Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сахналық қойылым "Батыр Баян" (Мағжан Жұмабаев поэмасы бойынша)

Сахналық қойылым "Батыр Баян" (Мағжан Жұмабаев поэмасы бойынша)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


Куандыкова Шолпан Рамазановна –

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы

Озерный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі




Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша сахналық қойылым







Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша

сахналық қойылым



Мақсаты: Ұлы сардар Баян батырды жас ұрпаққа таныту, оқушылардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету. Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау.


1-көрініс. Мағжан Жұмабаев поэманы жазу үстінде


Мағжан:

Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,

Сондықтан жаным күйіп жанады да.

Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң, 1 слайд

Толғанып қарауым сол баяғыға.

...Әдемі өткенді ойлап айнымасам,

Сұм өмір күшті уын аяды ма?


2-көрініс. Бурабайда (декорация)


(Дәулеткерейдің «Жігер» күйі ойнап тұрады)

Жыршы:

Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.
Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға
Бөлектеу: «Ой, бауырым!» - дер анадайда. 2 слайд
Оқжетпес найза қия – қыранға ұя...
Солардың ортасында Бурабай көл...
Бурабай – Арқа аралы, жер еркесі,
Ертеде қоныс болған Абылайға.

(«Елім-ай» әнінің әуені естіледі)

Қиын күн туған алаш баласына...

... Күндердің бір күнінде хан Абылай

Қалмаққа – (ойына алды) – ойран салмақ.

Ханынан: «Аттан»! деген сөз шыққан соң,

Ордаға батыр, билер келді аңдап.

(Аттың дүбірі)

Жиылды оңшең ноян, ығай-сығай,

Байжігіт, Тасболат би мен Толыбай,

Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай.

Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай,

Аузынан жалын шашқан жас Жанатай.

Жас барыс Бәсентиін Сарымалай.


3-көрініс: Хан ордасында


Қанай би:

- Хан ием! Жүрелік.

Жау басынар! Отырғанымыз бұ қалай?

Абылай:

- Баян қайда?...

Қанайым, ойың удай, тілің шаян,

Амал не, келген жоқ қой батыр Баян.

Көп жаудың албастысы, ел еркесі

Баянның батырлығы алашқа аян.

Баянның аруақты құр атынан

Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?

Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат

Баянсыз қанатымды қалай жаям?!

Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,

Келмесе қандыбалақ батыр Баян!

Қанжығалы Бөгенбай:

«Жау!» десе жатпайтұғын батыр Баян,

Апырым-ай, келмеуінің мәні қалай?


4-көрініс: Баян батыр ауылында


Ауыл ақсақалы:

Баян-айым, бір масқара іс

Өткен түн болып қапты...

Қылды-ау бізге қалмақ қар қыз!


Баян батыр:

Жарайды... Бар, ақсақал. Ойланармыз.


Жыршы:

Боз үйде жалғыз қалды Баян енді,

Жаралы жолбарыстай күңіренді.

Ақыры ашу ерді билеп кетті.

«Ақсақ құлан» күйі орындалады

(Баян батыр көйлекшең, садағын ғана алып аттанады).

Түс ауа Жолдыөзекке жетіп қалды,

Алыстан екі қараны көзі шалды. 3 слайд


(Алыста екі жастың бейнесі көрінеді)


Садағын қалды тартып батыр Баян,

Баянның батырлығы алашқа аян.

Оқ тиіп жүрегінен құлап түсті

Атынан бүктетіліп бөбек Ноян.


Садағын сол секундте тартты тағы

Түсірді тағы ұшырып қызды Баян.


(Баян садағын тартып, оларға атады)

Қайғылы күй орындалады.

Бірталай талғандай боп жансыз жатып,

Ер Баян есін жиып, екі жасқа

Бір қарап, қара тастай қалды қатып.


Баян батыр (қатты қайғырған, түңілген):

Күй, жүрек! Көл бол, жасым! Өртен, ішім!

Алдымда айнам жатыр бөбек пішін.

Тартқанда сынбадың-ау, сұм садағым!

Қайтейін арымадың, арда күшім!

Жоқ, әлде, жоқ, жоқ... Әлде... Өлтірдім бе,

Інімді алты алаштың намысы үшін?!

... Ел беті енді маған болсын арам,

Алашым, аттанамын, жауыңда өлем!


(Батыр Баян дулығасын киіп, қару-жарағын алады).
(Күй үні қаттырақ шығып, аяқталады)

Жыршы:

Бірін айт та, бәрін айт та – Батыр Баян

Туғаннан «Алашым!» деп еңіреп еді.

Көкжалдың осы жолы кешіккені,

Осындай тұлпар орға кез кеп еді.


5-көрініс: Хан ордасында


Батыр, билер (бір дауыстан):
- Баян батыр.

Батыр Баян хан Абылайдың алдына келіп:
- Алдияр, сөзім қысқа,
Екенім менің Баян алашқа аян,
Алдияр, ел ағасы, ханым дана,
Алашқа ауыр күнде болған пана,
Кешігіп, күнәлі боп, енді алдыңа
Келді ерің іші – жалын, жаны жара.

...Тілегім – енді жауға аттаналық,

Қан көрсе, қас қыранда шер тұра ма?!

Абылай:

- Таң ата жүреміз!


6-көрініс: Қазақ-қалмақ шайқасы

(«Адай» күйі ойнап тұрады)

Жыршы:

Ер Баян от екпінді, жолбарыстай

Жүз жасты жолдас қылып тарта берді. 4 слайд

... Сәскеде сағымменен көрді Баян

Көп қалмақ Іле бойын жатқан жайлап.

... Аз қазақ көп қалмаққа салды тойды,

Көк аспан қара түтін шаңға тойды.

Алдаспан ажалменен бәсеке бол,

Қанішер, қайқы қара қанға тойды.



Жыршы:

Алаштың ардагері батыр Баян

Бір қырда қала берді топырақ қауып.

Жаудан да мейірімді боп жылады жел,

Күңіреніп ер денесін құммен жауып.

Іленің толқындары әлі күнге

Айтады елге жырау ауық-ауық.


(Дәулеткерейдің «Жігер» күйі ойнап тұрады)

Мағжан ақын:

Ерлерді ұмытса да ел, - сел ұмытпас, 5 слайд

Ерлерді ұмытса да ел, - жел ұмытпас.

Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, - шөл ұмытпас. 6 слайд

Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан,

Ерлерді ұмытса да ел, - бел ұмытпас. 7 слайд

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан.

Ерлерді ұмытса да ел, - жер ұмытпас.

Арқаның селі, желі, шөбі, белі

Ерлерді ұмытпаса, - ел де ұмытпас! 8 слайд


Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров401
Номер материала ДВ-310215
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх