Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Технология / Конспекты / «Сақина жасау. Жүзік соғу» тақырыбына ашық сабақ әзірлемесі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

«Сақина жасау. Жүзік соғу» тақырыбына ашық сабақ әзірлемесі

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Сақина жасау. Жүзік соғу.

Сабақтын мақсаты:

Білімділігі: қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері ішінде зергерлік өнер жайлы жалпы мағлұматтар беру, жасалу технологиясын үйрету.

Дамытушылыгы: оқушыларға жүзік соғудың тәсілін үйрету.

Тәрбиелілігі: оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге, отансүйгіштікке ұлттық өнер ерекшеліктерін сезінуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас

Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, жасату.

Көрнекілігі: қолөнер бұйымдары және суреттері.

Құрал - жабдықтар: Электр пайка, жұқа каңылтыр, әртүрлі түсту шыны көздер егеулер, төс.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын тақтаға жазу. 2.0қушылармен сәлемдесу, түгендеу.

3. Сабаққа дайындығын тексеру (кұрал - жабдықтар, кабинет тазалығы т.б).

4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.

Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?

Оның түрлерін ата.

Қолөнер шеберлерін атап бер.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Зергерлік өнер - сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі. Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген. Зергерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады. Зергерлік өнерде шыңдау, құйма, тегістеу, біліктеу, көркем шекіме, канфаренье (өтпейтін бізбен шекіме жасау арқылы металдың үстіне бүршіктік және күңгірт әсер беру), бастырма, оймыштау, нақыштау, оброн (сурет айналасын ойып тастау техникасы), сымкәптеу (филигрань), буршік, карала, тыныке (финифть), инкрустация, қырнау, жылтырату және т.б. тәсілдер қолданылады.

Қазақтың зергерлік өнері - тамырын тереңнен алатын дәстүрлі мәдениеттің көрікті және көрнекті саласы. Зергер болу киелі де қасиетті өнер саналған. Оған ең алдымен табиғаттан дарыған тума талант керек. Екіншіден, ол - атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың дәстүрлі дүниетанымымен, тарихи болмыс-бітімімен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп. Дәстүрлі зергерлік өнерде шеберлер әр түрлі құрал-саймандарды өздері жасап пайдаланған. Оларға мыналар жатады: көрік, қышқаш, төс, сым тартқыш. Зергерлердің аса көп жасайтыны - әйелдердің әшекей бұйымдары. Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік таққан. Бір-біріне үзбелеп бекітілген үлкенді-кішілі өрнекті алқалардан құралатын салмақты да салтанатты өңіржиектер аса көзтартарлық әсем болады. Қатар-катар тізбектелген тастар қондырылып жасалған тамақ алқа асыл матамен әдіптеледі. Ал інжу-маржан қадалған тамақшалар - қыздар жиі тағатын

бұйымдар. Кеудеге тағылатын әшекейлер қатарына түрлі-түсті, сәнді түйреуіштерді, асыл тасты тұмарларды, небір қымбат тастармен безендірілген таналар мен күмістен соғылған түймелерді, ілгешектерді жатқызуға болады.

Зергерлік өнердің пайда болуы

Қазіргі Қазақстан аумағында техникалық жэне көркемдік тұрғыдан жетілген зергерлік өнер алғашкы темір дәуірінде-ақ пайда болған. Жетісудан жануарлар - таутеке. ілбісін, қабан бейнесі бедерленген мыс қазандар мен ғибадат бұйымдары (б.з.б. 5 — 4 ғ.), сақ ханзадасының алтынмен апталған сауыт-саймандары (Есік қорғаны, б.з.б. 4 ғ.), әйелдің алтын бас киімі (Қарғалы қазынасы, б.з.б. 2 - 6.3.2 ғ.), жарқырауық тас орнатылған сырғалар (Актас-1 қорымы, б.з. 2 - 5 ғ.) табылған. Бұларда бірін-бірі толықтыратын техникалық тәсілдер - бейнелеп құю, бедерлеу, қалыпқа салып қысу, бір затқа бір затты оюластыру, кіріктіру, күмістеу, термелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу, сіркелеу, қақтау, әшекейлеу, т.с.с. қолданылған.

IV. Сарамандық жұмыс

Оқушыларға сарамандық жұмыс барысында темір жонғыш станоктан болттың үлгісін жондырту.

V. Бұйымды жасату кезеңдері:

  1. Сақинаның бөлшектерін кесіп дайындау (20 минут)

Б) Сақинаны оюмен өрнектеу (7 минут)

  1. Бұйымды өцдеу, тазалау (5 минут)

VІ. Сабақты қорытындылау.

Зергерлік өнердің қандай тәсілдерін білесіңдер?

Қазақстанда зергерлік өнер қай дәуірде дамыды?

Бағалау.

Оқушылардың біліктілігін бағалау.

Үйге тапсырма беру.

Зергерлік өнер жайлы реферат жазып келу.

VIІ. Жұмыс орнын жинақтау.



























Ертеңгі күннің нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алга жетелейтін білім. Білім беру мәселесі Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында аталатын басты шешуші бағыттардың бірі. Елбасы жолдауында «білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі» деп атап көрсеткен болатын. Үшінші мыңжылдық жастары қандай болуы керек? Бұл бүкіл адамзатты ойландыруда.

Жаңа қоғамға жаңа жеке тұлға қажетті. Мұндай тұлғалар қайдан, қалай қалыптасады? Еліміздің саяси. мәдени, экономикалық дамуына үлес қосушы, мәдениетті, парасатты, дені сау азамат қалыптастыру-бүгінгі мектеп міндеті. Қабілетсіз, білімсіз бала болмайтындыгы педагогикада дәлелденген. Жеке түлғаның дара қасиеттерін танып білу, жаңа білім беру ісіне қатысты реформаларды іске асырушы, орындаушы ұстаздар қауымы.

Білім беру білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдану. Мұндағы басты міндеттер:

1. Жалпы, өзіндік қабілеттер даму мүмкіндігі

2. Білім, білік, дағдыларды қалыптастыру

3. Қолдану

Оқыту үрдісін осылайша ұйымдастыру нәтижесі — әмбебап әрекетке дайын, дамыған тұлға болып табылады. Біздің мектептегі оқу қызметі оқушыны нақты өмірге даярлау. Ол үшін білім сапалы болуы қажетті. Бұл жеке тұлғаның теориялық ойлауы арқылы іске асады. Теориялық ойлау білім беруде пәннің сапалылығы. Бұл оқушылардың ойлау әрекетін дамыта оқыту. Оқыту барысында кем дегенде оқушыға нені оқыту, қалай оқыту, нені үйретуді мұгалім анық білуі қажет. Шетел ғалымдары тұжырымында «Білім нәтижесі оқытудың белгіленген кезеңдерін аяқтаған да, оқушы нені біледі, нені істей алады?» деген сұрақтар жауабымен аяқталады. Осыдан келіп оқыту түбінде бір нәтижелі болуы керек деп тұжырымдайды.

Сол сияқты оқушыға берілетін білімді ұйымдастыруға сол арқылы саналы меңгертуде және оны қолдана алуында нәтиже беруі керек. Білім берудің жаңа жүйесінде оқушының шыгармашылық қызығушылығын қалыптастыру. Оқушының шығармашылығы- оқулық тапсырмалары арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім шеберлігі жоғары деңгейде болса да, мүғалім оқушыға белсенділік туғызбаса білім нәтиже бермейді. Оқулық мазмұнының мақсаты оқуиіыға багдар беру. Жаңа білім жүйесі алдыңғы орынға баланың білім дағдысы емес, тұлғалық білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Бұл үшін жаңа білім жүйесін реформалауда жаңа жобалар мен озық технологиялар енгізілуде.

Қазақта«теңіз терең емес, адамның жаны терең» деген тамаша сөз бар. Демек, заман ағысына орай, адам жаны да күрделенуде. Қазіргі оқушының ойлау мүмкіндіктері ерекше. Сол ерекшелікті ашу, дамыту ұстаз міндеті. Жеке тұлғаға білім бере отыра Абай атамыздың қағидаларын басшылыққа аламын.

1. Бүршік атуды ойламаған ағаш отын болады.

2. Білімдіге дүние жарық. білімсіздің күні қәріп.

3. Онерлі өргежүзеді.

Абай атамыздың өнегелі өсиеттері бойынша Күніне бір рет өзіңе-өзің есеп бер және мұра етіп қадырған асыл қасиеттерін оқушыларға міндет етіп аламын.

1. Талап

2. Еңбек

3. Терең ой

Абай атамыздың осы өсиеттері өзімнің тәжірибемде басты қагида етіп ұстанамын. Біліктілік еңбекпен, білімділік оқумен келеді. Исламның көрнекті өкілі Әзірет Әли: Білім артық па, байлық артық па? дегенде білімнің артықшылығын көрсетіп берді.

Білім-адамзатқа тән

Білім -азаймас қор

Білім-бүлінбес мирас

Білім-адами қасиет

Қорыта келе, «Білекке сенген заманда-ешкімге сес бермедік, білімге сенер кезеңде, қапы қалып жүрмейік» деген көреген Абылай ханның ой тұжырымын мақсат етіп алайық.

Қазіргі уақытта еліміздің білім беру кеңістігінде көтеріліп отырган мәселелер шешуге батыл кірісуге әкеледі. Жаңа ғасырдың жаңашыл ұстаздары-өз мамандығын сүйетін, білімді де, білікті мамандар иесі болуы керек дегім келеді.































Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты







Ашық сабақ



Тақырыбы: Сақина жасау. Жүзік соғу.



Өткізген: Уалиев М.С











Арқалық 2015

Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров528
Номер материала ДВ-529827
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх