Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Салауатты өмір салты" тәрбие сағаты

"Салауатты өмір салты" тәрбие сағаты

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні/Дата/ Date:

Сынып / Класс/Class: 2 «Б»

Пән/ Предмет/ Subject: Сынып сағаты.

Тақырып / Тема/ Theme: "Салауаттылық-денсаулық негізі."

Сабақтың мақсаты/ Цели занятия/ Objectives:

Білімділік/ Оброзовательная/ Educational: Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру.

Дамытушылық/ развивающая/ Developing: Жеке бас тазалығын сақтау ережесін қалыптастыру (қол жуу, тіс күту, көзді сақтау, дене бітімін сақтау), күн ережесін (тамақтану, ойнау, сабақ оқу, демалу, ұйқы, серуен) дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік/Воспитательная/ Bringing-up: Оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан ауалақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі/ Вид урока/ Kind of the lesson: Дәстүрлі емес.

Сабақтың әдісі/ Методы занятия/: Әңгімелеу, видеоролик, ойын, жұмбақтар жасыру.

Көрнекілік/ Оборудование/ equipment; Презентация, жәшіктер,(тарақ,сүлгі,сабын,орамал,щеткалар), суреттер.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу; Салеметсіздер ме, балалар! Көңіл күйлерін сұрау.

Психологиялық дайындық. Қайырлы таң көздерім, сендер ояндыңдар ма? Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояндыңдар ма? Қайырлы таң қолдарым, сендер ояндыңдар ма? Қайырлы таң аяқтарым, сендер ояндыңдар ма? Қайырлы таң күн нұры мен ояндым. Балалар қимыл іс-әрекетпен орындайды. Назарларын сабаққа аудару.

II. Жаңа сабақ.

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.

Өмірде бақыттысың денің сауда.

«Денсаулық- терең бақыт» деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде .

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің әлі талай бақыттарға

- Денсаулық сөзін қалай түсінесіздер?

-Денсаулыққа байланысты қандай ережелер бар?

-Иә, дұрыс!

Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Салауаттылық – денсаулық негізі!» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан –жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Денсаулық.

Байлық - байлық емес,

Бар байлығым-денсаулық

Бар өмірім – денсаулық!

Жаңа ғасырдың жас буын өкілдері! Адам өмірінде жастық

шақ - белсенді, ең ірі қызық кезең. Адамның бойындағы ең бір асыл қасиеттер осы кезеңнен бүршік атады. Ертеңгі біздің келешегімізді жалғастырушы жас ұрпақтың ойы таза, санасы зерек болуы керек. Еліміздің әрбір азаматының тамаша өмір сүруі өз қолында. Жаңа ғасырдың жас буын өкілдері! Адам өмірінде жастық

шақ - белсенді, ең ірі қызық кезең. Адамның бойындағы ең бір асыл қасиеттер осы кезеңнен бүршік атады. Ертеңгі біздің келешегімізді жалғастырушы жас ұрпақтың ойы таза, санасы зерек болуы керек. Еліміздің әрбір азаматының тамаша өмір сүруі өз қолында. Олай болса жаңалыққа жанқұмар ізденімпаз жастармен «Салауаттылық – денсаулық негізі» атты сабағымды Елбасының сөзімен бастаймын.

Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында салауаттылық өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізу қажеттігін атап көрсетті.

Ал енді балалар кім денсаулық туралы тақпақ біледі, соларды тындайық.


III.Шығармашылық жұмыс.

1- оқушы. Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында
Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын.

2- оқушы. Ата – анамыз, ұстазымыз,
Бір тілек айтарымыз:
Берекелі заман болсын,
Балаларың аман болсын

- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?(суреттермен жұмыс)

- Иә, дұрыс денсаулығымыз мықты болу үшін уақытымен ұйықтап, дұрыс тамақтанып, спортпен айналысу керек.

Таңғы жаттығу жасау денсаулығымыздың мықты болуына көмектеседі.

-Қазір біз бәріміз жеміс-жидекпен көкөністердің суреттерін салуымыз қажет. Салып болған соң оны бір-бірімңе сыйлайсыңдар. Сыйлағанда ішкі ниеттеріңмен сыйлап сол оқушы ылғи сен берген көкініс немесе жемісті жеп жүруін өтініп, саған оның ден саулығы маңызды деуің екендігін білдіресін.(Балалар бір-біріне сыйлап жылы сөздер айтада.)

Ал енді біздің дендеріміз оданда мықты болу үшін біз келесі аялдамаларға ұшақпен ұшып тоқталатын боламыз. Мне бізге қонаққа қоян келді.Қоянның бізге берер тапсырмалары бар.Оларды мұқият орындауымыз қажет.Сондықтанда қоян сабақтағы тәртіптеріңді қарап,көңілдеріңді көтереді.


1. Біздің алғашқы тапсырмамыз "Гигиена" деп аталады.

3- оқушы.

Тіс ауырса, іш ауырса,
Саған дәрі береді.
Балаға да, анаға да
Мейірімін
дәрігер апай төгеді.

Жеке бас гигиена деген не? Осыған байланысты экранға назарымызды аударамыз. Қазір бізге Қостанай қаласындағы ЗОЖ (Салауатты өмір салты) орталығында балалардың дендері сау әрі мықты болу үшін көп еңбектер атқарылады. Соның ішіндегі еңбек сіңірген дәрігердің бірі Гүлшат Шадаевна. Ол кісі балалардың денсаулығына зор үлес қосып еңбек еткен дәрігер. Ал енді мұқият тындап естеріңде сақтап отырыңдар. Сосын сұраққа жауап бересіңдер.(дәрігердің сұқпат беруі).

-Дәрігер апайдын айтқан талаптарын естерінде сақтадыңдар ма? Ендеше сұраққа жауап береміз Жеке бас гигиена дегеніміз не? Кім маған жауап береді екен?(балалардың жауабы)


2. Екінші тапсырма: «Мойдодыр» мультфилімін оқушыларға көрсету. Баланың қылықтары туралы оқушылармен анықтап әңгімелесу.


3. Келесі тапсырма " Қажетті заттар" деп аталады.

-Осы аялдамамызға біз ойын ойнаймыз. Ойының аты "Қажетті және қажеттсіз заттар".

Сендердің алдарыңда араласқан қажетті да,қажетсіз заттар бар. Сол заттарды дұрыс орнықтып жәшікке саламыз. Ол үшін бізге оларды ажыратуымыз керек, әрі анықтап алайық. Оларды ажырату үшін назарымызды тақтаға аударамыз. (Сабын,мыло,soap); . (Тарақ,расческа,comb); (Сүлгі,полотенца,towels); (Тіс,зубы,teeth)


Бізге керек заттарды менімен бірге қайталаңдар балалар (сабынды,бет орамалды,тіс пастасын,тіс щеткасын,бас жуатын шампунь,тарақтар). Бұның бәрі бізге күнделікті өмірге қажет етеме балалар? Дұрыс айтасыңдар! Ал оның арасында біздерге зиян келтіретін заттарда да кездеседі. Зияндыға мына суреттегілер жатады.(суретте зиянды сусынның сырты,микробтары бар щетка,лас бет орамал, көрсету). Ендеше кім ажыратып болса тақтанын алдына келіп жәшіктерге салсын.

Сергіту сәті. - Ал енді балалар біз көп жұмыс істедік. Енді біз кішкене денемізді сергітіп алайық. (Сергіту сәті би)

-Тамаша балалар бүгін көп деген тапсырмалырды орындап, жақсы жұмыстар атқардық. Енді біздің деніміз сау және мықты,таза болуына кепіл беремін. Егер сендер осы айтқан,көргендерді мұқият орындасаңдар.Қоян өз ризашылығын сендерге білдіруде. Сендер өте жақсы балалрсыңда,дендерің сау,әрі күш қуаттарың мол болсын деп тілейді.

IV.Қорытынды:

Оқушылар мен ойқозғау.

Талғат жазылмас дертке шалдыққан. Оның үлкен зәулім үйі, көлігі, бау-бақшасы, ақшасы бар.

Талғатты бай деп айта аламыз ба? Дұрыс денсаулығы нашар болса ол бай адам болып саналмайды.

- Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық? Кәнекей есімізге түсірейік (Денсаулық)

-Қандай әдеттерден ауалақ болуымыз керек (әдеттерден, жемістері жумай жемеуіміз керек т.б.)

-Сіздер қандай азамат болып, өсулерің қажет? (Дені сау, ақылды, білімді, адам болып).

Ал енді біз қазір салыстырамыз денсаулықтың достарымен-дұшпандарын.

Назарларыңды компьютерге аударыңдар.

Осымен, біздің сынып сағатымыз аяқталды. Айтқанымыздай, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіндер!



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров488
Номер материала ДВ-144794
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх