Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыСабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл – менің тілім

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл – менің тілім

Скачать материал

Мақсаты:

Оқушылардың интеллектуалдық ой – өрісін, білім деңгейін көтеру, танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеті мен сөйлеу шеберлігін жетілдіру, олардың сөздік қорын тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,  сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінде еркін сөйлеуге үйрету, оны құрметтеуге, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.

1-оқушы:

Қуан далам! Қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста

Мұңды жүрек түндігін.

«Тіл туралы» заңым енді күшіне

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

2-оқушы:

Сәлем достым !

1-оқушы:

Сәлем! Қалың қалай?

2-оқушы :

Жақсы! Достым бүгін не үшін жиналғанымызды білесің бе?

1-оқушы:

Ия, бүгін «Мемлекеттік тіл – менің тілім!»-атты тіл күніне арналған сайыс  болады.

2-оқушы:

Осы тіл не үшін керек?

1-оқушы:-

Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсіндіру үшін қажет қой. Мұғалім «Тіл-қарым-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?»

2-оқушы:

Жарайды, тіл қарым қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір тілде сөйлеп, түсіне бермей ме?Ана тілі деп бөлгені несі?

1-оқушы:

Ой-ой,тапқышбегім-ай!Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі,өз Отаны бар емес пе?

2- оқушы:

Ана тілі дегеніміз- ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.Ал ана деген- бәрінен қастерлі,аяулы асыл жан.

1-оқушы:

Мен сендерге Сырбай .Мәуленовтың бір өлеңін оқып берейін,

Сол тіліммен дүниені аттадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

Сол тіліммен махаббатқа тіл қаттым,

Сол тіліммен талай гүлді жинап тым

Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,

Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.

Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тіліммен көгергенше жер бердім.

Сол тіліммен дүниеден кетемін,

Сол тіліммен дүниеге мен келдім.

2-оқушы:

Керемет екен. Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңізде ме?

Туған тілім –тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім-мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен бірге өшемін.

1-оқушы:

Ана тілім-бәрің сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам,не білем?

Тілім барда ғана мынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

 О,адамдар,қадіріне жетіңдер,

Ана тілін-анаң, сыйлап өтіңдер!

2-оқушы:

Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын,білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады.Олар туралы не айтар едіңдер?

1-оқушы:

 Әрине, адамның бәрі бірдей емес,түсінігі төмен,білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас,ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желік бас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас.

2- оқушы:

Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді.Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді»деген,сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!

1-оқушы:

Біздің ана тіліміз-қазақ тілі.Ол тек отбасы,ошақ қасының тілі емес,мемлекеттік тіл ғой.

 2-оқушы:

 Иә,иә, оның рас.1995 жылы 30 тамызда қабылдынған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді.Ал1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданап, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекетттік тілі-қазақ тілі» екені жазалды.

1-оқушы:

Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны жете таныта аламыз.Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп,мәдениетін қадірлей аламыз.

2-оқушы:

Бәрекелді, -Ал мен сендерге тіл туралы жалпы түсінік бере кетейін. -Дүние жүзінде халық та, тіл де көп,ұлттарды бір-бірімен ажыратып бөлетін де жақындаттырып туыс ететін де басты белгісі оның тілі. Тіл әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.

-Қандай тілдерді білесіңдер?

-Біздің президентіміз Нұрсұлтан Ә.Н., үш тілді бірдей меңгер-дейді:-ол қандай тілдер? Қазақ,орыс,ағылшын.

 -Бірақ Қадыр Мырзаәлі былай дейді «Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте». Біздің ата жазушыларымыз, данышпандарымыз Әл-Фараби, Олжас Сүлейменов, Ш.Уалиханов, Мұхтар Әуезов бірнеше тілді меңгерген.

1-оқушы:

Қазақ халқында «Білекті бірді жығады, білімді бірді жығады» деген аталы сөз бар. Бұл мақал бүгінгі таңдағы тәуелсіздік шаңырағын көтерген қазақ мемлекетіне, оның тізгінін ұстаған игі жақсыларына, зиялы қауымына, жас ұрпаққа бағыттай айтылғандай естіледі. ҚР «Тіл туралы» Заңын, ҚР «Тіл саясатының Тұжырымдамасының» шешімін жүзеге асыру негізінде, қоғамдық тұрақтылық пен  ұлтаралық келісімін нығайту және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында сайыс өткелі отыр.

2-оқушы:

Тіл қай жерде, қай ұлтта болмасын, қадірлі де құдіретті. Қай халықтың болмасын тілі өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы. Сол сияқты біздің ана тіліміз де – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз дей отырып, сайысымызды бастайық.

1-оқушы:

«Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі - талап, жолаушысы – ой, қорғаушысы – мінез, сынаушысы - халық». Команда мүшелеріне қол соғып қошемет көрсетіп отырайық.

Ортаға қошеметпен сайыскерлерімізді шақырайық.

1.      «---------------» тобы.

2.      «-------------» тобы.

3.      «-------------» тобы.

 

 

2-оқушы:

Осы  сайыс оқушыларының арасында өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу мақсатында  ұйымдастырылып отыр. Сайысымызды бастамас бұрын мен алдымен сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін.

1.      Таныстыру.

2.      Менің тілім.  (Тіл туралы ой толғау) Үш тілде

3.      Бес ғасыр жырлайды. (Толғау, жыр, поэма, дастандардан, билердің сөзінен үзінді оқу. Жазбаша түрде қазылар алқасына ұсынады. Есте сақтау қабілеті, оқу мәнері бағаланады).

4.      «Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,  біріңнің  бірің сөйле сөзін тосып». Кім тапқыр? - деп аталады. Әріптерді пайдалана отырып сұрақтарға жауап беру.

5.      «Жеті ұғымды асыл сөз су түбінде жатпайды». Жеті киелі санына байланысты тапсырмалар беріледі.

6.      Бәйге. (мақал-мәтелдерді орыс тіліндегі баламасымен айту).

1-оқушы:

Әділдікпен баға берер қауымға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Жеңімпазды таңдап бүгін алуға.

Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

2-оқушы:

Тіл сенің - ең қайратты арыстаның!

Қорғаның дұшпаныңмен алысқан күн.

Тіл сенің – жүректегі жүйрік елшің,

Көк орман, көк арайлы бағыстаның!

1-оқушы:

Тамаша айттың, Мөлдір. Керемет айтылған өлең жолдары екен. Олай болса, біз сайысымызды бастаймыз. Ортаға өздерін таныстыру үшін

1.«------------» тобын

2.«------------» тобын

3.«----------» тобын шақырамыз.

Әділқазылардың бағасы сұралады.

2-оқушы:

Тіл сенің – өмірдегі өрнек сырың,

Тіл сенің – көмейдегі күміс жырың!

Аспаның, айың, күнің, ауаң, демің,

Шат күлкің, тәтті әзілің, тапқыр жырың.

1-оқушы:

Сонымен сайысымыздың екінші кезеңіне де келіп жеттік. Бұл кезең «Менің тілім» деп аталады. Бұл кезең бойынша сайыскерлеріміз туған тілі туралы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ой толғайды. Бұл  талап бойынша , сайыскердің тіл байлылығы , ой ұшқырлығы, ақылдылығы бағаланады. Олай болса ортаға  «Сұңқар» тобынан бір сайыскерімізді шақырамыз.

2.«--------------» тобын

3.«--------------» тобын шақырамыз.

Әділқазылардың бағасы сұралады.

2-оқушы:

Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам не білем?!

Тілім барда мынау еркін ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем.

 

 

1-оқушы:

Тіл – мәдениет, тіл – әдебиет, тіл – тарих. Ел мен елді бітістірген, халық пен халықты достастырған, адам мен адамды табыстырған, ел дауын, жер дауын, жесір дауын, жетім дауын екі ауыз сөзбен әділ шешкен бабаларымыз бар.

2-оқушы:

Олай болса, сайысымыздың келесі бөлімін бастаймыз. Бұл бөлім «Бес ғасыр жырлайды» деп аталады. Толғау, жыр, поэма, дастандардан, билердің сөзінен үзінді оқу. Жазбаша түрде қазылар алқасына ұсынылады. Есте сақтау қабілеті, оқу мәнері бағаланады. Олай болса ортаға  «Сұңқар» тобынан бір сайыскерімізді шақырамыз.

2.«--------------» тобын

3.«--------------» тобын шақырамыз.

Әділқазылардың бағасы сұралады.

1-оқушы:

Мөлдір, қалай ойлайсың, біздің оқушылар  ел мен елді бітістірген, халық пен халықты достастырған, адам мен адамды табыстырған, ел дауын, жер дауын, жесір дауын, жетім дауын екі ауыз сөзбен әділ шешкен бабаларымыз жөнінде жақсы білетін сияқты.

2-оқушы:

Дұрыс айтасың. Енді біз олардың жылдамдықтары мен тапқырлықтары қандай екен, сынап көрсек қайтеді?

1-оқушы:

Олай болса, келесі бөлімді бастаймыз. Бұл бөлім бойынша алдарыңызда жатқан әріптерді пайдалана отырып сұрақтарға жауап берулеріңіз керек. Бір минут уақыт беріледі. Әріптеріңізді көтеріп көрсетіп тұрыңыздар.

«Сұңқар» тобына:      Ж,А,Қ,Ы,Ә

1.      Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыздар?

2.      Кімге еркелейсіз?

3.      Әжелер тамақты қалай дайындайды?

4.      Тілек айтыңызшы?

5.      Сергу үшін секіру керек пе?

6.      Адамға не керек?

7.      Баланы қалай бағасыз?

8.      Адам аттарын атаңыз?

9.      Ұстаз болу үшін не қажет?

10.  Қалмақ деген кім?

«Тұлпар» тобына:     Ж,Н,О,Ұ,Д,

1.      Дәрігер кім?

2.      Басыңыз ауырса не істейсіз?

3.      Шашты қалай өсіресіз?

4.      Қыркүйекте қандай мейрамдар бар?

5.      Ауылда адасу мүмкін бе?

6.      Арманыңыз не?

7.      Қыздың жасауына не жатады?

8.      Аналарға керек заттар не?

9.      Қай қалада тұрасыз?

10.  Досыңыздың аты кім?

«Тапқырлар» тобына:        Ш,Ғ,Ы,Л,Ү

1.      Ер адамның бас киімі?

2.      Киноға түскіңіз келе ме?

3.      Оқу үшін не қажет?

4.      Қазақтың ұлттық киімдері не?

5.      Ақшаңыз көп болса, қалай жұмсайсыз?

6.      Америкадан досыңыз келді, тіл білмейді, не істейсіз?

7.      Сабақтан бос уақытыңыз қалай өтеді?

8.      Тіл не үшін қажет?

9.      Тамақты қалай ішесіз?

10.  Қандай киім киесіз?

Тапқырлықтарыңызға рақмет, әділқазылар бағалай отырсаңыздар.

1-оқушы:

Киелі сан «жеті» деген,

Байланысты жетіменен

Көп ұғымды халқымыздың,

Белгісіндей салтымыздың.

Жеті қат жер көк үсті,

Жеті қабат жер асты,

Жеті Жарғы –заң  жеті,

Қазынамыз бар жеті.

1-оқушы:

Жеті атамыз – тегі жұрт

Ағайынды жеті жұт.

Сөз, сөйлемдер бағынар,

Жеті септік тағы бар.

Қызықтырар құбыла,

Жеті түсті шұғыла.

Жерде бір жеті керемет,

Жеті шелпек – берекет. – дей отырып, келесі кезең  «Жеті ұғымды асыл сөз су түбінде жатпайды» атты бөлімді бастайық. Жеті киелі санына байланысты тапсырмалар беріледі.

2-оқушы:

Олай болса ортаға 

1.      «-----------------» тобының  сайыскерін  шақырамыз.

Жеті жұт    Жеті қазына

Жеті жұт:

1.      Құрғақшылық.

2.      Жұт.

3.      Өрт.

4.      Оба

5.      Соғыс

6.      Топан су

7.      зілзала

Жеті қазына:

1.      ару әйел

2.      ер жігіт

3.      қыран бүркіт

4.      жүйрік ат

5.      құмай тазы

6.      ақыл, білім.

 

2.«--------------» тобының сайыскерлеріне

Жеті жетім.    Жеті күн

Жеті жетім:

1.      тыңдалмаған сөз жетім

2.      киюсіз қалған бөз жетім

3.      иесіз қалған жер тжетім

4.      басшысы жоқ ел жетім

5.      аққу, қазсыз көл жетім

6.      жерінен айырылған ел жетім

7.      замандасы болмаса, бәрінен де сол жетім.

Жеті  күн

дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

сенбі

жексенбі

 

3.«--------------» тобының сайыскерлеріне

Жеті септік

Жеті қат көк.  Ай, меркурий, шолпан, күн, марс, юпитер, сатурн

Әділқазылардың бағасы сұралады.

 

1-оқушы:

Мөлдір, біздің сайыскерлеріміз жеті киелі саны туралы өз білімдерін көрсетті, ендігі кезек мақал – мәтелдер туралы болмақ. Олай болса, сайысымызды бастаймыз. Қазір берілген сөздерден 1 минут ішінде 3 мақал құрастырасыздар және орыс тіліндегі баламасын айтуларыңыз керек.

2-оқушы:

Олай болса ортаға 

1.      «-----------------» тобының  сайыскерін  шақырамыз.

 

    Әділқазылардың бағасы сұралады.

 

1-оқушы:

Құрметті, оқушылар, ұстаздар, бүгінгі  Тіл күніне арналған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайысымыз аяқталды. Сайысқа қатысушыларға,  көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-оқушы:

1-оқушы:

1-оқушы:

1-оқушы:

 

 

 



Менің тілім. Бұл  талап бойынша , талапкедің тіл байлылығы , ой ұшқырлығы, ақылдылығы бағаланады. (Мақал-мәтел, шешендік сөздер )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://gulnarairex124.ucoz.ru/f8ee03a237d7.gif

 

 

 

 

Тақырып: Қарттарым – асыл қазынам

Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Кіріспе.

Ұйымдастыру

Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Дүниеге келер бір рет,
Дария- кеуде, тас мүсін.
Құрыштан құйған құдірет
Қарттарым, аман- саумысың?
Даламның иісі бұрқырап, Қарттарым, аман- сау жүрші деп сайын даламыздың қазына қарттарын Сағи ақын жырла-ғандай, қашанда төрімізден қарт-тарымыз кетпеген халықпыз - ғой. Дәстүр бойынша 1 қазан бүкіл әлемдік қауымдастық Халық-аралық қарттар күні деп аталады. Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып есептеледі.
         Қарт дегеніміз - ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең. Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз «Қарттары бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керекті. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата- бабадан келе жатқан салтымыз. Ақсақалдарымыздың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері, тәлім-тағлымдары ұрпақ үшін орны бөлек. Қай заманда болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ерекше болған, олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесіне ден қойып отырған.

 

 

Мақал – мәтелдер.

Атасыз үй – батасыз,

Анасыз үй – панасыз.


Жақсы адам қартайса,

Жазып қойған хаттай,

Жаман адам қартайса,

 Бықсып жанған оттай.

 

Ауылыңда қария болса,

Жазып қойған хатпен тең.


Қарттың айтқанын істе,

Жастың тапқанын же.

 

Қарты бардың жұрты бар,

  Сол кісілердің арқасында осындай тыныш заманда өмір сүріп отырғанымызды кейінгі ұрпақ білсе деген ізгі тілегім бар. «Өткен менен кеткенді көп жасаған қарт білер» демекші, кешегі Ұлы Отан соғыс жылдарында, сонау ел басына қиын- қыстау күн туып, «ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» аласапыран уақыттарда халықтың бейбіт заманда өмір сүруі үшін бастарын бәйгеге тігіп, өлім мен өмірдің ортасынан елін, жерін, тілін, дінін, салт- дәстүрін болашақ ұрпағына аман-есен жеткізді, біз, яғни жас ұрпақ сол үшін де қарыздармыз. Қарттарын ерекше құрметтеп, ардагерлерімізді ардақтаған елдің баласымыз. Абыз ақсақалдар дегенде ең алдымен кешегі Майқы би, Бұхар жырау, Төле, Әйтеке, Қазыбек билер мен дана Абай есімізге түсері анық, олардың даналығы бір ауыз сөзімен дүйім жұртқа төрелік айтып, елді аузына қаратқан ақсақалдардан кенде болған емеспіз.
         Бүгінгі жас, ертеңгі - қария. Мұны әр бір қазақ азаматтары жадында сақтап, көңілге түйіп, атасыз үйлері - батасыз, анасыз үйлері - панасыз қалатынын ескерген дұрыс. Қарттарымыз бағасыз байлық, төрімізде отыруының өзі бір бақыт.

 Ақсақалдарымыздың қадіріне жетіп, құрметтейік, бас иеиік, өмір бойы борыштар екенімізді ұмытпайық!


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Ғарыштың бас қаласы- Байқоныр

Сабақтың мақсаты:

1. Кеңес  өкіметі  тұсында  50 жыл  бойы  құпия-қала  болып, картаға  түспей  келген Байқоңыр  қаласын,  айлағын  бірі  білсе,  ал  біреулер  біле  бермейді.  Сондықтан  Қазақстандықтарға  ғылым  мен  техниканының  соңғы  мүмкіндіктерін  көрсетіп,  өскелең  ұрпақты  ғарыш  саласын  одан  әрі  дамытуға  шақыру.

2. Қаламыз, туған жеріміз туралы оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.

3. Туған жердің табиғатын сүйе білуге, байлығын қорғауға болашақта елімізді өркендетуге қабілетті, білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: сурет көрмесі, буклет, сұрақ-жауап,  тақырыптық  слайдтар, Қазақстан картасы

Әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік, сұрақ-жауап,  пікірталас.

Жоспары:

I. Ұйымдастыру.

Кіріспе.  Мұғалім сөзі:

II. Негізгі бөлім.

ІІІ. "Ғарыш әлемі"  тақырыбына шығарма тындау.

ІV. Байқоныр жайында баяндама тындау.

V. Туған жер жайында өлең шумақтарын тындау.

ҮІ. Пікірталас

ҮІІ Мақал-мәтелдер.

ҮІIІ. Қортынды

Ұйымдастыру бөлімі:

Кіріспе сөз:

                        Туған жер ,айналайын қасиетінен

                        Ғарышкерлерге болған мекен

                        Перзентің тебіреніп жыр толғайды

                        Киелі топырағында аунап өскен -дей келе құрметті ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар, бүгінгі косманавтика күніне орай ұйымдастырылған Ғарыштың бас қаласы Байқоныр атты сыныптан тыс жұмысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Барлық оқушыларды сабаққа бір кісідей жұмылып, атсалысып отыруға шақырамын.

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырма бойынша оқушылар Ғарыш әлемі тақырыбына шығарма жазып келу керек болатын. Енді, осы шығармаларды тыңдап көрейік. (оқушылардың шығармалары тыңдалады) Балалар, біз сендердің шығармаларыңды тыңдай отырып,ғарыш саласын дамыту сендердін қолдарында екенін түсіндік, туған қалаларыңның өздеріңе ыстық көрінетінін білдік.

Мұғалім сөзі:

            Байқоңыр қаласының тағдыры ғарышпен тікелей байланысты. Олай болса қала тарихымен танысып өту үшін Облыстық ғылыми жобада "Байқоныр ғарыш айлағында туризмді дамыту" тақырыбында І орын иеленген мектебіміздің оқушысы Сабырбаев Бөгенбайға сөз берсек.

           Байқоңыр-Қазақстанның Қызылорда облысында орналасқан қаласы, Байқоңыр ғарыш айлағының әкімшілік және тұрлылықты орны. Қаланы Байқоғыр ғарыш айлағымен бірге Ресейліктер 2050 жылға дейін жалға алған. Жергілікті халықтың саны 70 мың шамасында. Қала 1995 жылға дейін Ленинск аталды. СССР кезінде жабық қала мәртебесі берілген. Қалада рұқсат қағаз режимі орнатылған. Сырдария өзенінің бойында орналасқан. Темір жол станциясы қаланың солтүстік жағында 2 км қашықтықта Төретам орталығында орналасқан. Қаладан 5 км жерде Арал-Жосалы-Қызылорда автомобиль жолы орналасқан. Қалаға  және космодромға қызмет ететін Краний (қала батысынан  6 км ) және Юбилейный (бұрынғы «Буран» қону алаңы қаланың солтүстік-батысына 40 км космодром территориясында) аэропорты жұмыс істейді.

       Қаланың нақты туылған күні 1955 жылдың 2 маусымы, себебі СССР қорғаныс министрінің бас қолбасшы директоры 5-ші ғылыми-зерттеу сынақ полигонының ұйымдастыру штатын бекіткеннен бастап жарияланды. Полигон және посёлок  шартты түрде «Заря» деген ату берілді.  1955 жылдың аяғында жалпы азаматтардың және полигонда жұмыс жасайтын әскерилердің саны 2500 адамға жетті. 1956 жылдың жазында қалада алғашқы «Оныншы алаңша» деп аталатын (қазіргі Гагарина көшесі) кірпіш құрылысы жүре бастады. 1956 жылдың аяғында полигонның әскери қызметкерлері үшін почта адресі анықталды – «Кзыл-Орда-50» деп аталды.   Кейінірек «Ташкент-90» болып өзгертіліп 1960-шы жылдың соңына дейін жұмыс жасады. 1957 жылдың басында полигон қызметкерлерінің саны 4000 адамға жетті. Алғашқы кездегі жоспар бойынша қаланы Сырдария өзенінің екі бетіне салыу жоспарланған, бірақ көктемдегі судың тасуы және өзен үстінен көпір салуға кететін қаражаттың көптігіне байланысты жоспар өзгертілді. Қала өзеннің оң жағына салынып,  су тасқынынан қорғау үшін екі метрлік дамба салынды. 1958 жылдың 29 қаңтарында Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі президиумының бұйрығымен шартты түрдегі «Заря» атауы өзгертіліп Ленинск атауы берілді. Жоба бойынша қалада  шамамен 5 тұрғынға жоспарланған. Бірақ полигонда тәжірибелік сынақтардың қарқынды жүруіне байланысты 1959 жылдың аяғында  «Заря» ауылында 8000 адам, 1960 жылдың аяғында 10000-дай адамға жетті. 5-ші ғылыми-зерттеу сынақ полигонынан алғаш космосқа адам ұшырылғаннан кейін (Ю. А. Гагарина), баспа және халық үшін «Байқоңыр космодромы» атауы берілді.

Пікірталас

Мұғалім сөзі:

            Құрметті оқушылар бізге туған жеріміз қанша ыстық болсада,Байқоныр айлағын  экологиялық жағынан лас,аймақтың ластануына бірден-бір себепкер деп жатады осы мәселе бойынша алдымен ғарыш кешендері туралы презентацияны тамашаласақ ал одан кейін  өз пікірлерінді тындайық.

Тақырыпқа  сай  дайындалған  арнайы  слайдтарды  тамашалау,  оқушылардын пікірін тыңдау

- Оқушылар өз пікірлерінді білдіре отырып,қарыштап дамып келе жатқан Қазақстан үшін, жалпы әлем елдері үшін аймағымыз қарқынды дамыған техникалық-прогрестің орталығы,  ғарыштын астанасы екенін дәлелдедіндер. Олай болса туған жер жайында қандай мақал-мәтелдер білесіндер.

Мақал-мәтелдер

1

Туған жердің топырағы да ыстық.

9

Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын.

2

Туған жер бұлақсыз болмас,

Сулы жер құрақсыз болмас.

10

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

3

Туған жер — тұғырың,

Туған ел — қыдырың.

11

Елінен безген оңбайды, Көлінен безген қонбайды.

4

Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі.

12

Отан – елдің анасы

Ел – ердің анасы.

5

Адам елінде көгерер,

қоға көлінде көгерер.

13

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

6

Бөтен жердің гүлінен

Туған жердің тікені артық.

14

Отанға опасыздық еткенің,

Өз түбіңе өзің жеткенің.

7

Пәлен жерде алтын бар,

Өз еліңдей қайда бар.

15

Әркімнің өз жері — жұмақ.

8

Туған жердің жуасы да тәтті.

16

Ер елінде,

Гүл жерінде

 

Қорытындылау

                        Ғарышқа жан баспаған жол бастадын

                        Күмбезін көктей өтіп көк аспанын

                        Куәсің ең алғашқы ерліктерге,

                                 Байқоныр айтар әнім жыр дастаным,-  дей келе,  туған жеріміздін,ғарыш саласының             дамуына бір кісідей ат салысайық деп сабағымызды аяқтаймыз.

 

 

 


Сабақтың тақырыбы: Ерлік мәңгі есте.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Ұлы отан соғысы жылдарында Қазақстандағы жауынгерлердің қаһармандық, ерліктері туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Өз отанын, елін, туған жерін сүю, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұлы отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабамыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту, тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Мәңгілік алаудың макеті жасалып, гүл шоқтары қойылған, оның тұсына «Ер есімі - ел есінде» деген мақал, соғыс ардагерлерінің суреттері
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ.
Құрметті ұстаздар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ерлік мәңгі есте». Яғни осыдан 67 жыл бұрынғы еліміз үшін ерлік жасаған боздақтарымызды еске алу.

1. Әлия Молдағұлова - қазақтың батыр қызы. Шығыстың жұлдызы.
Әлия Молдағұлова туралы мәлімет
2. Мәншүк Маметова – қазақтың батыр да, батыл қыздарының бірі.
Мәншүк Маметова туралы мәлімет
3. Әлия мен Мәншүк қай өңірдің батырлары? Оларды соғысқа кім жіберді деп ойлайсың?

4. Мәлік Ғабдуллин - халық арасында мәңгі есте қалған батырлардың бірі. Мәлік Ғабдуллин - туралы мәлімет
5. Қасым Қайсенов – Шығыстан шыққан ұлы батыр.
Қасым Қайсенов туралы мәлімет
6. Талғат Бигелдинов - Өзі ұшқыш, екі мәрте Кеңес одағының батыры атанған.
Талғат Бигелдинов туралы мәлімет
7. Бауыржан Момышұлы - Қазақ халық арасында мәңгі есте қалған батыр.
Бауыржан Момышұлы туралы мәлімет
8. Рахмжан Қошқабаев - 1945 жылы 9 мамыр жеңіс жалауын желбіреткен ерледің бірі.
Рахмжан Қошқабаев туралы мәлімет
- Міне «Ер есімі - ел есінде» деген қазақтың мақалы осыда жатыр.
Ел үшін еңбек етіп, ерлік көрсеткен батырларға арналмақ.
Балалар Ерлікке, Отанға, Батырға байланысты мақал – мәтелдер білесіңдер?
Отан үшін отқа түс - күймейсің
Арың үшін алыссаң - өлмейсің.

Батыр - елдің сәулеті
Бал құрақ - көлдің сәулеті.
Қайратов Қадыр
Болат қайнауда шынығады
Батыр майданда шынығады.

Жүк ауырын нар көтереді,
Ел ауырын ер көтереді.

Батыр туса – ел ырысы.
Жаңбыр жауса - жер ырысы.


ІІІ. Қорытынды.
Ұлы отан соғысында ерлік көрсеткен, ата - бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып, еске алып, әруақтарына бас иеміз.
Оларға деген құрметімізді ұран ғып айтамыз. «Ешкім де, ешнәрсе де, ешқашан да ұмытылмайды».
Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, 1 минут еске алу.
- Ерлік мәңгі есте. Кір жуып кіндік қаны тамған жері үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.
Халық, тыныштық үшін бақыт үшін күресті. Сондықтанда әділетсіз соғысты бастаған Фашистік Германияны жеңіп шықты.
1945 жылы 9 - мамыр жеңіске жетіп, жеңіс күні аталды.
«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген.»
Тыңдағандарыңызға рахмет. Осымен сабағымыз аяқталды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл – менің тілім"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты:

Оқушылардың интеллектуалдық ой – өрісін, білім деңгейін көтеру, танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеті мен сөйлеу шеберлігін жетілдіру, олардың сөздік қорын тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінде еркін сөйлеуге үйрету, оны құрметтеуге, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.

1-оқушы:

Қуан далам! Қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста

Мұңды жүрек түндігін.

«Тіл туралы» заңым енді күшіне

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

2-оқушы:

Сәлем достым !

1-оқушы:

Сәлем! Қалың қалай?

2-оқушы :

Жақсы! Достым бүгін не үшін жиналғанымызды білесің бе?

1-оқушы:

Ия, бүгін «Мемлекеттік тіл – менің тілім!»-атты тіл күніне арналған сайыс болады.

2-оқушы:

Осы тіл не үшін керек?

1-оқушы:-

Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсіндіру үшін қажет қой. Мұғалім «Тіл-қарым-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?»

2-оқушы:

Жарайды, тіл қарым қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір тілде сөйлеп, түсіне бермей ме?Ана тілі деп бөлгені несі?

1-оқушы:

Ой-ой,тапқышбегім-ай!Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі,өз Отаны бар емес пе?

2- оқушы:

Ана тілі дегеніміз- ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.Ал ана деген- бәрінен қастерлі,аяулы асыл жан.

1-оқушы:

Мен сендерге Сырбай .Мәуленовтың бір өлеңін оқып берейін,

Сол тіліммен дүниені аттадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

Сол тіліммен махаббатқа тіл қаттым,

Сол тіліммен талай гүлді жинап тым

Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,

Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.

Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тіліммен көгергенше жер бердім.

Сол тіліммен дүниеден кетемін,

Сол тіліммен дүниеге мен келдім.

2-оқушы:

Керемет екен. Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңізде ме?

Туған тілім –тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім-мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен бірге өшемін.

1-оқушы:

Ана тілім-бәрің сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам,не білем?

Тілім барда ғана мынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

О,адамдар,қадіріне жетіңдер,

Ана тілін-анаң, сыйлап өтіңдер!

2-оқушы:

Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын,білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады.Олар туралы не айтар едіңдер?

1-оқушы:

Әрине, адамның бәрі бірдей емес,түсінігі төмен,білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас,ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желік бас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас.

2- оқушы:

Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді.Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді»деген,сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!

1-оқушы:

Біздің ана тіліміз-қазақ тілі.Ол тек отбасы,ошақ қасының тілі емес,мемлекеттік тіл ғой.

2-оқушы:

Иә,иә, оның рас.1995 жылы 30 тамызда қабылдынған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді.Ал1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданап, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекетттік тілі-қазақ тілі» екені жазалды.

1-оқушы:

Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны жете таныта аламыз.Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп,мәдениетін қадірлей аламыз.

2-оқушы:

Бәрекелді, -Ал мен сендерге тіл туралы жалпы түсінік бере кетейін. -Дүние жүзінде халық та, тіл де көп,ұлттарды бір-бірімен ажыратып бөлетін де жақындаттырып туыс ететін де басты белгісі оның тілі. Тіл әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.

-Қандай тілдерді білесіңдер?

-Біздің президентіміз Нұрсұлтан Ә.Н., үш тілді бірдей меңгер-дейді:-ол қандай тілдер? Қазақ,орыс,ағылшын.

-Бірақ Қадыр Мырзаәлі былай дейді «Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте». Біздің ата жазушыларымыз, данышпандарымыз Әл-Фараби, Олжас Сүлейменов, Ш.Уалиханов, Мұхтар Әуезов бірнеше тілді меңгерген.

1-оқушы:

Қазақ халқында «Білекті бірді жығады, білімді бірді жығады» деген аталы сөз бар. Бұл мақал бүгінгі таңдағы тәуелсіздік шаңырағын көтерген қазақ мемлекетіне, оның тізгінін ұстаған игі жақсыларына, зиялы қауымына, жас ұрпаққа бағыттай айтылғандай естіледі. ҚР «Тіл туралы» Заңын, ҚР «Тіл саясатының Тұжырымдамасының» шешімін жүзеге асыру негізінде, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімін нығайту және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында сайыс өткелі отыр.

2-оқушы:

Тіл қай жерде, қай ұлтта болмасын, қадірлі де құдіретті. Қай халықтың болмасын тілі өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы. Сол сияқты біздің ана тіліміз де – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз дей отырып, сайысымызды бастайық.

1-оқушы:

«Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі - талап, жолаушысы – ой, қорғаушысы – мінез, сынаушысы - халық». Команда мүшелеріне қол соғып қошемет көрсетіп отырайық.

Ортаға қошеметпен сайыскерлерімізді шақырайық.

2-оқушы:

Осы сайыс оқушыларының арасында өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сайысымызды бастамас бұрын мен алдымен сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін.

1. Таныстыру.

2. Менің тілім. (Тіл туралы ой толғау) Үш тілде

3. Бес ғасыр жырлайды. (Толғау, жыр, поэма, дастандардан, билердің сөзінен үзінді оқу. Жазбаша түрде қазылар алқасына ұсынады. Есте сақтау қабілеті, оқу мәнері бағаланады).

4. «Бір жерде бірге жүрсең басың қосып, біріңнің бірің сөйле сөзін тосып». Кім тапқыр? - деп аталады. Әріптерді пайдалана отырып сұрақтарға жауап беру.

5. «Жеті ұғымды асыл сөз су түбінде жатпайды». Жеті киелі санына байланысты тапсырмалар беріледі.

6. Бәйге. (мақал-мәтелдерді орыс тіліндегі баламасымен айту).

1-оқушы:

Әділдікпен баға берер қауымға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Жеңімпазды таңдап бүгін алуға.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 447 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2015 1457
    • DOCX 83 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турганбаева Назгул Капасовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Турганбаева Назгул Капасовна
    Турганбаева Назгул Капасовна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48274
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания русского языка как иностранного

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания испанского языка с учетом требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 76 человек

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель английского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 79 человек

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе