Инфоурок / Другое / Рабочие программы / « Салт - дәстүрім – асыл қазынам»
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

« Салт - дәстүрім – асыл қазынам»

библиотека
материалов

Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: « Салт - дәстүрім – асыл қазынам»
Күні: 16. 03. 16

Уақыты: 12:30
Мақсаты:

Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу. Соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу - діңгегі - бала. Бала туылғаннан кейін ат қою, бата беру, асық ойнау, айтыс, дәстүрлерін еске түсіріп,дәріптеу.

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған,
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де,
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге,


Мұғалім:Қазақтың салт– дәстүрінде көп мән - мағына бар. « Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дегендей, көп әдепті де,тәртіпті де, тәрбиені де қазақтың салтынан үйренуге болады. Себебі, салт-дәстүр тұнып тұрған тәрбие. Бүгінгі сыныптан тыс сабағымыздың негізгі тақырыбы сол әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты болады. Сабақ барысында оқушылар сол тұрғыдан білімдерін, білгендерін көрсетеді.


Өнерлі халық – өміршең халық, қазақтың әдет-ғұрпына, салт - дәстүрлеріне бағытталған «Салт - дәстүрім – асыл қазынам» атты сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Оқушылар салт-дәстүр жайлы өздерінің оқығандарын айтады.

1 - оқушы:
Әр ұлттың, халықтың, діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізгі салт ретінде қалыптасқан. Шілдехана (салт)- жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық, той. Кіндіккесер (салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс. Бесікке салу (салт)- жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік - қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Қырқынан шығару (салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан. Тұсау кесер (салт)- сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Қазақтың өмір салты, өрен салты т. б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.
2 - оқушы:
Қазақ халқында қалыптасқан ғұрыптар Ат қою (ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған. Айдар (ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қоады. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады. Кекіл (ғұрып). Жас балардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды.
3 - оқушы:
Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени - тұрмыстық, кәсіптік, салт - сана, әдет - ғұрып, мінез - құлық, тәлім - тәрбие және рухани іс - әрекеттер көрінісі.
Базарлық (дәстүр)- алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.
Байғазы (дәстүр)- балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
Тілашар (дәстүр)- баласы жеті жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу - жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «Тілашар» тойы деп атайды.
Жеті ата (дәстүр)- халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген.
Асату (дәстүр)- ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым
Көрініс « Балаға ат қою», «Бата беру».

Бала: Сүйінші, сүйінші, дүниеге сәби келді.!
Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой! Сүйінші сұрау шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған, мінекей сүйіншіңді ала ғой.

Автор: Күлән ана немерелі болғанына қатты қуанды.Немересі үйге келгеннен кейін қолына алып, бауырына басқан соң...

Әже:- Балаларым, құдай беріп, дүниегі бір азамат келді.Енді бұл балаға ат қойю рәсімін жасайық.Ана ауылдың шетіндегі Қартқожа атаны жақырып кел, жасы үлкен, көпті көрген, көреген кісі ғой, сол кісі қойсын атын.

Бала:Жарайды әже шақырып келейін

Автор:Қартқожа шалды ерітіп келеді. Амандасып жайғасқан соң.

Балаға ат қою рәсімі басталды. Балаға ат қоюда ауылдын беделді азаматы азан шақырып, баланың құлағына үш рет естіртіп айқайлап, қайталаған.
Көпті көрген Қартқожа ата: Бұл баламыз мырза, жомарт болсын деп, атын Мырзабек қояйын.
Есімің Мырзабек болсын.
Есімің Мырзабек болсын.
Есімің Мырзабек болсын.
Осы бала елдің алдында жүріп, еліне қызмет қылсын деген ниетпен бұл балама өз батамды берейін.
Әнет бидей еліңнің ағасы бол,
Халқыңның Қазыбектей данасы бол.
Жер, суды жау қалмақтан қорғап қалған,
Бөгенбайдай жұртыңның панасы бол.
Ер Сырымдай халқыңның көсемі бол.
Тоқсан бидей үш жүздің шешені бол.
Керейде Белгібайдай білекті бол,
Беріште Исатайдай жүректі бол...


Ақындар:

-Сәлеметсіздер ме?

Қартқожа:

-Амансыңдар ма қарақтарым

-Бұлар қай балалар, танымадым ғой?

Бала:Ата, ауылдағы Юри мен Расимнің қыздарығой

Автор:Жез таңдай, күміс көмей ақындарсыз қазақтың қай тойы өтіп еді! Ақындарымыздың өнерін тамашалаңыз.


1-айтыскер: Мінгені сылқымдары берен екен,

Өнері талаптының өлең екен.

Сұрайын қайыруын айтып берші,

Алдағы келе жатқан мерекені


2-айтыскер: Дүние ойлап тұрсам дұшпан екен,

Өмірде күнәліні қысқан екен.

Айтайын сұрағыңа анық жауап,

Ұлыстың ұлы күні наурызды мен


1-айтыскер: Бәйгеден келсе жүйрік жарар еді.

Сүзілтіп жал құйрығын тарар еді.

Ұлыстың ұлы күні мерекеге

Ал, досым дайындығың қалай енді?


2-айтыскер: Қонғаны ауылымның ой болады,

Мереке жылда осындай той болады.

Түйіп ал көкейіңе ұмытпастай,

Бұл жиын мерекеге сай болады


1-айтыскер: Ауылым қыстап отыр ойқораны,

Мереке күнде осындай той болады.

Мектебіңнің жастары қайда енді?

Бұл мереке ән мен жырға бай қылатын


2-айтыскер: Адамға құдай берер несібені,

Мына дос қалай-қалай көсіледі.

Отырғой талантты талай жандар

Алып шығар гүл жайнатып мерекені


Екеуі бірге: Өлең жыр көп шырқалды қосыменен ,

Айтысты ақталық осыменен.

Сау болып тұрыңыздар, апайларым,

Сәби де жетіледі досыменен.


Жүргізуші:Ат қою рәсімі тойға айналып,тойымыз әрі қарай жалғасуда.Енді биші қыздарымыздың билерін тамашалайық.

«Қаражора» биі.
Ата - дәстүр абырой көтергенде,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде.!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
«Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар. Тойға келген қонақтар бір- бірімен амандасуда.


Ассалаумағалейкүм, досым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.
- Амансың ба, досым. «Қуыс үйден құр шықпа»деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.
- «Сыйлап берген су сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ жайғасайық.
- «Сыйға сый, сыраға бал»демекші өткенде өздеріңе риза болып қайттық қой.
- «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер»демекші татулық пен ауызбірлікке не жетсін!
- «Төртеу түгел болса төбедегі келер, алтау ала болса ауыздағын алдырар»деген ғой, о не дегеніңіз?
-«Бірлік түбі - тірлік»деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.
-«Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады»дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.
-«Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер»демекші қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.
-«Тау таумен кездеспес, адамға адам кездесер»деген, әлі кездесерміз, сау бол!
Жүргізуші:
Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністен - ақ көз жеткізуге болады.

Би «Қамажай»

Жүргізуші:

Балалар қарасаңыздар ауылдың мыны шетінде балалар асық ойнап жатыр.

Асық ойынын түсіндіріп кетеді.

Асық ойыны:Ойында жеңілген бала өз өнерін көрсетеді.

Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!


Әдет - ғұрып, салт - дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, ұнасымды, ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.

Келгендеріңізге рахмет, сау болыңыздар!







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-551730

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"