Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: "Көңілді қыс"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Сабақтың тақырыбы: "Көңілді қыс"

библиотека
материалов

Ұйымдастырылады оқу іс – әрекеттерінің технологиялық картасы.

«Балапан » бірінші сәбилер тобы.


Білім беру саласы: «Таным» , «Қатынас»

Бөлімдері:Құрастыру ,Тіл дамыту .

Тақырыбы:Көңілді қыс .

Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту . Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету . Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау . Табиғатты аялауға ,әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу .

Әдіс –тәсілдері : Әңгімелесу , түсіндіру , сұрақ – жауап , көрсету, ғажайып сәт , ойын.

Көрнекілігі :Суреттер , аққала , ойынға қажетті заттар .

Қостілділік компоненттері: қыс – зима , аққала –снеговик .

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

І кезең -

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар, күн суық болса да , біздің жүрегіміз жылы.

Жылулық шеңдерін құрайық :

Ақ пейілді тілекпен ,

Амандасып алайық

Келіп қалған қонақтарды

Сүйіп ,сүйіп алайық.

Балаларды жылуымызды жан – жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.


ІІ кезең – Ұйымдастырушылық іздеушілік

-Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.

Шанамен зырғып желетін ,

Коньки, шаңғы тебетін ,

Аққала жасап ойнайтын ,

Қай мезгі деп ойлайсыңдар балалар ?

Жарайсыңдар балалар , қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?

Ендеше ,боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?

Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз ?

Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?


Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?

Қане, іс – қимылмен көрсетейікші (Балалар іс – қимылмен көрсетеді).

Қандай ойындар ойнайсыңдар ?

Балалар , қыста ауа таза болады . Сондықтан да сендер ауырмау үшін , денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек.

Ойын арқылы денелерің шынығады .

Балалар ,біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?

Балалар мынау ненің суреті?

Аққала неден жасалады?

Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік .

Қардың түсі қандай ?

Қар мұздай ма, жылыма?

Аққала неше бөліктен тұрады?

Оның бөліктерінің пішіндері қандай ?

Ғажайып сәт. Осы кезде Ақшақар келеді .

Ақшақар : Сәлеметсіңдер ме балалар ! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім .Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар .

Тәрбиеші : Кел төрлет ,сенің досың туралы айтып отыр едік Балалар ,қонаққа кім келді ?

Ақшақар : Балалар ,мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр .

«Қар жинау »ойыны .

Ойын шарты : Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау .

Тәрбиеші : Жарайсыңдар ,бәрекелді !Балалар ,бізге ақшақарымыз құр келмепті , тапсырмалар алакеліпті .

Ақшақардың 1тапсырма:

Балалар сендерге қыс мезгілі ұнайма?

Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?

Сергіту сәті

Шынығамыз бәріміз ,

Иіліп, бүгіліп ,денеміз

Қар лақтырып ойнаймыз

Қорықпаймыз аяздан .

2.Тапсырма Кім қыс туралы тақпақ біледі ?

Қыс мезгілі көңілді ,

Аспаннан ақ қар төгілді .


Қар жауғанда топ бала ,

Соқты қардан аққала.


Далада қар борайды ,

Ақ мамыққа орайды

Тәрбиеші : Қане, балалар ойын ойнап жіберейік .

Ақшақарға : аққаланың суретін құрап берейік .

Ойын : «Аққала құрастыру»

Тәрбиеші : Балалар ,енді үйден ата –аналарымызбен жасап әкелген аққаламызды құрастырайық .

Ақшақар : Балалар менің тапсырмаларымды орындадыңдар!

Рахмет ! Балалар ,сендер өте ақылды , өнерлі , тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен ,мен жылы жерде көп тұра алмаймын ,еріпбара жатырған сияқтымын .Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін . Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын ,жаңа жылда кездескенше сау болыңдар .





Балалар : қыс мезгілі.




Қар жауады , аяз болып ,боран соғады .

Балалар қолдарын жоғары көтеріп ,гуілдейді .

Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады .

Алақай ,деп қолдарын көтереді.

Балалар : Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!


Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.







Балалар : жаңа жыл !


Аққала.

Қардан.

Балалар қарды қолмен ұстап көреді .

Ақ .

Мұздай.

Үш дөңгелектен тұрады .

Дөңгелек .


Ақшақар кіреді .










Ақшақар.




Балалар ойынды қызықтап ойнайды






Жаңа жыл келеді ,шанамен сырғанаймыз , қар жауады , қар лақтырып ойнаймыз.

Қатты аяз болады боран соғады .

Балалар бәрі бірге жасайды.




Балалар тақпақтар айтады .


Әмина












Балалар алдарындағы аққаланың суреттін құрайды .













Балалар ақшақарға саубол дйді .



111 кезең -

Рефлексивті – реттеушілік.

Сабақты қорытындылау.

Балалар ,бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік ?

Бізге бүгін қонаққа кімкелді ?

Біз не құрастырдық ?

Балалар ,енді келген қонақтарымзбен қоштасайық .

«Жүректен – жүрекке »

Балдай тәтті баламыз ,

Айтқан тілді аламыз

Ойынменен өседі ,

Көріскенше күн жақсы ,

Сау болыңыз бәріңіз!



Қыс мезгілі


Ақшақар

Аққала құрастырдық



Балалар бәрі бірге айтады тәрбиешімен

Күтілетін нәтиже:

Біеді:Қыс мезгілінің ерекшілігін білу .

Түсінеді: Қысқы ойындарды білдіруге үйрету .

Қолданады: Аққаланы өздері жасап ,көрсетуге тәрбиелеу .


Краткое описание документа:

Балалардың қыс мезгілі жайлы түсініктерін молайта отырып ерекшеліктерімен таныстыру. Қысқы ойындарымен таныстыру, тілдік қорын молайту және көңіл күйлерін көрету, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатқа деген қызуғушылығын оята отырып, шығармашылық ынтасын ояту.Табиғатқа деген қамқорлығын , сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Сөздік қорын байыту. Дұрыс сөйлеуге үйрету. Қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру, тіл байлығын молайту, сөйлеу мәдениетін арттыру. Алған әсерлерін сөзбен жеткізе білуге қабілеттерін дамыту. Логикалық қабітерін жетілдіру.

Автор
Дата добавления 26.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров319
Номер материала 340500
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх