Описание презентации по отдельным слайдам:
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Ойланайық, пікірлесейік. 1.«Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» президентіміздің сөзін қалай түсінесіңдер? 2. Біздің елімізде баланың денсаулығын сақтау үшін қандай іс-шаралар жүргізіледі? 3.Адамның денсаулығына зиян келтіретін қандай жаман әдеттерді білесіңдер? 4.Денсаулық мықты болу үшін не істеу керек? 5.Қазақтың ұлттық ойындарының адам денсаулығына әсері бар ма?
Тәрбие сағаты 5 сынып
Тақырыбы: Салауаттану-болашағыңды сәулелендіру
Мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіре отырып қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыра отырып салауатты өмір салтына баулу.
Номер материала: 145898
Не нашли то что искали?
Вам будут интересны эти курсы:
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное. |