Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Научные работы / "Салауатты өмір салтын насихаттаудың негізгі принциптері"

"Салауатты өмір салтын насихаттаудың негізгі принциптері"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША







Жоба



Тақырыбы:


Салауатты өмір салтын насихаттаудың негізгі принциптері


Орындағандар: Ниязалиев Д.Б




Қабылдаған: Жапарова Ә.Ә.


Жұмыс қорғалды «_____» __________2014ж.





Тараз 2014 жыл





ЖОСПАРЫ

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім 

2.1. Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру

2.2.Қазіргі қоғамда жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру

ІІІ Қорытынды 

ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 





































Кіріспе

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.

Елбасының «Қазақстан – 2030» жолдауында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» тармағында, «…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сонымен қатар, бұл стратегиялық бағдарламада: «Салауатты, әрі гүлденген экономика құрмайынша біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»- деп Елбасы ойын түйіндейді.

Сонымен, Елбасының жолдауын Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

Салауатты өмір салтын жастардың бойында қалыптастыру мемлекетіміздің «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің негізі ретінде көрсетілген. Онда ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жолдары белгіленген.

Салауатты өмір салтының аса қажеттілігі басқа да мемлекеттік ресми құжаттардан көрініс табады. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы (1997), Қазақстан республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы (1999) және т.б.

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы Қазақстанның болашағы – ертеңгі ұрпағында болғандықтан жастардың денсаулығы халықтың өсімі мен санасын анықтайды. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухты шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет ететін әрекеттер. Ал мұны жүзеге асыру, жас ұрпақтың салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы мен мектепке жүктеледі. Сондықтан, бүгінгі күні Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтатын жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Бүгінгі таңда салауатты өмір салты ұлттық идеяға да айналуы тиіс мәселе. Өйткені қазақ халқында бұл идеяны жүзеге асырудың негізі болатындай Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген белгілі ойшыл Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны», Құртқа Сұлтанқожаұлының тәлімдік мұрасы, ұлттың генетикалық тазалығын сақтау үшін жеті атаға дейін қыз алыспауға тиым салған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдары және Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Ұлттық идеяға айналатындай салауатты өмір салты бүгінгі күні жан-жақты қарастыруда. Педагогика ғылымында бұл мәселе төңірегінде назар аударатын көптеген зерттеулер жүргізілуде. Қоғамдық жаңару кезеңінде, еліміздегі әлеуметтік-саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезеңінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Сондықтан жоғарыда аталған зерттеулерді негізге ала отырып, қоғамдағы мектеп, отбасы бала тәрбиесіне, әсіресе салауатты өмір салтын қалыптастыратын тиімді жолдарын іздестіру – заман талабы болып отыр.

Адам өмірінің өзегі – эстетикалық құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - эстетикалық құндылықтар.

Қазақстан Республикасы тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру; сұлулыққа, тазалыққа үйрету» міндеті ерекше аталады. Жастардың бойында салауатты өмір салтының қалыптасуына эстетикалық құндылықтардың әсер ететіні сөзсіз. Өйткені, салауатты өмір салты адам табиғатына аса қажетті әсемдікті, сұлулықты, тазалықты талап етеді. Сондықтан эстетикалық құндылықтар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру - ерекше мәселе болып, арнайы зерттеуді қажет етеді.

Эстетиканың негізін құрайтын сезім, ләззат, мұрат, талғам құндылықтары мектептің негізгі білім беру сатысы – жеткіншектік кезең оқушыларының дамуына ерекше ықпалын тигізеді. Зерттеу жұмысы және мектеп тәжірибесі көрсеткендей, жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері дүниенің әдемілігіне, сұлулығына деген қызығушылықтары ерекше көрініс беріп, эстетикалық талғамы мен мұратын дамытуға өз бетінше ұмтылыс, талпыныс жасайды. Осыдан келіп, жеткіншектер өмір салтының мәні мен басты құндылығы – әсемдік пен әдемілікті сезіну болып табылады. Сондықтан да, жеткіншектердің салауатты өмір сүруі үшін эстетикалық құндылықтардың рөліне ерекше көңіл бөлу қажет.



2.1. Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру

Адам өмірінің өзегі – эстетикалық құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Сұлулыққа жеткізетін қасиеттер эстетикалық сезім, эстетикалық ләззат, эстетикалық мұрат, эстетикалық талғам, эстетикалық қабылдау, эстетикалық қатынас, эстетикалық пікір, эстетикалық баға және т.б. әсемдік элементтері жатады. Сондықтан, педагогикалық сөздікте: «құндылық» – адамның ішкі талғамы, сезімі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін этикалық және эстетикалық тәрбиесі"- делінген. Себебі, педагогикада "құндылық" тәрбие арқылы жүзеге асады.

Адамның дүниеге эстетикалық қарым-қатынасы – құндылықтың бір түрі болып табылады. Философтар, әлеуметтанушылардың зерттеу объектісі – адам болғандықтан, олар осы мәселені зерттеумен айналысуға үлкен мән беруде. Мәселен, философ Қ.Әбішев "адам – жоғары құндылық, ол өздігінен-ақ дербес өзіндік құндылық бола алады, өйткені, адам құндылығы өзінде ғана ұсталады. Бұл мүмкіндік тек қана адамда бар. Адам осы мүмкіндікті іс-әрекет арқылы жүзеге асырады"-дейді. Әлеуметтанушы Б.Ерасов - "құндылықтардың пайда болуы, адамның қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекет, бұл белгілі бір мақсатта жүреді - дейді.

Адамзат тарихында үлкен маңызды орын алған адами мәнді қасиеттері бар құбылыс – эстетикалық құндылық болып табылады. Өйткені, адам болмысының басты рухани нысанасы – дүниенің әсемдігін, сұлулығын түсіну және жан сұлулығына ұмтылу болып табылады.

Философиялық сөздікте: «эстетика (гр. Aisthetikos-сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым» - деп қарастырады.

Педагогика және психология сөздігінде: «эстетикалық тәрбие – болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау үшін, адамның эстетикалық түсінігін, сезімін, талғамын қалыптастыру үшін берілетін тәрбие» - деп түсіндіріледі.

Бұл қөзқарастан, адамның салауатты өмір салтында әсемдікті, сұлулықты сезініп, оны дамытып отыру қажеттілігін көрсетеді. Осыған байланысты, салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтың рөлін, оның маңыздылығын ашып көрсету үшін, оның құрамдас компоненттеріне эстетикалық құндылық – тек тәрбиеден ғана тұрмайды, яғни ол эстетикалық мәдениет, эстетикалық сезімдер, эстетикалық ләззат, эстетикалық мұрат, эстетикалық талғам, эстетикалық қабылдау, эстетикалық қатынас, эстетикалық пікір, эстетикалық бағадан тұратындығын айтуға болады.

Психология ғылымы – салауаттылыққа жан-дүниенің қалыптасу ерекшеліктерін зерттесе, философия ғылымы - өмір сүру дүниетанымын, медицина ғылымы – денсаулықты сақтау, валеология ғылымы - салауатты өмір сүру салтты қалыптастыруды зерттейді. Тұңғыш рет «салауаттылық» деген ұғымды психолог И.И.Брехман енгізді. Психолог И.И.Брехман «Салалауатты өмір салты - мінез-құлық пен дағдыны ретке келтіріп, өзін-өзі түсіне білу» - дейді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Салауатты» сөзінің мәні - парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді және сабырлы - деген мағынаны білдірсе, қазақша-орысша аударма сөздікте: «салауатты» (здравствуй) - сәлеметтік, амандық, салауаттылық мағынаны білдіреді. Бұл түсіндірмелер өз кезегінде салауаттылық сипаттамасын, оны қалыптастыру жөніндегі ұстанымның ауқымын кеңейтеді. Ал, «өмір салты», «өмір сүру» - әлеуметтік категория. Өмір салты - қоғамдық болмыстың, аумағындағы адамдардың іс-әрекеті, маңызды жақтарының жүйесі, жиынтығы. «Өмір сүру» - адамдардың табиғаттағы және әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас жүйесі, яғни ұзақ өмір сүруге талпындыратын іс-әрекет.

Сонымен, жоғарыда келтірілген анықтамалардан, эстетикалық құндылықтардың мәні салауатты өмір сүруі үшін ерекше маңызға ие екендігі анық көрінеді.

Біздің зерттеуімізге негіз болған ұғым – салауатты өмір салты. Әлеуметтанушы Т.Ж.Нақыпбеков «Өмір салты субьектінің әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесу тәсілі. Өмір салты арқылы қоғамның экономикалык жағдайын, қоғамдық қатынасын, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейлері көрінеді»-деп атап көрсетеді. Ал, ғалым И.Т.Левкина «салауатты өмір сүру әркімнің өз мамандығы деңгейінде дұрыс игере біліп, өнімді еңбек етіп, тұрмыс жағдайын түзете отырып, қоршаған ортаға қарым-қатынас жасай білуінде екенін негіздей отырып сипаттайды. Ол: «адамның салауатты өмір сүруі – адам мәдениетінің бөлігі, өмір сүру құндылығына байланысты» - деп атап көрсетеді.

А.Н.Леонтьев «салауатты өмір сүру» - өмірдегі өз орнын білу, өмір сүруге ұмтылыс жасау, алдына қойған максатқа жету жолдарынан тұратынын атап көрсетті. Ол өзінің зерттеуін негіздей отырып «салауатты өмір сүру» категорияларын бөліп көрсетеді: салауатты өмір сүру қалпы, салауатты өмір сүру мәні, салауатты өмір сүру деңгейі, салауатты өмір сүру стилі, салауатты өмір сүру дағдысы. Ғалым: «салауатты өмір сүру үшін өмір сүрудің мәнін, деңгейін, қалпын, стилін жеке ұғынып, күнделікті іс-әрекеті мен әрекетінде қолданылса, дағдыға айналары сөзсіз» - деп қарастырады.

Жоғарыда келтірілген ғалымдардың көзқарастарын басшылыққа ала отырып, өз анықтамамызды бердік:

«Құндылық» дегеніміз – адамның өмір тіршілігі барысында жеке қызығушылығы мен қажеттілігінен туындайтын, яғни оны жоғары қоятын бағалы, құнды нәрселер жиынтығы (жеке және әлеуметтік қызығушылығы).

«Салауатты өмір салты» дегеніміз – жеке адамның жақсы өмір сүруіне қажетті, яғни жан мен тән үйлесімділігін сақтап, оны дамытуға бағытталған құрылымдық жүйе.

«Эстетикалық құндылықтар» - адам өзінің өмір салтында әсемдік дүниесін жоғары бағалауы, оның тұла бойынан сұлулық, әдемілік қасиеттерімен қатар, эстетикалық компоненттердің бүкіл жиынтығының көрініс беруімен ерекше мәнге ие болатын құндылықтар жүйесі.

Сонымен, оқушының жас ерекшелігіне сай, яғни оның психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, өмірде кездесетін нәрселердің әсемдік, сұлулық жақтарын ажыратып, үлгі-өнеге көрсету, оқушылардың талғампаздығын тәрбиелеу – бүгінгі өмір талабы екенін баса айтуға болады.

Шығыстың ұлы ғұлама ойшыл ғалымы Әл-Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты? Осыған байланысты, зерттеу жұмысымыздың объектісі – жеткіншектер болғандықтан, олардың психологиялық ерекшеліктері мен тәрбиелеу мәселесі қоғамның қай кезеңі болмасын, педагогтардың, психологтардың зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылып келеді. Біздің зерттеуімізге құнды болған белгілі ғалым Л.С.Выготскийдің көзқарасынша, әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын кұрайды деп пайымдады. Л.Колбергтің пікірі бойынша, жеткіншектер ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі: біреулері үшін – өмірде ең бастысы кітап пен білім болса, екіншілері, сабаққа деген қызығушылығы төмен, ал үшіншілері, ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді. Бұл ой ғалым В.А.Крутецкийдің еңбектерінде тұжырымдалады: «Жеткіншектік кезең – бұл баланың өмірге деген өз көзқарастарының, сенімділігінің қоғам принциптері мен идеалдарының өз іс-әрекетіне басшылық жасайтын кезеңі болып есептеледі. И.С.Кон еңбектерінде: «Жеткіншектік кезеңде өзінің сыртқы келбетін сұлуландыруға, күнделікті өмірде киім киінуінде, шашын, бет-әлпетін көріктендіруге тырысу, яғни сөйлеу және қарым-қатынас стилін саналы түрде өңдеу»-деп қарастырады.

Сонымен, ғалымдардың ой-пікірлерін былай түйіндесе болады: жеткіншектік кезеңнің даму ерекшеліктеріне сәйкес, эстетикалық тәрбие беруді аса қажет ететін кезең болып саналады. Бұл қажеттілік жеткіншек өмірінде біріншіден, адамгершілік, азаматтық, көркем шығармашылық – рухани сезімдерінің белсенді дамуымен; екіншіден, өзіндік санасының дамуына байланысты эстетикалық талғамының тұрақтылығымен; үшіншіден, сана-сезімі мен өзіндік санасының даму деңгейіне байланысты эстетикалық талғамы, көзқарасы, бағдары және қажеттілігі біртұтас жүйе болып қалыптасады деп айтуға болады. Осыдан, жеткіншектер өмір салтының мәні мен басты құндылығы – әсемдік пен әдемілікті сезіну болып табылады.

Ғалымдардың зерттеулерінен, жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері мен эстетикалық құндылықтар ұғымдарына берген ғылыми анықтамаларды жинақтай келе, жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың ерекшеліктерін айқындадық (1-кесте).

1-кесте - Жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда

эстетикалық құндылықтардың сипаттамасы

Жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың мазмұны

Эстетикалық құндылықтарға берген жалпы анықтамалар

Жеткіншектердің салауатты өмір салтында эстетикалық құндылықтар ерекшеліктеріне берген түсініктемелер

1

Эстетикалық ләззат - табиғат, қоғам өмірі және өнер сұлулығын қабылдау нәтижесінде немесе іс-әрекет үстінде адамның рухани дүниесінің тебіреніп, жан рахатына батуы.

Жеткіншектерде эстетикалық ләззат – жеткіншектердің қоғамдық пайдалы іс-әрекетінде және жолдастарымен қарым-қатынас барысында және т.б әлеуметтік қатынастарда көрініс береді.

2

Эстетикалық қажеттілік – организмнің рухани әсемдік дүниесін жақсартатын бір мұқтаждық күй. Ол адамның өзінің эстетикалық мәдениетін арттыру қажеттілігі (кино, театрға бару ).


Жеткіншектерде эстетикалық қажеттілік – олардың өзінің мәдениетін арттыру қажеттілігі, қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерге деген қажеттілігі ерекше көрініс береді.

3

Эстетикалық мұрат (идеал) - эстетикалық кемелдіктің (өмірдегі, өнердегі) биік деңгейі туралы және оған жету жолы туралы нақты сезімді түсінік.

Жеткіншектерде эстетикалық мұрат – жеткіншектер өздері пір тұтатын адамдарға еліктей отырып, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі ұқсатуға тырысады.

4

Эстетикалық сезім - объективтік шындықты бейнелегенде оның сұлулығын, әдемілігін, сәнділігін кабылдауда туатын көңіл күйі.

Жеткіншектерде эстетикалық сезім –өздері қызыққан нәрселерінен, спорттан, өнерден, қарым-қатынастан әдемілікті, сұлулықты сезінеді.

5

Эстетикалық көзқарас – оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады.

Жеткіншектерде эстетикалық көзқарас – ол өзі айналысатын қоғамдық пайдалы іс-әрекетінен, спорт және өнер түрлерінен әсемдік, әдемілік нышандарын анықтап, одан ары қарай ол оны әсемдіктің құралына айналдырады.

6

Эстетикалық пікір, эстетикалық баға – эстетикалық мұрат пен көркемдік талғамға негізделген баланың табиғат, өнер, қоғамдық құбылыстарға идеялық сезімдік баға беруі.

Жеткіншектерде эстетикалық пікір, баға – жолдастарымен, отбасымен қарым-қатынасындағы құндылық ретінде ізгілік пен әсемдік жайында өзіндік шешім қабылдайды, эстетикалық баға беруді жолдастарынан күтеді.

7

Эстетикалық қабылдау – баланың ақиқат құбылыс пен өнер үрдісіндегі эстетикалық сезім күйін тудыратын қасиеттерді айқындай алу қабілеті.

Жеткіншектерде эстетикалық қабылдау –эстетикалық қабылдаудың объектісі ретінде – табиғат, өнер, спорт түрлеріндегі сұлулықты ғана тануға, қабылдауға тырысады.

8

Эстетикалық талғам - әртүрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл-күй сезімімен бағалау, ең алдымен сұлулықты, әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу жөнінде қоғамдық практика қалыптастыратын адам қабілеті.

Жеткіншектерде эстетикалық талғам –олардың өзін-өзі тәрбиелеуінде, киім-киюінде, қыздардың бойындағы сұлулықты нәзіктікпен, бойжеткендікпен, ұл балалар күштілікпен байланыстырылады, жоғары талғамдық бағалануымен ерекшеленеді.

9

Эстетикалық мәдениет – өз халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып-үйрену, бүкіл адамзаттың тарихында жасалған материалдық және рухани байлықтар негізінде жас ұрпақты әсемдікке, ізгілікке баулу күйі.

Жеткіншектерде эстетикалық мәдениет –эстетикалық мәдениеті қарым-қатынас барысында алғыр ойымен, айшықты сөздерімен, өнегелі тәрбиесімен, өзін-өзі салмақты ұстауымен, сыртқы мүсіні мен келбетіндегі сұлулығымен ерекшеленеді.

Эстетикалық құндылықтар арқылы жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінің сұлбасын айқындап, оны жинақтау үшін модель құрастыру қажеттігі туындайды. Модельдеу жүйесі, жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтардың қажеттілігіне деген көзқарасын байытуға, әсемдікті әрекетінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оны 1-сурет арқылы көруге болады.






























































































2.2.Қазіргі қоғамда жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру

Жаңа мыңжылдықтың келуі, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы адамзаттың денсаулығына қатер төндіретін мәселелердің пайда болуына әсерін тигізуде. Барлық дамыған елдерде тұрғындардың, оның ішінде жастардың денсаулығы негізгі ұлттық құндылықтардың бірі және мемлекет саясатының басты бағыты болып саналатынын ескерсек, осының бәрі олардың салауатты өмір сүруіне келіп тіреледі. 
Осы тұрғыдан алғанда, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша алдын алу, түсіндіру жұмыстарын ұлттық дәстүрлермен байланыстыру ЖОО-дары іс-әрекетінің маңызды бағыттарының бірі болуы тиіс.
 
Бүгінде студент жастардың физикалық дайындық деңгейі мен денсаулығының жай-күйі қоғамның қазіргі әлеуметтік және кәсіби іс-әрекетке қоятын талаптарына сай келмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 % өмір тіршілігіне, 20 % - тұқым қулаушылыққа, 20 % - сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 % - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттауға бағытталған шараларды ұйымдастыру екендігін дәлелдейді.Осы тұрғыда елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында: «Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда, ауруларға қарсы күрес, денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз – азаматтарымызды салауатты өмір салтын әзірлеуден басталады», - деп атап көрсетті.
 

Сондықтан, бүгінде салауатты өмiр салтын қалыптастырудың әлемдiк жаңа технологияларын, тәсiлдерiн және әдiстерiн пайдалана отырып, адамның денсаулық әлеуетiн сақтау мен дамытуды белгiлейтiн факторларды (табиғи, экономикалық, әлеуметтiк, экологиялық, мәдени) күшейту жөнiндегi сектораралық кешендi өзара iс-қимылдар жүзеге асырылуда: салауатты өмiр салты дағдыларын үйрету және дағдыландыру үшiн 1998 жылдан бастап бiлiм беру жүйесi ұйымдарының барлық деңгейлерiнде "Валеология – Қалай сау болу керек" пәнi факультативтiк сабақ ретiнде енгiзiлдi; «Салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы», «Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану концепциясы», «ҚР медициналық профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы» бұйрығы, «Республикада денсаулықты нығайтудың аудандық (қалалық) орталықтарын құру туралы», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындау туралы», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындауға Мемлекеттік тапсырыс туралы» және басқа да құжаттар қабылданды. Бұл құжаттардың ішіндегі маңыздысы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы N 905 қаулысымен "бекітілген" "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасы, оның мақсаты – халықты сауықтыру және орташа өмiр сүру ұзақтығын ұлғайту болып табылса, ал негiзгi мiндеттерi – салауатты өмiр салтына, денсаулықты нығайтуға, халықтың денсаулық әлеуетiн дамытуға және денсаулық сақтау мәдениетiн қалыптастыруға жәрдемдесу; салауатты өмiр салтын қалыптастырудың кешендi, үзiлiссiз және орнықты жүйесiн құру деп белгіленген. Осы бағытта жүргізілетін іс-шаралар ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге және ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихаттау жұмыстарына бастау болды. 

Салауатты өмір тіршілігі – денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді. Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ең алдымен, бұл мәселені тарихи, педагогикалық тұрғыдан талдауды талап етеді. Ертеден денсаулық пен салауатты өмір салтын сақтау туралы ғылымның пайда болуы адамзат тарихының тереңіне бойлап келеді. Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болған алғашқы өмір сүру кезеңінде-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, оны еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде қарастырған. Алғашында дене тәрбиесі ұйымдасқан ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денешынықтыру жаттығулары қарапайым болғанымен, олардың адамды қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор болды. 
Салауатты өмір салты мәселесін анықтаудағы
 негізгі категория  «денсаулық». «Денсаулық – зор байлық, адам бақытының бастауы», - дейді халқымыз. Ата бабаларымыздың бұл дана ой-пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан-асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бір-ақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс-әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік-жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын. Адамның денсаулығы – жалпыадамзаттық және жеке болмыстың күрделі феномені болып саналады. Денсаулықтың болуы еңбек, жүйелі тамақтану, салмақтың тұрақтылығы, шынығу сияқты шарттарға тікелей байланысты болады. 
Сонымен қатар, салауатты өмір салты мәселесінің мәнін ашудағы маңызды категориялардың бірі –
 өмір салты. Өмір салты – адамның белсенді тіршілік әрекетінің түрі ретінде қарастырылатын, денсаулығындағы өзгерістің негізгі тенденциясын анықтайтын жалпы жетекші фактор. Өмір салты ұғымымен өмір деңгейі (адамға кететін шығынның құрылымы), өмір сапасы (адамды материалдық қамтамасыздандыру дәрежесі, өлшеу параметрі), өмір сүру стилі (мінез-құлықтың психологиялық жеке ерекшеліктері), өмір сүру тәртібі мен әдет-ғұрпы (өмірдің ұлттық-қоғамдық тәртібі, тұрмыс, мәдениет) ұғымдары тікелей байланысты. 
Өмір салтының құрылымы мәдени және медициналық-әлеуметтік белсенділіктерден тұрады.
 ^ Медициналық-әлеуметтік белсенділікке: гигиеналық дағдылардың болуы; дәрігерлік ұсыныстарды орындау; өмір салтын және қоршаған ортаны салауаттандыруға қатысу; өзіне және туыстарына алғашқы дәрігерлік көмек көрсете алу; халықтық және дәстүрлі медициналық құралдарды пайдалану және т.б. жатады. Мәдени белсенділік – белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жағдайда жеке және қоғамдық денсаулықты арттыру, қорғау саласындағы адамның іс-әрекеті.















































Қорытынды

Педагогика ғылымы саласында жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар арқылы қалыптастыру мәселесі қашан да өзекті болғандықтан, оның көптеген ғылыми зерттеулерге негізделуі айқын. Осы мәселенің тарихы көне дәуірден басталып, Шығыс пен Батыс өркениеттерінде қарқынды дамып отырды.

Көшпенділер өркениетінің салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және Қазақ хандығы дәуірінде жарық көрген Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Құртқа Сұлтанқожаұлы ойшылдарының еңбектері, қазақ халқының генетикалық тазалығын сақтауда, денсаулығы мықты жас ұрпақты тәрбиелеу үшін жоғары деңгейде жасалынған «Қасымханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» заңдары мен Тәуке ханның «Жеті жарғысы» бүгінгі күні салауатты өмір салтын ұлттық идея ретінде қабылдауға негіз болатын тарихи құжаттар.

Адамзат дамуының эволюциясында жалпы адамзаттық құндылықтардың өзгеріске ұшырауына сай, эстетикалық құндылық ұғымына салауаттылық ұғымдары қатарласа дами бастады. Біздің зерттеуіміздің барысында осы ұғымдардың әрқайсысына анықтама беріліп, олардың өзара байланысы, сабақтастығы анықталды. Эстетикалық құндылықтар – күрделі жүйе. Адам өзінің өмір салтында әсемдік дүниесін жоғары бағалауы, оның тұла бойынан сұлулық, әдемілік қасиеттерімен қатар, эстетикалық компоненттердің бүкіл жиынтығының көрініс беруімен ерекше мәнге ие болады. Денсаулыққа деген дұрыс көзқарасты әсемдік дүниесімен жүзеге асырып, жан саулығы мен тән саулығы үйлесімділігінің қажеттілігі – салауаты өмір салты болып табылады.

Салауатты өмір салты мен эстетикалық құндылықтар арасындағы өзара байланыс пен сабақтастық айқын байқалады. Салауатты өмір салты адамның өмір тіршілігі барысында жеке қызығушылығы мен қажеттілігінен туындайтын, адам табиғатына аса қажетті әсемдікті, сұлулықты, тазалықты талап етеді. Сондай-ақ, эстетикалық құндылықтар - адам өзінің салауатты өмір салтында әсемдік дүниесін жоғары бағалауы, оның тұла бойынан сұлулық, әдемілік қасиеттерді дамытып, ерекше мәнге ие болады.

Педагог-психолог ғалымдардың зерттеулері мен көзқарастарын талдау жеткіншектік кезеңнің психологиясы мен салауатты өмір салтының басты құндылығы – дүниенің әдемілігіне, сұлулығына деген ерекше қызығушылықтарымен, эстетикалық талғамы мен мұраттарын дамытуға өз бетінше ұмтылыс, талпыныс жасауымен, әсемдік пен әдемілікті сезінуімен ерекшеленеді.

Жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың қажеттілігі оқу-тәрбие үрдісінде маңызды мәселе болып саналады. Өйткені, оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай білім беру, олардың физиологиялық және психологиялық толысуындағы өзіндік түсініктің қалыптасуына әсерін тигізері анық. Осыған орай, зерттеу жұмыстарының нәтижесі жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастырудың компоненттері мен өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді және эстетикалық құндылықтар арқылы жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінің сұлбасын айқындап, оны жүйелеуде жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру моделін жасаудың қажеттілігін туындатты.

Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастырудың мазмұндық-құрылымдық моделі жеткіншектердің көзқарасын байытуға, әсемдікті әрекетінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, моделдеудің нәтижесі эстетикалық құндылықтарды бағалай білетін, сақтай алатын, салауатты өмір салты қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеуге бағытталады. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының барысында жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыруда оқу-тәрбие үрдісінің мүмкіндіктері мен «Эстетикалық құндылықтар негізіндегі салауатты өмір салты – ұлттық тәрбиенің тірегі» жобасының мазмұнын жүзеге асыру, оның тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтауға бағытталған. Бұл жоба жеткіншектердің эстетикалық құндылықтарды өз өмір салтында сақтай отырып, оны бағалай білуіне деген көзқарасы қалыптасуына, салауаттылық жайындағы түсініктерінің тереңдеуіне өз ықпалын тигізеді.

Жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысы – 5-9 сыныптағы жеткіншек-оқушылардың салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар арқылы қалыптастыруда қол жеткен нәтижелер мынадай ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:

- жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар арқылы қалыптастырудың маңызын дұрыс жолға қою үшін оқу-тәрбие бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешенді жетілдіру;

- жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар арқылы қалыптастыруда жалпы білім беретін мектептің барлық сыныптарына және арнайы орта оқу орындарына арнайы тәрбие курсын енгізу;

- жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар арқылы қалыптастыруды жоғары сыныптардың оқу-тәрбие үрдісімен байланыстырып, ұштастыру.

Қорыта айтқанда, жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар арқылы қалыптастыру мәселесі – қазіргі қоғам талабы тұрғысында өзінің маңыздылығымен, көкейкестілігімен құнды. Олай болса, ұсынылып отырған мәселе күрделі болғандықтан, оның көптеген салаларын қамтып шығу мүмкін емес және ол оқу-тәрбие үрдісінде жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар арқылы қалыптастыру мәселесін одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Жеткіншектік кезең – қиын, өтпелі, әрі бетбұрыс кезеңі деп сипатталуына егер, педагогтар мен ата-аналар тарапынан олардың эстетикалық құндылықтарды дұрыс бағалай білуге және сақтай білуге бағыт-бағдар, кеңес беріп отырса, онда олардың дамуы психологиялық-физиологиялық жағынан өз үйлесімін табатыны сөзсіз.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтадық (2-кесте).

Қалыптастыру экспериментінде жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру туралы білімдерін көтеру мақсатында біздің жасаған әдістемені негізге ала отырып, жеткіншектердің салауатты өмір салты жайындағы білімдерін тереңдету және жетілдіру жолдары қарастырылды.





















Пайдаланылған әдебиеттер


1. К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.
2. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.
3.  К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.
4. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.
5. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.

6. А.М. Алексеев. Дене тәрбиесінің экономикалық тиімділігін бағалау

әдістері (Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы - 1988 ж. - ғ 10).

7. Б.Н. Антипова Тұрғындарға ақылы қызмет көрсету жүйесіндегі дене

шынықтыру тиімділігінің ұйымдастыру-педагогикалық аспектілері.

8. С.Н. Братоновский. Спорттық кооперативтерді ұйымдастыру мен оның

қызметінің құқықтың негіздері (Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы -

1991ж. – ғ 9).

9. М. Гриненко, Г. Саноян. Еңбек, денсаулық, дене шынықтыру - М:

1974 ж.

10. В.И.Жолдак Дене шынықтыру және еңбек. М: 1982 ж.

11. Дене шынықтыру мен спорттың экономикасы. Оқу қүралы М: 1983 ж.





Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 08.11.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Научные работы
Просмотров98
Номер материала ДБ-333096
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх