Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Презентации / Сабақтың тақырыбы: Киелі сандар. Қасиетті сандар.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Сабақтың тақырыбы: Киелі сандар. Қасиетті сандар.

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Киелі сандар. Қасиетті сандар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Халық қазынасының тереңіне бойлап,қасиетті,киелі сандар жайында терең мағлұмат беру.

Дамытушылық: Бұл сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру. Қасиетті сандар сырын ашуға қызықтыру. Сандардың халық арасында кең таралған қасиеттері туралы түсініктерін тереңдету

Тәрбиелік: Халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдалана отырып ұрпақ бойында адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Үй тапсырмасы. Қайталау сұрақтары.

3. «Еске түсір» шолу. Практикалық кезең. Сауалнама

4. Сандар сыр шертеді.

5. Салт-дәстүрден үзінді.

6. Қорытынды. Үйге тапсырма.

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Үй тапсырмасы. Қайталау сұрақтары.

3. Практикалық кезең.

Сауалнама:

1. Қасиетті сандар туралы білесің бе?

а) иә ә) жоқ

2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?

а) ата-анадан ә) мұғалімнен б) аға-әпкелерден

3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?

а) иә ә) жоқ

4. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?

а) иә ә) жоқ

5. Қандай қасиетті сандарды білесің?



4. Сандар сыр шертеді.

5. Салт-дәстүрден үзінді.

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Киелі сандардың түп төркіні қайдан шыққанын және математикалық тілде талданғанын қарастырайық. 3, 4, 5, 6, 7, сандарының қадір – қасиетін біле отырып,әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. 1001 – даңқы шыққан Шехеризада саны.

Мысалы: қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы - тұяқ, сөз анасы – құлақ.

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.

Үш қасиет: Өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет.

Үш талғам: Мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат.

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

Үш тәтті: Жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.

Үш қуат: Ақыл, жүрек, тіл.

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл.

Жеті санының дүниежүзілік дәстүрде өте жиі, тұрақты да орнықты болып кездесетіндігін білеміз.

Жеті саны – қазақ үшін де киелі.

7 санына байланысты жеті жұт немесе жұт-жеті ағайынды. Олар – құрғақшылық, жұт (малдың қырылуы), өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқ: жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.

Жеті қазына – ұрпақ жалғасы деп көрсетіледі еңбегінде. Сонымен қатар жеті жетім, жеті шәріп, жеті ата ұғымдарын түсіндіру студенттердің ой-өрісін, танымын кеңейтеді.

Жеті күн: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Жеті амал: Тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдың тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы.

Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы.

Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.

Тоғыз саны – әлдебіртолықтылықты, кемелділікті, түгелділікті білдіреді.

Қырық – көп жағдайда кез келген өлшемнің (уақыттың, кеңістіктің) ең шеткі, ең соңғы межесі, шебі, шекарасы. «Қырық» сөзі абак таңбадағы шеңбер сызығын білдірген. Сандық көрсеткіш бойынша берсек, 40 дегеніміз-кіндік нүкте. 40 санына байланысты қазақ халқының «қырқынан шығару», «қырқын беру». Дәстүріне келер болсақ «қырқынан шығару». Қазақта дүниеге келген бала 40 күндік уақыт өткенге дейін «әлі тумаған» болып есептелінеді: яғни, ол-әлі тумаған, ол-әлі өлі, тек 40 күн өтіп, 41-інші күн болғанда ғана ол «ресми түрде» дүниеге келеді. Осы уақыт ішінде нәрестені бөгде адамдарға көрсетпейді (тіл көзден сақтайды). Қырқынан шыққан соң арнайы жоралғы («қырқынан шығару», «ит көйлек») өткізіп, баланы, «өлілер дүниесінің қақпасын күзеткен итке» сыйлық беріп, бұ дүниеге шығарып алады.

Қырқын беру. Өлген адамды жерлегеннен кейін оның «үшін», «жетісін», «қырқын», «жүзін», «жылын» береді. Мұнда көрсетілген сандық көрсеткіштердің әрқайсысы-әлдебір тұтастықтың шекаралары, ал олар бір тізбек бойында қолданылған жағдайда, олардың әрқайсысы әлдебір тұтастықтың ішкі сатылары болып есептеледі. Өлген адамның жаны 40күн бойына бұл дүниеде жүреді де, тек 41-інші күн болғанда ғана, о дүниеге өтеді, яғни, «ит күзеткен қақпадан /көпірден өтеді», «иттің кейпіне енеді», «ит көйлегін қайта киеді».

Сан құдіретіне қатысты мына жайды да айта кетуге тура келеді. Қазақтың жаңа жылы Наурыз айынан басталады. Наурыз көжеде 7 түрлі тағам бар. Сондай-ақ 13 жас бірінші мүшел, 25 жас екінші мүшел, 40 жасы кемел жас,-деп есептеледі. Шехеризада саны. 1001 – даңқы шыққан Шехеризада саны. Бұл санның ерекшелігі неде? Мұның ерекшелігі мынада: бұл 1001 саны, 7, 11 және 13 сандарына қалдықсыз бөлінеді немесе 1001=7х11х13 болады, бірақ бұл санның ерекшелігі бұл емес. Кез келген үш таңбалы санды 1001-ге көбейткенде шығатын көбейтіндіні осы үш таңбалы санды екі рет қайталап жазғанға тең. 873х1001=873873

236х1001=236236

Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ. Ұлы ғалым Пифогор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз екенін жоққа шығара алмаспыз. Киелі сандардың қасиеті Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады. Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Мәселен 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетінің қаншалықты екенін білеміз бе? Білсек айтқанымыз артық болмас, білмесек, құлақ салғанымыз жөн болар. Бір санның киелігі: 1. Алла жалғыз. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ.


















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Білімділік: Халық қазынасының тереңіне бойлап,қасиетті,киелі сандар жайында терең мағлұмат беру.

Дамытушылық: Бұл сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру. Қасиетті сандар сырын ашуға қызықтыру. Сандардың халық арасында кең таралған қасиеттері туралы түсініктерін тереңдету

Тәрбиелік: Халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдалана отырып ұрпақ бойында адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Үй тапсырмасы. Қайталау сұрақтары.

3. «Еске түсір» шолу.  Практикалық кезең. Сауалнама

4. Сандар сыр шертеді.

5. Салт-дәстүрден үзінді.

6. Қорытынды. Үйге тапсырма.

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.  Үй тапсырмасы. Қайталау сұрақтары.

3. Практикалық кезең.

 Сауалнама:

1. Қасиетті сандар туралы білесің бе?

        а) иә             ә) жоқ

2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?

        а) ата-анадан           ә) мұғалімнен             б) аға-әпкелерден

3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?

        а) иә             ә) жоқ

4. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?

        а) иә             ә) жоқ

5. Қандай қасиетті сандарды білесің?

 

 

Автор
Дата добавления 01.05.2015
Раздел Математика
Подраздел Презентации
Просмотров5214
Номер материала 505616
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх