Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Салауатты өмір салты. Сынып сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Салауатты өмір салты. Сынып сағаты

библиотека
материалов

Салауатты өмір салты


Мақсаты : Ғасыр дертіне айналған есірткінің зиянын ұғындыру арқылы салауатты өмір салтына сай дені сау азаматты қалыптастыру.

Көрнекілігі: «Нашақорлық-ғасыр дерті», «Біз темекісіз болашақты бастаймыз, «Салауатты өмірді біз қолдаймыз!» атты қабырға газет,бүктемелер,балалар суреттері,т.б.

Мұңды әуен жіберіледі.

1-бастаушы Аңсаған:

Құрметті ұстаздар,қонақтар,оқушылар! «Салауатты өмірді біз қолдаймыз!» атты пікір алысу кешіне қош келдіңіздер.

2-бастаушы Ақбота:Расында да,нашақорлық-қауіпті дерт.Сондықтан да бүгінгі тәрбие сағатымызды ғасыр дертіне қарсы тұрар күрес деп қабылдаңыздар.

1-бастаушы Аңсаған: Пікір алысу шарамыздың арнайы қонақтарымен таныс болыңыздар.

Химия,биология,валеология мұғалімдерін ортаға шақырып,олардың пікірлері тыңдалады.

Көрініс: «Шылымға біз қарсымыз!»

1-оқушы Салауат: -Ия, құрдас, қалің қалай? Шылымқор: -Қалдің несін сұрайсың? Түрім осы ғой (Ауру адамдай қиналып отырады).Аппақ гүлдер әнінің әуенімен әндете: Тыныш еді өмірім

Көріп сені өзгерді

Қызық көріп шегіп ем

Ауру келіп дендеді.

Шылым,шылым,шылым-ай,

Тап болдым мен тозаққа-ай.

Рак деген бір пәлеге

Тап келтірген құдай-ай..!

Міне,досыңның түрі осы. Шылым шегем деп ойнақтаған ботадай от басып, осындай күйге ұшыраған жайым бар .Ата-анам, достарым қаумалап мені емдеу орталығына апарды. Аппақ гүлдер әнінің әуенімен әндете:

Ауруыма ем іздеп,

Барлық жерді шарладым.

Саулық керек деген соң,

Шылымды мен тастадым.

Спорт деймін ән сала,

Күресуге даярмын.

Денсаулыққа не жетсін

Жаман әдетті,жаман әдетті тастадым.

Міне, көрмейсің бе?Жақсы сөз-жанға дауа. Аурудың алдын алып, өмір үшін күреске шық. Сонда ғана сенің өмірге деген құштарлығың артады. Өмірді сүйе білесің.

Екеуі хормен:

Салауатты өмірдің

Шырағын біз жағайық.

Жаңа ғасырға,жас ұрпақ

Темекісіз,темекісіз барайық!

-Біз темекі тартпаймыз!

-Біз арақ ішпейміз!

-Анашаға,есірткіге қарсымыз!

-Біз болашақты ойлаймыз!

Ән.*Өмір неткен ғажап*.

1. Өмір-неткен ғажап,

Темекі тартқан –азап.(2 рет)

Жаман әдетке жоламаймыз біз.(2 рет)

2. Өмір-неткен көркем,

Әсем әнін төккен(2 рет)

Шуағыңа бөлентші,құрбым.(2 рет)

3. Шылым-ғасыр дерті,

Уақыт -оған емші.(2 рет)

Аман болшы, достарым менің.(2 рет)

4. Жаңа ғасыр нәрі

Темекісіз сәнді(2 рет)

Темекіге жоламаймыз біз.(2 рет)

1-бастаушы Аңсаған: -Соңғы кезде теледидардан нашақорлық туралы хабарлар көптеп көрсетілуде. Өзінің өмірден алған ащы сабағын айтып, жас ұрпақты осы дерттен құтқарам деп келген жұмбақ кейіпкерімізді ортаға шақырайық, ой бөлісейік.

2-бастаушы Ақбота: -Сіз өз мақсатыңызды, анашаның тартқан азабын ортаға салып,ө зіңізді көпшілікке таныстыра өтсеңіз.

Қара киімді адам: -Мен қалың көпшілікке өзімнің басымнан өткен ащы сабағымды кейінгілерге сабақ болсын деген мақсатпен сыр шертіп айтқым келеді. Мен темекіні ең алғаш рет 13 жасымда бастадым. Оқиға былай болған еді.

2-оқушы Данияр: -Темекі тартқан қандай жақсы. Мен бар ғой осыны тартқаннан бастап салмағымнан біраз айырылып арықтадым.

3-оқушы Мақсат: -Қыста, қалада

Тауып алдық далада.

Темекіні шегейік

Жаңа өмірге енейік.

4-оқушы Мирас: -Мен бар ғой, темекіні шай сияқты пайдаланамын.

5-оқушы Аят: -Әне, кішкентай бала кетіп бара жатыр .Балақай, бері келші. Қызық көргің келе ме?

Кішкентай бала:-Қандай қызық?

4-оқушы Мирас: -Сен былай темекіні будақтатып тарта аласың ба?

Кішкентай бала: -Жоқ, оны тартқанда не болады?

3-оқушы Мақсат: -Мә, мынау балапан екен ғой. Нешінші сыныпта оқисың?

Кішкентай бала: -Бесіншіде.

5-оқушы Аят: -Мынаның жасында біз бар ғой темекіні шиыратын едік.Мына бала-әлі шіп-шикі балапан.

4-оқушы Мирас: -Мына балапанға темекінің кермек дәмін үйретейік.

Мә,тартып қарашы.Жарайсың, ішіңе қарай сор.

Қара киімді адам: -Сөйтіп, мен осылай темекіге әуестене бастадым. Ата-анам білмесін деп қуыс-қуыста тартып ауыздандым.Оны әжем де байқады.

Дастарханға әжесі тағам дайындауда.

Әжесі: -Құлыным, жей ғой тамағыңды.

Кішкентай бала: -Әже, тәбетім жоқ. Тойдым.

Әжесі: -Осы баланың асқа қарамауы қатты ойландырады. Тамақ ішпеген соң жүдеп,көздері щүңірейіп кетіпті. Қасқа балам-ау, ауруға тап боласың ғой мына күйіңмен .Не дейін?

Кішкентай бала: -Әжетай-ау, мені уайымдама. Тамақ ішсем болды құсқым келеді. Неге зорланып ішемін?

Әжесі: -Балам-ау, дәрігерге көрінсеңші .Өстіп жүріп бір күні өліп қаларсың. Кішкентай бала: -Ия, әже, демалысқа шыққан бойда қаралам.

Қара киімді Адам : -Арада біраз жыл өтті Дискотека. Көңілді әуен .Билеген жастар. -Қарындас, билеуге бола ма екен?

Бойжеткен: -Шылым шегесің бе?

Қара киімді адам: -Бар ма? Әкел, шексек шегейік.

Бойжеткен: -Нағыз ләззат өмірді көргің келе ме?

Қара киімді адам: -Ия, ол не?

Бойжеткен: - Тартқан да, тартпаған да арманда. Кел, бірге ұжмаққа барайықшы.

Қара киімді адам: -Сөйтіп танысқан қызым шылымқор етіп қоймай, наркоман да қылды.

Бойжеткен (қолына шприцті тыға):

-Құрбым, тез кел, тезірек

Шылымды әкел тезірек.

Анаша бар қалтада,

Өліп барам тезірек.

Анашаны тартайық,

Кел, қызыққа батайық!

Досы: -Жастықтың оты жалындап,

Өмірге құштар ең бір кезде.

Азапқа түсіпсің бұл күнде

Көркіңе көз тастап ойланам.

Ал, достым! Адамға сынықтан басқаның бәрі жұғады деген ата-бабамыз .Мен сені құрдымнан құтқарамын деп келдім. Еңсеңді көтер. Жүр, екеуміз емдеу орталығына барып дәрігерге көрінейік.Ажал тұзағынан осылай құтылайық.

Салауатты өмір салтының орталығы.

Ақ халатты дәрігер екеуін қабылдап, бос шыныға темекіні түтіндете салып,адам ағзасы осы бос шыныдай таза болуы керектігін эксперимент түрінде айтады.

Қара киімді адам: -Сөйтіп, досымның, ата-анамның қолдауымен толықтай жазылдым.Мен сияқты аңқауларға алданбай, жаман әдеттен аулақ болыңдар дегім келеді.

1-бастаушы Аңсаған: -Сіздің өмірден алған ащы сабағыңыз бәрімізге үлкен ой салды.Алтын уақытыңызды бөліп,бізбен сырласқаныңызға көрермендер атынан,сынып атынан алғысымыз шексіз.

2-бастаушы Ақбота: -Оқушылар өздерінің өнерін көрсетеді.

Сурет көрмесінен жақсы суретшілер, шығарма жазған оқушылар кітапшалар мен мақтау қағазымен марапатталады.Сынып жетекшісі қорытындылайды.


























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров438
Номер материала ДВ-217873
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх