Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Музыка / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Казақтың халық музыкасы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Сабақтың тақырыбы: Казақтың халық музыкасы

библиотека
материалов





Начало формы

Конец формы

Қазақтың халық музыкасы

Ашық сабақ  5 сынып

Сабақтың  тақырыбы: Қазақтың  халық  музыкасы

Сабақтың  мақсатыҚазақ  халқының  музыкасы  туралы әңгімелеу,аспаптар  үнің  таныту,олардың  шығу  тарихын  білуге,насихаттауға ,ұрпақтан ұрпаққажеткізу, баланың   бойына сіңіру.

Білімділік  мәніХалық  әндерін ,  күйлерін  тыңдау ,талдау, насихаттау.

Дамытушылығы:   Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту,музыкалық  сауаттылығын  ашу, есту  ,есте  сақтау  қабылеттерін  дамыту.

Тәрбиелік  мәні:    Оқушыларға  халық  музыкасы  арқылыықыласын  көтеругеықпал ету,  сахна мәдениетін  қалыптастыру , ой - өрісін  кеңейту.

Сабақ типі:Жаңа сабақ,  аралас  сабақ.

Көрнекілігі: Аудио,видео,интерактивті тақта, магнитофон,карточкалар,таспалары,слайдтар.

Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих , жаратылыстану , т. б.

Сабақ барысы

Уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу,түгелдеу.

 

2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Қазақтың  ұлттық музыкалық аспаптары

(картачкамен жұмыс)

3

Жаңа сабақты түсіндіру

8 минут

Қазақтың  халық  музыкасы.

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

«Көрұғлы» Дәулеткерейдің  күйі

5

Әндету

8 минут

«Домбырасыз  сән

қайда » әні И.Нүсіпбаев.

6

Шығармашылық жұмыс

3 минут

Сөзжұмбақты  шешу.

7

Музыкалық ойындар

7  минут

Викториналық  тест

(Аспаптар  үні.)

8

Қорытындылау

5 минут

«Қазақтың халық  музыкасы».

9

Бағалау

3 минут

«5», - «4»,-  «3»- .

10

Үйге тапсырма

2 минут

27-31 бет оқу,әңгімелеу.

-Сәлеметстиңдер ме  балалар  !

-Мінекей  біздің  бүгінгі  сабағымыз  үлкен  мерекеге  ұласуда.

-Сабағымызға  келген  қонақтарды  қарсы  алайық.

Сәлемдесу қушылар  орнынын  тұрып  сахна  мәдениетің  сақтап  сәлемдеседі)

ә, балалар біздің бүгінгі  өтетің  жаңа  тақырыбымызды  жазамыз.

«Қазақтың  халық  музыкасы»

«Екі  ішектің   бірің  қатты , бірін  сәл- сәл кем  бұра.

Қазақ  нағыз  қазақ  емес ,

Нағыз  қазақ  домбыра.» -  деп ақын  Қыдыр  Мырзалиев ағамыз айтқандай , біз  балалар  өткен  сабақта  «Қазақтың  ұлттық  музыкалық  аспаптары» атты тақырыбымен  танысқан  болатынбыз.

(Карточка  таратамыз,  аспаптың  суреттерімен  безендірілген)

- Қанекей  қандай  қазақтың  ұлттық  музыкалық  аспаптарын  білесіндер?(домбыра, қобыз,шертер, жетіген,асатаяқ , дауылпаз , даңғыра , дабыл,шаңқобыз , сыбызғы , сазсырнай , мүйіз  сырнай , үскірік , ұран т.б)

ңыз  бойынша  домбыры  аспабы  қалай  пайда  болған?

«Қос  ішек»  күйінің  аңызын  балалар  кім  айтады? (  Ертеде  бір  аңшы  жігіт  болыпты.    Сол  аңшы  жігіт  биік  таудың  қиясын , қалың  қарағайдың  арасын  тұрақ  еткен  бұғы маралды  аулап ,  кәсіп етсе  керек..  Бірде  жолы  болып , теңбіл  марал  атып  аладыда  етекке  түсіру  үшін  ішек  қарнын  ақтарып  алып  тастайды.Содан арада айлар өтеді, жігіт  баяғы  теңбіл  маралды  атқан  жерге  соқса ,  құлағына  бір  ызыңдаған  дауыс  естіледі.Ішектерді қарға -  құзғын  іліп  ұшқан  болу  керек ,  қарағайдың  бұтағына  қос  тін  болып  керіліп  қалғанын  көреді.  Ызыңдаған  дыбыстың  сол  ішектен  шығып   тұрғаныкөреді.Ішектер  жел  тербесе  ызыңдап , бірде  сарнап , бірде  сыңсып  жылағандай  түрлі  күйге  түсіреді.

Сол  жерде  аңшы  жігіт ,ішекті  үйге  алып  келеді  де,бір  аспап  жасап , тартып  көрсе , қос  ішекке  тіл   біткендей  сұңқылдап  қоя  береді.)

-Домбыра  аспабы  қандай  бөліктерден  тұрады?    (   Домбыра  аспабының  бірнеше  түрі  бар.  Екі  ішекті , үш  ішекті   болып  келеді.)

-Жанрдың қандай  түрлерін  білесіңдер?(  ән жанры,  күй  жанры,

би  жанры)

-Ішекті  аспаптарды    кім  атай  ?

- Қанекей  ,  қол көтеріп білетінімізді  ортаға  салайық..(домбыра,

қобыз, шертер , жетіген. )

-Жетіген  аспабының  тиегі  неден  жасалады.(Аспап  тұтас  ағаштан  ойылып  жасалады, шанағы  көн  теріден қапталады,

ал  күйге  келтіру  үшін  тиек  орнына  асық  қойылады.)

-Жарайсың  , Жақсы  !

-Ішекті  аспаптарға  жататын  шертер  аспабының  құрылысы  мен  түрлері туралы  кім  айтып  береді?(Құрылысы  жөнінен  домбыра , қобыз  аспаптарына  ұқсас  келеді.Шертерде  көбінесе  шертпе  күйлер  орындалады.Ол ең көне ,көне, жаңа деп  үш  түрге  бөлінеді.)

-Сілкімелі  аспаптарға  қандай  аспаптар  жатады?

( Асатаяқ , қоңырау, сақпан , тұяқтас , шартылдауық.   Асатаяқ қазақ  халқында  ұлттық  билерді  сүйемелдеу  үшін  қолданған. )

-Балалар  шаңқобызаспабы  неден  жасалады ?  Қалай  орындалады?

-Кім  біледі ?  ( Оның  ортасында сүйір  темір тілшесі  болады, күйге  келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.)

-Үрмелі  аспаптар  жайлы  кім  біледі?

-Не  себептен  бұл  аспаптарды  үрмелі  аспаптар  дейміз?

(Орындалу әдіс- тәсіліне  қарай  оларды  топқа  бөлеміз.Атап  айтатын  болсақ  үрмелі  аспаптарға: сыбызғы , сазсырнай ,  мүйіз  сырнай , ұран ,үскіріктер  жатады.)

ә,  балалар  саз сырнай , мүйіз  сырнай  неден  жасалады  екен  кім  біледі? ( Саз  балшықтан  иленіп, отқа  күйдіріліп оны  оюлармен  әшекейлеп, дыбысты  тесіктерді  жауып  ашу  арқылы  шығарады. Ал  мүйіз  сырнай  атының  өзі  айтып  тұрғандай жануарлардың  мүйізін  тазалап , кептіріп,  оған  мүштік  қойып  ойналады.)

-Ұран  аспабын  халық  қандай  кезде  пайдаланған?(Оны бұрын  жауынгерлер  көп  пайдаланатын  болған ,яғни  жаудың  келе  жатқаны  туралы  хабар  беру  үшін)

- Жарайсыңдар  балалар , үй  тапсырмасын  барлығын  орындап  келіпсіңдер, жақсы  игеріпсіңдер.

-Ал  енді  біз  жаңа  сабағымызға  көшелік.

Енді  дәптерлерінді  , қаламсаптарынды  алып  бүгінгі  жаңа  сабағымыздың  тақырыбын  жазып  коялық..Оқулықпен  жұмыс  жасаймыз  ,оқулықты  ашатын  болсаңдар тақырып  бойынша  мәтін  тұр  сол  мәтінді  мұқият  қарап  шығайық.

Оқулықта  берілгендей   біздің  бүгінгі  жаңа  сабағымыздың  тақырыбы:  Қазақтың  халық  музыкасы.

Өнер халық  тарихының  шежіресі. Өнерде  өмір ,  тіршілік   құбылыстары ,  адамның  күйініш -  сүйініші, қуанышы  мен қайғысы бейнеленеді.

Қазақ  халқының  басынан   өткен  қилы  замандар,  тіршілігі  мен  тағдыры ,салт дәстүрі ,өмір сүрген ортасы мен әдет ғұрыптары ұлттық өнері  арқылы  ұрпақтан - ұрпаққа жалғысып,тарих арнасына  айналды.Соның  ішінде  музыканың   алатын  орны  ерекше.

Қазақ  музыка  өнерінің  халықпен  бірге  жасасып ,  тарихи  әлеуметтік  өмірі  мен  толғаныс - тебіреністерін  үздіксіз  баян  етіп  келе  жатқан  саласы  ән  мен  күйі.

Халық  дүниеге  келген  сәби  қуанышынан  бастап,  азамат тіршілігіндегі  оқиғалары ,  алуан  түрлі  ойларды  ән - әуенмен  жеткізе  білген.

Сондай- ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын   көтере  жүріп , бесік  тербеткен  аналар да  өздеріне  алдымен әнді  серік  еткен. Қыз  ұзату, үйлену тойлары,халықтық ойын сауықтар   барлығы да  ән күй  аясында өтеді.

Өлімге  қарсы   күресіп,  мәңгілік  өмірді көксеген   Қорқыт , ұлы  ғұлама   ғылым  әл Фараби ,  бейбіт , тыныш  өмірді  аңсап , Желмаясын  желдіріп,  дүниені  кезген  Асанқайғы  бабалармыз  үміт- армандарын музыка тілімен жеткізді.Одан бергі Құрманғазы,  Тәттімбет,  Дәулеткерей,  Абыл, Біржан сал,  Ақан сері,  Мұхит,  Қазанғап,  Дина,  Сүгір  және  тағы  басқа  дарын  иелері   халқының  бастан  кешкен  тауқымет тағдырларын  музыкамен суреттеп  өтті.

Сөйтіп , халқымыздың  музыкалық  рухани  қазына,  мол мұрасы  сан ғасырлар  бойы  басынан кешкен тұрмыс- тіршілігімен  жұптаса

жалғасып  келеді. Сендер, балалар, бүгінгі күннің ұрпақтары, сол ата-бабаларымыздан қалған  асыл мұраларды көкейге  тоқып , бойға сіңіріп өссеңдер,тарих  тағлымы  жалғаса  бермек.

Музыкалық   шығарма  тыңдау:

Қазақтың  ұлттық  музыкалық  аспаптары.

Дәулеткерейдің  күйі  « Көрұғлы»

Музыкалық  сауат  ашу:   (ережені  жаттап  ал)

Музыкалық  жүйе . Лад.

Кез  келген  әуенде  негізгі  дыбыс  болады.  Осы  дыбыстың  басқа  дыбыстармен  арақатынасы  музыкалық  жүйе  деп  аталады.

Негізгі  дыбыс  әр  тактідегі  әлді  үлеспен  басталып ,  музыкалық  ойдың  мағынасын  білдіріп  тұрса ,  ол  негізгі  тон  деп  аталады .

Негізгі  тон әуеннің басы  мен  аяғында  анық байқалады, ал негізгі  тонға  құрылған дыбыс  қатарын  лад  деп  атайды.

Дауыс  ашу  жаттығулары:

(Қазақ халқының  мақал- мәтелдерін әуенге  келтіріп  әндеті,  дыбыс  қатары  бойынша  жоғарылатып  әндету,және төмендету.)

Ө  - нер - ді   үй - рен ,    үй -  рен -де  жи - рен.

( до -  ре -  ми- фа – соль,   соль- фа- ми –ре – до )

Әндету:

Домбырасыз  сән  қайда.

Өлеңін  жазған .Х.Талғаров.     Әнін жазған. И.Нүсіпбаев.

  1.    Елдің  жырын  жырлаған ,

Қайғысын  да  толғаған .

Домбырасыз  ешқашан

Жүрекке  ем  қонбаған.

Қайырмасы:

Домбырасыз  сән  қайда ,

Домбырасыз  ән  қайда .

Ән  мен  күй  бар  өмірде

От  та  лаулап  жанбай  ма?...

  1. Құрманғазы , Тәттімбет

Домбырамен  сайраған .

Жүрекке  от  жақсын  деп ,

Елге  күйін  арнаған .

Қайырмасы:

3.  Абай , Жамбыл , сал Біржан

Таңғалдырып  ән  салған .

Жүрегінді жандырған ,

Естіген  жан  тамсанған .

Қайырмасы:

Шығармашылық  жұмыс:

Сөз  жұмбақты дұрыс   шешкенде, «қобыз»  сөзі  шығады.

1.Сілкіп  ойналатын  аспап түрі.

2.Қазақтың  ұлттық  аспабы.

3.Жауынгерлер пайдаланатын  ұрмалы  аспап.

4.Қурайдан  жасалатын  аспап.

5.Тілшелі музыкалық  аспап.

Қорытындылау:

  • Халық  музыкасы  дегеніміз  не?

  • Қандай  халық  сазгерлерін  білесің?

  • Қазақ  халқының  ұлттық  музыкалық  аспаптарын  ата.

Үйге  тапсырма:

*    Қазақтың  халық  музыкасы  жайлы  әңгімелеу.

*    Лад  дегеніміз.

*     «Домбырасыз  сән  қайда»  әнін жатқа  әндету.

Бағалау:«5»   -     «4»    -    «3»   



Краткое описание документа:

Қазақтың халық музыкасы

Ашық сабақ  5 сынып

Сабақтың  тақырыбы: Қазақтың  халық  музыкасы

Сабақтың  мақсатыҚазақ халқының музыкасы туралыәңгімелеу,аспаптар үнің таныту,олардың шығу тарихын білуге,насихаттауға ,ұрпақтанұрпаққажеткізу, баланың  бойынасіңіру.

Білімділік  мәніХалық әндерін , күйлерін тыңдау ,талдау, насихаттау.

Дамытушылығы:   Әндісүйемелдеуменәндетуәдісіндамыту,музыкалық сауаттылығын ашу, есту  ,есте сақтау қабылеттерін дамыту.

Тәрбиелік  мәні:    Оқушыларға халық музыкасы арқылыықыласын көтеругеықпалету, сахнамәдениетін қалыптастыру , ой - өрісін кеңейту.

Сабақтипі:Жаңасабақ, аралас сабақ.

Көрнекілігі: Аудио,видео,интерактивті тақта, магнитофон,карточкалар,таспалары,слайдтар.

Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих , жаратылыстану , т. б.

Сабақ барысы

Уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу,түгелдеу.

 

2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Қазақтың  ұлттық музыкалық аспаптары

(картачкамен жұмыс)

3

Жаңа сабақты түсіндіру

8 минут

Қазақтың  халық  музыкасы.

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

«Көрұғлы» Дәулеткерейдің  күйі

5

Әндету

8 минут

«Домбырасыз  сән

қайда » әні И.Нүсіпбаев.

6

Шығармашылық жұмыс

3 минут

Сөзжұмбақты  шешу.

7

Музыкалық ойындар

7  минут

Викториналық  тест

(Аспаптар  үні.)

8

Қорытындылау

5 минут

«Қазақтың халық  музыкасы».

9

Бағалау

3 минут

«5», - «4»,-  «3»- .

10

Үйге тапсырма

2 минут

27-31 бет оқу,әңгімелеу.

-Сәлеметстиңдер ме  балалар  !

-Мінекей  біздің  бүгінгі  сабағымыз  үлкен  мерекеге  ұласуда.

Автор
Дата добавления 26.01.2015
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров505
Номер материала 339075
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх