Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Салауатты өмір салты (тәрбие сағаты)

Салауатты өмір салты (тәрбие сағаты)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Салауатты өмір салты Орындаған: Қалибекова Г.Қ.
Жобаның мақсаты: Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зи...
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі – түрлі іс...
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда темекі мен күреске айырықша көңіл бөлі...
Денсаулықты сақтауға себеп болатын негізгі компонентер: тиімді тамақтану; таб...
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғ...
Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:...
Денсаулықтың негізгі өлшемдері мыналар: • тән және дене күйі үшін - мен істей...
Өсіп келе жатқан ұрпақтың денінің саулығы – мемлекеттің және қоғамның басты...
Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның д...
ҚОРЫТЫНДЫ 	«Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз....
1 из 11

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Тақырыбы: Салауатты өмір салты Орындаған: Қалибекова Г.Қ.
Описание слайда:

Тақырыбы: Салауатты өмір салты Орындаған: Қалибекова Г.Қ.

№ слайда 2 Жобаның мақсаты: Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зи
Описание слайда:

Жобаның мақсаты: Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау,  халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

№ слайда 3 Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі – түрлі іс
Описание слайда:

Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі – түрлі іс-әрекет барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасы, пікірлесуі және мұғалімнің, ата-ананың және ересек адамдардың үлгі өнегесі деп білген жөн. Сонымен қатар оқушыға дене тәрбиесін бергенде олардың жас ерекшеліктері, денсаулығы, спортпен қаншалықты шұғылданғандығы, дене шынықтыру жаттығуына қатысуы т.б. ескерілуі керек.

№ слайда 4 Салауатты өмір салтын қалыптастыруда темекі мен күреске айырықша көңіл бөлі
Описание слайда:

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда темекі мен күреске айырықша көңіл бөлінеді. Темекінің таралып кеткенігі, оны қолға алуға мәжбүр қылатын факторлар, шылым түтінінің құрамдас бөліктері, канцерогендер, тыныс алу ағзалары, ас қорыту, жүрек-тамырлар жүйесі т.б. аурулардың  туындауындағы темекінің ролі хақындағы мәліметтерді жіктеп талдай келе, темекінің медициналық, психологиялық, әлеуметтік аспектілері туралы ақпарат беріледі. 

№ слайда 5 Денсаулықты сақтауға себеп болатын негізгі компонентер: тиімді тамақтану; таб
Описание слайда:

Денсаулықты сақтауға себеп болатын негізгі компонентер: тиімді тамақтану; табиғатына орай қимыл белсенділігі;- шынығу; психикалық денсаулыққа деген оң көзқарас; тән, киім күтімі; тұрмыстағы гигиеналық режимді ұстану; еңбек пен демалыстың тиімді режимін қадағалау; денсаулыққа нұқсан келтірмейтін, қалыпты жыныстық; темекңіден, есірткіден, алкагольден, орынсыз дәрі -дәрмектен тартыну; экологиялық жағымды (позитивті ) мінез құлық.

№ слайда 6 Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғ
Описание слайда:

Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру; Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиненалық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

№ слайда 7 Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:
Описание слайда:

Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді: 1. Тән денсаулығы - бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады. 2. Дене денсаулығы - организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады. 3. Жан денсаулығы - адамнаң психикалық өріс күйі. Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.

№ слайда 8 Денсаулықтың негізгі өлшемдері мыналар: • тән және дене күйі үшін - мен істей
Описание слайда:

Денсаулықтың негізгі өлшемдері мыналар: • тән және дене күйі үшін - мен істей аламын; • психикалық күй үшін - мен тілеймін; • адамгершіліктік күйге - мен істеуге тиістімін. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі өмірге құштар,қандай іске болсын дайын, мақсатына жету жолындағы қиыншылыққа төзімді болады. Ал, ауру - адамның мүмкіндігін шектейді, көңіл күйі жабырқаулы адам ештеңені жоспарлап, алдына айқын мақсат қоя алмайды. Баланың денсаулық жағдайы көптеген факторлардың әсеріне байланысты. Мысалы: ата-ананың денсаулығы, үйдегі жалпы жағдай, білім алу мүмкіншілігі, әлеуметтік жағдай, т.б.  

№ слайда 9 Өсіп келе жатқан ұрпақтың денінің саулығы – мемлекеттің және қоғамның басты
Описание слайда:

Өсіп келе жатқан ұрпақтың денінің саулығы – мемлекеттің және қоғамның басты көрсеткіші. «Дені сау ұлттың» инфрақұрымды дамытуда маңызы жоғары. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030 мемлекетіміздің негізгі даму стратегиялық саясаты мен «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірігу стратегиясы» халыққа жолдауында әлемдік биіктерге көтерілуде басты рухани байлық денсаулық екені және де экономиканың өсу мен тұрақтылықты дамытуда халықтың саулығын қамтамасыз ету жолдарын қарастыру, орнықты дамуда салауатты өмір салты қызметін түбегейлі жақсарту міндеттерін атап көрсетті. 

№ слайда 10 Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның д
Описание слайда:

Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты - балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру. Бұдан мынандай міндеттер туындайды: -  салауатты өмір салтының әдістерін үйрету; -  өз   денсаулығына   қоғамдық    игілік, қоғамның    рухани    құндылығы   ретінде жауапкершілікпен   қарауға  тәрбиелеу; -  негізгі   гигиеналық  дағдыларға  төселдіру; -  осы   заманғы   ауру   түрлерімен және оларды   алдын алу шараларымен таныстыру.

№ слайда 11 ҚОРЫТЫНДЫ 	«Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз.
Описание слайда:

ҚОРЫТЫНДЫ «Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз. Ата бабаларымыздың бұл дана ой – пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік – жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 17.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров33
Номер материала ДБ-360205
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх