Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

библиотека
материалов

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

8 жалпы орта білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Сүндетбаева Гүлден


Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Сабақтың мақсаты:

1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету;

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зеректілікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу.

3. Көркем жазу арқылы әсемдікті түсінуге тәрбиелеу

Типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Әдістәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау - жинақтау, түсіндірмелі.

Көрнекілігі: интерактивті сабақ, слайдтар.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ Психологиялық дайындық. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІV Жаңа сабақ Сөз және оның мағынасы

1. Көркем жазу

Бала, тарсыл, дәулет, батыл, нәресте,арман, дүрсіл, уәде;

Мына сөйлемдердің ішінен мәндес сөздерді тап.

Мақта өсіру – ең қиын, ең ауыр жұмыс. Қазақ әндерінің бәрі құлаққа жағымды, ұнамды. Ағасының ересек , естияр екі баласы бар. Ақын өлеңдерінің көбі достықты, татулықты жырлайды.

  • Бұл қандай сөздер? Мағынасы бір – біріне жуық мәндес сөздер.

Мына сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы.

Бұл қандай сөздер? Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер

  1. Қаз – суда жақсы жүзетін, мойны ұзын жабайы және үй құсы.

Қаз – жерді бір нәрсемен ою, шұңқырлау.

  1. Қазан – тамақ пісіруге арналған ыдыс.

Қазан – күз айларының бірі.

  1. Ас атасы – нан

Анасы баласының сөзіне нанды.

Бұл қандай сөздер?

Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер.

3. Оқулықпен жұмыс 2 - жаттығу

Берілген сөздерге мәндес сөздер тауып жаз

Қалжың,...; қысқа,...; мақсат,...; мейрам,...; қосып айту,...; тайғанау,...;

2 - жаттығу Көп нүктенің орнына қарама - қарсы мағыналы сөздерді жаз.

қатты -...... жүру -..........

таяз -.......... кию -............

жылы -........ кіру -...........

кең -.......... сөйлеу -.........

IV. Сергіту сәті. «Сиқырлы сандар» ойыны:

23+7 ----- І

56+4 ----- ө

50 - 2 ---- к

100 - 50 - н

43+4 ----- д

13 - 9 ----- т

30+10 ---- е


13 - 8 ------ у

12+45 ----- п

93 - 13 ---- с

63+25 ----- ы

16 - 9 ------ а

15+6 ------- қ


V. Өзіндік жұмыс 3 - жаттығу

Қарама-қарсы мағыналы сөздерді сөз таптарына бөліп жаз;

Зат есім: күн – түн, жаз-қыс;

Сын есім: ақ-қара, түзу-қисық,ыстық-суық, ащы-тәтті.

Етістік: айту-тыңдау, қону-ұшу, сату-алу.

Қалаған 3 - 4 сөзбен сөйлем құрап жаз.

Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама-қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.

1.Мәндес сөздер: еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталау – пысықтау;

2.Қарама – қарсы сөздер: ақырын – шапшаң, апару - әкелу, бастау – аяқтау, тоңу – жылыну.

Екінші қатардан бірінші қатардағы сөйлемнің мағынасын білдіретін сөзді тап.

Бөркін аспанға лақтыру- қуану

Темірден түйін түйеді- шебер

Ешкімнің ала жібін аттамайды - адал

Ат құлағында ойнайды - шабандоз

VII. Қорытындылау Иа ма, Жоқ па?

а) Берілген сұраққа «иа» немесе «жоқ» деп жауап беру

Қатты сөзінің қарсы мағыналы сөзі жұмсақ

Жақсы, жаман – мәндес сөздер сөздер

Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады.

Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.

Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі

Дос сөзіне мағыналас сөз дұшпан сөзі.

Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді

Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.


ә) Берілген мақалдардың ішінен қарама-қарсы мағыналы сөзді тап.

Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен

Әдепті бала арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бал.

Көз қорқақ, қол батыр.

Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар

Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,

Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.


VII. Үйге тапсырма

5 - жаттығу Берілген сөз тіркестерінің қандай мағына білдіретінін айт

Көздің қарашығындай сақтау, қас қағымда, судың да сұрауы бар, қой аузынан шөп алмас.

Қалаған сөз тіркесіне сөйлем құрау.

Бағалау


Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Автор
Дата добавления 19.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров782
Номер материала 398984
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх