Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Рабочие программы / "Сағынады Мұқанды - сыздап жүрек" тәрбие сағаты

"Сағынады Мұқанды - сыздап жүрек" тәрбие сағаты


  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Д.Нұрпейісова атындағы орта мектеп

















hello_html_4a596055.gif





(әдеби сазды кеш)


8а сыныбы














2014-2015 оқу жылы

«Сағынады Мұқанды - сыздап жүрек» атты кештің жүру жоспары. (әдеби-сазды кеш)

Өткізген: 7а сыныбы.

Көрнекілігі:Кітап көрмесі.


Жүргізуші:Қош келіпсіздер құрметті жыр сүйер қауым!

Таудай едің,таудың алып тумасы,

Нағыз қазақ едің сөздің турасы.

Қыр басында неғып шөгіп жатырсың,

Ей,өлеңнің буырқанған бурасы!-деп ақын жырлағандай шалғай ауылда қазақ мектебін бітіріп,одан соң білім қуып Алматыға келген ХХ ғасырдың 70-жылдарындағы студенттері біздерді бір ғажайып әлем құшағына тарта жөнелгендей еді-ау.

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультативінде оқып жүргендіктен де әдебиет әлеміндегі әрбір дыбысқа елеңдеп,әрбір жарқылға жалт қарап,әрбір жаңа шығарманы қалт жібермей оқып, қызу айтыс-тартыс үстінде оң-солын тани бастағанбыз-деп жазады әдеби сын-зерттеуші Әбілғазы Қайырбеков.


Поэзия!

Менімен егіз бе едің!

Мен сені сезесіз бе,неге іздедім?

Алауратқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мұқатаев ұрпақтарға ұланғайыр мұра қалдырып кетті. «Өледі өлең немесе көшеді өлең»деп анық пайымдағандай,әміршілдік,әкімшілдік әпербақаны поэзияға да қатты тиген қатыгез заманда «Ақиқаттың ауылын іздеп шарқ айналған»шыншыл ағаның ақиық туындылары өзі жарық дүниемен қоштасқалы, қаншама жылдар жылжи жөнелсе де,бүгінгі егемен елінің еркін аспан ,азат дала,асқар тауларында қырандай самғап,ХХІ-ғасырға жаңа сәнмен бет түзеген рухани керуеніміздің көш басында келеді.Мұндай бақыт «мыңнан тұлпар» дарабоздарға ғана бұйырған ғой.

Қазақ поэзиясының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысы,Нарынқол ауданы Қарасаз колхозында туған.Орта мектепті аяқтаған соң ауылдың советтің хатшысы,Қызыл отаудың меңгерушісі,комсомол қызметінде болды.

1954-1962 жылы Қазақ радиосында диктор,

1962-1972 жылы «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде,

«Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі,

1972-1973 жылы Қазақстан жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған.Тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара»газетінде басылды.Оның өлеңдері негізінен Отанға,елге,туған халқына деген сүйіспеншілік,махаббатын,өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған .Көптеген өлеңдерінде ән шығарылды.Қазақстан Жазушылар Одағы 1985 жылдан бері үздік әдеби шығарма авторларына берілетін М.Мұқатаев атындағы сыйлық тағайындалған.

Ақын Мұқағали Мақатаев оқушы қауымға әуелі мүше ретінде көрінді,оны көбіне-көп Маркс,Ленин туралы поэмалары жазған,тарихи алып тұлғалардың поэтикалық портреттерін жасаған үлкен этикалық тыныстың иесі ретінде білді.Рас,Мақатаев бірнеше поэмалардың ара-тұра шалқымалары ,өмір жайлы,азаттық жайлы,махаббат жайлы тебіреністері оқушы көңілін тебірентіп кететін.Поэзия-адам жанын тебіренткен,айтылмай,бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі,ақынның өзге жұрттан артықшылығы бүкіл болмыспен,табиғатпен табысып кез-келген кісі тебірене бермейтін құбылысқа тебіренетіні,әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні.Бұл ақынның табиғаты.Өлең осындай табиғаттан жаратылуы керек,ол сонда ғана табиғи.

Енді бір сәт ақын өлеңіне құлақ түрелік.

«Мен дағы өлең жазбаймын».Оқитын Елемесов Темірлан

Ән «Үш бақытым» орындайтың Тлемисова Альбина

Жүргізуші:Әңгімемізге арқау болып отырған тұлға біртуар талант,көркем сөздің қас шебері ақиық ақын Мұқағали.Ол қарапайымды ғана қармап,классикалық туынды тудыра білген дарын,Мұқағалидың өмір жайлы талғамдары,адами күйдің тірліктің хақындағы,махаббат тақырыбындағы шығармалары,философиялық ойлары,тарихи дастандары,сағынышты арнаулары бір-бірінен кем түспес,өңшең құнды дүниелер.Ол өзінің өлеңдерінің өлмейтініне кәміл сенген,солардың тілеуін тілеп өткен.

Мұқағалидың өлеңдері лапылдаған оттай жалынды,асау тұлпардай арынды.

Жыр сөздері жай болып атылғанда ,

Атылғанда аспаннан оқылғанда,

Мылқауларға тіл бітіп,керең естіп,

Жанар пайда болады соқырларға-деген ақын өз туындыларының жарқылдаған жайдың отындай ,қаһарлы екендігінің хабаршысындай.Мұқағали кесек-кесек философиялық ойцларды ,бітімі бөлек,берері ерек нақылдарды тудырушы.Ол не жазсада өмір жайына арнап,өз халқына бағыштаған перзент.Мұқағалидың өлеңдері жабыққанда жігер беріп шаттанғанда қуанышқа нұр себетіндей әсерлі.Оның жырлары-өмір сүре білуге,шыдамдылыққа,қарапайымдылыққа үйретуші.Яғни,Мұқағали-тағылымы мол ұстаз.

1.Шыда,шыда Усербаева Диана.

2.Мықтымын ғой мен деген оқитын Ислямғалиева Айнұр.


Жүргізуші:Ақын-өте сезімтал жан,ол сезім кейде үлбіреген нәзік,кейде адуынды асау.Ақын-өзгелер сезбегенді сезіп,байқамағанды жырлар әлеуметтік тап өкілі.Мұқағали жырларынан әркез сезімді тербеп,сенімге ерік беретін самал еседі.Ал осы өмірде қарапайымдылыққа үндеп әлдекімдерге көңілің қалғанда жұбатар серігің болатын жырлар Мұқағалида аз емес.Мұқағали-өмірді терең зерттеп нәтижесін толғана толғап өткен ақын.Мұқағали Мақатаев-өзінің жан дүниесін,құпиясын жалпақ жұртқа жайып салған,сонда да жұмбақ күйінде қалған ақын.

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл,жырларымен қатар оның сөзіне жазылған әндер қалың жұртшылықтың сүйіп тыңдар әуеніне айналды.


Ән:Есіңе мені алғайсың орындайтын Абатов Кенжебек.


Жүргізуші:Мұқағалидың поэзиясын құрметтейтін Фариза ақынның өзіне деген ілтипаты ерекше болатын.Мұқағалидың жатып ақын қарындасына жазған өлең-хаты:


Фариза,Фаризажан,Фариза қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз-деп басталатын атақты өлеңі болатын.


Фариза қыз орындайтын Ғапуров Дамир .


Жүргізуші:Мұқағали жырлары әрқилы тақырыпты қамтыған.Халқынан қалтықсыз бағасын алған Мұқағали жырлары келер ғасырға керуен-көшін сенімді түрде ұзартып барады.Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұрат санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен ,ақиқаттың алдында аласұрумен қымбат,құнды .Ақынның сөзіне жазылған тағы бір әніне құлақ түрелік.


Ән:Сәби болғым келеді. Хор.


Жүргізуші:Азаматтық-өлеңнің,өнердің табиғи болмысы.Азаматтық-ақындықтың ең түп табиғаты.Суреткердің былайғы жұрттан ала бөтен айырықша қасиеті де оның айналаға,өмір құбылыстарына өзге жұрттан ала бөтен,сезімталдығы,айырықша азаматтық құштарлығы мен рухани белсенділігі.Күйлі дүние мұңын мұң қылып,күллі дүние қуанышын қуаныш қылу тек суреткерлердің,ақындардың ғана қолынан келетін қасиет.Сондықтанда өрелі тақырыптарды шеру суреткердің бойындағы әлгіндей өрелі өсудің заңды нәтижесі болғанда табысқа жетпек.Олай болса ақынның жан сыры-өлең арқылы ақиқат табудың,қоғамның өрелі шындығын ашудың ең бір ұтымды жолы. «Мұқағали поэмаларының ең асылы,ең биігі деп мен «Моцарт жан азасы» мен «Аққулар ұйықтағанда» деген екі дүниесін айтамын.Бұлар алтын ішіндегі меруерттей сәуле шашатын ұлы дүниелер дейді. Ақын Тұманбай Молдағалиев.Моцарт «Жан азасы»1976 жылы Мұқағали мәңгілік қайтпас сапарға аттанған соң, «Лениншіл жаста» (қазіргі жас Алашта) жарияланды.Әрдайым асылдың қадірін кеш ұғатын,кеш бағалайтын «қалың елі,қазағы»қандай талантты ұлынан айырылғанын «Жан азасын» оқығанда ұққан шығар.


Бір күндік сәуле,

Бір күндік жарық мекенім!

Мәңгілік түлек-қапасқа қалай кетемін,

Келмейді-ау тілім,

Өлгеннен сұра дер едім

Тірі жандарға

Өмір дегеннің не екенін

Өмір дегенге

Тірлікте сірә жетпей ме ой

Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой

Бекер ғой бәрі

Бекер ғой бәрі-бөтен ғой

Өмір дегенің-бір күндік сәуле екен ғой

Міне Дантенің «құдіретті комедиясын»,Шекспирдің сонеттерін,У.Ултменнің өлеңдерін қазақшаға қапысыз аудара жүріп ,М.Мақатаевтың өзі де өнердегі шеберліктің биік шыңына көтеріліп кеткен еді.Енді ақынның «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмасына құлақ түрелік.(көрініс көрсетіледі) Рольдерде: Өтеғалиева А, Усербаева Д, Тлемисова А, Ғаділбеков Н, Даутова А,


Жүргізуші:Міне ақын баласы үшін аққуды атқан ананы осылайша суреттейді.Ал өзінің өмірден өткен қызы Майгүлді былайша еске алған екен.


«Майгүлге» өлеңі оқйдың Қайырболатов Дияс.


Жүргізуші:Мұқағали жырлары-Алланың қазаққа берген мол мұрасы,орта қазынасы.Бұл байлықтың игерілуіне талайлар үлес қосатынына бүгінгінің өзінде сенімді кепіл бола аламыз.Түрлі тақырыптарды қамтыған өлеңдерінің тіл көркемдігі,жаңаша құрылыстары-төл әдебиетіміздің інжу-маржандары.


Жазылар естеліктер нешеленген,

Көрерміз оның бәрін пешенеден.

Әйтеуір білетінім бір-ақ нәрсе,

Көшеді өлең немесе өшеді өлең-дейді Мұқаң.

Ақиық ақынға арнау өлеңде,эсседе естеліктерде жетерлік.Мұқағалидың жырлары күндегендерге-көктен түскен жасылдай боп,күткендерге-мәңгі тозбас асылдай боп.ІХ ғасырдан ХХІ ғасырға бар бояуын жоғалтпай көшетіні анық.Жыр көші мәңгілік болмақ.


Пайданылған әдебиеттер:

Ә.Қайырбеков Саға.

Ә.Кекілбаев Дәуірмен бетпе-бет.

М.Мақатаев.Жылап қайттым өмірдің базарынан.

М.Мақатаев ІІ-том.Атырау газеті.13-наурыз,2003 жылғы.


Краткое описание документа:

7 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары.7 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары.7 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары.7 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары.7 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары.7 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары.7 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары.7 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары.7 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары.7 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары.7 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары.7 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары.7 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары.7 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары.

Автор
Дата добавления 04.05.2015
Раздел Физкультура
Подраздел Рабочие программы
Просмотров399
Номер материала 263080
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх