Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Сабырлылық пен ұстамдылық" тақырыбында сабақ жоспар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Сабырлылық пен ұстамдылық" тақырыбында сабақ жоспар

библиотека
материалов

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп №133 негізгі мектеп

Мерзiм____________

_____

Тақырып Сабырлылық пен ұстамдылық

Құндылық ішкі тыныштық

Қасиеттер сабырлылық, ұстамдылық, байсалдылық,кішіпейілділік, шынайылық.

Мұғалiм Калкузова Гульзат

Класс 5-сынып

Оқушылар саны_______


Сабақ мақсаты: «Сабырлылық» және «ұстамдылық» ұғымдары арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Сабырлылық , ұстамдылық және мінез-құлық мәдениеті туралы түсінік беру.

  • Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін және сабырлылық, ұстамдылық, байсалдылық, кішіпейілділік, шынайылық қасиеттерін дамыту.

  • Өз сезімдері мен көңіл-күйлерін басқара білуге тәрбиелеу.


Ресурстар (материалдар, дереккөздер)

Оқулық, дәптер,интер тақта,

angimeler.kz

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.

ә) 5-тыны еске түсіру.

Татулық

Тыныштық

Тәртіп

Тазалық

Талап

Тыныштық сәтi. (Жағымды күйге ену)

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылдана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашуда. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

  • Балалар қандай әсерде болдыңдар?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

22-сабақ. 117-бет. «Жан жарасы жазылмайды» аңыз әңгімесі.

  • Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?

  • Ашуды қалай жеңуге болады? Сендер қандай әрекет жасайсыңдар?

  • Сабырлылық танытқан кездерің болды ма?

  • Сабырлы адамда қандай қасиеттер болады?


Ескертулер


  1. Дәйексөз.

Сабырлылық – жақсылықтың қайнар көзі.

Лао-Цзы

Нақыл сөзді дауыстап оқып, жұмыс дәптерлеріне жазып алу ұсынылады.

-Мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың жауаптарымен дәйексөз қорытындыланады.



  1. Әңгiмелеу (сұхбат)
    «Өмір сүрудің ең жақсы жолы»

Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады.Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді.Ол ақкөңіл,жайдарлы болғандықтан,ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін.Бір күні ауыр науқастанып,бұл дүниеден өтерін сезген адам,артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

-Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады.Мирасымды соған қалдырамын.Менің дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір ақшадан беремін.Осы ақшаға бір нәрселер алыңдар.Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек.Шартым осы.

Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айрылып қалмауды ойлап,не істерлерін білмей қатты абыржыды.Қалаға барып үшеуіде ақшаларын жаратты.Кешкісін әкелерінің қасына келгенде үлкен баласы:

-Досымның шаруашылығына барып,екі қап сабан сатып алдым,-деді де,қаптарды ашып,сабанды әр тарапқа шаша бастады.Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп,бөлмені толтыра алмады.Ал екінші баласы:

-Дүкенге барып екі жастық алдым,-деді де жастықтарды сөгіп,ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады.Бірақ жүн де жерге түсіп,бөлмені толтыра алмады.Ал үшінші ұлы:

-Ақшаны ұсақтап,50 сомын мешітке бердім,20 сомын қайырымдылық қорға бердім,20 сомын садақа ретінде тараттым.Қалған 10 сомға екі нәрсе алдым деп,қалтасынан сіріңке мен шырақты алды.Бөлменің жарығын сөндіріп,шырақты жақты.Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.Әкесі баласына риза болып:

-Менің жаным енді тынышталды. Мирасымды саған қалдырамын,өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы-айналаңа жарық тарату екенін білдің.

Сұрақтар:

-Үшінші ұлының әрекетіне деген өзіңіздің көзқарасыңыз?

-Әкелерінің ішкі тыныштық табуына не себеп болды?

-Айналаңа жарық тарату дегенді қалай түсінесіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Сабыр түбі-сары алтын» тақырыбында сахналау.

3 топқа бөлініп орындайды.

Өздерінің сабырлылық танытқан сәттерін естеріне түсіріп жазып, әңгімелеу.


  1. Топпен ән айту. Оқушылар орындарынан тұрып, әр түрлі қимылдармен «Сабырлы жүре білсең» әнін орындайды.

(Серік Ибрагимовтың «Жаяу» әнінің желісімен)

1.Сабырлы жүре білсең,

Әрдайым күле білсең

Сенімен достасуға болар бәрі асық.

Өкпелеу білмедім,

Мұңайып жүрмедім

Достармен ұрыссам да ойын арасы.

Қаяу салса егер жаныңа,

Сен де, түсінсеңші оны да.

Қайырмасы

Тыңда, да, да, ән саламын тағыда,

Жүрек дүрс, дүрс, дүрсілдеп соғуда

Бағына, на, на, жүректің сұлу бағына

Тамаша хош иіс гүл шешек атады.


2.Болса да мүмкіндік,

Айтайық тек шындық.

Ар-ұжданымызбен

Әрекет етейік.

Жақсылық ойлайық,

Тек ойлап қоймайық,

Әлемнің барлығына шуақ шашайық.

Қаяу салса егер жаныңа,

Сен де, түсінсеңші оны да.

Қайырмасы

Тыңда, да, да, ән саламын тағыда,

Жүрек дүрс, дүрс, дүрсілдеп соғуда.

Бағына, на, на, жүректің сұлу бағына,

Тамаша хош иіс гүл шешек атады.



  1. Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы «Адал бала» ертегісін оқу.

Дәптермен жұмыс.



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

-Бүгінгі сабақта айтылған ойларымызды жүрек түкпіріне бекітіп, түйейік. Өмірде байсалды іс-әрекетіміз бен байыпты әрекеттеріміз шын жүректен шығып, ізгілікке ниеттелсін.Сонда ғана өмірімізде тыныштық орнайды. Осыны ұмытпайық. Өз ойларыңызға абай болыңыздар, ол іс-әрекеттеріңіздің бастауы.Әрқашан сабырлы, ұстамды болайық балалар.

Ал енді көзімізді ашсақ болады.











Автор
Дата добавления 19.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров175
Номер материала ДБ-042437
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх