Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Салауатты өмір салтына арналған тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Салауатты өмір салтына арналған тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Темекі тартқаның - өзіңді құртқаның»
Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтыг сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Тәрбие сағатының түрі: Пікірлесу
Көрнекілігі: Салауатты өмір салты туралы қанатты сөздер жазылған презентация, компъютер слайды, темекінің зияндығы туралы жинақтар. т. б.
Барысы: І. Ұйымдастыру
а) Сынып тазалығы, оқушылардың тәрбие сағатына қатысуы
б) Оқушылар ынтасын тәрбие сағатының тақырыбына аудару
ІІ. Кіріспе бөлімі
Егемендіктің тізгінін берік қолға алу үшін, ұрпақтың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым - біліммен жақсы қаруланған болуы шарт. Бүгінгі сабақта адам баласына өте қауіп төндіретін зиянды зат - темекі туралы салмақты ой қозғаймыз. Сонымен адам өмірге темекі тартушы болып келмейді екен, өсе келе жаман әдетке үйір болудан, өз ісіне мән бермеуден, темекі дәмін татып көріп, қалай темекіге тәуелді болғанын байқамай қалып, денсаулығынан айрылып жатады.
Салауатты өмір салты деген не?
1. Спортпен шұғылдану
2. Күн тәртібін ұстау
3. Жеке бас гигиенасын сақтау
4. Жаман қылықтардан аулақ болу: Маскүнемдік, нашақорлық, шылым шегуден
ІІІ. Негізгі бөлім
1. Никотиннің зардаптары
1 - оқушы:
Бір данышпан темекі туралы сұрағанда «мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:
Біріншісі, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншіден, шылымқор жан мәңгі жас болып көрінеді.
Мұны дәлелдеп беріңіз дегенде:
... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса үйде ояу адам бар екен ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан қабаған ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте қайтыс болады. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.
2 - оқушы: Елімізде мектеп жасындағы балаларға ішімдіктер мен темекі сатуға болмайтыны заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігіне жасөспірімдердің темекі шегуінің өзі үлкен дәлел болмақ. Бұл жөнінде мамандар «заңды күшейту керек, немесе «балалардың темекіге үйір болуы оның бағасының арзандығында» деген сияқты пікір тудыруда.
3 - оқушы: Осы бір зиянды әдет қайдан шыққан?
Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы Француздың әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі - дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын тудырған. Әуелгіде емдік шөп ретінде қолданылған. Ресейге саудагерлер арқылы келген.
4 - оқушы: Темекінің зияны туралы не білеміз?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.
5 - оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 000 тонна күкірт қышқылы,
384000тонна аммиак, 180000 тонна никотин, 660 000 тонна темекі майы, 550000 тоннадай иісті газ шығады. Темекі кез - келген ауруды ушықтырады, жүйке қызметін бұзады.
6 - оқушы: Салмағы 1 мг темекіде 10 - 15 мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді. Оны сорғанда ауызда 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам темекі шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.
Көрініс «Зиянды әдеттер планетасы»
2. Темекімен күрес шаралары қалай жүргізілген?
Темекінің зиянын ертерек білген елдер тыйуға әртүрлі шаралар қолданады.
- Англияда темекі шеккендерді дарға асқан
- 1680 жылы ХІІІ Людовик королъ темекіні еркін сатуға тыйым салып, тек дәрігердің қағазымен ғана дәріханалардан сатып алуға рұхсат берді.
- 1692 жылы Сантъ - Ягода кешкілік ғибадатқа кірудің орнына шіркеу есігінің алдында шылым шеккені үшін бас монахты тірілей қабырғаға жабыстырып, бітеп тастаған.
- І Петр темекі мен темекі бұйымдарына салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен.
- Югаславияда 1987 жылдың 1 - қаңтарынан бастап жұмыс және қоғамдық орындарда оның ішінде мектепте темекі шегуге тыйым салу жөнінде бұйрық берілген. Оны бұзғандар 50 000 динар айып төлейді.
- Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен.
- Сингапурда темекі шегуге тыйым салынған жерде шылыммен ұсталған адам 1000 долларға дейін айыппұл төлейді.
- Қазақстанда кәмелетке толмағандарға темекі сатылмайды және мемлекеттік мекемелерде темекі сатылмасын деген заң бар.

3. Оқушылар пікірлері
1.- Балалар, қалай ойлайсыздар адамдар зиян екенін біле тұра неге темекі тартады?
2. Қыз балалар арасында темекіге әуестікке ойларыңыз?
ІУ. Қорытындылау
Оқушылар пікірлерінің қорытындысы: Адам бұл өмірге қонақ, олай болса, бір ғана рет берілетін өмірді еңбек етіп, толық мәнді өмір сүру - бізге міндет.

Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров202
Номер материала ДВ-571241
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх