Инфоурок Школьному психологу КонспектыСабақтың тақырыбы: "Темперамент" (ашық сабақ)

Сабақтың тақырыбы: "Темперамент" (ашық сабақ)

Скачать материал

 

Пәні:

Психология

Тобы:

2c КШО

Уақыты:

 

Сабақтың тақырыбы:

Темперамент

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері:

А)   ақпараттық

 

 

 

Б)   коммуникативтік

 

 

В)     проблеманы шешу

 

 

 

 Темперамент, олардың типтері, психологиялық ерекшеліктері туралы ақпараттармен қамтамасыз ету. Бала темпераментті тәрбиелеу жолдарын меңгерту. Оқушылардың темпераменттерін анықтау үшін түрлі зерттеу әдістерін (тест, анкета т.б.) қолдану арқылы  оқу – тәрбие процесінде ескеруге бағыт беру, темпераменттердің ерекшеліктерін талдау, типтерді өзара салыстыру және байланыстыру, коммуникацияның әр түрлі құралдарын және әдіс-тәсілдерін қолдана отырып меңгерту.

 

Әр оқушыларды темперамент типіне бөле отырып,  темперамент типтерінің  жағымды және жағымсыз сапаларын меңгерту, жақсы мінез – құлық қасиеттеріне тәрбиелеу.  

 

Темпераменттерді  тәрбиелеу мәселесі жөніндегі барлық  мәліметтермен қамтып, өз іс-әрекетінде тиімді қолданып, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауда, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға әрқашан дайын болуға үйрету.

Сабақ типі:

Жаңа материалды меңгерту

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

АКТ, СТО, проблемалық оқыту

Сабақтың әдісі:

білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер :  сөздік көрнекілік,  практикалық.  Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары,

Пәнаралық байланыс:

Психология, физиология

Оқыту құралдары:

Оқыту құралдары, үлестірмелі материалдар, оқулық, кесте: “Темперамент типтері”

Сабақ жоспарының жобасы

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалімнің амандасуы, жоқ оқушыларды

түгендеу, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының хал – жағдайын сұрау.

Оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру.

Бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту.

Өзара сыйластық, бір – біріне жақсылық тілеу.

Сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту. Сергіту жаттығуын орындатады.

Амандасу;

оқу-құралдарын дайындау, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының өзінің  хал – жағдайын айту. кезекшілік міндеттерін атқару;

Өзара сыйластық, бір – біріне жақсылық тілеген тренигке қатысады.  сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады; көңіл-күйі көтеріңкі болады. Барлығы стихиялы түрде қозғалып, оқытушының нұсқауымен амандасудың түрлі тәсілдері туралы  хабарламасынан кейін (қолмен,иықпен,көзбен,арқамен) т.б. бір-бірлерімен амандасады.

Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.

 

ІІ.Жаңа материалды меңгертуге даярлық.

Қызығушылықты ояту, сұрақтар қою:

- Берілген суреттерде бейнеленген жағдаяттар бойынша  өз іс-әрекетіңізді сипаттаңыз.                     

Қойылған сұраққа өз ойын айту,  жауап беру.

 1. Берілген жағдаяттарды шешеді, жағдаят бойынша өз іс-әрекетін, реаксиясын сипаттайды.

      

Студенттер темперамент типтері бейнеленген жағдаяттармен таныса отырып,  берілген жағдаяттарды шешу арқылы өзінің темперамент типін анықтайды, темпераменттің жүйке жүйесiнiң тума қасиеттерiнен, туындайтын адамның жеке өзгешелiктерiнiң бiрi екендігін  ұғынады.

ІІI. Жаңа материалды хабарлау

 

Сабақтың жоспары:

1. Темперамент туралы жалпы түсінік.

2. Темперамент туралы ғалымдардың ой - пікірлері

3. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.

4. Темпераменттерді тәрбиелеу мәселесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Мағынаны тану

-         Сонымен, біздің бүгінгі  сабағымыздың тақырыбы «Темперамент». 

 

Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) - дегеніміз адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақты жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының, жылдамдығының, ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.                         Темпераменттер төрт түрлі сұйықтық заттарға байланысты:

v денені жылытатын – қан,

v салқындататын – шырын,

v құрғататын – бауырдағы өт

v дымқылдық беретін қара өт (талақ).

Гиппократ пен И.П.Павлов бойынша темперамент типтері

Темпераменттердің түрлері (Гиппократ бойынша)

Жүйке жүйесінің типтері (И.П.Павлов бойынша)

Жүйке процестерінің (қозу, тежелу) қасиеттері

Күші

Тепе –

теңдігі

Қозғалғыштығы

Холерик

 

 

 

Сангвиник

Флегматик

Меланхолик

Ұстамсыз тип

 

 

Ширақ тип

Баяу тип

Әлсіз тип

Күшті

 

  

 

Күшті

Күшті

Әлсіз

Тең емес (қозуы тежелуінен басым)

Тепе – тең

Тепе – тең

 

Қозғалғыш

 

 

 

 

Баяу

                                                        

         Э.Кречмер дене бітімінің төрт типін ажыратты.

 

 

 

 

Тапсырма №1:  Көп нүктенің орнына жаңа материал бойынша танысқан ұғымдарды жазуға тапсырма береді.

        

 

Тапсырма № 2: 

“Темперамент типтерін түспен байланыстырыңыз?”

“Темперамент типінің бет әлпетін суреттіңіз?”

Тапсырма №3: Жаңа тақырып бойынша танысқан ұғымдарды өткен материалмен байланыстырып, жұп ұғымдардың арақатынасын анықтауға тапсырма береді.

      

Тапсырма №4: Темперамент типтеріне келтірілген сипаттамаларды оқып, бейнеленген іс-әрекетіне  қарап, сәйкесін табуға тапсырма береді.

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма №:  5 Темперамент типтерінің жағымды және жағымсыз сапаларын кестеге толтыруға тапсырма береді.            

        

 

 

Тапсырма №6: Берілген жағдаяттарды әр түрлі темперамент типіндегі адам кейпінде сомдап, іс-әрекетін көрініс түрінде көрсетуге тапсырма береді.

         

 

 

Студенттер темперамент жөніндегі  ақпаратпен танысып, өз ойларын ортаға салады. Қосымша мәліметтер алады, білімдерін толықтырады.

 

 Тақырып бойынша мәліметтерді дәптерлеріне түсіріп отырады. 

Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.

   Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.

Төрт түрлі сұйықтықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған, ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.

Зерттеген ғалымдар: Гиппократ, Гален, Кант, Гейне, Зеланд, Лесгафт, Павлов, Теплов.

   Темперамент типтері:

Холерик – ұшып -қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл-күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді, пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала.

     Сангвиник – ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі, көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.

    Флегматик - өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін сенімді, тұрақты, бірқалыпты.

     Меланхолик – сәл нәрсеге ренжиді,өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. 

     Темпераменттің конституционалдық негізін салғандар: Кречмер, Шелдон. Бұл теорияға сәйкес адамдардың темпераменті дене бітіміндегі айырмашылықтармен анықталады. Осыған байланысты дене бітімінің төрт типін Кречмер ажыратты.

     Лептосоматик -  нәзік дене құрылысымен, биік бойымен, тар иықтылығымен, қол аяғының ұзындығымен және жүдеулігімен ерекшеленеді.

     Пикник - өте толық келген, орта және шағын бойымен, қысқа мойнымен және дөңгелек басымен ерекшеленеді.

    Атлетик - күшті дамыған бұлшықетімен, мықты дене бітімімен, ұзын не орта бойымен, кең иықты және тар жамбасымен ерекшеленеді.

    Диспластик - дене бітімі ешқандай түрсіз, дұрыс емес дене құрылысымен ерекшеленетін адамдар.

 

 

 

 

 

 

 

Көп нүктенің орнын тиісті сөздермен толтырады.

  1. Темперамент  жүйке жүйесінің тума сапаларынан туындайтын адамның жеке ерекшеліктері.
  2. Темперамент жөніндегі физиологиялық ілім Гиппократтан бастау алады, ол темперамент типінің 4 типін: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик бөліп көрсетті.

 

 

 

Студенттер холерикті – қызыл

                     Сангвиник – сары

                     Флегматик – жасыл

                     Меланхолик  - көк түспен байланыстырады.

Студенттер темперамент типтерін суреттейді.Әр темперамент өкілінің көңіл – күйін бейнелейді.

Жұп түсініктердің арақатынастарын ажыратады, өз пікірлерін дәлелдейді.


1. а) психика - в) темперамент; (3)

2. а) темперамент - в) мінез; (2)

3. а) темперамент - в) эмоция; (5)

4. а) қозғалыс сферасы - в) темперамент; (4)

5. а) темперамент - в) экстраверсия; (3)

6. а) темперамент - в) жүйке жүйесінің күші; (3)

7. а) сангвиник - в) холерик. (1)

Темперамент типтеріне келтірілген сипаттамаларды оқып, сәйкесін табады.

№3 тапсырманың жауаптары:

1.     Самал 2-сынып оқушысы. Ойында белсенді, көбіне әскери ойындарды ойнағанды ұнатады. Өте қозғалғыш. Елгезек. Тіл алғыш. Жан-жағына жалтақтап отырады. Қолы тыным таппайды.Түрлі әсерлерге тез беріледі. Сөзінде селқостық бар. (холерик)

2. Жібек 1-сынып оқушысы. Өте сезімтал, әсерленгіш,сәл нәрсеге қиналып, көзіне жас алып жылайды. Бірде ол сөмексінен кітабы табылмағанына да жылады.Тез өкпелегіш, өкпесін көпке сақтайды. Балалар арсында енжар. (меланхолик)

3. Айбек 4-сынып оқушысы. Өте қозғалғыш, әуесқой, бәрін біліп алуға тырысады. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Мұғалімге сұрақ көп қояды. Тәрбиелеуге оңтайлы, өмірге икемді. (сангвиник)

4. Олжас 3-сынып оқушысы. Сабақта тыныш отырады, жанындағы балаларды мазаламайды. Мәселені тез шешуге асықпайды, дауыс екпіні баяу. Өте ұстамды, кез-келген нәрсеге сезімін білдірмейді.  

(флегматик)

1 суретте –флегматик, 2- меланхолик, 3-холерик, 4- сангвиник

 

Топ студенттері өздеріне берілген тапсырма бойынша мәтінге шолу жасайды. Әр топ  беттерімен жұмыстанып, бірігіп ақылдасады.

Темперамент типтері

Жағымды сапалар

Жағымсыз сапалар

Сангвиник

өмірсүйгіш, алғыр, қарым-қатынасшыл, әуесқой

Менменшіл,

 сенімді, жеңілтектік,

шектен тыс

қарым-қатынасшыл,

Холерик

әуесқойлық, белсенділік, қайсарлық, алғыр

Қозғыш, агрессивті,

кикілжіңге тез түскіш,

шыдамсыз

 

Флегматик

ұстамды, тұрақты, шыдамды, сенімді

Баяу,

немқұрайлылық,

 

 

 

 

Меланхолик

Мейірімді,мейірбан, жанашырлық сезімі жоғары

жұмысқа қабілеттілігі

төмен, тұйық, ұялшақ

 

 

Студенттер өздеріне берілген жағдаяттарды шешіп,  темперамент типінің ерекшеліктеріне сәйкес жауаптарын топқа жариялайды.

1 жаяғдаят:

Холерик тобы: Орта жастағы әйел адамға кезекте тұрғанын айтып, ашуланып, агрессивті түрде кабинетке кіруіне өз наразылығын білдіреді.

Сангвиник тобы:   Орта жастағы әйел адамға кезекте тұрғанын айтып, кабинетке кіруіне еш наразылық білдірмей, сөйлесіп кетеді.

Флегматик тобы: Орта жастағы әйел адамның кезектен тыс кабинетке кіргеніне еш ашусыз, байсалды түрде жауап қайтарады.

Меланхолик тобы: Орта жастағы әйел адамның кезектен тыс кабинетке кіріп кеткеніне уайымдап, жылап жібереді.

 

Айтылған ақпаратттарды мұқият тыңдау арқылы өзіндік пікір қалыптастырады. Өз білімдерін толықтырады. Өз ойларын  талдап түсіндіруге мүмкіндік алады.

 

 

Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі екендігін; оны  Гиппократ, Гален, Кант, Гейне, Зеланд, Лесгафт, Павлов, Теплов секілді ғалымдар зерттегендігін біледі. Төрт түрлі сұйықтықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп, ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атайтынын біледі.

Темпераменттер төрт түрлі сұйықтық заттарға байланысты болатындығын: денені жылытатын – қан, салқындататын – шырын, құрғататын – бауырдағы өт, дымқылдық беретін қара өт болатындығын біледі. Темпераменттің 4 типі болатындығын, әрбір темперамент типіне тән қасиеттер мен сапаларды біледі, олардың жағымды және жағымсыз тұстарымен танысады.

И.П.Павлов бойынша холерик темпераменті жүйке жүйесінің күші бойынша күшті, тепе-теңдігі бойынша  тежелуінен қозуы басым, қозғалғыш болып келетіндігін; сангвиник темпераменті  жүйке жүйесінің күші бойынша күшті, тепе-теңдігі бойынша  тежелуі мен қозуы тепе-тең, қозғалғыш болып келетіндігін, флегматик темпераменті жүйке жүйесінің күші бойынша күшті, тепе-теңдігі бойынша  тежелуі мен қозуы тең, баяу болып келетіндігін, меланхолик темпераменті  жүйке жүйесінің күші бойынша әлсіз  болып келетіндігін ұғынады.

Темпераментті дене бітіміне байланысты   лептосоматик -  нәзік дене құрылысымен, пикник - өте толық келген, орта және шағын бойымен, атлетик - күшті дамыған бұлшықетімен, мықты дене бітімімен, ұзын не орта бойымен, диспластик - дене бітімі ешқандай түрсіз, дұрыс емес дене құрылысымен ерекшеленетіндігін ұғынады.

 

Жаңа материал бойынша танысқан алғашқы ұғым – темпераменттің анықтамасын, темперамент  жөніндегі физиологиялық ілім Гиппократтан бастау алатындығын, Гиппократ темперамент типін 4-ке:  холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик типтеріне   бөліп, тақырыптың негізгі тұстарын есіне түсіреді.

 

 

Тапсырма орындауда темперамент өкілдерінің  мінез – құлқын, өмірдегі көзқарастарын түспен байланыстыру арқылы ақпарат алады. Өйткені  қызыл түс – белсенділік, энергиясы мол; сары түс – жайдарлы мінезді, ақ көңілділікті; жасыл түс – сабырлы, байыптылықты; көк түс – байсалды, сезімталдылықты білдіреді.

Темперамент типтерінің

күнделікті көңіл – күйін суреттеу арқылы, бет әлпеттің де адам өміріндегі маңыздылығын  меңгереді.

 

 

 

Дәріс мәтініне шолу жасау арқылы өз беттерімен жұмыс жасау дағдысын меңгереді. Оқылған материалды қорытып, жұп түсініктерді саралайды, ұғымдардың арақатынасын ажыратып,  пікірін дәлелдейді, топ алдында темперамент түсінігін психика, мінез, эмоция, қозғалыс сферасы, экстраверсия, жүйке жүйесінің күші ұғымдарымен байланыстырып, арақатынасын анықтайды. Өз ойын айтуға дағдыланады, топ болып жұмыстануға, өз ойын жеткізуге студенттерді баулиды.

Студенттер салыстыру арқылы білімдерін толықтырады. Өткен білімдерін қайта жаңғыртып, ерекшеліктер мен ұқсастықтарды табуға талпынады. Ойлау жүйесін іске қосады.  

Самалдың ойында белсенді, өте қозғалғыш, елгезек, тіл алғыш, түрлі әсерлерге тез берілгіш болғандығынан оның холерик екенін; Жібектің өте сезімтал, әсерленгіш, сәл нәрсеге қиналып, көзіне жас алып жылайтындығынан оның меланхолик екендігін; Айбектің өте қозғалғыш, әуесқой, бәрін біліп алуға тырысады, тәрбиелеуге оңтайлы, өмірге икемділігінен оның  сангвиник екендігін; Олжастың сабақта тыныш отыратындығынан, мәселені тез шешуге асықпайтындығынан, дауыс екпіні баяу, өте ұстамды, кез-келген нәрсеге сезімін білдірмейтіндігінен оның флегматик екендігін ұғынады.

Темперамент типтерінің ерекшеліктерін жетік түсінеді.

 

 

 

Әрбір темперамент типіне шолу жасайды, сангвиник типінің  жағымды сапаларына  өмірсүйгіш, алғыр, қарым-қатынасшыл, әуесқойсапалары, ал жағымсыз сапаларына  менменшіл,  сенімді, жеңілтектік, шектен тыс қарым-қатынасшыл сапалары жататынын; холерик типінің  жағымды сапаларына   әуесқойлық, белсенділік, қайсарлық, алғыр сапалары, ал жағымсыз сапаларына  қозғыш, агрессивті, кикілжіңге тез түскіш, шыдамсыз сапалары жататынын; флегматик типінің  жағымды сапаларына ұстамды, тұрақты, шыдамды, сенімді   сапалары, ал жағымсыз сапаларына баяу, немқұрайлылық  сапалары жататынын, меланхолик типінің  жағымды сапаларына мейірімді, мейірбан, жанашырлық сезімі жоғары сапалары, ал жағымсыз сапаларына жұмысқа қабілеттілігі төмен, тұйық, ұялшақ сапалары жататындығын  біледі.

 

Көріністі орындау арқылы темперамент жайлы білімдерін толықтырады, темпераменттің холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик  типтерінің ерекшеліктерін визуальды түрде есте сақтайды. Әр темперамент типтерінің ерекшелігін ескеріп, көріністі сомдайды. Актерлік шеберліктерін шыңдауға үйренеді.

IV. Жаңа білімді бекіту

 

 

Ой қозғау.

Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін топ студенттеріне жаңа тақырып туралы білімдерін тексеру мақсатында тест сұрақтары беріледі.

1. Жеке адамның қалыптасуына биологиялық негіз болып не табылады?

A) ойлау      B) қабілет   C) ақыл-ой  D) нышандар

E) темперамент

2. Темперамент туралы алғаш ой-пікірін айтқан ғалым:

A) Гален B) Гиппократ C) Платон D) Аристотель E) Сократ

3. Ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш тип темпераменті:

A) холерик B) флегматик C) меланхолик D) сангвиник

E) дұрыс жауабы жоқ

4. Адамның жаңа жағдайларға тез үйренісуде көрінетін темпераментік қасиеті:

A) эмоционалдық қозу B) сензитивтік C) икемділігі (пластичность)              D) реактивтілік E) экстравертивтік

5. Қандай психологиялық типке экстроверсия қасиеті тән:

A) апатиялық тип B) холерик C) флегматик D) меланхолик

E) сангвиник

6. Адамның жеке қасиетінің динамикалық сипаты болып табылатын:

A) темперамент B) мінез C) қабілет D) бағыт E) нышан

7. Төменде көрсетілген бейімдердің қайсысы флегматикке тән:

A) қорқу реакциясы B) жағымды эмоцияға бейім

C) ашулануға бейім  D) тез қозушылық

E) қалыпты эмоционалдық қабылдауға бейім

8. Байсалды, ұстамды, еңбекқор, қызмет етуде сабырлы және төзімді, қозу мен тежелуі бір-біріне тең, баяу қозғалғыш қасиеттері қай тип темпераментіне тән:

A) сангвиник B) холерик C) флегматик D) меланхолик

E) дұрыс жауабы жоқ

9. Темпераменттің санын 13-ке жеткізген қай дәрігер?

А) Гален  В)Кант  С)Гейне D)Павлов  Е)Гипократ

10. Темперамент бұл:

A) жалпылама шындық бейнесімен оның мәндік байланысы

B) адамға тән табиғи мінез-құлық ерекшелігі

C) адамды іс-әрекетке итермелейді

D) адамның өмірлік әсер етудің және адамның шындыққа қарым- қатынасының тәрбиесі

E) дұрыс жауап жоқ

Өзіңді 3 баллдық шкала бойынша келесі критерийлермен бағалау «Рефлексияны» толтыру ұсынылады.

 

 

 

Сабақ барысында алған білімдерін пайдаланып,  тест сұрақтарына жауап береді.

 

Жауаптары:

1)   Е

 

2)   В

 

3)   D

 

 

4)   Е

 

 

5)   Е

 

6)   А

 

 

7)   Е

 

 

 

8)   С

 

 

9)   А

 

10) D

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттер  рефлексияға 3 баллдық шкала бойынша келесі критерийлермен бағалап жауап береді.

Ø  Мен «темперамент» анықтамасын құрастырып айта аламын

Ø  Мен әрбір темперамент типіне сипаттама бере аламын

Ø  Оқу процесінде темпераментті ескеретін ұсыныстарды құра аламын

Ø  Мен қарым-қатынаста темпераменттің ерекшеліктерін ескере аламын

Ø  Мен сабаққа белсенді қатыстым.

Соңында ұпай сандарын есептейді.

 

 

 

Студенттерде  темперамент, оның типтерінің психологиялық сипаттамасы және ерекшеліктері жайлы теориялық    білім қалыптасып, ой тереңдетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақта алған білімдерін жинаған  ұпай саны бойынша өз деңгейлерін біледі.

 

ҮІ.  Бағалау. Қорытындылау

Оқытушының бағалауы. Студенттер бүгінгі  сабаққа қатысулары бойынша бағаланады

 

Өз әрекетін өзін - өзі бағалауы арқылы бағаланады.

Өздерінің және өзге студенттердің іс - әрекеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді, өз қызметіндегі қызығушылығын анықтайды.

ҮІІ.  Үйге тапсырма

Темперамент және оның типтерін ерекшеліктері туралы білімдерін толықтырып, жаңа ақпарат көздерімен танысу, қосымша материалдар жинақтау.

Студенттер бүгінгі сабақ  материалымен толықтай танысады және қосымша ақпарат көздерінен, психологиялық оқулықтардан  ақпараттар жинайды.

Басқа психологиялық    әдебиеттер, қосымша ақпарат көздері бойынша қосымша ақпаратпен танысады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: "Темперамент" (ашық сабақ)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Темперамент, олардың типтері, психологиялық ерекшеліктері туралы ақпараттармен қамтамасыз ету. Бала темпераментті тәрбиелеу жолдарын меңгерту. Оқушылардың темпераменттерін анықтау үшін түрлі зерттеу әдістерін (тест, анкета т.б.) қолдану арқылы  оқу – тәрбие процесінде ескеруге бағыт беру, темпераменттердің ерекшеліктерін талдау, типтерді өзара салыстыру және байланыстыру, коммуникацияның әр түрлі құралдарын және әдіс-тәсілдерін қолдана отырып меңгерту.

 

Әр оқушыларды темперамент типіне бөле отырып,  темперамент типтерінің  жағымды және жағымсыз сапаларын меңгерту, жақсы мінез – құлық қасиеттеріне тәрбиелеу.  

 

Темпераменттерді  тәрбиелеу мәселесі жөніндегі барлық  мәліметтермен қамтып, өз іс-әрекетінде тиімді қолданып, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауда, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға әрқашан дайын болуға үйрету.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 191 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2015 3070
    • DOCX 11.9 мбайт
    • 37 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нәбиева Жанаргүл Жұмабайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нәбиева Жанаргүл Жұмабайқызы
    Нәбиева Жанаргүл Жұмабайқызы
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40482
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 23 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности реализации адаптированной основной общеобразовательной программы обучающихся с РАС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 28 регионов

Курс повышения квалификации

Способы повышения мотивации и формирования ответственности у детей и подростков

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 22 регионов

Мини-курс

Figma: продвинутый дизайн

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 38 регионов

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе