Инфоурок Химия Научные работыСАБЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

САБЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Скачать материал

САБЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Хайрымхан Маулен, Кендебай Серікбол, Кокишева Алия Елемесовна

8 сынып оқушылары, химия пән мұғалімі

 

                                             

Жобаның мақсаты: Ұлттық тұрмыстық дәстүрінің тарихын, ұлттық мәдениетінің, кәсіпшіліктің шығуымен, әр түрлі заттарды технологиялық процестермен әдіс тәсілдермен машықтандыра отырып өнімдер өндірудегі әдістерін көрсетуде сабын алудың ұлттық әдіс тәсілдерімен химиялық жолмен жасап тәжіриебе жүзінде іске асыру ұлттық технологиямен алынған қара сабынның ерекшеліктерін табу.

     Күтілетін нәтиже:

-                     Ізденіс жұмыстарының нәтижесінде өсімдіктердің бағалы қасиеттерін оның табиғаттағы, адам өміріндегі алатын орның анықтап, табиғатты аялай білудің маңызын түсіну.

-                     Алаботаның тек арамшөп ретінде ғана емес, оның адам өміріндегі маңызды қасиеттерін жан-жақты түсініп, биология, химия, экология пәндерінде кеңінен пайдалануға мүмкіндік беру.

-                     Зертханалық жұмыс барысында түрлі химиялық реакциялардың теңдеулерін жазып, есептеу тәсілдерін және хиимялық заңдылықтарды, көптеген ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін үйрету.

-                     Қазақ халқының тұрмысындағы химияның маңызын зерттеу арқылы химия пәніне қызығушылық дамытып, қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне талдау жасауға үйрету.

-                     Алған білімді күнделікті тұрмыста, өмір тәжіриебесінде пайдалана білу.

Қойылған мақсатқа жету үшін  жұмысты қос-жарнақтылар класының алабота тұқымдасын арамшөп ретінде зиянынан гөрі, халық  тұрмысындағы маңызын анықтаудан бастадым.

       «Өсімдіктану», «Дәрілік өсімдіктер», энциклопедия және басқа да ғылыми көпшілік әдебиеттермен, газет-журналдармен жұмыс істей отырып, алабота тұқымдасының сыртқы құрылысымен таныстым.

fe       Алабота тұқымдасына бүкіл жер шарына тараған бір жылдық немесе көп жылдық сортаң топыраққа төзімді өсімдіктер жатады. Сабақтарының түрлеріне қарай ағаш (сексеуіл); бұта (баялыш); жартылай бұта(изен, итсигек); шөптесін (алабота) болып бөлінеді.

      Қазақстанда бұлардың 47 туысы, 218 түрі бар. Бұлардың көпшілігінің сабағы бұтақты болып келеді, жапырақтары кезектесіп, немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Жемісі – жаңғақша. Тұқымының сақиналы немесе оралма ұрығы болады.

      Алабота – бұл кәдімгі арамшөп,  жол жегінде, егістіктерде кездеседі. Алабота тік сабақты, жапырақтары өте жиі тармақталған сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні әр түрлі, Жапырақ бетінде ақшыл дақтары болады. Алабота – бір үйлі, дара жынысты гүлді өсімдік. Көріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ болып топтанып масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды. Гүлсерігі – бес тармақты, жеміс қабы- үлпекті. Аталығы – 5, аналығы – 1. Тұқымы тығыз қабықты бозғыл қара түсті, жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымдары ерте, түсі қарасы кеш піседі. Оны халық медицинасында және бояу дайыдауда пайдаланады.

lebeda1  DSC02821

Алабота өсімдігінің биохимиялық құрамы мен дәрілік қасиеттері.

 

Алаботаның құрамындағы биохимиялық қосылыстар мен макроэлементтерді анықтау үшін Қазақ ССР – нің қысқаша энциклопедиясының ІІ томын (73-74 беттері) пайдаландым. Г.П.Яковлев пен В.А Челомбитьконың 1990 жылғы Мәскеудің «Жоғары мектеп» баспасынан шыққан «Ботаника» оқулығы көмегімен төмендегі кестені құрастырдым.

 

Құрамындағы биохимиялық қосылыстар мен макроэлементтер

Мөлшері пайыз (%) есебімен

Кальций (Са)

Фосфор (Р)

Протеин (жай белок)

Ақ клетчатка  (целлюлоза)

Күл

Эфир майы

Органикалық қышқылдар

(қымыздық қышқылы ,

амин қышқылы)

Сапонин

Шайыр

Алколоидтар (хинин)

                  18 %

                  18 %

                  12 %

                  17,8 %

                  21 %

 

Ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істеу барысында алаботаның арамшөп ретінде зиянынан гөрі адам өмірінде емдік, азықтық қасиеті басым екенін  анықтадым. Бүгінгі таңда халықтың әл-ауқатының төмендеуіне байланысты қышыма ауруы ауылды жерлерде көп таралуда. Осыған қарсы күресуде алаботаны пайдалагуға болады.

       1 л суға 40-60 г ұнтақталған алаботаны 10-15 минут бұқтырып, бөлме температурасында суытып, сүзіп алып, қотырды жуады. Аудандық аурухананың  дәрігері, фитотерапевт  Наурызбаева Ақзейнеп  алаботаның асқазан, шек, өт жолдары қызметінің бұзылуына, үлкен дәретті дұрыс жүргізуге пайдалы емдік қасиеттерін айтып берді. Оның «Денсаулық» журналының және Пастушенковтың «Дәрілік өсімдіктер» кітабындағы деректер айғақтады.

      Жас өспірімдердің тік ішегіндегі паразит құрттарды (аскарида) түсіру үшін алаботаның  1- 2,5 грамын 1 стакан суға бұқтырып, аш қарынға тамақ ішуден 1 сағат бұрын 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішкізеді. Бұл емді ежелгі грек дәрігері Гиппократтың өзі ұсынған.

      Үлкен дәреттің дұрыс жүрмеуінің басты себебі - өт пен бауырдың, ұйқы безі қызметінің бұзылуы. Асқазан, ішек қуысы, әсіресе үлкен дәрет жүрмей қалған да балалардың мешел ауруына, зәр, өт жүрмей қалғанда мынадай қайнатпаны пайдаланады: 4 ас қасық кептіріліп, жанышталған алаботаны 1 стакан қайнаған суға 10 минут бұқтырып, бөлме температурасында суытып, сүзіп алып, бір стаканнан аш қарынға күніне 3 рет ішеді.

      Халықтық медицинада жас алаботаны жаныштап, сөлі шыққан соң денеге шыққан сыздауық пен шиқанның ауызына тартса, ішіндегі ірің мен соқтасын тартып алады дейді. Бұдан жас алаботаның құрамындағы макроэлементтер мен биохимиялық қосылыстардың ерігіштік, сорғыштық қасиетінің бар екенін анықтауға болады.

     Алаботаның қайнатпаларынан ағзаның ішкі және сыртқы бөліктерін емдеуге болатыны бауыр мен өт жолының қызметін реттейтіні және қайнатпаларының ерігіштік, сорғыштық қасиетінің бар екені туралы қорытынды жасадым.

     Бұрыңғы кезде, әсіресе, соғыс уақытында халқымыз алаботаны нан пісіргенде пайдаланған. Пісіп жетілген жемісін сүтке араластырып, дәмді, жұғымды ботқа дайындаған. Ерте кезде рауғашты қосып, көже және жұмыртқамен қосып қуырып, өте дәмді ас дайындаған.

 

Сабын дайындаудың халықтық технологиясы.

Тамыз айында бау-бақшадан  50 кг алабота жинадым. Алаботаны күн тимейтін көлеңке жерге кептірдім. Алабота қызып, шіріп, кетпес үшін күнделікті екі уақыт аударыстырдым.Бір айдан кейін кептірілген алаботаны өртеп, күлін алдым. Күлдің құрамында макроэлементтердің бар екенін екі түрлі тәжіриебемен анықтадым.

 8Фото008

         1 – тәжіриебе. Албота күлінің құрамындағы макроэлементтерге

                                          аналитикалық талдау жасау.

 

Жұмыстың жоспары

Реакция теңдеуі

Қорытынды

Күлдегі калий К + ионын анықтау

 

 

Күлдегі натрий Na + ионын анықтау

Күл + жалын

 

 

 

Күл + жалын

 

 Калий жалынды күлгін түске бояйды (басқа иондардың қатысында әлсіз көрінеді).

Натрий жалынды сары түске бояйды.

 

 

2 – тәжіриебе. Алабота күлінің ерітіндісіндегі тұздардың ионын анықтау

 

Жұмыстың жоспары

Реакция теңдеуі

      Қорытынды

Хлор ионын СІ күміс

Ag + ионымен анықтау

 

Карбонат ионын СО2- анықтау

 

Алабота күлінің ерітіндісі қандай орта көрсететінің дәлелдеу

 

 

СО32- ионын  Ag + ионымен анықтау

NaCI + AgNO3 = NaNO3 + AgCI ↓ 

KCI + AgNO3 = KNO3 + AgCI

 

 

 

K2CO3 + 2HCI = 2 KCI + H2O + CO2

Na2CO3 +  2HCI = 2NaCI + H2O + CO2

 

 

Ерітінді + фенолфталейн

 

 

 

 

K2CO3 + 2AgNO3 = 2KNO3 + Ag2CO3

Na2CO3 + 2Ag NO3 = 2NaNO3 + Ag2 CO3

Ақ тұнба ірімшік пайда болды.

 

CO2 газ бөлінгені анықталды

 

Күлдің мөлдір ерітіндісі қызғылт түске боялды (сілті орта екені дәлелденді)

 

Ақ тұнба пайда болды

       Осы тәжіриебелерге сүйене отырып, алабота күлінің құрамында калий және натрий ионының  бар екені  анықталды.

        Күлдің құрамын анықтаған соң  халықтық тәсіл бойынша сақар алуды қолға алдық . Ол үшін қазанға   су құйып, қайнаған  су үстіне  алаботаның күлін, күлдің нілі  суға әбден шыққанша 20 минут отқа қайнаттық . Қайнау барысында  күл құрамындағы еритін тұздар ериді, түзілген ерітіндіні шұңғыл ыдысқа құйып алып, күл түбіне шөккенше тұндырдық.

         Ерітіндінің бетіне шыққан жеңіл затарды сүзгімен  сүзіп алып, түбіндегі тұнбасын төгіп тастадық. Қазанды тазалап жуып, ішін жақсылап күнбағыстың  майымен және тоң  маймен майладық. Сүзіп алған 3 л нілді суды қазанға құйып, әбден су алғанша қайнаттық. Су қоймалжыңдана бастағанда  отты баяулатып, ерітіндіні араластырдық. Су тартылғанда ерітінді сақарға айналды. Су мүлде суалған кезде қазан түбінде пайда болатын ұнтақ-сақар деп аталады. Сақардың да емдік қасиеті бар. Жылқының ішіндегі паразит құрттарды түсіру үшін сақардың 9-11 сықпасын  жұтқызып, емдеуге болады. Сақарды қазаннан салып алып, құрамында К2СО3 – тің бар екені төмендегі тәжіриебемен анықтадым.

20160407_170735   20160407_171954     

                             Сақардың құрамын анықтау

 

Жұмыстың жоспары

Реакция теңдеуі

      Қорытынды

Cl- ионын Ag+ ионымен анықтау

Br- ионын Ag+ ионымен анықтау

CO32- ионын анықтау

 

KCl+AgNO3=KNO3+AgCl

 

KBr+AgNO3=KNO3+AgBr

 

K2CO3+2HCl=2KCl+H2O+CO2

 Тұнба түзілді

 

Сары тұнба түзілді

 

Газ бөлінді

 

20160407_172034       20160407_172559

Құрамындағы затты анықтаған соң, қазанды қайта жуып,900г тоң май салып, қатты қыздырады. Қайнаған майдың үстіне 250 г сақар салып, отты жайлап қана жағып қазандағы  затты  қайнаттық (от көп жағылса  сабын жалындап күйіп кетеді). Сабын үйіріліп, біріккен кезде  қазан құрғақ тегіс жерге түсіріліп, суытылады. Нәтижесінде 750г қара сабын алынды.

                                    

Сабын алудың реакция теңдеуі

K2CO3+HOH=2KOH+H2CO3

 

CH2 - COO – R1                                       CH2 - OH

      │                                                            │     

      CH   - COO – R2                  +3KOH        CH - OH + 3R -COOK

       │                                                            │                   сабын

CH2 - COO – R3                                       CH2 - OH

  май                                                           глицерин                                                                 

 

                                Қара сабының емдік қасиеті

       Қара сабынның емдік қасиетімен танысуда «Денсаулық» журналының 1992 жылғы  №  5-6 санында  жарық көрген Өтепберген Ақылбековтың «Сабын» атты мақаласы көмектесті.

      Қара сабын қотыр, басқа да жарақаттардың  тез жазылуына  әсер етеді: тәнді жұмсартады, суық тигенде  сылаумай ретінде қолдануға болады, ісікке, домбыққан жарақатқа тартса, бітеу жараның соқтасын сорып алады, Ертеректе адам уланғанда құстырып, ішін тазартуға пайдаланған. Сонау сақ-ғұн заманынан бері ата-бабамыз тұрмыста химияны пайдаланған. Қолдан жасалған қара сабын экологиялық  тұрғыдан таза, кәдімгі сабыннан кем емес. Сонымен қатар  қолдан жасалған қара сабын кірді жақсы кетіріп, қолды техногендік аурулардан сақтайды.

  

       Ұлттық технологиямен жасалған қара сабынның артықшылығы

·                    Біріншіден қолдан жасалынған сабын сізге арзанға түседі, ақшасыздық жайлап жатқан бұл уақытта осы жаңалық сізге майдай жағатыны сөзсіз.

·                    Екіншіден сабынға қосылатын заттар табиғи таза шикізат болғандықтан ол тері ауруларын туғызбайды, яғни ол сіздің қазіргі таңда қымбатқа алып, оған қоса түрлі тері ауруларын туғызатын ұнтақ пен иіс сабыныңыздан 100 есе асып түседі

·                    Үшіншіден оның емдік қасиетіде бар тері күйгенде, қышыма, қотырға пайдаланады. Ал түрлі су сабынның әсеріне көнбейтін сіздің бас теріңізге бұл таптырмайтын дәрі-дәрмек болмақ,  себебі ол жұмсақ  және антицептик рөлін атқарады.Шын еңбектенсеңіз қара сабынның қол жуғаннан кейін жағымды иісі шығады. 

·                    Төртіншіден, әрине бұл сабынды сіз сатып алмай оны қолдан жасайсыз  сізден шығатын шығын тек шыдамдылық пен еңбек сүйгіштік . Егер бұл қасиеттер сізде бар болса онда қауіпсіз және пайдалы сабынның алақаныңызда жатуы әбден мүмкін.

 

                                           S6301175

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТ:

 

1.                 Қазақ ССР –нің қысқаша энциклопедиясының ІІ томы

2.                 1990 жылғы Мәскеудің «Жоғарғы мектеп» баспасынан шыққан «Ботаника» оқулығы

3.                 «Қазақстан мектебі» журналы , 2008 ж

4.                 «Химия мектепте»журналы , 2006 ж

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "САБЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 524 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2016 2198
    • DOCX 13.6 мбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кокишева Алия Елемесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кокишева Алия Елемесовна
    Кокишева Алия Елемесовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 73159
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 262 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе