеді.
Мұғалім: Біздің келесі аялдамамыз тундра зонасы.
Жазда бұл зонада аласа тырбық ағаштарды, мүк пен қыналы жерлерді көреміз. Жазы өте қысқа.
Тапсырма №2
1. Тундрада өсетін өсімдіктерді атаңдар?
2. Бұл өсімдіктер тундрада тіршілік етуге қалай бейімделген? /компьютерде №1 кестені толтыру/
3. Интерактивті тақтадан көрсетілген суреттен тек қана тундрада тіршілік ететін жануарларды табу.
4. Тундрада аң көп пе, әлде құс көп пе?
Мұғалім: Енді тайга зонасына келдік.
1. Тайга зонасының өсімдіктерін атаңдар?
2. Неліктен тайгада өсімдіктер алуан түрлі?
Оқушылар компьютерде №1 кестемен өздігінен жұмыс істеп, №2 кестені толтырады.
Тапсырма № 3
1. Тайгада тіршілік ететін жануарларды атаңдар?
2. Неліктен орман жануарлар дүниесіне бай және алуан түрлі?
- Шөптекті жануарлар мен жыртқыштарға азық жеткілікті.
- Өмір сүру үшін табиғат және климат жағдайы қолайлы.
Мұғалім: Біздің ендігі аялдамамыз кең байтақ жерді алып жатқан дала зонасы.
- Орман зонасына қарағанда дала өсімдік дүниесіне бай ма, әлде кедей ме?
- Орманға қарағанда даланың өсімдік дүниесі кедейлеу. Бұл климат жағдайына байланысты.
- Даланың өсімдіктерін атаңдар?
- Қызғалдақ, жусан, бетеге т.б
Тапсырма №4
1. Өсімдіктер даланың құрғақ климатына қалай бейімделген? /компьютерде № 2 кестені толтыру/
2. Далада қандай жануарлар тіршілік етеді?
- Кеміргіштер мен олармен қоректенетін жыртқыштар.
Тапсырма №5
1. Даланың жануарлары мұндағы тіршілікке қалай бейімделген?
- Дала жануарларының көпшілігі шөпқоректі, су, қорек іздеп көшпелі өмір сүреді.
- Қорек іздеп үлкен қашықтыққа жүгіре алады.
- Жануарлардың түсі дала реңіне байланысты сары түсті.
Мұғалім: Балалар саяхатымызды шөл зонасымен аяқтаймыз.
1. Тек шөлге тән өсімдіктерді атаңдар? Қатаң климат жағдайына өсімдіктер қалай бейімделген? /Оқушылар комьютерде №2 кестені толтырады /
Қосымша материал
1. Шөл өсімдектерінің тұқымдары көпжылдық құрғақшылыққа төзе алады.
2. Өсімдіктердің кейбір түрлері тұқымын тіршілігінің 10 күнінде түзеді.
3. Көптеген өсімдіктер ылғалды өзіне қорға көп мөлшерде жинайды.

1. Суреттен тек шөл зонасына тән жануарларды атаңдар?
2. Бұл жануарлар шөлдегі тіршілікке қалай бейімделген?
- Жаулары мен ыстықтан қорғану үшін құмға тез көміліп қалады.
- Көптеген жануарлар ылғалды терісі арқылы ауадан алады.
- Кейбір жануарлар қоректік заттарды қорға жинайды.
- Қорек аулауға ыстық қайтқан соң түнде шығады.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
1. Құрметті балалар, біз қандай зоналарға қызықты саяхат жасадық?
2. Қалай ойлайсыңдар, әртүрлі табиғат зоналарындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тіршілік етуге қалай бейімделген?
- Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі әртүрлі табиғат зоналарында тіршілік етуге табиғат және климат жағдайына байланысты бейімделген.
3. Әр түрлі зонадағы өсімдік және жануарлар дүниесінде өзара байланыс бар ма?
- Әрбір табиғат зонасындағы өсімдіктер мен жануарлардың арасында өзара тығыз байланыс бар.
Ү. Бекіту.
Сабағымызды «Табиғат зоналары» сөздерімен шешу арқылы аяқтаймыз.
ҮІ. Үйге тапсырма: Өздеріңді қызықтыратын табиғат зонасының өсімдік, жануарлары жайлы қосымша мәліметтер оқып келу.

Краткое описание документа:

Автор
Дата добавления 10.06.2015
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров413
Номер материала 562486
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх