"Салт-дәстүр" тақырыбында тәрбие сағаты
Инфоурок Доп. образование Конспекты"Салт-дәстүр" тақырыбында тәрбие сағаты

"Салт-дәстүр" тақырыбында тәрбие сағаты

Скачать материал

Тақырыбы: Салт-дәстүр.

Мақсаты:

Білімділік: Тәрбиеленушілерге ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрып туралы түсінік беру. Өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Салт-дәстүр арқылы тәрбиеленушілердің бойына  мәдени, рухани құндылықтарды сыйдырып, дарыту.

Тәрбиелік: Тәрбиеленушілерге қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеуге, құрметтеп мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Түзетушілік: Дыбыстарды және сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалау.

 

Көрнекілігі: Суреттер, қима қағаздар, слайдтар.

 

Меңгерілетін сөздер: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік, ұлттық ерекшеліктер, ойын-сауық, құрметтеу.

 

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

 

Тәрбиеші:

-         Балалар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбын бірге оқимыз: «Салт-дәстүр».

-         Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар.

-         Салт – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптарының негіздері.

-         Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.

 

Кестемен жұмыс

1.     Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2.     Кіндік кесер - нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу - мәртебелі, абыройлы іс.

3.     Бесікке салу - жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4.     Қырқынан шығару - баланың туғанына қырық күн толған соң, оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

5.     Тұсау кесер - сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.

 

-         Қазақтың өмір салтын, өрен салтын қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз. Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:

 

1.     Ат қою - қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып, батасын алған.

2.     Кекіл - жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.

3.     Айдар - балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

 

-         Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі. Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.

 

1.     Тыштырма - сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тышты ма? тышты ма?» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды. Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.

2.     Базарлық - алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші-көлем, жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

3.     Байғазы - балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

4.     Тілашар - баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «тілашар»тойы деп атайды.

5.     Жеті ата - халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген. Олай болса жеті ата: Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

6.     Асату - ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

 

Көрініс: «Бесікке салу» рәсімі.

 

Тәрбиеші:

-         Енді, «Кім білгір?» ойынын ойнаймыз.

-         Бүгінгі тәрбие сағатымыз қызықты өту үшін, келесі танымды ойынға берейік. Мына қоржынға асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен?

 

1-сұрақ. Он атаны таратып беріңіз. (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат)

 

2-сұрақ. Үш мақсатты ата. (Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту)

 

3-сұрақ. Үш арсыз. (Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ арсыз)

 

4-сұрақ. Үш алыс. (Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын)

 

5-сұрақ. Үш биді атаңыз. (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

 

6-сұрақ. Үш жүзді атаңыз. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)

 

7-сұрақ. Үш даусыз. (Мінез, кәрілік, ажал)

 

8-сұрақ. Жігіттің үш жақын жұртын ата. (Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)

 

9-сұрақ. Үш арыс. (Сәкен Сейфуллин, Бейінбет Майлин, Ілияс Жансүгіров)

 

10-сұрақ. Үш сауап. (Шөлге құдық қазған. Өзенге көпір салған. Жолға ағаш еккен)

 

Тәрбиеші:

-         «Сөздің көркі – мақал» демекші мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Екі оқушы жарысқа шығады.

 

1-оқушы:

-         Ассалаумағалейкүм, қарсыласым.

2-оқушы:

-         Амансың ба, достым?

 

1-оқушы:

-         Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді.

2-оқушы:

-         Қуыс үйден құр шықпа.

 

1-оқушы:

-         Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық.

2-оқушы:

-         Сыйға сый, сыраға бал

 

1-оқушы:

-         Бірлік түбі – тірлік

2-оқушы:

-         Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады.

 

Қорытынды.

-         Балалар, бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың  максаты - заман өзгерсе де, ұлттык салт -дәстүріміздің ұмытылмайтынын еске салып, ұлттык мұраны кайта жаңғырту.

-         Әрбір жас ұрпақ болашакта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

 

 

 

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Пожаловаться на материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

также Вы можете выбрать тип материала:

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Салт-дәстүр. Мақсаты: Білімділік: Тәрбиеленушілерге ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрып туралы түсінік беру. Өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Дамытушылық: Салт-дәстүр арқылы тәрбиеленушілердің бойынамәдени, рухани құндылықтарды сыйдырып, дарыту. Тәрбиелік: Тәрбиеленушілерге қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеуге, құрметтеп мақтан тұтуға тәрбиелеу. Түзетушілік: Дыбыстарды және сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалау.

Проверен экспертом

Общая информация

Скачать материал

Похожие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.